- •1.Ғылым ретіндегі Қазақстан тарихының мақсат, міндеттері және оны зерттеудің өзектілігі.
- •2.Тас ғасыры мен оның ескерткіштеріне сипаттама жасап, кезеңдерін жүйелеп көрсетіңіз.
- •3.Қола дәуіріндегі Қазақстан.Андронов және Беғазы-Дәндібай мәдениеті.
- •Сақтардың материалдық және рухани мәдениетіне байланысты жазба деректерді талдаңыз.
- •5. Ұлы Жібек жолының тарихи-мәдени маңызы.
- •6.Үйсін, Қаңлы мемлекеттік-саяси құрылымдарының басты белгілері.
- •8. Бірінші Түрік қағанатының тарихы (552-603).
- •9. Көне түрік жазба ескерткіштерінің ерекшеліктері мен зерттелу деңгейін анықтаңыз
- •10.Батыс Түрік қағанатының тарихы (603 - 704).
- •12.Қарлұқ қағанатының тарихы.
- •13.Қимак мемлекетті: этносаяси тарихы және шаруашылығы.
- •14. Оғыз мемлекеті: этно-саяси тарихы, шаруашылығы, мәдениеті.
3.Қола дәуіріндегі Қазақстан.Андронов және Беғазы-Дәндібай мәдениеті.
Қазақстандағы Қола дәуірін зертелуі Кеңес үкіметінің кезінде ғылыми жағынан жүйелі жолға қойылды.1933жылы КСРО Ғылым Орталық Қазақстанды зерттеу үшін ұйымдастырылған «Нұра экспедициясының» көрнекті мүшелері П.С.Рыков, М.И.Артамонов, М.П.Грязнов, К.Арзютов, И.В.Синицин сияқты ғалымдардың сіңірген еңбектері айтарлықтай. Бұлардың басты ашқан жаңалықтары Шерубай-Нұра өзенінің бойындағы «Дәндібай» ескрткішін табуы болатын. Орталық Қазақстанды археологиялық экспедициясының меңгерушісі Ә.Марғұланның жүргізген жұмыстары орасан зор мысалы: Ғалым Атасу, Бұғылы, Беғазы, Ақсу-Аюлы, Дәндібай ескерткіштеріне қазба жұмыстарын жүргізді. Шығыс Қазақстан жеріндегі қола дәуірінің ескерткіштерін зерттеуде улкен үлес қосқан С.С.Черников болды. ХХғ 50-жылдары қола дәуірін зерттеуде үлкен үлес қоскан археолог ғалымдар: К.А.Ақышев, А.М.Оразбаев, А.Р.Максимовалар болды.
Қола дәуірі. (б.з.б. 2-1 мың жылдықтар). Тас ғасыры аяқталғаннан кейін, қола ғасыры басталады. Қола ғасыры деп аталуының себебі, осы кезде Евразияда қола өндіру тәсілі меңгеріліп, қола заттарын жасай бастады. Қола еңбек құралдары мен қару үшін қолданылатын негізгі шикізат болып табылды. Қола дәірінде рулық қатынас жойылып, тайпалық бірлестіктер құрылды. Қола дәуірінің басты үш ерекшілігі болды. Қола металлургиясы. Түсті металлдар мен алтын өндірістік жолмен игеріле бастады. Қазақстан жер қойнауында полиметалдардың, ең алдымен қалайы-мыс рудаларының барынша молдығы бұл территорияда металургияның мықты ошағы шығыуынын бір себебі болды. Қазақстанның бірнеше өңірлірінде кен өндірілген орындардың табылуы бұған дәлел болады. Бақташылық, мал шаруашылығы. Біздің заманымыздан бұрынғы II мың жылдықтың ортасында Қазақстанның далалық тайпаларында алғашқы өндірістің өрлеуі байқалды, мал өсіру интенсивті түрде өрістеді. Осы уақыттан бастап далалық Евразия халықтарының шаруашылығында мал осіру неғұрлым көбірек орын ала бастады. Б. з. б. II мың жылдықтың аяғында –I мың жылдықтың басында далалық өңірлердегі халықтардың көпшілігі шаруашылықтың маманданған жаңа түріне - көшпелі мал шаруашылығына көшеді. Басқа тайпалар ішінен мал өсірушілердің бөлініп шығуын Ф. Энегельс ең бірінші ірі қоғамдық еңбек бөлісі деп атады «Үй жануарлардың түрі көбейді». Егіншілік орташа дәрежеде дамыды. Қола дәуіріндегі экономиканың басты – екі бағыты болып табылатын мал шаруашылығы мен металургияның, сондай – ақ егіншіліктің дамуы ең алдымен еркектердің еңбегін қажет етті; мұның өзі қоғамдағы ер азаматтардың ролін арттырды. Сондықтан аналық рулық қатынастың орнына аталық ру (патриархат) орнады. Қоғамдық өмірдегі ірі өзгерістер өндіргіш күштердің өсуіне, қоғамдық еңбектің мамандануының күшеюіне, патриархаттық қатынастың дамыуна байланысты болды. Жеке семьялар өқшауланды, семьялық меншік кеңейді, рулық қауым ішінде мүлік теңсіздігі өсті.
