3 Пән мазмұны
1-тақырып. Философия, оның мәселелер шеңбері және адам мен қоғам өміріндегі орны.
Дүниеге қатынас және дүниетаным ұғымдары. Дүниетаным және философия. Философияның пайда болуының тарихи-әлеуметтік детерминанттары. Философия және мифология. Философия және дін. Философия және ғылым.
Философиялық ой кешу типтері. Философиялық бағыттар мен жүйелердің көп түрлілігі.
2-тақырып. Шығыс мәдениетіндегі философия феномені.
Үнді философиясы қарсаңындағы негізгі дүниетанымдық идеялар. Ведалар дәстүрі. Шығыс ойының өзіндік ерекшеліктері. Ойлаудың кармалық стилі. Біддизмнің іргелі идеялары. Үнді философиясындағы негізгі мектептері.
Қытай философиясы қарсаңының негізгі мазмұны. Конфуций философиясының қытай мәдениеті мен қоғамдағы маңызды рөлі. Даостық философия және дүние суреті. Моизм конфуцийшылдыққа альтернативті әлеуметтік-этикалық доктрина ретінде. Легизм «соғысушы мемлекеттер» дәуіріндегі саяси-әлеуметтік стратегиялар философиясы ретінде. Философиялық ілімдердің Қытай халқының мәдени өміріне ықпалы.
3-тақырып. Антикалық мәдениеттегі философия.
Көне грек философиясының қалыптасуы. Философия генезисі. Философиялық ізденістердің эпистемологиялық бетбұрысы. Көне грек философиясының дамуындағы софистер мен Сократтың рөлі. Платон философиясының іргелі идеялары. Аристотель философиясы антикалық мәдениет энциклопедиясы ретінде.
Жеке бас бақытын қамсыздандыру жайлы философиялық ізденістер. Гедонизмге қол жеткізу жолдарының рационализациялануы: эпикуреизм. Стоицизм жеке бас бақытына жету философиясы ретінде. Киниктер өмірдің табиғи салтын іздестіру философиясы ретінде. Антика философиясының адамның дүниеге рационалдық үстемдігінің қалыптасуына әсері.
4-тақырып. Ортағасырлық мәдениеттегі философия феномені.
Батысеуропалық ортағасырлық философия қалыптасуының мәдени-әлеуметтік контексті. Христан діні феномені. Христианшылдық және антикалық философия. Теоцентризм, креационизм орта ғасыр философиясының негіздері ретіндері. А.Августиннің рөлі. Ортағасырлық батысеуропа ойлау мәдениетіне мұсылман философиясының әсері. Схоластика феномені. Томизмнің іргелі идеялары.
5-тақырып. Исламдық ортағасырлық мәдениет контекстіндегі араб-мұсылман философиясы.
Исламдық мәдениет және философияның негізгі бағыттарының қалыптасуы. Ислам мәдениетіндегі рационалистік дәстүр. Фәлсафаның іргелі идеялары мен принциптері, негізгі өкілдері: Әл-Кинди, Әл-Фараби, Ибн Сина, Ибн Рушд. Ислам мәдениетіндегі суфизмнің орны мен рөлі. Суфизмнің рухани құндылықтары мен мистикалық практикасы. Суфизмді дамытудағы Ибн Араби, Әл-Газали, Омар Хайямның үлесі.
Түркі тілдес философияның қалыптасуы: Жүсіп Баласағұн, Махмұт Қашқари, Ахмет Яссауидің философиялық ізденістері. Шығыс пен Батыс рухани мәдениетіне суфизмнің әсері.
6-тақырып. Ренессанс пен Реформация мәдениетіндегі философия.
Ренессаныстық дүниетанымның антропоцентризмі. Ренессаныстық гуманизм. Ренессанс және білімнің секуляризациялануы. Ренессаныстық философия және оның эксперименталдық жаратылыстанудың қалыптасуындағы маңызы. Н.Макиавеллидің саяси философиясы. Философия және әлеуметтік утопия. Ренессаныстық ойлау мен дүниеге қатынастың ерекшеліктері.
Реформация философиясы. Сенім феномені. Лютерлік теологияның волюнтаристік сипаты. Лютердің пессимистік антропологиясы.
7-тақырып. Жаңа Заман мәдениетіндегі батысеуропалық философия.
Жаңа Заман мәдениетіндегі негізгі рухани бағдарлар. Эмпиризм және рационализм философиялық дәстүрінің пайда болуы. Ғылым философиялық рационализм философиялық дәстүрінің пайда болуы. Ғылым философиялық рефлексиялар пәні ретінде. Ағартушылық философияның негізгі идеялары.
