- •23.Әдіп дегеніміз не?
- •80.Әдіптерді және ауытқуды анықтау.
- •70. Беттер сапасының геометриялық көрсеткіштері
- •71. Беттер сапасының физика-механикалық көрсеткіштері
- •36 . Дайындамаларды кескіш аспаптармен өңдеу.
- •37. Дайындамаларды фрезерлермен өңдеу.
- •38. Дайындамаларды сверломен өңдеу.
- •39.Дайындамаларды зенкерлермен өңдеу
- •40. Дайындамаларды айналдыру аспаптармен өңдеу.
- •8. Жаппай өндірістің сипаттамасы.
- •9. Жеке өндірістің мысалдары.
- •63. Жоғары температуралы және төиенгі температуралы плазма дегеіміз не?
- •75. Жобалаудын негізгі кезендері
- •5 Конструктивті және технологиялық жалғастырулар дегенміз не?
- •Партия мен сериялардағы бұйымдардың мөлшеріне байланысты сериялы өндірістің үшке бөлінеді:
- •21.Көмекші өтімдер дегеніміз не?
- •69. Кедір-бұдырлықты анықтаудың ең оңай тәсілі
- •Құрастырылған дайындамалар.
- •11. Құю әдісімен алынатын дайындамалардың қандай түрлері болады.
- •12. Қысыммен өңдеу әдісімен алынатын дайындамалардың қандай түрлері болады
- •33 . Қандай базалар болады?
- •66. Лазердің көмегімен қандай операциялар орындалады?
- •14. Металокерамикадан алынатын дайындамалар
- •Машина жасау технологиясын игеру мен үйренудегі өңдеулердің түрлері:
- •50.Машина жасау мақсатындағы сатылы біліктерді өңдеуінің типтік техналогиялық процесінде қандай рәсімдер игерілген?
- •59.Механикалық өңдеудің негізгі операцияларын орындау кезінде копрусты бөлшектер үшін базалаудың әдісі.
- •64. Материалдарды плазмамен өңдеу неден тұрады?
- •77. . Негізгі ұғымдар мен шартты белгілер
- •7. Өндірістің қандай типтері болады?
- •13. Прокаттан алынатын дайындамалар.
- •22.Позиция дегеніміз не
- •49.Сатылы біліктер қандай дайындамалардан жасалынады?
- •51.Сатылы білікті өңдеудің типтік сұлбасының тізбектелуін ретімен айтыңыз?
- •19.Технологиялық операциялар дегеніміз не?
- •20.Технологиялық өтімдер дегеніміз не?
- •26.Тазалап өңдеу кезінде қандай қимада қабықша алынады
- •54.Тд техникалық шарттар қолданылады.
- •55.Тд жасау үшін қандай материалдар қолданылады.
- •56.Тд қандай дайындама түрлері қолданылады.
- •57.Тд жасауда қолданылатын жабдықтар
- •47.Үйкелуге қандай беттер ұшырайды?
- •46 Шындау қандай жағдайларда қолданылады?
- •62. Штамптау әдісі арқылы алынған корпусты бөлшектердің дайындамаларының артықшылықтары
ААААААААААААААААААААААААААААААААААААААААААА
29.Айналу үлгісіндегі денелі бөлшектер қандай сыөықтарға бөлінеді Айналу үлгісіндегі денелерді үш сыныпқа бөлуге болады: біліктер, втулкалар, дискалар. Біліктер сыныбына біліктер, валиктер, өстер, саусақшалар, цапфалар жатады. Бұл бөлшектер негізінен сыртқы айналу беттерінен – цилиндрлі, кейде конусты және шеткі беттерден тұрады. Втулкалар сыныбына втулкалар, төсемдер, гильзалар, букстар жатады. Бұл бөлшектер сыртқы және ішкі беттермен сипатталады. Дискалар сыныбына дискалар, шкивтер, маховиктер, сақиналар, фланецтер, қақпақтар, яғни ұзындығы (ені) диаметрінен айтарлықтай кіші, шеткі беттері үлкен бөлшектер жатады.
