Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Diplom 2015.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
669.18 Кб
Скачать

1.2 Спелеотуризмнің Батыс елдерінде бастау алуы

Спелеотуризм - спорттық туризм мен экстремалды демалыстың бір түрі. Спелеотурлар – бұл арнайы құрал –жабдықтарды қолдана отырып, табиғи кедергілерді бағындырып, жер асты үңгірлеріне саяхат жасау. Спелеотуризм – күшті және жүрек жұтқан адамдардың демалысы, олар жаңа әсерлер мен керемет сезімдерге кенелу үшін көгілдір аспан мен жайма шуақ күнді үңгірдің қараңғы әрі ылғалды атмосферасымен ауыстырады. Жер асты әлемі де өзіндік құпиясы мен жұмбағы бар, ерекше тылсым күшке ие аймақ . Мұнда жер астында көлдер мен өзендер, жарқыраған сталактиттер мен сталагмиттер бар. Спеолеология латын тілінен аударғанда “speleo” үңгір деген мағынаны білдіреді, яғни үңгірлер туралы ғылым. Бұл терминді ең алғаш 1890 жылы француз зерттеушісі Е. Ривера енгізген. Ал “tourizm” француз тілінен саяхат, серуен деп аударылады. Шетелдік ғалымдар өз сабақтарын еш жаңылыспастан, Кейвинг деп атады. Ағылшын тілінде“cave” – үңгір, ал өздерін кейвер (caver) деп атағанды жөн көрді. Бұл бір қарағанда үйреншікті жайт болмағанмен, мәні осындай. Үңгірді тауып, оған түсіп алғашқы ақпаратты жинау барлаушы мен іздеушінің жұмысы. Одан кейін осы ғылымды меңгерушілердің ,яғни спелеологтардың қызметі жүреді. Дегенмен де ,мейлінше көп ақпаратты карсты зерттеушілер алады. Ал спелеотуристтердің ішінде кімнің жолы болғыш ол үңгірдің ашылуын көреді, ал спортқа бейімдері қандай да бір рекорд қойса, ал кейбіреулері тыныш әуен мен жарақталған жарық түскен жол арқылы экскурсоводпен тамашалау құрметіне ие болады. Кез келген сабақ өзгеше, тосын, күтпеген оқиғаларға толы.

XVII-XVIII ғасырларда адамдар үңгірге ерекше қызығушылықпен қарай бастады. Географиялық зерттеулердің толқыны, нақты ғылымдардың дамуы үңгірлерге бағытталды. Сол замандарда үңгірлер туралы тапшы мағлұматтарды негізгі жеткізушілер - қойшылар мен аңшылар, байлық іздеушілер мен авантюристер, географтар мен колонизаторлар болды. Біртіндеп, көптеген елдерде тек қана Еуропа мен Азияда ғана емес, Жаңа әлемдерде үңгірлердің алғашқы карталары мен ғылыми сипаттамалары жарық көре бастады.

Спелеотуризм басқа туризм түрлеріне қарағанда әлдеқайда күрделі, бірақ қызықты. Негізгі ерекшеліктері:

-Үңгір жер бедерінің әр түрлі болуына байланысты (құдықтар, тар саңылаулар, үйінділер, жер асты өзендері т.б.) маршруттың күрделілігі

- Төменгі температурадағы ауаның салыстырмалы жоғарғы ылғалдылығы

- Табиғи жарықтың болмауы

- Экспедиция кезіндегі өз бетінше әрекет етудің жоғарғы деңгейі

Спелеотуристердің іс-әрекетіне байланысты ең негізгі талап жер астында табиғатқа әсер етуі. Бұл - үңгірлер мен оның экожүйесі, тез сынатын минералдық және мұздық кристалдарға қатысты. Мысалы, сынған сталактиттің қалпына келуі үшін ондаған, тіпті жүздеген жылдар қажет болады. Өкінішке орай, үңгірлерді зерттеу нәтижесінде көптеген минералдық үлгілер бұзылған.

Сурет1. Сталактиттер мен сталагмиттер

Үңгірлерді зерттеуге қатысты ең алғашқы әлемдік рекорд 1723 жылы тіркелді. Чехияның Мацоха атты құзында алғашқы зерттеушілер кіру деңгейінен -138 метр тереңдікті бағындырған болатын.

