- •Міндеттері:
- •Сурет 8. Эдуард Мартель (1859-1928жж.)[50]
- •1.2 Спелеотуризмнің Батыс елдерінде бастау алуы
- •Сурет1. Сталактиттер мен сталагмиттер
- •Cурет 23. Мексикадағы кристалға толы үңгір
- •Сурет 24. Каппадокия үңгірлері сурет 25. Ішкі көрінісі[50]
- •Cурет 26. Гуа Келам үңгіріндегі ертегідегідей көрініс
- •Сурет 27. Аджанта храм-үңгірі
КІРІСПЕ
Туризм әлемдік экономикада басты рөлдердің бірін атқарады. Әлемдік экономиканың алдыңғы қатардағы және өте жедел қарқынмен дамып келе жатқан салаларының бірі. Туризмнің тез қарқынды өсуіне байланысты оны өткен жүзжылдықтың, яғни ғасырдың экономикалық феномені, әрі келген ғасырдың болашағы зор бизнесі деп болжанған болатын. Елдің табиғи, тарихи, мәдени ресурстарын бағалай келе белгіленген аймақтарда туризмді дамыту шаралары іске асырылып, оны туристік орталыққа айналдыруға барлық күш жігерлерін сарп етуде. Осыған байланысты туризмнің көптеген жаңа түрлері пайда болып, жыл сайын өз мүмкіндіктерін паш етуде. Осы саладағы қызықты әрі, қауіпті жақтары да кездесетін, тылсым табиғат жаңалықтарына толы белсенді саяхаттың бірі ол – спелеотуризм.
Спелеотуризм негізінен жер асты қуыстарын зерттейтін спелеология ғылымдарынан бастау алады. Спелеология ғылымы XIX ғасырда Еуропадан пайда болып, кейіннен бүкіл құрлыққа тарады. Осы ғылымның ашқан жаңалығын көргісі келген халықтар жер-жерден ағыла бастады. Осылайша саяхаттың жаңа түрі спелеотуризм дүниеге келді. Ал спелеотуризм атауы латын сөзі «спелео» - үңгір деген сөзден шыққын. Еуропадан басқа да Америка, Аустралия, Азия елдерінде де спелеотуризмнің жаңа, қайталанбас обьектілері табылып, үңгірлер табиғат аясында саяхат жасаушылардың сүйікті орындарына айналды. Жүздеген, мыңдаған жылдардың негізінде пайда болар мұндай тамаша табиғат обьектілері - табиғаттың бізге деген берген ерекше сыйы. Оны танып біліп, сақтап қалу адамзат алдында тұрған маңызды мәселелердің бірі саналады. Соған байланысты спелеотуризмнің көптеген обьектілері мемлекет қорғауына алынған, сондай-ақ ЮНЕСКО- ның Мәдени мұралар тізіміне енгізілген[1].
Бұл сала аймағында Қазақстанның да жасап, қосар тұсы бар. Елімізде көптеген тарихи-мәдени мәнге ие үңгірлер кездеседі. Ол жердегі ежелден қалған адам іздері мен үңгір қабырғаларында қалған таңбалар, белгілерді көріп, тамашалау кімге де болса қызық болмақ. Осы обьектілерді көпшілікке таныстырып, туристік нысанға айналдыру бүгінгі күннің мақсаты болып табылады.
Бұл дипломдық жұмыстың өзектілігі– қазіргі таңдағы еліміздегі спелеотуризмнің даму жағдай мен дамыту мәселелері мен мүмкіндіктерін ашып көрсету. Елімізде кездесетін үңгірлердің туристік обьекті ретінде қолдану әлеуетін бағалап, оларды туризм нысаны ретінде пайдалануға алғышарт жасау.Табиғаттың бізге деген қайталанбас сыйы болып табылатын нысандарды сақтап қалу шараларын ұйымдастыру.
Осылайша жұмыстың зерттеу обьектісіне әлем елдеріндегі және еліміздегі кездесетін түрлі формадағы үңгірлер алынды. Олардың туристік қызмет көрсету мүмкіншілігі және ерекшелігі мен танымалдылығы жайында баяндалады.
Дипломдық жұмыстың мақсаты – спелеотуризм жайында толық түсінік қалыптастырып, нақты әрі қызықты мәлімететрді ұсыну, әлем елдеріндегі спелеотуризмі жақсы дамыған жерлерге шолу жасап, тәжірибелерімен танысу.
