Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Игилик курсавой.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
296.96 Кб
Скачать

Мазмұны

КІРІСПЕ…………………………………………………………………………..…3

1 Қазақстан Республикасындағы қаржы нарығының қалыптасуы,және қызмет атқару механизмдері

1.1 Қазақстанда қаржы нарығының қалыптасуы…………………………………..5

1.2.Қазақстан банк жүйесінің қалыптасуы және құрылымы……………………...9

2 Қаржы нарыгынын кызмет аткару механизми

2.1. Қаржы нарығының құрылымы …………………………….................……...20

2.2. Сақтандыру нарығының ерекшеліктері……………………………...........…22

2.3. Валюта нарығының қалыптасуы.....................................................................25

Қорытынды……………………………………………………………………27

Пайдаланылған әдебиеттер………………………………………….29

Кіріспе

Қазақстан Республикасының қазіргі банк жүйесінің құрылуы 2015 ж. желтоқсанында Жоғары Кеңес қабылдаған "Банктер және банк қызметі туралы, Заңынан бастау алады. Заңға сәйкес республикада екі деңгейлі банк жүйесін құрылды: жоғары (бірінші) деңгейдегі банк - ҚазКСР-ның Мемлекеттік банкі және төменгі деңгейдегі банк коммерциялық банктер жүйесі. Банк - өзінің жарғысы бар, толық шаруашылық және өзін-өзі қаржыландыру негізінде қызмет атқаратын заңды тұлға. Ол ақша қаражатын тарту, орналастыру және басқа банктік операциялар жүргізетін мекеме. Қазақ Кеңес Социалистік Республикасының территориясында жинақталған несие ресурстары осы Заң шыққан күннен бастап Республика меншігі болып саналатын болды. Мемлекеттік банк республиканың меншігі және оның Орталық банкі болып саналады. Қазақстан территориясында біртектес ақшаны пайдалану және біртектес ақша саясатын жүргізу мәселелері Одактық шартта көрсетілген. Оның айналымға монополиялы құқықпен ақша белгілерін эмиссиялауға, ақшанесие қатынастарын рет-теуге, мемлекеттік бюджетгің кассалық жұмысын жүргізуге, республика территориясында коммерциялық банктер ашуға рұқсат беретін құқығы бар.Мемлекеттік банк осы Заң бойынша қызмет атқарып, ҚазКСР-ның Жоғары кеңесіне есеп береді, жер-жерлерде өз мекемелерін ашуға құқығы бар. Мемлекеттік банктің басқару органы - оның басқармасы. Басқарманың төрағасын Республиканың Жоғары кеңесі 6 жыл мерзімге бекітеді. Банктің құрылымы мен міндеттері оның Жарғысында белгіленеді.

Кәсіпорындардың, ұйымдардың, кооперативтер мен азаматтардың несие-есеп жұмыстарын жүргізу үшін республика территориясында коммерциялық банктер мен басқа несие мекемелері ұйымдастырылады. Коммерциялық банктер өз жұмысында осы Завды және Қазақстан Мемлекетгік банкісінің нұсқаулары мен ережелерін басшылыққа алады. Клиенттерімен шарттасып қызмет көрсетеді. Коммерциялық банктер мен басқа несие мекемелері мемлекеттік, ұжымдық, жеке және аралас (шетел капиталы қосылған) меншікте болуы мүмкін. Қазақстан заңдарына сай мемлекеттік банк (Орталық - Ұлттық банктен басқа) капиталы толығынан үкімет иелігінде, немесе акционерлік капиталдың басым бөлігі мемлекеттік құрылтайшылардың (мысалы, мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдардың) акциясы болғанда есептеледі.