XIX ғасырда спелеологиялық зерттеушілердің легі Италияға бағытталды. Екі жыл аралығында екі рет әлемдік рекорд қойылды. 1840 жылы Падрициано үңгірінде -226 метр, 1841 жылы Требич тұңғиығында -329 метр тереңдік бағындырылды.Бұл уақытта спелеология бүкіл әлем бойынша Австралиядан Америкаға дейінгі аралықта тарады. Дегенмен, әлі де спелеология үңгірлерді зерттейтін ғылым екені баршаға мәлім болған жоқ еді. Жер асты жұмбақ әлемі зерттеушілердің батыл әрекетін талап етті. Нейлон арқандар, болат шынжырлар, арнайы құрал-жабдықтар да болмаған сол кезеңде жоғары көтерілулер мен төменге қарай түсу аса сақтықты, қырағылықты қажет етті.

Ірі ашылулардың уақыты XIX-XX ғасырда болды: Югославияда Постойна мен Шкоциан шұңқырлары, Францияда Тромба жүйесі мен Хенн-Морт, Жан Бернар, Берже үңгірлері, Словакияда Демян үңгірі, АҚШ-та Карлсбад үңгірі мен Мамонт, Флинт-Ридж үңгірлер жүйесі қалың жұртшылыққа танылды.

XIX ғасырдың аяғындағы спелеология француз ғалымы Эдуард Альфред Мартель есімімен байланысты. Ол 1888-1914 жылдар аралығында 26 спелеологиялық экспедиция жүргізді. 1888 жыл - кейвингтің дүниеге келген жылы деп есептелді.

Бірінші үңгірге түскен адамның спелеотуристтен айырмашылығы – сол үңгір туралы қолында ақпараттың мүлдем болмауы. Бұл әрине, осы экспедициядан соң жиналады.

XX ғасырдың 50 жылдарындағы әскери жылдардан соң Еуропада спорттық спелеология белсенді түрде дами бастады. 1953 жылы әлемді таң қалдырған тосын оқиға орын алды. Ағылшындық экспедиция Эверест шыңына көтерілсе, батискаф Пикара мұхиттағы рекордтық тереңдікке түседі. Ал франко-бельгиялық спелеоэкспедиция пиренейлік Пьер-сен-Мартен үңгіріне түсіп, -737 метр тереңдікті бағындырған болатын.

Бұл кезде Кеңестік спеоеология енді ғана дүниеге келіп жатқан болатын. 1958 жылы ғана красноярлық топ Игорь Ефремовтың жетекшілігімен -170 метр тереңдіктегі Торгащин үңгіріне түсті.Бірақ бұл рекордтық көрсеткішке жеткен жоқ. Келесі жылы -246 метрлік Каскад түбі КСРО–ның рекордтық экспедициясы үшін ашылды.Рекорд қойылды, дегенмен көпке созылмады. Осы жылы Кавказдағы Ткибула –Дзерула үңгірінде спелеологтар -280 метр тереңдікке түсті.Бұл қадам сәтті аяқталғанмен, одан кейінгі әрекеттер баяулап қалды. Қырымға жүргізілген зерттеу барысында ондаған, жүздеген үңгірлер мен құдықтар ашылды, бірақ олардың тереңдіктері көңіл қуантпады. Тек қана 1971 жылы Қырымдағы Караби-яйледе -500метрлік үңгір өз құпиясын ашты.

Ал Америка құрлығындағы спелеотуризм тарихы да сонау XYIII ғасырдың аяғынан бастау алады. Әлемдегі ең танымал Флинт- Мамонт үңгірі осы құрлықта орналасқан. Үңгір осыдан 10 миллион жыл бұрын пайда болған.Алғашында үндістерге танымал болған, соның куәсі ретінде спелелогтар бұл жерден үндістердің көптеген қабірлері мен мумиясын тапқан. 1797 жылы америкалық саяхатшылар ашты. 1789 жылы үңгірді Валентайн Саймон үңгірде калий селитрасын өндіру мақсатында сатып алған. 1812-1814 жылғы ағылшын-американ соғысы селитра бағасын күрт көтерді. Чарльз Уилкинс пен Хайман Грац атты кәсіпкерлер кальций нитраты мен селитра өндіретін өндірістік кәсіпорын ұйымдастыру үшін қайта сатып алды. Соғыстан соң бағасы құлдырап, пайда көзіне айналмай қалды, үңгірден үндістердің мумиясы табылып, жергілікті мәні бар туристік көрнекті орынға айналды.

