- •Міндеттері:
- •Сурет 8. Эдуард Мартель (1859-1928жж.)[50]
- •1.2 Спелеотуризмнің Батыс елдерінде бастау алуы
- •Сурет1. Сталактиттер мен сталагмиттер
- •Cурет 23. Мексикадағы кристалға толы үңгір
- •Сурет 24. Каппадокия үңгірлері сурет 25. Ішкі көрінісі[50]
- •Cурет 26. Гуа Келам үңгіріндегі ертегідегідей көрініс
- •Сурет 27. Аджанта храм-үңгірі
Сурет 8. Эдуард Мартель (1859-1928жж.)[50]
Мартель өмірі сан қырлы мазмұнға толы ерекшелігімен таң қалдырады. Оның жасаған зерттеу жұмыстары бірнеше ұрпаққа азық болардай. Олар: Франция, Австрия, Англия, Греция мен Ресейдің карсты аудандарына жасаған экспедициялары; жүздеген үңгірлерді ашуы, соның ішінде шоқтығы биік Падриакты ашуы; Воклюз су көзіне жасаған ғажайып гидрогеологиялық еңбектері, жер астындағы турбулентті ағыс туралы жазған еңбектері; Франция Ұлттық Саябағының құрылуына жасаған баяндамасы. Ең алғашқы спелеология туралы журналды шығарушы мен редактор, ландшафтты қорғаудың төрағасы, ұлттық гидрологиялық комитеттің президенті, «Табиғат» журналының редакторы, 922 ғылыми еңбектің авторы. Ол үңгірлерді зерттеуге қосқан орасан зор еңбегі құрметіне Франция Ғылым Академиясының Гран-приі мен Құрмет орденімен марапатталды.
Спелеологияда арнайы құрал жабдықтарлы қолданып зерттеу жүргізген де осы Э. Мартель болды. Олардың жалпы саны 10 беттен асып, салмағы 4 тоннаны құрады. Мұнда арқандар мен сатыларр, резеңке қайықтар, мұз тескіштер мен кошкалар, лампалар мен фотоаппараттар, буссолдар мен термометрлер, барометр мен телефон кірді. Жер астында қоланылатын әдістемелік жұмыстар да дәл осы тұлғаның есімімен байланысты. Бұл үңгірдің топотүсірілімі, температура мен ауаның өзгеруі, суретке түсірудің, катакомбаларды зерттеудің инструкциясы болды. Мартельдің белсенді зерттеу, ғылыми, қоғамдық жұмыстарды жүргізуі бүкіл әлемде үңгірді зерттеуге деген қызығушылықты тудырды. XXғ. басында Еуропа мен Америка елерінде спелеологтардың ондаған клубтары мен топтары пайда болды.
Әлемде бірнеше нысандар Мартель есімін иеленген. Франциядағы Гуффр Мартелден бастап (303 м), Мамонт үңгірінің бір галереясымен аяқталады. Бірінші дүниежүзілік соғыс Еуропадағы спелеологиялық зерттеулерді тоқтатып қойды. Бірақ дәл осы соғыс көптеген үңгірлердің жарақталуына оң әсерін тигізді.
Бірінші дүниежүзілік соғыс пен екінші дүниежүзілік соғыс арасындағы қысқа мерзім спелеология тарихына даңқты есімдерді кіргізді. Олар Г.Кирл(Германия), Э.Раковицэ(Румыния), Р. Де Жоли(Франция), А. Свиннертон(АҚШ) мен В.Визелер (Австрия). Олар осы кезеңге дейінгі жұмбақ болған сұрақтардың шешімін тауып, үңгірге саяхат жасаушыларға жаңадан жол ашты.
«Модерн» аталған спелеотуризмнің жаңа кезеңі адамзаттың аяғы басылмаған жерлерді бағындыруымен танылды: ғарышқа ұшу, дүниежүзілік мұхиттың тереңдігін өлшеу мен үңгірлерді зерттеу. Ғарышқа ұшу мен гидросфераны зерттеу - арнайы мемлекет тарапынан қаржы бөлініп, ұйымдастырылатын салалар. Ал жер асты қуыстарын барлау мен зерттеу әлі күнге дейін тек қана қызығушылардың ғана меншігінде қалып отыр.
XX ғ. екінші жартысы спелеологиялық жаңалықтардың ашылу кезеңі болды. Оның ішінде техникалық құралдардың дамуы мен кедергілерді игерудің тактикасының қалыптасуы, көпкүндік экспедицияларда тұрмыстық қамтамасыз ету мен байланысу жолдарын табудың маңызы зор болды.
Сондай ақ ұйымдық спелеологиялық жұмыстар да өз нәтижелерін берді.1953-1997 жж. он екі Халықаралық спелеологиялық конгресс болып өтіпті.
Кесте 2.
Халықаралық спелеологиялық конгрестер*
Өткен жылы |
Өткен ел, қала |
Президент, елі |
Басхатшысы мен елі |
Қатысушылар саны |
1953 |
Франция, Париж |
Р. Жаннель, Франция |
Б.Жез, Франция |
16 |
1958 |
Италия, Бари |
М. Гортани, Италия |
Ф. Аннели, Италия |
14 |
1961 |
Австрия, Вена |
Г. Строугал, Австрия |
X. Триммель, Австрия |
18 |
1965 |
Югославия, Любляна |
Б.Жез, Италия |
А. Анави, Ливан |
24 |
1969 |
Германия, Штутгарт |
Б.Жез, Италия |
X. Триммель, Австрия |
27 |
1973 |
Чехословакия,Оломоуц |
А. Чинья, Италия |
X. Триммель, Австрия |
36 |
1977 |
Англия, Шеффилд |
А. Чинья, Италия |
X. Триммель, Австрия |
39 |
1981 |
АҚШ, Бовлинг-грин |
А. Эразо, Испания |
X. Триммель, Австрия |
45 |
1985 |
Испания, Барселона |
Д. Форд, Канада |
X. Триммель, Австрия |
50 |
1988 |
Венгрия, Будапешт |
X. Триммель, Австрия |
К.Эк, Бельгия |
51 |
1993 |
Қытай, Пекин |
Л. Форти, Италия |
П. Босак, Чехия |
36 |
1997 |
Швейцария, Шо-де-Фон |
Дж. Джеймс, Австрия |
П.Босак, Чехия |
55 |
Осылайша, спелеотуризм сонау батыс елдерінде антикалық дәуірде басталып, бүгінгі күнге дейін дамып, өркендеу үстінде. Бұл туризмнің басты нысаны болып саналатын жер асты қуыстары зерттеліп, олар бірнеше белгілері бойынша жіктелді. Бұл тұрғыда ғалымдар аз еңбек сіңірген жоқ. Спелеологияның атасы ретінде француз ғалымы Альфред Мартельдің есімі аталады.Осы салада халықаралық дәрежеде ғылыми конференциялар мен арнайы зерттеу жұмыстар жүргізілді.