Нарық, қоғамдық тұтынушылар мен өндірушілерді байланыстырудың тиімді механизмі ретінде әлемдік өркениеттің ұлы жетістіктерінің бірі деп есептеледі, оны математикамен, ген инженериясымен, электроникасымен және азаматтың басқа ұжымдық даналығының шыңымен теңеуге болады. Бірақ нарық механизмі кәсіпкерлік пен бәсекелестікті дамытпайынша өмір сүре алмайды. Ал бұл меншіктің алуан түрлі формалары және әр түрлі тауар өндірушілер болғанда ғана мүмкін, бұнда өндіріс экономикалық жағынан әлсіз өмір сүруге қабілеті жоқ шаруашылықтардан тазарады, оның есесіне олардың тиімді жұмыс жасайтын болашағынан үміт күттіретініне қолайлы жағдай жасайды. Бұдан біз нарықтың қоғамға қажет шаруашылық бірліктерін іріктеудің демократиялық механизмі және ең әділетті төрешісі екенін көріп отырмыз.

Сонымен бірге нарықтық механизм идеалды емес, оның елеулі қайшылықтары да бар. Оның жағымсыз жақтарына әлеуметтік жіктелу, әлсіздерге, әсіресе банкротқа ұшырағандарға деген мейірімсіздік, жұмыссыздықтың болуы жатады. Экономиканы бірыңғай сұранымға ғана бағдарлап, нарық орны толмайтын табиғат ресурстарын және қоршаған ортаны сақтауды қамтамасыз етпейді. Сондықтан мемлекет қоғам атынан адамдардың дұрыс экологиялық жағдайда өмір сүру құқығын реттеп отыратын шараларды жүзеге асыруы қажет.

Коммерциялық банктер өздерінің акционерлер жиналысында қабылданған Жарғысы бойынша қызмет істейді. Сонымен бірге республика территориясында шетел мекемелерімен бірігіп құрылған коммерциялық банктер қызмет істеуі мүмкін. Егер банктің жарғылық капиталын калыптастырғанда өзіміздің мемлекеттік емес кұрылым, немесе шетел мемлекеттік, ия болмаса мемлекеттік емес құрылымдары қатынасса, онда аралас банктің түрлері деп есептеледі.

Қаржы нарығы - ақша операцияларының арнайы саласы болып табылатын нарықтық қатынастар жүйесі; капитал несиегерлер мен қарызгерлер арасында бағалы қағаздарды шығару және сатып алу-сату нысанында қайта бөлінетін несие капиталдары нарығының бір бөлігі. Мұнда халықтың, шаруашылық жүргізуші субъектілердің, мемлекеттік құрылымдардың клиенттерге не бағалы қағаз кепілдігімең немесе несие түрінде берілетін бос ақшалай қаражаты мәміле объектісі болып табылады. Сондықтан ол бағалы қағаздар нарығы ретінде де, несие капиталының нарығы ретінде де әрекет етеді.Қаржы нарығы жаңа бағалы қағаздар шығару ісімен айналысатын бастапқықаржы нарығы және бұрын шығарылған бағалы қағаздарды қайта сатумен айналысатын қайталама қаржы нарығы түрлеріне бөлінеді. Қайталама нарық өз кезегінде биржалық және биржадан тыс нарық түрлеріне бөлінеді.

Сақтандыру нарығы бойынша қызметтер көрсету саласы, яғни сақтандыру қызметтерін көрсетуге сұраныс пен ұсыныстың қалыптасу аясы. Сақтандыру нарығы тәуелсіз сақтандыру ұйымдарының сақтанушыларды тарту, ақшалай қаражатты сақтандыру қорларына жұмылдыру үшін бәсекелесуін көздейді.

Валюта нарығы дегеніміз-шетелдік валютаны және шетелдік валютадағы төлем құжаттарын сату – сатып  алу жөніндегі әлеуметтік – экономикалық және ұйымдық қатынастар жүйесі.

Қазақстан Республикасының халықаралық нарыққа шығуына кедергі жасап тұрңан мәселелердің бірі – теңгенің  айырбасталымдылығы. Бір жағынан қазақстандық теңге бірнеше валюталық шектеулері бар айырбасталатын валюта болып саналады. Бірақ бұл шектеулер, Қазақстанның дүниежүзілік валюта нарығының толық құқылы қатысушысы бола алмауына жеткілікті

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]