1838 жылы үңгірді құл иеленуші Фрэнклин Горин сатып алды. Өз құлдарының бірі Стивен Бишопты келушілерге гид етіп тағайындады. Бишоп үңгірді алғашқы зерттеуші болып, көп қызықты орындарға ат ойлап тапты. Осы зерттеуден соң ғана үңгірдің бұрын ойлағаннан әлдеқайда ұзын екені байқалды.

1839 жылы дәрігер Джон Кроган Гориннің құлдарымен қоса үңгірді сатып алды. Ол ерекше табыссыз үңгірді туберкулез емдейтін санаторияға айналдыруға тырысты. 1845 жылы Александр Буллитт Мамонт үңгірінің келушілеріне серуенге арналған арналған кітап басып шығарды. Біртіндеп үңгір таныла келе, ал жақын маңдағы қалаға темір жол транспортын жүргізген соң танымалдылығы арта түсіп маңызды туристік орталыққа айналды.

1941 жылы билік басындағылар ерекше көңіл бөліп “Мамонт үңгірі” ұлттық саябағын құрды. 1954, 1955, 1960 және 1961жылғы спелеологиялық экспедициялардың нәтижесінде Мамонт үңгірі жанында бірнеше шағын үңгірлер жалғасып жатқаны анықталды. Олар: Кристалды, Белгісіз және Тұзды. Ал 1972 жылғы экспедиция Мамонт үңгірінен Флинт- Ридж үңгірлер жүйесіне өтетін жол бар екенін тапты. Осыдан соң олар Кентуккидің екі неігізгі үңгірлер жүйесі бүтін біреу деп қорытынды жасады.

Спелеология ең алғаш Еуропада пайда болғанмен, спелеотуризмдегі туристерді қабылдау жөнінен Америка құрлығы асып түсті.

1.3 Спелеотуризмнің әлемдік орталықтары

Америка мен кәрі Еуропа құрлықтары спелеотуризмнің туристерін қабылдайтын жетекші елдер болып отыр. Бұған себеп қажетті ресурстың болуы мен инфрақұрылымның жоғарғы деңгейде қызмет көрсетуі болып табылады. Бұл түсінікті де жағдай. Ең алғаш спелеология да осы құрлықтарда дүниеге келді. Әлемнің ең ұзын, әрі бірегей үңгірлері де осында орын тепкен.

Біздің планетамызда табиғат бүтін бір ғажайып үңгір қалашықтарды жаратыпты. Ең, ең дегендерін атап өтейік. Флинт – Мамонт үңгірі АҚШ-тың Кентукки штатында орналасқан. Ол 563,5 км болатын ұзындығымен танымал. Батыл деген туристің өзі бүтін үңгірді басып өту үшін қанша уақыт пен күш-жігер жұмсайтынын елестетудің өзі қиын. Екінші орынды 200 шақырымдық Украинадағы Оптимист үңгірі алады. Одан кейін Джавель(АҚШ) 170 км, Хельлох (Швейцария) 165 км, Лечугия (АҚШ) 143 км. Ал ең терең үңгір(1710 м) Абхазиядағы Арабика массивіндегі Крубера- Воронья шахтасы. Бұл тереңдік рекорды 2000 жылы украиндық және ресейлік спелеологтармен қойылды. Одан соң Пиреней тауларындағы Пьер- Сен-Мартен алады. Ол теңіз деңгейінен 1332 метр тереңдікте жатыр.

Кесте 5.

