Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
№1билет.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
227.99 Кб
Скачать

3. Аудитор жұмысының сапасын бақылаудағы негізгі қағидаттар мен әдістемелік жүйелер

Аудиторлық ұйымның жұмысының сапасын бақылау жүйесіне кіреді:

а) аудиторлық ұйымның барлық қызметкерлерінің тәуелсіздік, әділдік, объективтілік, кұпиялылық және кәсіби этика талаптарын қадағалауы;

э) аудиторлық ұйымды өз міндеттемелерін сапалы атқару үшін қажетті тәжірибесі мен сәйкес білімі бар кәсіби қызметкерлермен кешенделуі; '

б) берілген тапсырмалардың ерекшеліктеріне біліктілігі сай келетін кәсіби қызметкерлерге аудиторлық тапсырмаларды беру;

в) сапаның қажетті талаптарына жауап беру үшін істелген жұмысты тексеру, ағымдық бақылау және бағытталған тапсырмалар (указания) негізінде аудит барысындағы жұмыстардың барлық түрін атқару;

г) қызметкерлердің нақты жағдайларда тәжірибесі немесе білімі жетпеген жағдайда аудиторлық фирма ішінде және де одан тыс сәйкес кеңестер алу;

д) аудиторлық ұйымдарда тұрақты негізде клиенттерді таңдау процедураларын кұрастыру жэне қолдану; бұл жерде аудиторлық ұйымның , тәуелсіздігі және оның аудитті жоғары сапалы деңгейде жүргізуімен қатар тексеріліп жатқан және болашақта тексерілуі мүмкін ұйымның басшыларының беделі (репутация) көңілге алынуы керек;

е) жұмыс сапасын бақылаудың фирмаішілік жүйесінің қызмет етуінің сенімділігі мен тиімділігіне тексерістер бойынша шараларды жүзеге асыру;

ж) аудиторлық ұйымның қызметкерлеріне жүктелген міндеттемелерді атқармауы немесе дұрыс орындамауы жағдайларында қажетті шаралар қолдану.

30 емтихан билеті

1. Дебиторлық борыштың танылуы мен бағалануы

Дебиторлық қарыз болып жеке тұлғалардың, ұйымдардың және басқада дебиторлардың кәсiпорын алдындағы ақшалай нысанындағы мiндеттемелерi табылады. Дебиторлық қарыздар әртүрлi операцияларды жүзеге асыру кезiнде, соның iшiнде жие өнiмдi, тауарларды және қызметтердi өткiзу кезiнде пайда болады.

Дебиторлық қарыздар алынуға тиiстi шоттардың өтелу немесе қарыздардың өтелу мерзiмiне байланысты ағымдағы және ұзақ мерзiмдi және ағымдағы болып жiктеледi. Дебиторлық қарыздар шот-фактура құжатымен расталады.

Негiзiнен дебиторлық қарыздар кәсiпорынның негiзгi қызмет нәтижесiнде өткiзiлген тауарлар және қызметтер бойынша сатып алушылардың мiнедеттемелер және басқада қызмет нәтижесiнде пайда болған дебиторлық қарыздар соммасы болып жiктеледi.

Өнiмдердi, тауарларды (жұмыстарды және қызметтердi) өткiзу кезiнде анықталған шоттар және алынған вексельдер тауарлы мiндеттемелер деп аталады.

Кәсiпорынның дебиторлық қарыздары қатарына алынуға тиiстi проценттер бойынша төлемдер персоналдарға және еншiлес компанияларына берiлген ссудалар жатқызылады.

Егерде өткiзiлген тауарлар және қызметтер бойынша ақша қаражаттары толық түрде өтелмесе, сатып алушылар бойынша талаптардiң қалған бөлiгi өтемсiз болып табылады. Мұндай жағдай кәспорындардың қызмет бабында жие кездеседi.

2. Есепті және өткен кезеңнің бөлінбеген пайдасы

Бөлінбеген пайда (табыс) — кәсіпорынның жалпы кірісінен (пайдасынан) барлық жұмсалған шығындарды (бюджетке төленген салық сомаларын, кірістен (пайдадан) басқадай бағыттарға пайдаланған сомаларын шегеріп тастағандағы қалған бөлігі болып табылады.

Кәсіпорынның қорытынды табысынан бюджетке төленетін салықтарын және табыстың есебінен өтелетін басқадай шығындарды төлегеннен қалған сомасы есепті жылдың «Бөлінбеген пайдасы (жабылмаған залалы)» болып табылады.

«Бөлінбеген пайда (залал)» есебі бухгалтерлік есеп шоттарының жұмыс жоспарындағы 5500 бөлімшесіндегі шоттарында жүргізіледі.

5500 «Бөлінбеген пайда (жабылмаған залал)» бөлімшесі бөлінбеген кірісті немесе жабылмаған залалды есепке алу үшін арналған және мынадай шоттардың топтарын қамтиды:

5510 «Есепті жылдың бөлінбеген пайдасы (залалы)» - онда есептік жылдың пайдасы немесе залалы көрсетіледі, сондай-ақ есептік жыл үшін түпкі қаржылық нәтижені қалыптастыру жөніндегі ақпарат жинақталады;

5520 «Өткен жылдардағы пайда (залал)» - онда өткен жылдардағы пайда (залал) көрсетіледі.