Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
№1билет.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
227.99 Кб
Скачать

1. Капиталдың құрамы және сипаттамасы

Капитал- бұл ұйымның активтерінде оның барлық міндеттемелерін шегергеннен кейін қалған үлес.

Аталған бөлім мынадай кіші бөлімдерді қамтиды:

5000 «Шығарылған капитал»

5100 «Эмиссиялық кіріс»

5200 «Сатып алынған жеке меншік үлестік аспаптар»

5300 «Резервтер»

5400 «Бөлінбеген кіріс (жабылмаған залал)»

5000 «Шығарылған капитал»

Шаруашылық субъектісі меншікті капиталының көздері болып мынанар саналады:

  • Қосымша төленген капитал – қогамның өзінің акцияларын олардың атаулы құнынан артық құнмен сатқаннан пайда болған құн айырмашылығынан туындайды.

  • Қосымша төленбеген капитал – негізгі құралдар мен инвестицияларды қайта бағалағанда олардың құнының өскен сомасынан және тағы да басқалардан туындайды.

  • Резервтік капитал – келешекте болуы мүмкін зияндармен шығындардың орнын толтыруға арналып шаруашылық субъектісі өзінің таза пайдасынан бөлінген меншіктік капиталының бір бөлігі.

2. Қаржылық міндеттемелер есебі: банктік және басқа займдар, дивидендтер мен қатысушылар кірістері

Міндеттемелер дегеніміз-мақсатты шараларды қаржыландыру үшін заңды және жеке тұлғалардан ірі компаниялардан алынған қарыздары осы ұйымның кіріске алып түбінде қайтарып беру жөніндегі алған міндеттемесі.

Міндеттеменің үш сипаттамасы болады:

1.Кредиторлық қарыз белгілі бір оқиға кезінде  басқа тұлғаларға  талапарды ұсынуды жүзеге асыру уақытында  немесе активтерді пайдалану ықтималдығы бар тұлғалар алдындағы қарыздар мен міндеттемелерді көрсетеді.

2.Бұл кредиторлық қарызға шаруашылық бірлігін жауапкершілігінің туындауы мүмкіндігінше  келешекте жоғалмайды.

3.Міндеттеменің пайда болуына әсер еткен мәселе бұрын да орын алған.

  Егер осы сипаттамалардың  біреуі жоқ болса,онда есеп обьектісі несиелік қарыз ретінде мойындалмайды.Бірінші сипаттама бірнеше жағдайда пайда болады.

    Біріншіден,несиелік қарыз қазіргі міндеттемені көрсетеді.Келесі кезеңнің шығындары  ағымдық мерзімнің кредиторлық қарызы болып саналмайды.

   Екіншіден,несиелік қарыз басқа субьектіге қатысты міндеттемені көрсетеді.Үшіншіден,осы қарыздың өтелуі басталатын  уақыт мерзімі бар.Оның құрамына  өтелуі толық көлемде  қарастырылмайтын  міндеттемені кіргізуге болмайды.

       Міндеттемелерге ұлттық және шет елдік валюта түріндегі банктер және банктерге жатпайтын тұлғалардан алынған ұзақ және қысқа мерзімді займдар,облигациялар,вексельдер жатады.Олардың барлығы  сол уақыттағы ағымдағы бағамен кіріске алынады.

Дивиденд дегеніміз – акционерлер иелігінде болатын акциялардың саны мен түрлеріне қарай оларға тиесілі акцияларына табыс түрінде жыл сайын акционерлер арасында бөлінетін акционерлік қоғам табысының бір бөлігі болып табылады. Акционерлер мен оларға төленуге тиісті дивидендтер бойынша нснп айырысу есебі 3030 – «Дивидендтер бойынша есеп айырысу» - деп аталатын бас шоттың бөлімше шоттарында есептелініп жүргізіледі.

3. Бақылау тәуекелділік және оны бағалау

Бақылау тәуекелдігі. Клиент байқамаған қателердің бухгалтерлік есеп процесінде болуы ықтимал. Себебі бақылаудың ешбір құрылымы 100%-ға тиімді бола алмайды. Сондықтан, әдетте белгілі бір тәуекелді бақылаудың кез келген құрылымымен байланыстырады тиімді кұрылымдар' салыстырмалы түрде төмен тәуекелге, тиімділігі аздаулар салыстырмалы жоғары тәуекелге ие болады.

Бақылау кұралдарының тәуекелдігі кәсіпорынның бухгалтерлік есебі меншікті бақылау жүйелерінің сенімділік дәрежесін сипаттайды.

Бақылау құралдарының сенімділігі мен бақылау құралдарының тәуекелдігі өзара толықтырушы категориялар болып табылады:

- сенімділіктің жоғары дәрежесіне төмен тәуекелдік сәйкес болады;

-сенімділіктің орта дәрежесіне орта тәуекелдік сәйкес болады; — сенімділіктің төмен дәрежесіне жоғары тәуекелдік сәйкес болады. Аудитор бақылаудың белгілі бір құралдары жөніндегі өз пікірін дайындау кезінде , үлкен сенім дәрежесіне сүйенуге қаншалықты ұмтылса, аудитор олардың сенімділігі мен тиімділігін соншалықты мұқият дайындауы керек.

18 емтихан билеті