Андронов мәдениеті: археологиялық ескерткіштері, кезеңдері және негізгі ерекшеліктері.Андронов мәдениеті негізінен қола дәуірінің алдыңғы кезеңі (б.з.б.18-16) және ортаңғы(15-12ғ.ғ.) тұтас келеді. Қазақстанда қола дәуіріндегі тайпалардан көптеген тұрақтар, кен ескерткіштер қалған. Бұларды Андронов мәдениеті деп атайды. Бұл мәдениет – Евразиядағы ең ірі қола дәуірінің мәдениеті. Андронов мәдениетінің бірінші ескерткіші 1914 жылы Сібір жеріндегі Андроново қонысындағы Ашинск селосы маңынан табылған. 1927жылы археолог М.П.Грязновтың зертеуінің арқасында Батыс Қазақстан аумағынан тағы да андонов мәдениеті табылды сонымен Андронов мәдениеті шығыстағы Минусинск шұнқырынан бастап солтүстік аса үлкен Батыс Сібір жазығынан Қазақстанның оңтүстігіндегі Памир тауларына дейінгі кең-байтақ аумақты қамтығандығы анықталды. Қазақстандағы ескерткіштері Солтүстік Батыс және Орталық Қазақстанда орналасқан осылардың ішіндегі ең ірісі - Орталық Қазақстан. Бұл аймақта қола дәуірінің 150- ге жуық қабірі, 30 – дай елді мекен тұрағы бар.
Шаруашылығы. Қазақстан территориясында қола өндіру ісі мыс пен қалайыны қорыту арқылы б.з.б. 2 мыңжылдықта бастады. Андоновшылар негізінен мал өсіруді бәріненде маңызды деп санаған Олардың негізгі малы-қой,сиыр,жылқы болды.Бұларда тұңғыш рет қысты күні малды қолда ұстау дәстүрін енгізді.Тұрғын үйлерге жалғастырылған мал қоралар салынды. Олар қос өркешті бактриан түйелерін өсірген. Түйе бейнелері жартастарға салынған.Андроновтықтарда, негізінен, отырықшы шаруашылық басым болған. Бұл әрине, егін шаруашылығының дамығанын көрсетеді. Жер тесемен өнделгендіктен, сол кездегі, егіншілік Андронов тайпаларында «теселі егіншілік» деп аталған. Көбінесе бидай, тары өсірген: бақшалық шаруашылық та дамыған. Андроновтықтар жылқы, сиыр, қой, ешкі, кейіннен түйе өсірген: жануарлардың терісі мен жүнін киім ретінде, еті мен сүтін тамақ ретінде және қосымша жануарларды көлік, күш ретінде пайдаланған. Қола дәуірінде Қазақстанды мекендеген тайпалар қыш ыдыстар жасаған. Бұл көбінесе әйелдер ісі болған. Мұндай ыдыстарды жасағанда негізгі шикізат ретінде балшықты пайдаланған. Ыдысты жасау әдістері: а)таспалықәдісі ә) қалыпқа салып пішіндеу әдісі. Бұл әдістер б.з.б. XVII-XI ғасырларда қолданылған. Андроновдықтарда үй кәсіпшілігі, әсіресе, тоқыма кәсібі жақсы дамыған. Киім тігуге қой жүнін, ешкі түбіті, малдың терісі, сүйек, тарамыс жіп т.б. пайданалынған. Олар жүннен тоқылған баскиім, теріден тігілген құлақшын, өкшесі жоқ аяқкиім т.б. киген. Андронов тұрғындарының басқалардан айырмашылығы- ең басты этнографиялық белгілері жерлеу ғұрпы, геометриялық өрнегі бар балшық ыдыстардың өзінше жиынтығы, металл бұйымдардың түрлері болып табылады.