Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
№1билет.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
227.99 Кб
Скачать

2. Қаржылық есептіліктің құрамдас бөліктері

Есеп беру деп кәсіпорынның өткен кезеңдегі қаржылық-шаруашылық қызметін кешенді түрде сипаттайтын барлық көрсеткіштер жүйесін айтамыз. Есеп беру процесін жасау есеп жұмысының соңғы сатысы болып табылады.

Қаржылық есеп берудің мақсаты өз пайдаланушыларына заңды тұлғаның қаржылық жағдайы туралы сенімді, мәнді және пайдалы ақпараттарды беру болып табылады. Қаржылық есеп берудің пайдаланушыларының қатарына потенциалды инвесторлар, кредиторлар, жабдықтаушылар, сатып алушылар, еңбеккерлер, сондай-ақ мемелекеттік органдар кіреді.

Мемлекеттік мекемелердің қаржылық есептілігін қоспағанда, қаржылық есептілік мынаны қамтиды:-бухгалтерлік баланс;-пайда мен зияндар туралы есеп;-ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп;-капиталдағы өзгерістер туралы есеп;-түсіндірме жазба.

3. Шаруашылық субъектісінің басшыларына жүргізілген аудиттің қорытындысы туралы жазбаша мәлімет беру

Қорытынды есептің жекелеген баптары немесе баптардың топтары" жөнінде жеткілікті ақпараттарды жинап алғаннан кейін аудитор төмендегі жағдайларды анықтау үшін қорытынды есепке жалпы тексеру жүргізуге тиісті:

•операциялардың нәтижелері, қаржылық жағдай және қаржылық қорытынды есептегі басқа да ақпараттар мен кәсіпорын туралы аудитордың білімінің өзара сәйкес келетіндігін;

• қажетті ақпараттардың лайықты түрде ашылгандығын және-қаржылық қорытынды есептегі мәліметтердің жіктелуі мен тапсырылуының дүрыстығын;

• қаржылық қорытынды есептің кәсіпорынның шаруашылық қызметіне қатысты зандық құжаттардың және басқа нормативтік актілердің барлық талаптарына сәйкес келетіндігін;

• жүргізілген басқа тестілердің және қаржылық қорытынды есепке' жалпы тексеру жүргізудің нәтижесінде жасалынған қорытындыдан аудитордың бүл қорытынды есеп туралы өзінің ой-пікірін тұжырымдай алатындығын.

Клиент басшылығына хат — бүл, кәсіпорынның басшысына, иесіне, қатысушылардың (акционерлердің) жалпы жиналысына жіберілген, аудиторлық тексеру барысы туралы, айқындалған бухгалтерлік есеп жүргізудің белгіленген тәртібінен ауытқулар туралы, қаржылық қорытынды есептегі бүзушылықтар, анықталған кемшіліктерді жою жөніндегі ұсыныстар туралы толық мэліметтері, сонымен бірге аудиторлық тексеру жүргізу нәтижесінде алынған және аудиторлық қорытынды жасауға негіз болатын , басқа да ақпараттары бар құжат.

Басшылыққа хат төмендегілерден тұрады:• аталуы ("Аудиторлық есеп беру" немесе " Басшыпыққа хат"); • адрес иесінің атауы (аты);• кіріспе бөлім;• талдамалық бөлім;• қорытынды бөлім.

46 емтихан билеті

1. Резервтік капитал

Резервтік капитал – акционерлік қоғамның және басқа да тараптардың таза табысының есебінен қалыптасатын меншік капиталының бір бөлігі. Резервтік капитал субъектінің негізгі қызметінен алынған зияндарын жабуға және ағымдағы табыс жеткіліксіз болған жағдайда, девиденттерді төлеуге пайдаланылады. Резервтік капиталды құрау және оны пайдалану құрылтайлық құжаттарымен және қолданыстағы заңдармен анықталады.

Резервтік капиталдың есебі 5400 «Резервтер» бөлімшесінің мынадай пассивті шоттарында жүргізіледі: 5410 «Құрылтайшы құжаттармен белгіленген резерв капиталы» және 5460 «Өзге резервтер».

Заңдармен белгіленген резервтік есебі. Шаруашылық жүргізуші серіктестіктің (ЖШС, АҚ және басқалары) резервтік капиталы құрылтайшылардың құжаттарында белгіленеді, сондай-ақ белгіленген тәртіп бойынша мемлекеттік тіркеуден өтеді. Жыл сайын түскен таза табыстан жарияланған отыру акционерлердің жалпы жиналысында белгіленеді. Оның мөлшері жарияланған жарлық капиталдың 15 %-нан кем болмауы керек.

Резервтік капиталдарды қалыптастырған кезде 5510 шоты дебеттеледі де, 5410 шоты кредиттеледі.

Резервтік капитал қаражаттарын пайдалану 5410 – ші шоттың дебетіне мына шоттардың кредитінде көрініс табады:

4410, 4430 – артықшылығы бар акциялар бойынша төлем жасауға қажет қаржысы болмаған жағдайда серіктестіктердің резервтік капиталының ішіндегі девиденттердің есебінен төлеген кезде; 5510 «Есептік жылдың бөлінбеген пайдасы», 5530 «өткен жылдардың бөлінбеген пайдасы» - зиян шеккен соманы резервтік капиталдың есебінен жапқан кезде.

Басқа да резервтік капитал есебі, 5460-ші «Басқа да резервтік капитал» шотында жүргізіледі. Бұл шоттан заң тәртібімен көзделген ең төменгі мөлшерден тыс жасалған резервтік капиталдар есептелінеді. 5460-шоттың дебеті мен кредиті бойынша шоттар корреспонденциясы 5410-шоттың корреспонденциясына ұқсас. Бұндай резервтер кәсіпорынның өз қалауы бойынша қалыптастырылады.