Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
№1билет.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
227.99 Кб
Скачать

1. Бастапқы құны, ағымдағы құны, баланстық құны, өткізу құны және жойылу құны

«Негізгі құралдарға»-қозғалмайтын мүлік, жер учаскілері, үйлер мен ғимараттар, өткізгіш тетіктер, машиналар мен жабдықтар, өлшеуіш және реттеуіш аспаптары мен құралдары, есептеуіш машиналар мен техникалары және олардың программалық құралдары, көлік тасымалдау құралдары, аспаптар, өндірістік және шаруашылық құрал-саймандары, өнім және жұмыс малдары, көп жылдық көшеттер, шаруашылықтың ішкі жолы, тағы да басқалар жатады.

Негізгі құралдардың есебін дұрыс ұйымдастыруда оларды бағалаудың маңызы зор болып табылады. Негізгі құралдар бастапқы құнымен, баланстық құнымен, ағымдағы құнымен және келісілген құнымен бағаланады.

Негізгі құралдардың бастапқы құны – ол активті салуға, сатып алуға, әкеліп жеткізуге, орнатуға кеткен шығындардан, сондай-ақ сатып алу барысында төленген салық сомаларынан, құрылысты салу кезінде алынған несие үшін төленетін пайыз сомалары мен бұл құралды белгілі мақсатқа пайдалану үшін жұмыс жағдайына келтірумен тікелей байланысты кез келген шығындардың жиынтығынан тұрады. Негізгі құралдарды тасымалдау кезінде болған жөндеуге кеткен және басқа да қажет болып саналатын шығындар активтің бастапқы құнына кіргізілмей, ол ағымдағы кезеңнің шығыны ретінде есепке алынады.

Негізгі құралдардың ағымдағы құны – бұл кәсіпорынның белгілі бір уақыттағы, яғни бүгінгі күнгі негізгі құралының бағасы нарықтық бағасы болып табылады.

Негізгі құралдардың баланстық құны – бұл кәсіпорынның бухгалтерлік есебінде немесе қаржылық есеп беру ақпараттарында көрсетілген негізгі құралдардың бастапқы құнынан жинақталған тозу сомасын алып тастағандағы құны болып табылады.

Негізгі құралдардың қалдық (жойылу) құны – бұл негізгі құралдың пайдалану мерзімі аяқталғаннан кейін, бұзу, жоюдан алынған іске жарамды бөлшектерінің (материал, металл сынығы, отын т.б. пайдалануға болатындарының) құнынан обьектіні есептен шығаруға байланысты жұмсалатын келешектегі шығындарды алып тастау арқылы анықталады.

Негізгі құралдардың келісілген құны – бұл кез келген екі жақтың, яғни негізгі құралдарды сатушы мен алушының арасындағы келісілген құн болып табылады.

2. Ақша қозғалысы туралы есепті құрастырудың тікелей әдісі

Ақша қаражаттар қозғалысы – шаруашылықтағы тауарларды өткізуге, сондай-ақ, тауарлы емес төлемдерді және есеп айырысуларды жүзеге асыруға қызмет ететін қолма-қол және қолма-қолсыз ақша формаларындағы ақшалардың қозғалысы. Ол капитал айналымына қызмет ете отырып, барлық жиынтық қоғамдық өнім айналысы мен айырбасына дәнекер болады. Ақшаның қолма-қол және қолма-қолсыз формаларының көмегімен тауарлар айналысы, сондай-ақ несиелік және жалған капиталдың қозғалысы жүзеге асырылады.

Ақша қозғалысы туралы есептілік тікелей және жанама әдіспен құрылады.

Тікелей әдіс – ұйымның операционды қызметіне байланысты ақша түсімдерінің және төлемдерінің негізгі түрлерін көрсету. Халықаралық стандарттарға сәйкес тура әдіс ақша қозғалысы туралы есептілікті құру кезіндегі ең негізгі әдіс болып саналады. Себебі бұл әдіс ұйымның операциондық қызметтен түскен түсімінің ақша қажаттар шоттарына әсері және ұйымның негізгі қызметтерінен түскен түсімдері немесе төлемдері туралы ақпараттарды қамтиды.

1 Ағымдағы банктік шотқа тапсырыс-берушілерден ақша келіп түсті Дт1030 «Ағымдағы ақша қаражаттары» Кт1210 «Сатыпалушылар мен тапсырыы берушілердің дебиторлық берешегі»

2 Қызметкерлерге кассадан ақша берілді. Дт3350 «Қызметкерлермен есеп айырысу» Кт1010 «Кассадағы ақша қаражаттары»

3 Ағымдағы банктік шоттан Алматы ауданы бойынша салық комитетіне ақша аударылды. Дт3350 «Қызметкерлермен есеп айырысу»Кт1030 «Ағымдағы шоттағы теңгемен ақша қаражттары»

4 Ағымдағы банктік шоттан қызметкерлердің еңбекақысынан зейнетақы аударымдары жасалды. Дт3350 «Қызметкерлермен есеп айырысу» Кт1030 «Ағымдағы шоттағы теңгемен ақша қаражаттары»