Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
№1билет.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
227.99 Кб
Скачать

2. Ұйымның резервтерінің есебі: резервтік капитал, активтерді қайта бағалау резервтері; шетел валютасын қайта санау резервтері және басқа да резервтер

Резервтік капитал – акционерлік қоғамның және басқа да тараптардың таза табысының есебінен қалыптасатын меншік капиталының бір бөлігі. Резервтік капитал субъектінің негізгі (оперативтік) қызметінен алынған зияндарын жабуға және ағымдағы табыс жеткіліксіз болған жағдайда, дивиденттерді жабуға пайдаланылады. Резервтік капиталды құру және оны пайдалану құрылтайлық құжаттармен және қолданыстағы заңдармен анықталады. Резервтік капитал жарлық капиталымен және басқа да қаражаттармен бірге бухгалтерлік баланстың пассивінде көрініс табады және ол кәсіпорынның меншік капиталы болып табылады.

Резервтік капиталдың есебі 5400-ші «Резервтік капитал» бөлімшесінің мынадай пассивті шоттарында жүргізіледі: 5410-шы «Заңдармен белгіленген резервтік капитал» және 5460-шы «Басқа да резервтік капитал».

Резервтік капитал қаражаттарын пайдалану 5410–ші шоттың дебетінен мына шоттардың кредитінде көрініс табады:

3030 – артықшылығы бар акциялар бойынша төлем жасауға қажет қар- жысы болмаған жағдайда серіктестіктердің резервтік капиталының ішіндегі дивиденттердің есебінен төленген кезде; 5510-шот «Есепті жылдың бөлінбеген табысы(жабылмаған зиян)», 5520-шот «Өткен жылдардың бөлінбеген табысы (жабылмаған зияны)» - зиян шеккен соманы резервтік капиталдың есебінен жапқан кезде.

Басқа да резервтік капитал есебі, 5460-ші «Басқа да резервтік капитал» шотында жүргізіледі. Бұл шотта заң тәртібімен көзделген ең төменгі мөл- шерден тыс жасалған капиталдар есептелінеді.

5460-шоттың дебеті мен кредиті бойынша шоттар корреспонденциясы 5410-шоттың корреспонденциясына ұқсас. Мұндай резервтер кәсіпорынның өз қалауы бойынша қалыптастырылады.

3. Іс құжаттарының маңызы мен мағынасы

230 «Құжаттау» деп аталатын Халықаралық аудит стандартында «аудитор аудиторлық қорытындыны растаушы дәлелдеулерді, сондай-ақ, аудиттің Халықаралықстандарттарға сәйкес жүргізілгендігін растайтын дәлелдеулерді беру кезінде зор маңызы бар мәліметтерді құжатпен рәсімдеуге тиісті екендігі көрсетлген.

Жұмыс құжаттарының жалпы мақсаты – аудитордың аудитті нормативтік-құқықтық актілерге және жалпы көпшілік қабылдаған стандарттарға сәйкес жүргізгендігіне сенімді болуы.

Жұмыс құжаттарының маңызы төмендегілерден тұрады:

  • олар аудитті жүргізу және жоспарлау кезеңінде көмектеседі;

  • олар аудиторлық жұмысқа шолу жасауға және аудитке бақылауды ұйымдастыруға жағдай туғызады;

  • оларда аудиторлыққорытындыны растаушы процедуралардың орындалуы нәтижесінде алынған аудиторлық дәлелдеулер бар.

Жұмыс құжаттарына келесілер жатады:

1. Кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысаны және ұйымдық құрылымы туралы ақпараттар;

2. Заңдық құжаттардан, келісімдерден және жинақтардан үзінді немесе олардың көшірмесі;

3. Ревизияланатын кәсіпорынның аудитін жоспарлау процесінің негіздемесі;

4. Аудиторлық тексеруді өткізу бағдарламасы;

5. Орындалған аудиторлық процедуралардың өткізілу уақыты және көлемі, сонымен бірге олардың нәтижелері туралы жазулар;

6. Ассистенттер орындағын жұмыстарды аудитордың тексергендігінің және талдағандығының дәлелдеулері;

7. Аудиторлық процедураларды кімнің және қашан орындағаны туралы көрсетулер;

8. Аудитордың өз клиеніне жіберген хаттарының көшірмелері, оның ішінде өзінің міндеттемелері және ішкі бақылау жүйесінің кемшіліктері бойынша;

10. Клиенттен немесе оның өкілдерінен алынған хаттар;

11. Аудиторға тапсырылған аудиттің маңыздырақ аспектілеріне қатысты түсіндірулер;

12. Өткізілген аудиттің нәтижесі бойынша аудитор жасаған қорытынды пікірлер.

29 емтихан билеті