- •1.Ғылым ретіндегі Қазақстан тарихының мақсат, міндеттері және оны зерттеудің өзектілігі.
- •2.Тас ғасыры мен оның ескерткіштеріне сипаттама жасап, кезеңдерін жүйелеп көрсетіңіз.
- •3.Қола дәуіріндегі Қазақстан.Андронов және Беғазы-Дәндібай мәдениеті.
- •Сақтардың материалдық және рухани мәдениетіне байланысты жазба деректерді талдаңыз.
- •5. Ұлы Жібек жолының тарихи-мәдени маңызы.
- •6.Үйсін, Қаңлы мемлекеттік-саяси құрылымдарының басты белгілері.
- •8. Бірінші Түрік қағанатының тарихы (552-603).
- •9. Көне түрік жазба ескерткіштерінің ерекшеліктері мен зерттелу деңгейін анықтаңыз
- •10.Батыс Түрік қағанатының тарихы (603 - 704).
- •12.Қарлұқ қағанатының тарихы.
- •13.Қимак мемлекетті: этносаяси тарихы және шаруашылығы.
- •14. Оғыз мемлекеті: этно-саяси тарихы, шаруашылығы, мәдениеті.
8. Бірінші Түрік қағанатының тарихы (552-603).
«Түрік» сөзінің өзі «күшті» «мықты» дегенді білдіреді. А.Н. Кононовтың пікірінше, ол-жинақтауыш ат, кейін тайпалар бірлестігінің этникалық атына айналған. Түріктрдің билеушілері Ашин руынан шыққан. Ал «Ашин-Қасқыр, бөрі» деген сөз. Ол моңғолша «шоно- чино». «А-қытай тілінде құрметтеу префиксі. Демек, «Ашин»-«дегдар бөрі» болған. Бөрі сөзі 6ғасырда түріктер үшін аса мәні зор болған Қытай авторлары «түрік ханы» мен «бөрі» ұғымын мағыналас деп есептейді. Н.Я.Бичуриннің еңбегінде түріктерге шабуыл жасаған кезде: «мынадай шаралар қолдану керек: көшпенділерді қуып, бөрілеріне бас салу қажет»деп тіпті нұсқау қағаздарда көрсетілген. Мұның өзі түріктердің арғы тарихы бөрілер екенің дәлелдейді емес пе?!Алғаш рет түрік атауы 542жылы қытай жазбаларында кездесті. Түрік атауы моңғолша тау сияқты дулыға дегенді білдіреді. Түріктер 546 жылы Алтайды мекендеген теле тайпасын жеңіп, олардың 50мыңдай әскерін тұтқынға алып, өз армясына қосып алды. 552 жылы көктемде түріктердің билеушісі Бумын өздерінің билеушісі аварларға қарсы шығып, оларды ойсырата жеңіп, Түрік қағанатын құрады. Түрік ордасының алғашқы қағаны Бумын болады. Бумын қаған 553 жылы қаза табады. 553-572жж Мұқан қаған билік құрады. Мұқан қаған тұсында Түрік қағанаты Орта Азияда саяси үстемдікке ие болды. Олар маньчжуриядағы қидандарды, Енисейдегі қырғыздарды бағындырып, Солтүстік Қытай мемлекетінен алым-салық алып тұрды. Мұқан қаған қайтыс болғаннан кейін оның інісі әрі мұрагері- Тобохан Чжоу имприясымен қатынасын үзбей, Ци имприясымен бітімге келеді. Чжоу салық жарнасын төлеуден бастартқан кезде, бұрынғы жағдайдың қалпына келуі үшін түркіттердің әскер күшімен доқ көрсетуінің өзі жеткілікті болады. Түркіттер жортуынан қорыққан Ци империясы бітім салығын төлеймін деп күллі қазынасын сарқытады. Тобохан: Тек оңтүстіктегі екі бала «Чжоу мен Ци» бізге бағынышты болып тұрса болғаны, онда кедейліктен қорықпаймыз-дейді екен. Ци империясымен одақтасу түркіттердің Қытаймен мәдени қатынас жасауына алып келді. Ханның орласында будда сопылары п\б, Тобоханды өз дініне кіргізді. Бірақ 581Суй әулеті орнағаннан ейін, буддашылардың Қытайға қайтуы қажет болады.
578жылы Тобохан Қытайға баса көктеп кіріп, чжоу әскерінің кул-талқаның шығарады. 579ж басталған келіссөздер үзіліп қалады да, соғыс әрекеті жалғаса береді. Алайда, қытай елшісі көлгөріс сыйлық тартып,Тобоханның аузын алады, сөйтіп 580ж.бітім шарты жасалады. 580жыл түріттердің құдыретінің шарықтау шегі болады. 581жылы Тобохан дүние салады, ал қытайда түріктердің қас жауы Сүй әулетінің негізін салушы жауынгер генарал Ян Цзян, Чжоу әулетін құлатады, бұл саяси ахуалды толығымен өзгертіп жібереді.Бір тілде сөйлеген түркі халқының құрамында оғыз, қарлұқ, қырғыз, түргеш, ұйғыр, қыпшақ сияқты т.б. 30 дан астам ру тайпалар біріккен. Түріктер әуелгіде Орта Азияны өзіне бағындыруда Каспий теңізінің Солтүстік Үндістан мен Шығыс Түркістанға дейінгі жерлерге ие эфталиттерге қарсы Иранмен Одақ құрып, 587 ж. Бұхара түбінде оларды жеңеді. Тохаристан обылысы Иран қарауына өтіп, Батыс түрік қағанаты мен Иранның саяси ықпал жасау аймағының шекарасы Амудария бойымен өтеді. 571 түріктердің әскери қолбасшысы Естеми Солтүстік Кавказды басып алып, Керчь шығанағына шығып, 576 жылы Қырым жеріне енеді. Естеми өлгеннен кейін қағанат ішінде билік үшін талас басталады. Өзара қырқыс пен әлеуметтік қайшылықтар қағанатты қатты әлсіретіп, 588 жылы Герат түбінде түріктер Ираннан жеңіліс тапса, 590 жылы Византия Боспорды қайта жаулап алды. 581-618 жылдары Солтүстік Қытайдың қағанат шекараларына шабуыл жасауы қағанатты одан бетер әлсірете түсіп, Түрік қағанатындағы саяси күйзеліс ақырында 603 жылы қағанаттың екіге –Шығыс және Батыс қағанаттарына бөлінумен аяқталады.
