Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
№1билет.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
227.99 Кб
Скачать

2. Жабылмаған зиянды есепте және қаржылық есептілікте бейнелеу

Есептік жылдың қалған бөлінбеген табысының (зиянының) сомасы былайша жазылады: Бөлінбеген табыс сомасына: 5430-шы, “Өткен жылдардың бөлінбеген пайдасы” (жабылмаған зияны)” шотының дебеті, 5410-шы, “Есептік кезеңнің бөлінбеген табысы (жабылмаған зияны) ” шотының кредиті[24].

Жоғарыда келтірілген жазбалардан кейін 5410-шы, шотта қалдық болмауы тиіс.

5410-шы шот бойынша есеп есеп айырысу шоттары бойынша айналым ведомосі түрінде құрылған машинограммаларға немесе ведостарға енгізілуі қажет.

Өткен жылдардың бөлінбеген табысының (жабылмаған зиянының) есебі 5430-шы, шотта жүргізіледі. Бұл шот өткен есептік жылдарда пайда болғанбөлінбеген табыс немесе жабылмаған зиян сомасының болуы және оның қозғалысы туралы ақпаратты талдап қорытуға арналған.

5430-шы, шот “Өткен жылдардың бөлінбеген пайдасы” (жабылмаған зияны) шотының кредиті бойынша келесі шаруашылық операциялар көрсетіледі:

- 5410-шы, шот “Есептік кезеңнің бөлінбеген табысы (жабылмаған зияны) ” шотының дебеті – өткен жылы белгіленген тәртіппен бөлінбеген табыс сомасына;

- 5310 “Заңмен белгіленген резервтік капитал”, 5340 “Басқа да резервтік капитал” шоттарының дебеті – өткен жылдардың зияндарын жабуға бағытталған табыс сомасына;

- 1050 “Ел ішіндегі валюталық шоттағы қолма-қол ақшалар”, 1040 “Есеп айырысу шотындағы қолма-қол ақшалар” шоттарының дебеті – өткен жылдардың зиянын жабу үшін бюджеттен мақсатты бағытпен алынған сомаларға.

5340 “Өткен жылдардың бөлінбеген пайдасы (жабылмаған зияны)” шотының дебеті бойынша келесі шаруашылық операциялар бейнеленеді:

- 3031 “Жай акциялар бойынша есеп айырысу”, 3032 “Артықшылығы бар акциялар бойынша есеп айырысу”, 3540-шы, шот “Басқа да кредиторлық берешектер мен есептеулер” шоттарының кредиті – жай және артықшылығы бар акциялар бойынша дивидендт төлеуге бағытталған есептік кезеңнің бөлінбеген табысы сомасына,

- 5020-шы, шот “Төленбеген капитал” шотының кредиті – жарғылық капиталды толықтыруға бағытталған өткен жылдардың бөлінбеген табысысының сомасына.

3. Сұрыптап тексеруге қажет сұрыптау жиынтығын (стратификация) анықтау

530 "Аудиторлық сұрыптау" деп аталатын Халықаралық аудит стандарты іріктеудің жиынтығы бойынша қорытынды жасау мақсатында тандап алынған баптардың кейбіреулеріне қатысты аудиторға дәлелдеулер алуға және оларды бағалауға мүмкіндік беретін шоттың қалдығы немесе операцияның тобы шеңберінде 100 %-дан төмен баптарғақ атысты аудиторлық процедураларды қолдану ретінде іріктеуді анықтайды.

Іріктеу тәуекелдігі. Іріктеу кезінде мәліметтер жиынтығының барлық баптарын аудитор тексермейтін болғандықтан, ол мәліметтердің барлық. жиынтығын зерттеу нәтижесшде жасалуы мүмкін қорытындыдан айырмашылығы бар қорытынды жасау тәуекелдігі болады. Бүл - іріктеу тәуекелдігі болып табылады.

Аудитор жоспарлау, таңдау (іріктеу), үлгілерді тестілеу және мәліметтердің өз жиынтығына тән көрсеткіш болып табылатындығына және іріктеу тәуекелдігі қолайлы деңгейге дейін төмендейтіндігіне тиісті дәрежеде сенімді болу үшін нәтижелерді бағалау кезінде ұтымды негізді пайдалануға тиісті.

Іріктеп (ішінара) тексеру жүргізудің негізгі кезеңдері:• іріктеуді жоспарлау;• іріктеу үлгілерін тандап алу;• іріктеу үлгілерін бағалау.

Аудиторлық іріктеудің көлемі мен кұрылымын жоспарлау кезінде аудиторлар аудиттің ерекше мақсатын, үлгілер алынатын мэліметтер. жиынтығын, олардың көлемі мен алу әдістерін назарға алуға тиісті.

Мэліметтер жиынтығы - тиісті қорытынды пікірлерді құрау мақсатында іріктеу жасау үшін аудитор негізге алатын мәліметтер кешені.

Іріктеу көлемі. Іріктеу көлемін анықтау кезінде аудитор іріктеу тәуекелдігін, жіберілетін қателердің санын (жіберілуі мүмкін қателер) және қатені табу дәрежесін (болжамды кателер) ескеруге тиісті.

38 емтихан билеті