Андронов кеншілері. Қола дәуіріндегі Қазақстанның кен орындары: Жезқазғандағы мыс, Қалба мен Нарымдағы қалайы, Ақжал мен Степняктағы алтын кен орындары (б.з.б. үш мыңжылдық). Кен өндіру әдістері: а) опыру әдістері; ә) отпен үгіту әдісі; б) ұңгіп қазу әдісі. Андронов тайпалары өндірген кенді суда жуған. Ол кендер балқыту пештеріне тасылған. Мұндай балқыту пештері Атасу, Суықбұлақ, Қанай манындағы андроновтықтар елді мекендерінен табылған. Қоғамдық қатынастар. Еркек-көсем, еркек–жауынгер, қоғамда,Осыдан мүлік теңсіздігі күшейіп, бай мен кедей ұғымы дүниеге келді.
Тұрғын үйлері: Жертөле немесе жартылай жер бетіндегі үйлер. Бөлмелерді жылыту үшін тастан қаланған пештер қолданылған, отын есебінде ағаш, тезек жаққан. Кейінгі қола дәуірінде Орталық Қазақстанда көп бөлиелі жер бетіндегі үйлерді ауыр дөңгек тастардан салатын болған. Мұндай көлемді үлкен үйлер Бұғылы, Ақбауыр қоныстарынан табылған. Осындай үлкен үйлер қоғамдық жиындар өткізетін, діни ғұрыптарды атқаратын және үлкен отбасы мекендейтін орын болып есептелген. Қола дәуіріндегі адамдар ең алдымен табиғат күштеріне табынды. Андроновтықтар арасында өлгендерге табыну да күшті болған, сондықтан жерлеу ғұрпына ерекше мән берілген: 1. Адамдарды жерлегенде басын батысқа немесе оңтүстік-батысқа қаратқан. 2. Өліктің аяқ-қолын бүгіп қабірге жатқызған 3. Адам өлігін өртеп, күлін қабірге қою ғұрпы да болған. Андроновтықтар үй салғанда құрбандық шалған. Отбасы үшін өте қасиетті саналған ошақты андроновтықтар қатты құрметтеген. Андроновтықтар қоғамында барлық істі халық жиналысы шешіп отырған: ру басшыларын сайлау, айыптыларды ел алдында жазалау, т.б. Олар үлкен үйде отбасылық қауым болып өмір сүрген, бәріне ортақ шаруаны ағайын-туыстардың бірнеше буыны бірігіп атқарған. Қола дәуіріндегі жартастарда салынған суреттердің өзіндік ерекшеліктері бар, ертедегі адамдар жартастардың тегіс бетіне қатты да үшкір тас сынықтарымен жануарлар,Күн бейнелі адамдар суретін, соғыс арбалары мен шайқас өріністерін салған. Бұл- адамның рухани мәдениеті және оның дүниетанымы жөніндегі аса бағалы хабарлар бастауы болып табылады.Тасқа салынған суреттер Таңбалы, Ешкі-өлмес, Маймақ, Бөкентау, Жасбай, Хантау, Бұланты, Айтпан т.с.с жерлерден табылған,бұл аймақтар дүниежүзілік мәдениеттің қорына қосылды.Тасқа салынған суреттер: жабайы бұқа, билеген адамдар, қос өркешті түйе, екі аяқты арба, әскерлер шайқасы. Әшекейлер: сақина тәріздес дөңгелек сырға, алтын білезік т.б. Бұл әшекейлер Жетісудағы Мыңшұнқыр қабірінен, Орталық Қазақстандағы Айбас сағасынан табылған. Бұл мәдениеттің ескерткіштерін зерттеуді 1914жылы А.Я.Тугаринов ашты. Содан бері өткен уақыттың ішінде орасан көп архиелогиялық материал жиналды. Кейін К.В.Сальников Орал сыртының андронов мәдениетінің хронологиялық топтамасын жасады.
