Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
№1билет.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
227.99 Кб
Скачать

2. Салықтар бойынша міндеттемелер есебі. Басқа да міндетті және ерікті төлемдер бойынша міндеттемелер есебі

Салық міндеттемесі мемлекет алдындағы әрбір салық төлеушінің міндеттемесі болып табылады және ол салық заңына сәйкес жүргізіледі.

Кәсіпорынның бюджетпен есеп айырысу операциялары 3100 « Салықтар бойынша міндеттемелер» бөлімшесінің шоттарында есепке алынады. Бұл бөлімшеге:

3110 «Төленуге тиісті корпоративтік табыс салығы»; 3120 «Жеке табыс салығы»; 3130 «Қосылған құн салығы»; 3140 «Акциздер»; 3150 « леуметтік салық» 3160 «Жер салығы»; 3170 «Көлік құралдары салығы» ; 3180 «Мүлік салығы»; 3190 «Басқа салықтар»;

Корпоративтік табыс салығы. Есепті жылда салық салынатын табыстары бар заңды тұлғалар табыс салығын төлеушілер болып табылады. Табыс салығын төлеушілер қатарына занды тұлғалар, олардың филиалдары және оқшауланған (дербестелген) бөлімшелер кіреді.

Ұйым өзінің есепті жылдағы алған табысы бойынша табыс салығы сомасын есептеу барысында бухгалтерлік есепте мына түрдегі екі жақты жазу жазылады:

Д-т: 7710"Корпоративтік табыс салығы бойынша шығындар" шоты,

К-т: 3110"Төленетін корпоративтік табыс салығы" — шоты.

Ал бұл сома бюджетке аударылғанда:

Д-т: 3110"Төленетін корпоративтік табыс салығы" деп аталатын шот,

К-т: 1030"Ағымдағы банктік шоттардағы ақша қаражатты" деп аталатын шоты түріндегі бухгалтерлік жазуы жазылады.

Жеке тұлғалардан ұсталатын табыс салығы. Есепті жыл бойы салық салынатын табысқа ие болған жеке тұлғалар салық төлеушілер болып табылады.

Д-т: 3350 " Еңбек ақы төлеу бойынша қысқа мерзімді борыштар" шоты,

К-т: 3120 "Жеке табыс салығы" шоты түріндегі бухгалтерлік жазуы жазылады.

Әлеуметтік салык — заңды тұлғалардың бюджетке төлейтін салықтарының бірі. Көсіпорында әлеуметтік салық сомасы есептелгенде оның бухгалтериясында мынадай жазу жазылады:

Д-т: 7210 "Әкімшілік шығыстары" деп аталатын шот,

К-т: 3150 "Әлеуметтік салық" деп аталатын шот.

Ал ол сома бюджетке есеп айырысу шотынан төленгенде:

Д-т: 3150 "Әлеуметтік салық" деп аталатын шоты,

К-т: 1030 "Ағымдағы банктік шоттардағы ақша қаражаты" деп аталатын шоты түріндегі бухгалтерлік жазуы жазылады.

Көлік құралдырына салынатын салық. Мемлекеттік есепте тұрған меншік және меншікті сенімді басқаруға, шаруашылықты жүргізуге алғандар және жеке тұлғалар салық төлеушілер болып табылады. Көлік құралдарына салынатын салықты есептеген кезде 7210 «Әкімшілік шығыстар » шоты дебеттеледі де 3170 « Көлік құралдарына салынатын салығы» кредиттіледі.

3. Таба алмау тәуекелділігі

Айқыңдамау (қателерді) тәуекелдігі — бұл жиынтығында дәл емес немесе дұрыс емес мәліметтердің елеулі көлемде жиналуы және оларды аудитор талдамалық рәсімдер кезінде де, мән бойынша жан-жақты тексеру кезінде де байқамай қалуы мүмкін деген болжам. Олар бір-бірін толықгыратындықган, олардың бірінің нәтижесінде туындаған сенімділік, аудитордың басқа тексеру нәтижесінде алатын кепілдемесінің қажеттілігін пропорционалды азайтады. Аудитор "мән немесе талдамалық рәсімдер бойынша ешқандай жан-жақгы тексерулер жүргізбейді" деп болжайық. Егер қаржылық есептерде қате болса, оның байқалмай қалуы анық. Сонымен бірге мән бойынша жан-жақгы тестер орындалып, талдамалы рәсімдер жүргізілсе, онда талдамалық рәсімдердің елеулі жиынтық қателерді байқамауы 40% тәуекелге, оларды жан" жақгы тестер табуы 20% төуекелге, ешбір рәсімнің байқамай қалуы олардың туындысына тең болады. Қаржы-лық есептерде дәл емес немесе дүрыс емес мәліметтерді аудитор байқамай қалуы үшін, мән бойынша жан-жақгы тексерулер, не тал-дамалық рәсімдер олар таппауы керек.

19 емтихан билеті