Ең ұзын үңгірлер*

Атауы

Жалпы ұзындығы, км

Орналасқан жері

Флинт-Мамонт

Оптимист

Джевел

Хельлох

Озерная

Гринбрайер

530

212

170

165

88

71

АҚШ,Кентукки

Украина

АҚШ, Оңтүстік Дакота

Швейцария

Украина

АҚШ, Батыс Виргиния

*

Мамонт үңгірі немесе Флинт- Мамонт үңгірлер жүйесі – АҚШ-тың Кентукки штатында орналасқан әлемдегі ең ұзын карстық үңгірлер жүйесі. Осы аттас ұлттық саябақтың негізгі көрікті жері саналады. Аппалач тауының батысындағы Флинт қыратында әктас негізінде пайда болған. Үңгір жүйесінің зерттелген ұзындығы – 587. Ал жалпы ұзындығы әлі күнге дейін белгісіз, жыл сайын спелеологтар жаңа барлау жүрістерін жасауда. Мамонт атауы біз білетін мамонт жануарына еш қатысы жоқ. Ағылшынша mammoth сөзі “мамонттық”және “алып” деген екі мағынаны береді. Яғни үңгір атауы оның көлемінің алып, үлкендігіне байланысты осылай аталған.

Үңгір карст негізінде жуан әктас қабатында құрылды. Құмсаздың су өткізбейтін қабаты үңгірді судан қорғайды. Осыған байланысты үңгірдің жоғарғы өткелі өте құрғақ, сондықтан да мұнда сталактиттер мен сталагмиттер жоқ. Үңгірдің басқа үңгірлерден негізгі айырмашылығы да осы құрғақтығында. Бірақ “Тоңған Ниагара” залында эрозия мен жарықтың болуына байланысты су түскен. Төменгі өткелдерінің бірінде ені 60, тереңдігі 10 метрге жететін ірі Эхо жер асты өзені ағып өтеді. 90 жылдары өзенде қайықпен экскурсия жүргізілетін, бүгінде ол экологиялық, қаржылық себептерге байланысты тоқтатылған. Өзенде қайталанбас асшаяндары мен көзсіз альбиностар жүзіп жүреді. Ол осы үңгірден өзге жерде тіршілік етпейтін эндемиктер саналады. Бұл жәндіктен өзге мұнда көзі көрмейтін балықтар мен шаяндар тіршілік етеді.

Дүние жүзіне әйгілі бұл үңгірге жыл сайын әлемнің түкпір–түкпірінен туристер мен спелеологтар ағылып жатады. Ұлттық саябақтың мәліметінше жыл сайын 5 миллионнан аса туристер тамашалайды екен. Ұлттық саябақ келушілерге бір сағаттан алты сағатқа дейінгі үңгір бойынша экскурсияларды ұсынады. Дәліздер мен залдары электр жарықтарымен жабдықталған танымал маршруттармен бірге, андерграундтың жабайы орындарына жасалатын балама турлар ұсынылады. Экскурсия барысында үңгір туралы толық мәліметті алуға болады.

Америка Құрама Штаттарында бұдан өзге жер асты үңгірлерінің көптеген түрлері бар. Ел территориясының 10%- ын карсты тау жыныстары алып жатыр. 26 штатында 30000- нан аса әр түрлі типтегі жер асты қуыстары орналасқан. Ең атақты деген алтауы Кентукки штатында, Виргинияда Орган, Гринбрийер үңгірлері, Теннесиде Кумберленд, Хенеди үңгірлері, Миссуриде Кревч, Мистери жер асты қуыстары бар. Сондай-ақ Нью-Мексико, Индиана, Алабама штаттарында ірі деген (Легучия, 143,8 км, Карлсбад, 49,7 км, Блю-Спрингс,51,3 км, Ферн, 25,5 км және Энвилл, 20,4 км)қайталанбас кейіптегі үңгірлер бар. Калифорния, Техас, Арканзас, Минессота штатттарында Биг Фут, Поуэлл, Фаттон, Мистери үңгірлері, сондай-ақ Монтана мен Иллинойста Биг-Хорн, Фоглеполь бар. АҚШ- тың 70- тей үңгірі 100-111 км аралығында, 260- тан аса үңгірлері 3-10 шақырымдағы ұзындықта. Басқа штаттарында көпшілігі карбонатты жыныстағы болғандықтан кіші мөлшерде. АҚШ-тың үш терең үңгірлері: Легучия -485, Колумбина -472, Үлкен Үміт -426 метр тереңдікте жатыр. Үңгірлердің танымалдылығы мен әсем көрінісіне орай мұнда келетін туристердің де саны арта түспек. Жылына орта есеппен АҚШ-қа спелеотуристік мақсатта 5 миллионнан аса адам келеді. Бұл тек сырттан келушілер, ал ел ішіндегі туристер саны да айтарлықтай көп.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]