Бегазы-Дәндібай мәдениетінің ерекшеліктері– (б.з.б. 10-8ғ.ғ) тайпалар мәдениетінің дамуы бірінен кейін бірі келетін үш кезеңге: өтпелі, дамыған, соңғы кезеңдерге бөлінеді.Қоланың кейінгі кезеңі Отралық Қазақстанда жаңа мәдениет-Беғазы-Дәндібай мәдениетінің құрылуымен белгілі. Орталық Қазақстанды көп жылдар бойы археологиялық зерттеу жұмысын жүргізген академик Ә.Марғұлан қола дәуірінің соңғы кезінің өзіне тән ерекшеліктерін ескере отырып, оны Беғазы-Дәндібай мәдениеті деп атауға ұйғарды. Бұл мәдениетке ғалым Беғазы, Бұғылы,Саңғыру,Айбас дарасы, Дәндібай есерткіштерін жатқызды. Аталған серткіштерден алынған материлдар бойынша қола дәуірінен темір дәуіріне өтетін өтпелі кезін көрсететіндігін дәлелдейді.Бұл мәдениетке тән бір қасит, ол бір жағынан, андронов дәстүрін сақтайды, екінші жағынан онда жаңа элементтер: мазарлардың айрықша типі өзіндік өзгещелігі бар жерлеу салты, қыш ыдыс-аяқтардың жаңа түрлері пайда болды. Жерлеу ғұрпы бүктетілген қаңқалармен қатар аяқтарын созып, шалқасынан жатқызылған. Мүндай жерлеу ғұрпы кейінгі ерте темір дәуірінде Қазақстан аумағындағы малшы тайпаларда кеңінен тараған. Бұл мәдениеттің өтпелі және дамыған кезеңдеріндегі құрылыстардың көбінің ішкі қоршауларында ағаш төбесінің қалдықтары сақталыпты,бұл төбе пирамидалары –сатылы жақтау түрінде бөренелермен жабылған. Ағаш құрылыстарды өртеп бата қылудың мұндай ғұрпы Қазақстан аумағындағы соңғы қола дәуірінің тайпаларында кеңінен тараған. Беғазы мәдениетінің дамыған дәуіріне- Беғазы, Айбас-Дарасы, Аққойтас, Дәндібай, Шортанды бұлақ Қарқаралы-1-3 қоныстары жатады.Ескерткіштерді салу үшін сұр түсті граниттің өте үлкен кесектері іріктеліп алынған. Беғазыдағы бай кесенелердің көңіл қоярлық ерекшеліктерінің бірі- діни-ғұрыптық заттарды қою үшін және құрбан шалу үшін арнайы істелінген мехрам орны. Керамикалық 130 ыдыстың сынығы табылды, олардың көпшілігі « меруерт» өрнегі бар, қазан тәрізді үлкен көзелермен кертпе және тырнақша тәрізді өрнекпен сәнделген білік тәрізді ыдыстар. Орталық Қазақстан ның таулы аймақтарындағы тұрғындар бұл кезде үйлерін жертөле түрінде салатын болған. Қауымдық топтық еңбектің кезінде өндірістік жабдықтарға және өндірістің өніміне ортақ меншіктің пайда болуына байланысты қоғамда қауымдық құрылыс ыдырап отбасылық меншік пайда болды.Бұл мәдениеттің ескерткіштері Ақсу-Аюлы-2, Ортау-2, Байбала-2, Бесоба, Бұғылы-3 кешендері жатады.
