Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
№1билет.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
227.99 Кб
Скачать

1. Ұйым шығыстарының бухгалтерлік есеп шоттарында бейнеленуі

Өндіріск процесіндегі экономикалық рөл бойынша: Негізгілер - өндірістің технологиялық процесімен тікелей байланыстылар: шикізат пен материалдар, қосапқы материалдар мен басқадай шығындар. , Қосымшалар өндірісті үйымдаслыру мен оған қызмет етуге, оны баскаруға байланысты пайда болады.

Өнімнің өзіндік құнына жатқызу тәсілі бойынша: Тікелейлер - өнімнің белгілі бір түрін өндіруге байланысты, оның өзіндік құнына тура және тікелей кіруі мүмкін.

Мысалы: шикізат, негізгі материалдар, аударымдар. Жеке бөлімшеге катқызылуы мүмкін улығындар бөлімшенің шығындары ден аталады (автомеханиктің еңбекақысы - автосервис бөлім-шесінің тікелей шығындары, автомобильді бояу цехында қолданылатын бояудың құны - тікелей бояу цехының шығындары).

Жанамалар - өнімнің жеке түрлерінің өзіндік құнына тікелей енгізілмейтін және жанама (шарты) түрде бөлінеді. Жеке бөлімшелерге жатқызылмайтын шығындар жанамалар деп аталады.

Құрама бойынша: Бірэлементтік – бір элементтен тұратындар (еңбекақы, материалдар). Кешенді - бірнеше элементтен тұратындар

Өндіріс көлеиіне байланысты: Өзгермелі – мөлшері өндіріс көлемінің өзгеруіне тура сайма- сай (пропорциональды) өзгеретіндер және осы кезендегі өнім өндіруге сайма-сай бөлінеді. Тұрақтылар - өнім өндіріс көлемінің өзгеруіне баланысты емес дерлік (жылыту, амортазация, жарық және т.б.)

Пайда болумерзімділігі бойынша: Ағымдағы – жиі мерзімде болып тұратын шығындар. Бір жолғы – еңбек демалысын, жөндеу жүргізу және т.б. төлеуге арналғандар

Өндіріс процесіне қатысу бойынша: өндірістік – тауарлық өнімді дайындауға байланысты және оның өндірістік өзіндік құнына құрайтын барлық шығындар; әкімшілік - жалпы басшылыққа, жалпы шаруашылық және әкімшілік мақсаттағы шығыстарға байланысты; коммерциялық – сатып алушыларға өнімді өткізуге байланысты

Тиімділігі бойынша: өндірістік (жоспарланатын) – тиімді технология мен өндірісті ұйымдастыруға белгіленген сападағы өнім өндірісіне шыққан шығындар; өндірістік емес (жоспарланбайтын) - өндіріс технологиясы мен ұйымдастырудағы кемшіліктер салдары іркіліс шығындарды болып табылады.

Бақыланатын мүмкіндігі бойынша: Реттелетін – егер атқаруышы шығындар деңгейіне елеуі әсер етіп немесе реттей алса; Реттелмейтін – деңгейіне еңбектер елеулі ықпал ете алмайтын шығындар

Орташалау дәріжесі бойынша: Жалпы - өндірілетін өнімнің барлық көлемі; Орта - өнімнің бір бірлігіне шаққандағы.

Пайданы генерациялау кезеңіне шығындарды жатқызу тәртібі бойынша: өнімге - өнімнің өзіндік құнына (тікелей шығынддар) кететін; кезеңге – мезгіл шығыстары: жалпы және әкімшілік шығыстар, жанама шығындар;

Басқару есебінде шығындарды жіктеу сан түрлі және қандай басқару міндетін шешу қажеттігіне байланысты. Басқару есебінің негізгі міндеттеріне мыналар жатады:

өндірілген өнімнің өзіндік құнын есептеу, қорлар мен алынған пайданың құнын бағалау

  • басқару шешімін қабылдау мен жоспарлау;

жауапкершілік орталығының өндірістік қызметін бақылау мен реттеу.

2. Қорлардың шығыс етілуі.

Тауарлы-материалдық қорлар келесі актив түрлерінде болады: өндірісте пайдалануға немесе жұмыстар мен қызметтерді орындауға арналған шикізат, материалдар, сатып алынған жартылай шикізаттар, құрастырушы бұйымдар, отын, ыдыс және ыдыстық материалдар, қосалқы бөлшектер және басқа материалдар, аяқталмаған өндіріс, субъект қызметі барысында сатуға шығарылған дайын өнім, тауарлар.

Материалдық қорларды есепке алу үшін бухгалтерлік есептің алдында төмендегідей міндеттер бар:

¨ материалдық құндылықтардың кіріске уақытында және толық енгізілуін, сақталу орындарындағы жағдайын қадағалау;

¨ материалдық құндылықтардың қозғалысы бойынша операцияларды толық және уақытында құжаттау;

¨ көліктік дайындау шығындары мен дайындалған құндылықтары мен өзіндік құнын уақытында анықтау;

¨ ішкі ресурстарды жұмылдыру мақсатында субъектіге қажет емес материалдық құндылықтарды тауып сату;

¨ сақталатын орындардағы құндылықтардың қалдықтары мен қозғалысы туралы дәл мәліметтерді алу.

Дайын өнімнің кірісі мен шығысы жөніндегі құжаттарды тапсыру тізімдерімен бірге бухгалтерияға түседі. Осы деректер бойынша дайын өнімнің жинақтау есебінің жинақ ведомостысы толтырылады. Дайын өнім шығарылған кезде Дт 1320- Кт 8010,8020,8030 проводкасы беріледі.

Тауардың қозғалысы бойынша төмендегі шоттар корреспонденциясы жүргізіледі:

Дт 1330- Кт 3310-тауарлар жабдықтаушылардан келіп түскенде;

Дт 1420- Кт 3310-шот фактурадағы ҚҚС сомасына;

Дт 3310- Кт 1040-түскен тауарлар үшін шот-фактура төленгенде;

Дт 7110- Кт 3310,3350,3440,3140- алынған тауарды сатуға байланысты болған шығыстарды келісімшарт жағдайы бойынша жабдықтаушының есебіне жатқызғанда;

Дт 7010- Кт 1330- сатылған тауарлардың сатып алу құны есептен шығарылғанда.