Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
№1билет.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
228 Кб
Скачать
☆

3. Аудиттің мәні, мақсаты және маңызы

Аудит Қазақстан Республикасы заңында белгіленген талаптарға сәйкес қаржылық есеп берудің дүрыстығы мен объективтілігі туралы пікір білдіру мақсатында заңды тұлғалардың қаржылық қорытынды есебін тексереді.

Аудиторлық қызметтің мәні қаржылық есеп беруді, төлем есептеу құжаттамасын тәуелсіз тексеру, түрлі қызметтер мен кеңес беру, бухгалтерлік есеп жүргізу мен қалпына келтіру, ұйымның активтері мен міндеттемелерін бағалау, салық декларациясын толтыру, қаржы-шаруашылық қызметке экономикалық талдау жүргізу бойынша тұтынушыларға қызметтер ұсынатын аудиторлық фирмалардың (ауди-торлардың) кәсіпкерлік қызметі болып табылуында.

Аудиттің мақсаты - аудиторға қаржылық қорытынды есепті құрудың белгіленген концептуалдық негізіне сәйкес барлық елеулі аспектілер бойынша қаржылық қорытынды есептің дайындалғаны жөнінде қорытынды беру мүмкіндігін беру. Аудиттің маңызы тиісті жақтардың мүдделеріне қол жеткізуде болып табылады. Атап айтқанда:

- экономикалық субъектілердің (фирмалар, акционерлік қоғамдар);

- салық қызметі тұлғасындағы мемлекеттің;

- қаржылық есеп беруді әр түрлі пайдаланушылардың;

- аудиторлардың меншік иесі мен мемлекеттің мүдделерін қорғау, сонымен бірге есеп және қорытынды есеп беруді қамтамасыз ету болып табылады.

№ 2 емтихан билеті

1. Бүгінгі күнгі бухгалтерлік есептің қажеттілігі

Кез келген ұйымда бух.есеп тұжырымдамасын жүргізу экономикалық мәселелердің негізгі және басты қажетілігі б.т. Бух.есеп арқылы өндірілген өнімді есепке алу, сатып-өткізуге, айырбастауға және одан түскен қаржыны тиімді және ұқыпты етіп есептеуге болады. Жалпы бух.есеп кәсіпорында мынандай қызмет атқарады:

Болашақта пайдалану үшін ұйымда болып жатқан операцияларды тіркеп және оны өңдеп отырады.

Ұйымның қаржылық ақпараттық мәліметін өңдейді, сондай-ақ оны керек уақытына дейін сақтайды.

Қаржылық-ақпараттық мәліметті пайдаланушыларға уақытылы беріп отырады.

Бух.есептің негізгі мақсаты – барлық кәсіпорында орындалатын операциялардың уақытылы есепке алынып, олардың қазіргі күнгі уақыт талаптарына сай орындалуына бақылау жасау. Бух.есептің негізгі бағыты кәсіпорындағы есеп жұмысының сапасын арттыруға, есеп жұмысының барысында  толтырылатын құжаттардың қарапайым әрі түсінікті  болуына және ондағы көрсеткіштердің  пайдаланушыларға ыңғайлы болуына   реттеліп жүргізіледі.

Бух.есептің негізгі міндеті —  халықшаруашылығының барлық салаларына нақты тұжырымды мемлекеттік талапқа  сай есептеу жұмысын жүргізу.

2. Ақша операциялардың есебін ұйымдастыру

Кәсіпорындар өздерінің шаруашылық қызметін жүзеге асыра отырып, заңды және жеке тұлғалармен ақшалай есеп айырысуларға негізделген қарым-қатынастарға түседі. Есеп айрысулардың көп бөлігі қолма-қол ақшасыз тәртіпте, яғни банк мекемелері арқылы жүргізіледі.

Есеп айырысу операцияларын жүргізу кезінде банктер кәсіпорындармен төлемдік және келісім-шарттық тәртіптердің сақталуын бақылайды. Кәсіпорындар қолма-қол ақшасыз есеп айырысуларды акцептік нысан бойынша, аккредитавтермен, төлемдік тапсырыстармен, пошталық және телеграфтық аударулармен, вексельдермен, чектермен жүргізеді.

Есеп айырысу бойынша барлық операцияларды банк тек кәсіпорынның басшысы мен бас бухгалтердің келісімімен немесе оның үкімінің негізінде жүргізеді. Есеп айырысу бойынша операциялар банкпен дер мезгілде және дұрыс толтырылған төлем құжаттарының: төлем тапсырысы, талап-жүктеулері, чектер, шотқа қолма-қол ақша салуға хабарландырулар және т.б. негізінде жүргізіледі.

Ақша қаражаттар қозғалысы – шаруашылықтағы тауарларды өткізуге, сондай-ақ, тауарлы емес төлемдерді және есеп айырысуларды жүзеге асыруға қызмет ететін қолма-қол және қолма-қолсыз ақша формаларындағы ақшалардың қозғалысы. Ол капитал айналымына қызмет ете отырып, барлық жиынтық қоғамдық өнім айналысы мен айырбасына дәнекер болады. Ақшаның қолма-қол және қолма-қолсыз формаларының көмегімен тауарлар айналысы, сондай-ақ несиелік және жалған капиталдың қозғалысы жүзеге асырылады.

1 Ағымдағы банктік шотқа тапсырыс-берушілерден ақша келіп түсті Дт1030 «Ағымдағы ақша қаражаттары» Кт1210 «Сатыпалушылар мен тапсырыы берушілердің дебиторлық берешегі»

2 Қызметкерлерге кассадан ақша берілді. Дт3350 «Қызметкерлермен есеп айырысу» Кт1010 «Кассадағы ақша қаражаттары»

3 Ағымдағы банктік шоттан Алматы ауданы бойынша салық комитетіне ақша аударылды. Дт3350 «Қызметкерлермен есеп айырысу»Кт1030 «Ағымдағы шоттағы теңгемен ақша қаражттары»

4 Ағымдағы банктік шоттан қызметкерлердің еңбекақысынан зейнетақы аударымдары жасалды. Дт3350 «Қызметкерлермен есеп айырысу» Кт1030 «Ағымдағы шоттағы теңгемен ақша қаражаттары»

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]