42. Абразивті аспаптармен өңдеудің қандай түрлеринде қолданылады.Абразивті аспаптармен өңдеу, әр түрлі әдістермен жүргізіледі. Тегістеу өңдеудің соңғы әдісі ретінде қолданылады. Сыдырып тазалау, бір рет өңдеу әдісі ретінде жазық базалық беттерді қажетті жазықтықпен қамтамасыз ету үшін, әдетте өлшемдерді ұстаусыз қолданылады. Алдын ала тазалау жазық беттерде лезвиялы аспаппен өңделгеннен кейін дөңгелектің шетімен немесе тескіш құралмен іске асырады. Таза тазалау үшін түйіршіктігі 12-40, нәзік тазалауда 6-10 дөңгелектер қолданылады. Жазық тазалау алдын ала тазалау кезінде тескіш дөңгелек 5-6 сыныбының Rz= 20-10, тазада 7-8 сыныбының Rz=6,3-3,2 және нәзікте 8-9 сыныбының беттік тазалығы Rz= 3,2-1,6 береді. Айналудың ішкі беттерін өңдеу кезінде алдын ала, таза және нәзік тазалаулар қолданылады. Айналудың ішкі беттерін бір рет тазалау жонудан кеәін термиялық өңдеуге ұшырамайтын дайындамалар үшін қолданылады.Тесіктерді өңдеу кезінде алдын ала, таза немесе бір рет тазалаулар қолданылады. Нәзік тазалау тесіктерді өңдеу кезінде қолданылмайды, егер жоғары дәлдік пен тазалық сыныбы талап етілсе, онда дөңгелектермен тазалаудың орнына басқа әдістер қолданылады. Нәзік жону, нәзік айналдыру және хонингтеу, үкелеу жиі қолданылады.
43. Алмазды дөңгелектердің қандай конструкциялары болады.Алмаз дөңгелектер конструкциясы жағынан корпустан және құрамына алмаз бен байланыс кіретін (металл және органикалық) алмаз сақинадан тұрады. Алмаз дөңгелектер 25-50 және 100% концентрациядан жасалынады. Дөңгелектің концентрациясы бір миллиграмм алмаздың құрамындағы 1мм3 0,879 шаршы.м алмазбен немесе 0,00439 каратпен анықталады. //Металл байланыстағы дөңгелектер қатты балқыма дайындамаларды алдын ала тегістеу, керамика мен әйнектерді тегістеу үшін, органикалық байланыстағы дөңгелектер жоғары беріктікті және морт металлдардан алынған бөлшектерді толықтыру үшін ұсынылады.
48.Абразивті таспаларды қолдану несімен тиімді?
Абразивті таспалармен тегістеу металл және металл емес бөлшектер үшін қолданылады. Бұл әдіс таспалардың майысқақтығының арқасында турбиналық қалақшалар, галтелді иінді біліктің мойындары, сонымен бірге құбырлар мен келте құбырлар типіндегі пішінді бөлшектердің қисық сызықты беттерін әрлеу үшін өте қолайлы. Таспаның жұмысшы беті дөңгелектің жұмысшы бетін жоғарлатады, нәтижесінде тегістеу кезінде пайда болатын жылудың кең таралуы болады. Бұл әдіс таза өңдеуден кейін қолданылады. ол 11 сыныптың жоғарғы дәлдігі мен беттік тазалығын береді. металлды меншікті қамту минутына 1м таспа еніне 1,2-1,6 мм құрайды. Процесстің өнімділігіне негізінен таспа сығылатын күш және оның жылдамдығы әсер етеді.
ӘӘӘӘӘӘӘӘӘӘӘӘӘӘӘӘӘӘӘӘӘӘӘӘӘӘӘӘӘӘӘӘӘӘӘӘӘӘӘӘӘӘ
23.Әдіп дегеніміз не?
