Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ГАЗ 4738.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4.62 Mб
Скачать
  1. Автомобильдердің техникалық сипаттамасы

Әрбір автомобильге шығаратын зауыт сипаттама береді.

Оған кіретіндер:

- доңғалақ формуласы, ондағы бірінші сан автомобильдің доңғалақ санын, ал екіншісі – жетекші доңғалақ санынбілдіреді (4х2 – төрт дөңгелекті автомобиль, оның екеуі жетекші, 4х4- төрт доңғалақты, оның төртеуі де жетекші, 6х4 – алты доңғлақты, оның төртеуі жетекші т.б.);

- номинальды жүк көтергіштігі (кг немесе т), жеңіл автомобильдер мен автобустар үшін – орын санын, оның ішінде жүргізушінің орнын көрсетеді;

- толық жабдықталған автомобиль массасы (кг немесе т есебінде) және оның белдік осьтерге таралуы;

- ауқымдық өлшемдері (м есебінде): ұзындығы, ені, кабина бойынша биіктігі;

- алдыңғы және артқы доңғалақ колеясы немесе қосарланған доңғалақтар аралығымен (мм);

- түзу жолда горизонталь бөліктегі толық салмақ жұмысындағы жылдамдығы (км/сағ);

- алдыңғы сыртқы доңғалақ бойымен төменгі (минимальды) бұрылу радиусы (м);

- белгілі жылдамдықта толық массадағы жұмысы мен 100 км жолға өлшемді жанармай шығыны(л).

1 - сурет. Автомобиль қозғалтқыштары мен жетекші доңғалақ біліктерінің орналасуы. А, Б, Г – қозғалтқыш автомобильдің алдында немесе В – артында орналасқан, жетекші доңғалақтар Б – алдыңғы, В – артқы немесе Г – екі білікте де орналасқан. 1 – радиатор, 2 – қозғалтқыш, 3 – жетекші біліктер, 4 – доңғалақтар.

Техникалық сипаттаманы жасаушы зауыт әрбір автомобильге пайдалану нұсқауын (инструкциясын) қоса береді.

  1. Автомобильдің жалпы құрылысы

Автомобиль – механизмдер мен жүйелер жиынынан тұратын күрделі машина. Олардың конструкциясы әркелкі болуы мүмкін. Дегенмен, көпшілік автомобильдерде негізгі механизмдердің жұмыс әрекеті мен құрылыс принциптері бірыңғай болып келеді.

Механизмдердің қызметі мен өзара орналасуына байланысты автомобильдерді құрастыру жағы көбіне ортақ болып келеді.

Әрбір автомобильде негізгі бөліктерді үш жұпқа бөледі: кузов, қозғалқыш және шасси.

Кузов – тасымал жүкті орналастыру үшін қажеттілік қызметін атқарады. Жеңіл автомобиль мен автобуста кузов жолаушыларды және жүгізушіні орналастыру үшін қызмет атқарады. Жүк автомобильдерінің кузовы жүк тиейтін платформадан (жүктік кузов) және жүргізуші кабинасынан тұрады.

Қозғалтқыш – жанармай жанғандағы жылу энергиясын механикалық энергияға айналдырады. Осындай энергияны айналдыру қорытындысында қозғалтқыштың иінді білігін айналысқа келтіріп, механизмдер қатары арқылы айналу моментін автомобильдің жетекші доңғалақтарына жеткізіп отырады. Көпшілік автомобильдерге поршеньді бензинді немесе дизельді қозғалтқыштар қолданады. Көбіне қозғалтқыш автомобильдің алдыңғы жағына орналастырылады.

Шасси – мынындай бөлшек, механизм және топтарын біріктіреді: трансмиссия, аспалы жүйе (нисущая система), белдік (мосты), аспа (подвеска), доңғалақ, рульдік басқару және тежегіш жүйелері.

Трансмиссия – қозғалтқыштың білігінен жетекші доңғалақтарға айналдыру моментін жеткізеді және түрлендіреді. Трансмиссияға кіретіндер: ілініс (сцепление), беріліс қорабы, карданды беріліс, басты беріліс, дифференциал және жарты осьтер.