Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Игилик курсавой.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
296.96 Кб
Скачать

2 Қаржы нарыгынын кызмет аткару механизми

2.1. Қаржы нарығының құрылымы

Қаржы нарығы - ақша операцияларының арнайы саласы болып табылатын нарықтық қатынастар жүйесі; капитал несиегерлер мен қарызгерлер арасында бағалы қағаздарды шығару және сатып алу-сату нысанында қайта бөлінетін несие капиталдары нарығының бір бөлігі. Мұнда халықтың, шаруашылық жүргізуші субъектілердің, мемлекеттік құрылымдардың клиенттерге не бағалы қағаз кепілдігімең немесе несие түрінде берілетін бос ақшалай қаражаты мәміле объектісі болып табылады. Сондықтан ол бағалы қағаздар нарығы ретінде де, несие капиталының нарығы ретінде де әрекет етеді.Қаржы нарығы жаңа бағалы қағаздар шығару ісімен айналысатын бастапқықаржы нарығы және бұрын шығарылған бағалы қағаздарды қайта сатумен айналысатын қайталама қаржы нарығы түрлеріне бөлінеді. Қайталама нарық өз кезегінде биржалық және биржадан тыс нарық түрлеріне бөлінеді. Биржалық нарықта мамандандырылған қор биржалары жетекші компаниялардың акцияларын сатып алу-сату операцияларын жүргізеді. Әлемдік экономиканың жаһандануы жағдайында дамыған елдердің ұлттық қаржы нарығы әлемдік қаржы нарығының бір бөлігі болып табылады. Бұған қаржы нарығында сауданы ұйымдастырушылар көрсететін қызметтер ұсынысының ақпараттық технологиялар негізінде ұлтаралық сипаталуы септігін тигізуде. ұлттық несие-қаржы институттарының мүдделерін қорғау үшін мемлекет қаржы нарығына қатысу- шылардың қызметін арнаулы мекемелер арқылы реттеп отырады. Мысалы, Қазақстанда мұндай міндетті Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі орындайды.

Қазақстан Республикасының құнды қағаздар нарығы туралы заңдылығы Қазақстанның Конституциясына негізделген және ҚР Азаматтық кодекісінен, ҚР нормативтік құқықтық актілерден тұрады. Егер де Қазақстан Республикасы қол қойған келісімшарттарда заңда қарастырылғаннан басқа ережелер бекітілген болса, онда халықаралық келісімшарт ережелері қолданылады.

Құрылымы бойынша қаржы нарығы үш нарықтан тұрады. Сол нарықтың бірі бағалы қағаздар нарығын Қазақстанда толық қалыптастыру үшін ұлттық өндіріс пен ішкі ұлттық нарық жүйесін  қалыптастырып, тереңдету керек. Бұл жерде айрықша атап өтетін мәселе бұл саланың құқықтық базамен толық қанды қамтамасыз етілуі, қолданыстағы заңнамалардың қазіргі заман талаптарына сай жасалуы, бағалы қағаздар нарығы қатысушыларының арасындағы қатынастардың бір жүйеге келтірілуі болып табылады.

Қазіргі таңда Қазақстан экономикасының өндірістік құрылымын жетілдіру жолында тұрғындардың қолындағы сақталған қаржы ресурстарын жұмылдырып  экономиканың  реалды  секторына жұмсауды  қажет етеді. Сондықтан, осы орайда тұрғындарға кепілдендірілген мемлекеттік бағалы қағаздар шығарып, бұл меншік түрін мемлекет тарпынан толық кепілдендіріп, заңмен қорғалуын қамтамасыз ету қажет. Бүгінгі күнге дейін бұл бағытта көптеген жұмыстар жүргізілді, дегенмен қалыптасқан мәселе азая қойған жоқ.

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігі - ҚР Президентінің 2013 ж. 31 желтоқсандағы Жарлығымен ҚР Ұлттық банкін одан агенттік бөліп шығару жолымен қайта ұйымдастыру нәтижесінде құрылды. ҚР Президентінің 2013 ж. 31 желтоқсандағы Жарлығымен агенттік туралы ереже және оның құрылымы бекітілді. Агенттік қаржы рыногы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу және қадағалауды жүзеге асыратын, ҚР Президентіне тікелей бағынысты және есеп беретін мемлекеттік орган болып табылады.

Агенттіктің негізгі міндеттері:

  • қаржылық қызмет көрсетуді тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзушылықтарды болдырмау жөніндегі шараларды іске асыру;

  • адал бәсеке принциптерінде қаржы ұйымдарының тиісті түрлерінің жұмыс істеуі үшін тең жағдайлар жасау;

  • қаржы ұйымдарының қызметін реттеу мен қадағалаудың стандарттары мен әдістерінің деңгейін арттыру, олар қабылдаған міндеттемелердің уақтылы және толық орындалуын қамтамасыз ету жөніндегі шараларды пайдалану;

  • қаржы ұйымдары қызметінің стандарттарын белгілеу, қаржы ұйымдарын корпоративтік басқаруды жақсарту үшін ынталандыру шараларын жасау;

  • қаржы жүйесінің тұрақтылығын сақтау мақсатында қаржы рыногының және қаржы ұйымдарының мониторингі;

  • қаржылық тұрақтылықты қолдау мақсатында қаржы нарығының неғұрлым тәуекелге бейім салаларындағы қадағалау ресурстарын шоғырландыру;

  • қазіргі заманғы технологияларды ендіруді ынталандыру түтынушылар үшін қаржы ұйымдары мен олар көрсететін қаржылық қызметтер туралы ақпараттың толық және қол жетімділігін қамтамасыз ету.

Агенттік өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес мемлекеттік реттеу мен қадағалау жөніндегі негізгі функцияларды, соның ішінде шоғырландырылған негізде, ҚР заң актілерінде көзделген жағдайларда банктік, сақтандыру қызметін, жинақтаушы зейнетақы қорларының, инвестициялық қорларының қызметін, сондай-ақ бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттеу мен қадағалау жөніндегі негізгі функцияларды орындайды.

Агенттіктің құрылымы:

  • басшылық;

  • стратегия және талдау департаменті;

  • заң департаменті;

  • банктерді қадағалау департаменті;

  • бағалы қағаздар нарығының субъектілерін және жинақтаушы зейнетақы қорларын қадағалау департаменті;

  • сақтандыру нарығының субъектілерін және басқа қаржы ұйымдарын қадағалау департаменті;

  • қаржы ұйымдарын тарату департаменті;

  • агенттіктің қызметін қамтамасыз ету департаменті;

  • бухгалтерия;

  • лицензиялау басқармасы;

  • қаржылық қызмет көрсетуді тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы.

ҚР Президентінің 2014 ж. 10 желтоқсандағы Жарлығымен агенттіктің құрылымы мынадай бөлімшелермен толықтырылды:

ақпараттық технологиялар басқармасы;

өңірлік өкілдер басқармасы;

үйлестіру бөлімі — өкілдік (Астана қаласы);

халықаралық қатынастар және жүртшылықпен байланыс бөлімі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]