Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
№1билет.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
227.99 Кб
Скачать

3. Аудиторлық құжаттар және олардың түрлері

“Құжаттау” деп аталатын Халықаралық аудит стандартында аудитор аудиторлық қорытындыны растаушы дәлелдеулерді, сондай-ақ, аудиттің Халықаралық стандарттарға (ХАС) сәйкес жүргізілгендігін растайтын дәлелдеулерді беру кезінде зор маңызы бар мәліметтерді құжатпен рәсімдеуге тиістіделінген. Аталмыш құжатқа сәйкес аудитті жалпы түсінуді қамтамасыз ету үшін жұмыс жазулары жеткілікті түрде толық және аяқталған болуға тиісті.

Жұмыс құжаттарының жалпы мақсаты - аудитордың аудитті нормативтік-құқықтық актілерге және жалпы көпшілік қабылдаған стандарттарға сәйкес жүргізгендігіне сенімді болуы.

Жұмыс құжаттарының маңызы төмендегілерден тұрады:

- олар аудитті жүргізу және жоспарлау кезеңінде көмектеседі;

- олар аудиторлық жұмысқа шолу жасауға және аудитке бақылауды ұйымдастыруға жағдай туғызады;

- оларда аудиторлық қорытындыны растаушы процедуралардың орындалуы нәтижесінде алынған аудиторлық дәлелдеулер бар.

Жұмыс құжаттарының нысаны мен мазмұны Жұмыс құжаттарында аудитор аудиторлық жұмыстардың жоспарлануы, сипаты, орындалған аудиторлық процедуралардың көлемі және мерзімі, болатын нәтижелер, сондай-ақ алынған аудиторлық дәлелдеулердің негізінде жасалынған қорытынды-пікірлер туралы ақпараттарды көрсетуге тиісті.

Жұмыс құжаттарының мазмұны. Жұмыс құжаттарындағы ақпараттар аудитор атқарған жұмыстардың және маңызды мәселелерге қатысты жасалған қорытынды пікірлердің жазбаша дәлелі (растауы) болып табылады.

28 емтихан билеті

1. Бухгалтерлік есепті жүргізу формалары

1. Мемориалдық - ордерлік есеп формасы алғашқы және жинақтаушы құжаттар мәліметтері негізінде жүргізіледі. Операцияларды жазу - тіркеу журналында, соңынан Бас журналда жүргізіледі. Аналитикалық есеп алғашқы немесе жиынтық құжаттар негізінде жазылатын карточкаларда болады. Ай біткен соң синтетикалық және аналитикалық шоттардың мәліметтері бойынша өзара салыстырылатын айналым ведомстілері жасалады. Бұл формадағы дәйекті ізбен іске асады, алайда бұл көп еңбекті талап етеді, өйткені бір жазба әлденеше рет қайта-қайта (мемориалдың ордерде, тіркеу журналында, синтетикалық және аналитикалық регистрлерде) жазылады.

2. Есептің журнал-ордерлік формасы. Негізгі ерекшеліктері:

  • шаруашылық операцияларын есептеу үшін кредиттік белгісі бойынша сызықтық-позициялау тәсілімен жазба жүргізілетін және жол-жол сызудың шахматтық формасы бар журнал-ордерлер қолданылады;

  • бір қатар журнал-ордерлерде сиитетикалық және аналитикалық есеп қатар орындалады;

  • жүйелі және хронологиялық жазбалар біріктіреді;

  • бақылау мен есепті жүргізу үшін қажетті көрсеткіттер көлеміндегі операциялар бейнеленеді;

  • журнал-ордерлерді және Бас кітапты тиімді құрудың арқасында жазулар саны азаяды.

3. Есептің автоматтандырылған формасында (бухгалтерлік есепті компьютерде жүргізу) жоғарыда айтылған кемшіліктер кездеспейді.

Компьютерді пайдалануды салыстырмалы түрде қарастырсақ, қарапайым, оларды қолдану механикаландыруды, көбіне есеп-қисап процесін автоматтандыруды; есеп мәліметтерінің өте дәлдігін; есептің ширақтығын; есеп қызметкерлерінің еңбек өнімділігін арттыруды; оларды қарапайым, жай техникалық іс-қызмет аясын атқарудан босатуды және шаруашылық қызметті бақылау және талдаумен шұғылдандануға мүмкіндік беруді, есептің барлық түрлері мен жоспарлауды үйлестіруді қамтамасыз етеді.

4. Есептін қарапайымдандырылған формасы - шағын кәсіпкерлік субъектілеріне арналған, әрі небәрі екі регистрді көздейді: шаруашылық операциллары есебі кітабы (синтетикалық есеп регистрі) және аналитикалық есеп регистрлері болып табылатын тиісті объектілер (негізгі құралдар, тауарлы-материалдық қорлар және т.б.) есебінің регистрлері. Кітап пен ведомостің мәліметтерін баланс пен есеп беруді жасау үшін қолданады. Бұл форманы жүргізу «Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің есебі» мен есеп берудің 23 бухгалтерлік есеп стандарттарымен және оған берілетін әдістемелік ұсыныстармен реттеледі.