Міндеттері:
- спелетуризм түсінігін толықтай ашу;
- әлем елдеріндегі орналасқан әр түрлі үңгірлермен танысу;
- олардың туристік обьект ретіндегі маңызын түсіну;
- спелеотуризмі жақсы жолға қойылып, дамыған елдердің тәжірибесін өз еліміздің спелеотуризмін дамытуда қолдану;
- ел аумағындағы арнайы спелеотуристік бағыттар ұйымдастыру мен оларды көпшілікке насихаттау жолындарын ұсыну;
- спелеотуристік жорықтар кезіндегі қауіпсіздік ережелерімен танысып, меңгеру;
Әлемдік дамыған тәжірибелі спелеотуризм орталықтарының практикалық қажеттілігі – осы туризм саласына деген қызығушылықты одан әрі қарай арттырып, туризмнің жоғарғы табысты саласына айналдыру. Сондай-ақ табиғаттың ерекше жаратылысы негізінде пайда болған жер асты қуыстарын келешек ұрпаққа жеткізу үшін сақтап қалу шараларын жүзеге асыру болып табылады. Осы жұмысты жазу кезінде тарихи, археологиялық, статистикалық, анализ бен синтез, географиялық мәліметтер қолданылды. Пайдаланылған әдебиеттердің ішінде В.Н. Дублянскийдің «Спелеотуризм» атты еңбегі мен үңгірлер туралы жазылған басқа да көптеген құнды материалдарды атап өтуге болады.
1 СПЕЛЕОТУРИЗМНІҢ ДАМУ ТАРИХЫ ЖӘНЕ ӘЛЕМ ЕЛДЕРІНДЕ ДАМУЫ
1.1 Спелеотуризмнің даму кезеңдері
1992 жылы Сидней спелеологиялық қоғамы « Үңгір жайлы ғылымның тарихы» атты кітапты жарыққа шығарған болатын. Осы кітап арқылы адамдардың спелеотуризм ғылымы туралы түсінігі кеңейіп, үңгірлерге деген қызығушылығы арта түсті. Осы кітаптағы келтірілген мәліметтер бойынша үңгір туралы ғылымның дамуын ашуға барынша тырысып көрейік.
Спелеотуризмнің дамуын 3 кезеңге бөліп көрсетуге болады. Олар:
1. Антикалық спелеотуризм
2. Классикалық спелеотуризм
3. Модернді спелеотуризм
Антикалық дәуірде спелеотуризм болды деп айту әрине, қисынға келе қоймас. Дегенмен, сол дәуірдегі өмір сүрген адамдардан қалған жер асты қуыстары спелеологияның тарихынан тыс қала алмайды. Алғашқы адамдардың аң-құстардан, түрлі қауіптерден қорғану мақсатында салған баспаналары бүгінгі күннің тірі тарихы болып отырғаны рас.
Б.э.д. 4 мыңжылдықта египеттіктер ұзындығы 100 метрлік болатын жер асты жолын салды. Осы кезеңмен шамалас ежелгі болып саналатын Беер-Шева үңгір қаласы Иерусалимнен 70 км қашықта орналасқан. Б.э.д. 3 мыңжылдықта Вавилонда Евфрат өзенінің астында 100 метрлік өткел салынған, сондай ақ Шығыс Африкада Мумбва үңгірінде ең алғашқы темір өндіретін «фабрика» болған.
Б.э.д. 1 мыңжылдықта көптеген халықтарда табыну орындары ретінде жер асты үңгірлерін пайдалана бастады. Бұған б.з.д. XV-XIV ғ. Кіші Азиядан табылған хетт тайпаларының саз балшықтан жасалған мінәжат ету бұйымдары дәлел болып отыр. Б.э.д. IX ғ. Ассирия патшасы Салмансар үңгірлерді оқып үйрену мақсатында алғашқы экспедициясын ұйымдастырды. Ол Тигр өзенінің жоғарғы ағысында орналасқан үш үңгірде болып өтті. Үңгір қабырғаларынан патша суреті мен сталагмиттердің алғашқы бейнелері табылды.
Антикалық дәуірде кейбір үңгірлер құдайдың мекендейтін орны ретінде саналса, басқалары әртүрлі мақсаттағы шаруашылық жұмыстарына қолданылды.
Б.э.д. VI-Vғ. Сицилиядағы Кронио жылы үңгірі тек емдік мақсатта пайдаланылды. Осылайша адамзаттың бесігі болып саналған көптеген үңгірлер бірнеше ғасырлар бойы сақталып келді. Біздің заманымыздың I ғасырында жер астын қарқынды игеру өз жалгасын тапты. Осы жылдарда грек халқы Апполония қаласын қорғап қалу үшін осы жер асты қуыстарын пайдаланды. I-II ғасырларда табиғи үңгірлерді қолданып, кейіннен буддалық храмдар салынды. Соның бірі Юнгнань үңгірінде 55-тен астам құдайлардың скульптурлық мүсіндері сақталған. Үндістандағы Аджанта храм үңгірі 29 табынатын және адам тұратын үңгірлерден тұрады. Оның құрылысына алты ғасыр уақыт жұмсалған. Өлі теңіздің жағасындағы Құмран үңгірінде 15 мыңға жуық библиялық әулиелі тексті бар қыш ыдыс табылды. V ғ монахтар мен христиандар тұрған Гереме (Анталия) храм алқабы құрылды. Қырымда да осындай мақсаттағы үңгірлі қала табылған. Ал әлемдегі ең ежелгі баспа кітап болып саналатын олжа Қытайдағы Мың Будда үңгірінен табылған.