18 ғ. екінші жартысы мен 19 ғ. бірінші жартысындағы неміс мәдениетінің ерекшелігі. И.Канттың тарнсцентенталдық философиясы таным теориясы рентінде. Кант этикасы. Г.В.Гегельдің диалектика туралы ілімі. Диалектика таным әдісі ретінде. Л.Фейрбахтың антропологиялық ілімі. Л.Фейрбахтың махаббат тұғырнамасы.
8-тақырып. ХІХ ғ. мәдениетіндегі батысеуропалық философия.
Саяси-әлеуметтік философияның қалыптасуы. Марксизмнің іргелі идеялары. Қоғамдық ғалымдардың дамуы. Позитивизмнің туындауы. Эмпириокритицизм-сциентизм. Неокантианство. «Өмір философиясы» (А.Шопенгауэр, Ф. Ницше). Еуропалық нигилизм.
9-тақырып. ХІХ ғ. – ХХ ғ. басындағы ресейлік мәдениет контекстіндегі орыс философиясы.
Орыс философиясының мәдени-әлеуметтік контексті мен идеялық алғышарттары. Славянофилдер философиясы. Ерік, махаббат, соборлық ұғымдары және оның орыс діни философиясының дамуына ықпалы. Орыс философиясының орыс адамының мәдени және әлеуметтік теңдіктерді іздестіруіне және табуына деген дүниетанымдық бағдарлары.
10-тақырып. Қазақ мәдениетіндегі философия феномені.
Қазақ дәстүрлі дүниетанымындағы синкретизм. Сопылық дәстүр, оның қазақ философиясы қалыптасуына әсері. Ақын-жыраулар философиясындағы космологиялық және антропософиялық ілімдер.
Ш.Уәлиханов пен Ы.Алтынсаринның философиялық идеяларындағы антропоцентризм мен гуманизм. Абайдың адамгершілік философиясы, дін философиясы.
Ш.Құдайбердиевтің философиялық шығармашылығы. 19 ғ. аяғы мен 20 ғ. басындағы ұлт зиялылары еңбектеріндегі философиялық тақырыпнама.
11-тақырып. ХХ ғ. - XXI ғ. қарсаны мәдениеті контекстіндегі батыстық философия.
ХХ ғ. Батыс Еуропа елдері мен АҚШ-тағы мәдени трансформациялар және мәдени-әлеуметтік дағдарыс. Э.Гуссерль мәдениеттің дағдарысы туралы. М.Хайдеггенр және еуропалық нилигизмді талдау. 20 ғ. экзистенциалистерінің философиялық ізденістері. А.Камю және адамның сандырақ өмір сүру тақырыбы. Ж.П.Сартрдың философиялық ізденістері. Шекаралық ахуал. (К.Ясперс). Персонализм философиясының діни-философиялық ізденістері. Мәдениет пен адам арасындағы жанжал (психоанализ). «Бір өлшемділік» күйін философиялық талдау (Г.Маркузе).
Философия және ғылым мәдениет феномені ретінде. Логикалық, лингвистикалық позитивизм мәселелері. Структурализм және постструктурализм.
Постмодернизм философиясының қалыптасуы. Постмодернистік ойлаудың өзіндік ерекшеліктері және батыстық мәдениет негіздемелерін сыни талдау.
12-тақырып. Болмыс философиясы.
Онтология болмыс туралы ілім ретінде. Онтология мәселелері. Болмыстың түрлері. Болмыс адам болмысы ретінде. Адам болмысының экзистенциалдары. Болмыс және бейболмыс. Дүниенің ғылыми бейнелері және философия. Диалектика жүйе ретінде. Диалектиканың категориялық апараты. Диалектиканың негізгі принциптері мен заңдары.
13-тақырып. . Философия білімінің негізгі түрлері.
Философиялық антропологФилософскиия. Әлеуметтік философия. Мәдениет философиясы. Дін философиясы. Тарих философиясы. Саяси философиясы. Білім философиясы.
14-тақырып. Эпистемология.
Адамның дүниеге танымдық қатынасының ерекшелігі. Сезімдік және рационалдық таным. Ұғым. Таным және шығармашылық. Ақиқат теориясы. Танымның негізгі әдістері. Ғылыми танымның әдістері.
15-тақырып. Қазақстан қоғамының модернизациялауының философиялық мәселелері.
Модернизацияның философиялық теориялары. Модернизацияның Қазақстандық үлгісінің әлеуметтік-мәдени негіздері. Қазақстандағы азаматтық қоғам институттарының қалыптасуы. Ұлттық идея ұғымы, оның қалыптасуы, негізгі аспектілері. Қазақстандық патриотизмнің философиялық негіздері.
