Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
№1билет.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
227.99 Кб
Скачать

3. Сұрыптау тәсілін тандап алу

530 "Аудиторлық сұрыптаутау" деп аталатын Халықаралық аудит' стандарты іріктеудің жиынтығы бойынша қорытынды жасау мақсатында тандап алынған баптардың кейбіреулеріне қатысты аудиторға дәлелдеулер алуға және оларды бағалауға мүмкіндік беретін шоттың қалдығы немесе операцияның тобы шеңберінде 100 %-дан төмен баптарғақ атысты аудиторлық процедураларды қолдану ретінде іріктеуді анықтайды /53/.

Іріктеу тәуекелдігі. Іріктеу кезінде мәліметтер жиынтығының барлық баптарын аудитор тексермейтін болғандықтан, ол мәліметтердің барлық. жиынтығын зерттеу нәтижесшде жасалуы мүмкін қорытындыдан айырмашылығы бар қорытынды жасау тәуекелдігі болады. Бүл - іріктеу тәуекелдігі болып табылады.

Іріктеп (ішінара) тексеру жүргізудің негізгі кезеңдері:• іріктеуді жоспарлау;• іріктеу үлгілерін тандап алу;• іріктеу үлгілерін бағалау.

Аудиторлық іріктеудің көлемі мен кұрылымын жоспарлау кезінде аудиторлар аудиттің ерекше мақсатын, үлгілер алынатын мэліметтер. жиынтығын, олардың көлемі мен алу әдістерін назарға алуға тиісті.

Мэліметтер жиынтығы - тиісті қорытынды пікірлерді құрау мақсатында іріктеу жасау үшін аудитор негізге алатын мәліметтер кешені.

Іріктеу көлемі. Іріктеу көлемін анықтау кезінде аудитор іріктеу тәуекелдігін, жіберілетін қателердің санын (жіберілуі мүмкін қателер) және қатені табу дәрежесін (болжамды кателер) ескеруге тиісті.

39 емтихан билеті

1. Ұзақ мерзімді активтердің амортизациясы және тозуы: анықтамасы және мәні

Негізгі құралдар материалдық өндіріс саласында да, өндірістік емес салада да ұзақ уақыт бойы (бір жылдан астам) қызмет етеді.Осы негізгі құралдарға: жер, үйлер, ғимараттар, көп жылдық екпе ағаштары, машиналар мен құрал-жабдықтар, өлшеу және реттеу аспаптары және қондырғылар мен лабораториялық жабдықтар, есептеу техникасы, басқа машиналар мен құрал- жабдық, көлік құралдары, құрал-сайман, өндірістік мүлік және жабдықтар, шаруашылық мүлкі, жұмысшы және өнім беретін мал, жерді жақсартуға шыққан күрделі шығын, басқа да негізгі құралдар жатады.

Негізгі құралдардың есебі 2410 «Негізгі құралдар» деп аталатын активтік шотында жүргізіледі.

Негізгі құралдар көптеген өндіріс процесі бойына пайдаланылады, қасиеті мен нысанын сақтай отырып жанама түрде тозады, өзінің құнын жаңадан жасалған өнімге толықтай көшіреді.

Амортизация (латынның «өтеу» деген сөзінен) – тозудың құндық көрінісін білдіреді.

№16 «Негізгі құралдардың есебі» бухгалтерлік есеп стандартына (ХҚЕС) сәйкес, амортизация – активтің қызмет еткен мерзімі бойына амортизацияланған құнды тарату процесі.

Негізгі құралдардың амортизациясы есептеудің әртүрлі әдістері бар. Шаруашылық жүргізуші субъектінің бухгалтерлік есеп стандартына сәйкес дербес тұрғыда, өздерінің есеп саясатында амортизацияны есептеудің тәсілі бойынша жасалынады, олар: -құнын бірқалыпты (түзу сызықты) жолмен есептеп шығару;-құнын орындалған жұмыстың көлеміне пропорционалды ( немесе пара-пар) етіп есептен шығару (өндірістік әдіс);-жеделдетіп есептен шығару;-қалдығын азайту жолыменесептен шығару;-құнын сандардың жиынтығы бойынша (кумулятивтік әдіс) есептен шығару;

Амортизациялық құн - дегеніміз бастапқы құн мен жою құнының арасындағы айырмашылық. Ол негізгі құралдар келіп түскенде қосалқы бөлшектердің, сынықтардың қызмет мерзімінің соңында қалыптасқан қалдықтардың болжамдық құны ретінде анықталады.

Амортизациялық аударымдар амортизация нормалары бойынша жасалады.

Амортизация нормасыбұл амортизциялық аударымдардың жылдық сомасының негізгі құралдардың жылдық орташа құнына қатынасы.