Әдіп – бөлшектің өңделген бетінің берілген қасиеттеріне жету мақсатында алынып тасталынатын, материал қабаты. Әдіптерді сәйкес анықтама кестелері, МЕСТ бойынша немесе әдіпті анықтаудың ұқсастық-есептік әдісінің негізінде тағайындайдй. МЕСТ-тер мен кестелер бөлшектерді өңдеудің ағымдық процессіне және олардың шарттарына қарамастан тағайындауға мүмкіндік береді. Сондықтан материал шығынын және бөлшектерді жасаудың еңбек сыйымдылығын азайтудың резервтерін құрайды.
80.Әдіптерді және ауытқуды анықтау.
Әдіптердің ауытқуын анықтау Әдіп өлшем тізбегінің тұйықтаушы буьшы болғавдықтан, оның ауытқуының мәні құраушы буындардъщ - косынды мәнінс тең болады; құраушы буьшдарға техлологиялық өлшемдер жа-тады. Әдіп мәні өзінің ең жогары мәяінен ең төменгі мәніне дейін ауытқуда болады.• Әдіптің ауктқу мәнін мына формуламен есептейді: й>2 = ]£ ІГ# 1 +юҚ , 05.12) і = 1мүйдағы (a z - удштің ауытқуы; ТВ - берілген елшем тізбегіне кіретін технологиялшс өлшемдердік шсктері; ш К - технологиялык өлшемдердін шектерінде ескершмеген - қосымша ауытқудың жиынтығы,Мүндай қосым:ша ауытк уға термиялык еңдеулерден кейінгі деформациялзр, майысулар, беттердін езара орналасуы нын ауытқүы және т,б, жатады.
БББББББББББББББББББББББББББББББББББББББББББББББ
№1 Бұйымдардың ұзақ мерзімділігі дегеніміз не? ұзақ мерзімділік- бұл алдағы жағдайының басталуына дейін, яғни анықталған технологиялық қызмет көрсету мен жөндеу кезіндегі барлық пайдалану уақыты аралығында жұмыс қабілеттілігін сақтайтын бұйым қасиеті.
№2 Байланысудың қандай түрлері болады?
№3 сұрақ. Бөлшек дегеніміз не? Бөлшек-жинақты операцияларды қолданбай материал маркасы мен аталуы бойынша бір текті жасалынған бұйымдар. Мемлекеттік стандарттарда бөлшектерге жапсырылған, қалайыланған, пісірілген және беті қапталынған бұйымдарды да жатқызған. Бөлшектерге мысал ретінде біліктерді, қораптарды, тісті дөңгелектерді жатқызуға болады. Жинақтауға қатысатын әр бір бөлшекте жанасатын және жанаспайтын беттер болады. Бөлшектің жанасатын бетін жинау кезінде сәйкес жанастыру керек. Өйткені бөлшектерді жинау кезінде бір бөлшектің негізгі базалары басқа көмекші базаларға сүйенеді.
16.Бастапқы дайындамаларды алдын ала өңдеу Бастапқы дайындамаларды алдын ала өңдеу операцияларының орындалуы дайындама түріне байланысты сыйпатталады. Құймаларды алдын ала өңдеу құймаларды тазалау мен термиялық өңдеуден тұрады. Үлкен емес және орташа құймаларды құрамына ірі түйіршікті абразив пен калциленген сода қосылған су ағынымен тазалаған тиімді болады. Құймалардың беттеріндегі тегіссіздікті бір жүріп өткенде-ақ жоятын ажарлаушы-сүруші станоктар қолданылады, сонымен бірге майысқақ білікті ажарлаушы дөңгелектер мен пневматикалық зубилалар қолданылады. Шойын, болат және түсті металдардың құймалары ішкі кернеу мен өңделуді жақсарту мақсатында термиялық өңдеуден өтеді.
