- •23.Әдіп дегеніміз не?
- •80.Әдіптерді және ауытқуды анықтау.
- •70. Беттер сапасының геометриялық көрсеткіштері
- •71. Беттер сапасының физика-механикалық көрсеткіштері
- •36 . Дайындамаларды кескіш аспаптармен өңдеу.
- •37. Дайындамаларды фрезерлермен өңдеу.
- •8. Жаппай өндірістің сипаттамасы.
- •38. Дайындамаларды сверломен өңдеу.
- •39.Дайындамаларды зенкерлермен өңдеу
- •40. Дайындамаларды айналдыру аспаптармен өңдеу.
- •9. Жеке өндірістің мысалдары.
- •63. Жоғары температуралы және төиенгі температуралы плазма дегеіміз не?
- •75. Жобалаудын негізгі кезендері
- •5 Конструктивті және технологиялық жалғастырулар дегенміз не?
- •Партия мен сериялардағы бұйымдардың мөлшеріне байланысты сериялы өндірістің үшке бөлінеді:
- •21.Көмекші өтімдер дегеніміз не?
- •69. Кедір-бұдырлықты анықтаудың ең оңай тәсілі
- •Құрастырылған дайындамалар.
- •11. Құю әдісімен алынатын дайындамалардың қандай түрлері болады.
- •12. Қысыммен өңдеу әдісімен алынатын дайындамалардың қандай түрлері болады
- •33 . Қандай базалар болады?
- •66. Лазердің көмегімен қандай операциялар орындалады?
- •14. Металокерамикадан алынатын дайындамалар
- •Машина жасау технологиясын игеру мен үйренудегі өңдеулердің түрлері:
- •50.Машина жасау мақсатындағы сатылы біліктерді өңдеуінің типтік техналогиялық процесінде қандай рәсімдер игерілген?
- •59.Механикалық өңдеудің негізгі операцияларын орындау кезінде копрусты бөлшектер үшін базалаудың әдісі.
- •64. Материалдарды плазмамен өңдеу неден тұрады?
- •77. . Негізгі ұғымдар мен шартты белгілер
- •7. Өндірістің қандай типтері болады?
- •13. Прокаттан алынатын дайындамалар.
- •22.Позиция дегеніміз не
- •49.Сатылы біліктер қандай дайындамалардан жасалынады?
- •51.Сатылы білікті өңдеудің типтік сұлбасының тізбектелуін ретімен айтыңыз?
- •19.Технологиялық операциялар дегеніміз не?
- •20.Технологиялық өтімдер дегеніміз не?
- •26.Тазалап өңдеу кезінде қандай қимада қабықша алынады
- •54.Тд техникалық шарттар қолданылады.
- •55.Тд жасау үшін қандай материалдар қолданылады.
- •56.Тд қандай дайындама түрлері қолданылады.
- •57.Тд жасауда қолданылатын жабдықтар
- •47.Үйкелуге қандай беттер ұшырайды?
- •46 Шындау қандай жағдайларда қолданылады?
- •62. Штамптау әдісі арқылы алынған корпусты бөлшектердің дайындамаларының артықшылықтары
70. Беттер сапасының геометриялық көрсеткіштері
Өндіріс жағдайында көбіне беттің кедір-бұдырлығын зерттейді. Қолданылатын бағалау тәсілдерін тікелей және жанама өлшеу деп екіге бөледі. Беттің кедір-бұдырлылығын тікелей бағалау үшін үйкелеу профилометрлер және арофилографтар және оптикалық приборлар пайдаланылады. Жанама бағалау үшін эталондар мен интегралдық тәсілдер қолданылады.
Профилометрлер тұрақты және қозғалмалы типпен шығады: бұлар кедір-бұдырлықты 0,02-5 мкм аралығында өлшей алады. Профилометрлердің жұмыс істеу негізгі, өңделген беттерді алмазды инемен сипалау арқылы жүргізіледі. Иненің діріл қозғалысы прибордың электр жүйесінде, кедір-бұдырлыққа тән, электр қозғаушы күшін (ЭҚК) тудырады.