X-XII ғ. Эфиопияда мыңдаған бөлмелері бар алып үңгір –монастырь салынды. XI ғасырда Польшадағы Величка кенінде 450-650 метр тереңдікте тұз өндіру ісі басталды. Кейіннен ол жерлерде жер асты шіркеуі мен мұражайы орын тауіп, экскурсиялар жүргізілді. XI-XIII ғ. инктер теңіз деңгейінен 20-25 метр тереңдікте жер асты өткелін салды. Ол салмағы 300 тонна тартатын тасты есіктен тұрды. XII-XIII ғ. Грузияда 13 қабатты Вардзия үңгірлі қалашық салынса, XIII ғ. АҚШ-тың Колорадо штатында табиғи үңгірде Меза-Верде құпия қалашығы пайда болды. XIV ғ. Канар аралдарындағы жанартаулық үңгірлерде гуанчтар мекендеді
XVI-XVIII ғ. тасты құрылыстардың салына бастауымен байланысты Париж, Мәскеу, Прага астында жер асты жолдары мен катакомбалары салынды. Кейіннен осы типтес жолдар Одесса, Севастополь, Керьч арқылы өтті. XVI ғ бастап, алып үңгірлерді игеру басталды. Кентукки штатындағы Мамонт үңгірінде 1812 жылы оқ дәрі жасау үшін селитра өндіріле бастады. 1816 жылдан бастап туристік топтарға ашылды. Бүгінде бұл үңгір әлемдегі ең көп туристерді қабылдайтын үңгір саналады. 1854 жылы АҚШ–тың үңгірлерінің бірінде алғашқы фототүсірілім жасалды, ал 1859 жылы дәл осы экспериментті Ф. Надир Париждің катакомбаларында жасады. Кең тараған түсінік бойынша орта ғасырлардағы үңгірлерде мистикалық «қара » күштер иелік етті: ашулы әруақтар мен гномдар, қарақшылар мен шабуылшылар, байлық іздеушілер мен жалған ақшажасаушылар.
XVIII ғ күрделі дәрежедегі үңгірлерді игеру басталды. 1748 жылы мамырда математик И.Нагель Мацоха үңгіріне түсетін сол кездегі тең келмес әдіс ойлап тапты. «Табиғаттың ғажайыптары» атты кітапта үңгір ішіндегі ағыстарды «жер астындағы бау -бақша»деп керемет теңеу келтірді.
XIX ғ Еуропада үңгірлерді ашу мен саяхат жасау жалғасын тапты. 1834 жылы М.Линдер(Италия) тобы 226 метр тереңдіктегі Падрициано үңгіріне түсті. Бүгінгі күнгі көзқараспен қарағанда да бұл айтарлықтай жетістік. Словения мен Қырымның сан мыңдаған үңгірлері де осы кезде зерттелуін үдете түсті. Солтүстік Америкада Фриар, Винд, Орган сияқты ірі жер асты қуыстары ашылып, зерттелді. Геологтар мен минералогтардың, археологтар мен биологтардың, гидролог тар мен метереологтардың үңгірге деген қызығушылықтары өсті. Енді үңгірге арнайы құрал -жабджықтар ойланып табыла бастады.
Австриялық спелеолог Х.Триммель үңгір туралы ғылымның қалыптасқанын бағамдай келе, оны 4 кезеңге бөлді: барокко(XVI-XVII ғ.), жаңғыру(XVIIIғ.), романтик(XIX ғ.) және классикалық(XIX ғ.аяғы мен XX ғ.басы). Үшінші кезең романтик тұсында әлемде мыңдаған, қол жетімді үңгірлер белгілі болды. Дегенмен де бұл кезде олар тек қана қажеттілікті өтеуші ғана болып, ғылым жағынан зерттелмей артта қалып қойды. Осылайша Э.А. Мартель есімімен байланысты төртінші кезеңге өтуге жол ашты.
Классикалық спелеотуризмнің дамуында XX ғ. аяғында қарама қайшы пікірлер туындады. Жер астына табылған архелогиялық, геологиялық, палеонтологиялық олжалар мен оларды туризм нысаны ретінде пайдалануға қатысты. Енді жер астын бағындырудың техникасы мен тактикасы арқылы ұйымдастырылған түрдегі экскурсиялар қажеттілігі туды. 1879 жылы Венада австриялық үңгірлерді зерттеу мен ашу жолында «Үңгірді зерттеушілердің бірігуі» атты ұйым құрылды. Бұдан кейін де бірқатар Еуропа елерінде ұйымдар құрыла бастады. 1892 жылы ұсынған Ривьердің «спелеология» термині 1893 жылы Э. Мартельдің ғылыми зерттеу терминдерін қолдаудың француздық ассоциациясының XII конгресіндесөйлеген сөзінен соң бұл термин жалпы халықтық қоланысқа түсті[10].
1895 жылы Парижде есімі Мартельмен 40 жыл бойы бірге жүрген «Францияның спелеологиялық қоғамы» құрылды. Мартель спелеологияға Альпі клубының белсенді мүшесі ретінде кірді. 1888 жылы оның «Дузадағы жер асты көлі» атты мақаласы жарық көрді. Осы жылы ол Брамабио жер асты өзеніне экспедициясын жүзеге асырды.