30.Біліктердің конструкциясының алуан түрлілігі Әр түрлі үлгідегі біліктерді келесі топтарға бөлуге болады:
тұрақты диаметрдегі тегіс біліктер;
сатылы біліктер;
шестерна-біліктер және рейка-біліктер;
сәнді бетті немесе мойыны центрден тыс орналасқан арнайы біліктер.
31. Біліктердің технологиялылығы дегеніміз не? Біліктер конструкциясының технолдогиялылығы- автоматтандырылған өндіріс үшін келесілерді қанағаттандыруы тиіс: -біліктердің қаттылығын қамтамасыз ету, қаттылық шарты L/Dmax≤ 15; білік конструкциясы сатыларның диаметрлері ұзарушы немесе қысқарушы болуы керек; біліктің өлшемдері барлық барлық элементтері бойынша қалыпты болуы керек; диаметрлерінің азаюы көп болмауы керек; мойындарының ұзындығы тең немесе өзара қалдықсыз болуы керек; біліктер конструкциясының жеке элементтерінің шеттік бетері болуы керек; біліктер конструкциясы өтімдерге өңдеуді жібере алуы керек; кесуші аспаптың кіріп-шығуына қолайлы жағдай жасауы керек. Арнайы біліктердің технологиялылығы олардың жұмыстарының өзіне тән шартарының түрлермен үнемі қамтамасыз етпеуі мүмкін, нәтижесінде осы біліктерді өңдеу кезінде арнайы жабдықтар түрін қолданудың қажеттілігі туындайды.
34. Біліктерді жасауға арналған материалдардың сипаттамалары. Біліктерді жасауға қолданылатын материалдар алуан түрлі. Нақты материал маркасын қолдану біліктің ҚТ-на, жүктеме шамасына, жұмыс сипаттамасына, тозуға қарсылық шарттарына, ұсынылатын жүктемелердің сипаттамаларына (статикалық, динамикалық), жұмыс істеу ортасына (қажалуы, бейтараптығы), температурасына (төменгі, жоғарғы) және басқа да шартарына байланысты болады. Негізінен біліктердің барлық типтері конструктивті және легирленген болаттардан жасалынады. Біліктерді жасауға арналған болат маркаларының кең тарағандары – 20, 35, 40, 40Х,45. Беріктігі жоғары және жоғарлатылған біліктер үшін, сонымен бірге ерекше сипаттамалы біліктер үшін болаттардың жоғары легирленген түрлері – 20Х, 20ХН, 20Х2Н4Л, 12Х43, 18ХГТ, 20ХГНТР, 25Х2ГНТА, 40ХН, 40Г, 35ХГС, 30ГХТ, 40ХТ, 40ХНМА, 40ХГТР қолданылады. ослармен қоса ерекше жағдайларда материал ретінде 30Л және 40Л құйма маркаларын қолданады, сонымен бірге жоғары легирленген модификацияланған шоын да қолданылады.
68. Беттің кедір-бұдырлығын бағалау тәсілдері Беттің кедір-бұдырлылығын тікелей бағалау үшін үйкелеу профилометрлер және арофилографтар және оптикалық приборлар пайдаланылады. Жанама бағалау үшін эталондар мен интегралдық тәсілдер қолданылады. Беттің кедір-бұдырын жанама әдіспен бағалауда тексеретін беттің микропрофилі мен пневматикалық өлшеу мүштігінің арасындағы саңылаудан өтіп жатқан ауаның шығыны арқылы табылатын интегралдық тәсілдер қолданылады. Бұл пневматикалык, приборларды өлшеу күйіне келтіру үшін эталондық детальдар пайдаланылады. Технологияда бұдан басқа да жанама әдістер кездеседі. Мысалы, конденсатордың электр сиымдылығын өлшеу арқылы тексертетін бетке белгілі күшпен тақап қойылған графигі таяқтың, тозуы арқылы; детальдың тексеретін бетіне түсіп, одан шағылысқан жарық мөлшері арқылы, т.б.Өте көлемді базалық ұзындықта беттің кедір-бұдырын профилографпен сипалау арқылы зерттеуге болады.