71. Беттер сапасының физика-механикалық көрсеткіштері
Беттер сзпасынық физикалық-механикалық керсеткіштерін зерттеу үшін микрошлифтер тәсілін қолданады. Микроқаттылыкды, детальдық бетіне өте қатты алмаздан жасалған пирамиданы ПМТ-ЗМ приборымен батыру арқылы зерттейді.
Тығыздаудын, таралу тереңдігін табу үшін арнайы жасалған мккрошлифтін, бетінен ішіне қарай кететін микроқаттылықтың өзгеріс заңдылығын анықтайды
Механикалық өңдеуді жүргізгеннен кейін детальдық бет қатпарында қалыптасқан қалдық тартылыстарды механикалык, оптикалық электромеханикалық және рентген әдістерімен зерттсйді
ДДДДДДДДДДДДДДДДДДДДДДДДДДДДДДДДДДДДДДДДДДДДД
36 . Дайындамаларды кескіш аспаптармен өңдеу.
Дайындамаларды өңдеу әр түрлі аспаптармен іске асырылады. Кескіштермен өңдеу кезінде сыдыру, қаралтым, жартылай таза және таза өңдеулерге бөлінеді. Дайындаманың немесе дайын болған заттың дәлдігіне байланысты, бір рет өңдеумен шектеледі. Беттің тазалағының жоғарғы сапасы мен дәл өлшемдерін алу үшін нәзік өңдеулер қолданылады.
Сыдыру дайындама үшін еркін соғудан алынған, ал кейде басқа да (3-ші сыныптың) дәлдігі 10-12 квалитетті ірі құймалар үшін де, негізгі үлгі ретінде қолданылады. Сыдыру арқыла қаралтым дайындамалардың кеңістіктік ауытқулары мен пішінінің қателіктерін азайтады
Қаралтым өңдеу сыдыруды қажет етуі мүмкін дайындамалар, дәлдіктің 3-ші тобының 9-шы квалитеті мен 2-ші топтың 8-ші квалитетіндегі ірі штампты соғылғандар, дәлдіктің 2-ші сыныбының ірі құймалары үшін қолданылады
Жартылай таза өңдеу қаралтым өңдеу кезінде барлық әдіптер жойылмаған жағдайда немесе өңделуші дайындаманың геометриялық пішінінің және олардың элементтерінің кеңістіктік ауытқуларының дәлдігіне қатаң талап қойылғанда қолданылады.
Таза өңдеу келесі әрлеу алдындағы аралық немесе ең соңғы өңдеу ретінде қолданылады.
Бір рет таза өңдеуді жоғары дәлдікпен орындалуды қамтамасыз ететін әдіспен алынған (дәлдіктің бірінші сыныбы бойынша штампталған, кокильде құю, орындалатын моделдер бойынша құю және т.б.) дайындамалар үшін қолданылады.
37. Дайындамаларды фрезерлермен өңдеу.
Фрезерлермен өңдеу кезінде қаралтым, жартылай таза және таза фрезерлеу болып бөлінеді және шеткі фрезерлеу, нәзік фрезерлеу түрлері бар. Қаралтым фрезерлеу құйманы және соғылған дайындаманы, әдіпті алдын ала өңдеу 3мм жоғары әдісі ретінде қолданылады. Жартылай таза фрезерлеу дайындаманың геометриялық пішінінің және олардың элементтерінің кеңістіктік ауытқуларының қателіктерін азайту мақсатында қолданылады. Таза фрезерлеу қаралтым немесе жартылай таза фрезерлеуден кейінгі соңғы әдіс ретінде, келесі әрлеу алдындағы қаралтым фрезерлеуінен кейінгі аралық өңдеу әдісі ретінде қолданылады. Нәзік фрезерлеу жазықтықты шеткі фрезерлермен соңғы өңдеу әдісі ретінде қолданылады. Бір рет фрезерлеу қаралтым дайындаманың қателігі өңдеуге 2мм кем емес әдіп жіберу кезіндегі жағдайларда қолданылады.
