Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
№1билет.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
227.99 Кб
Скачать

3. Аудиторлық тәуекелділік туралы түсінік және оның құрамы

Кез келген қызметте тәуекелдік болады. Экономикалық субъект үшін тәуекелдік — бұл нарық конъюктурасының өзгеруі (мысалы, тұтынушылардың өзгерген талғамы), серіктестер тарапынан тәртіп бұзушылық, сыртқы факторлар әрекеті. Аудиторлық тәуекелдік кәсіпорынның қаржылық есеп беруіне катысты дұрыс емес пікірдің қалыптасуында болып табылады.

400 "Тәуекелдікті бағалау және ішкі бақылау" ХалықаралықАудитСтандарттарында тәуекелдікке анықтама берілген "Аудиторлық тәуекелдік - каржылық есеп беру елеулі бұрмаланған жағдайда, аудитор сәйкес келмейтін аудиторлық қорытынды береді дегенді білдіреді". Аудиторлық тәуекелдіктің үш компоненті бар.• Аудиторлық тәуекелдік• Бөлінбейтін тәуекелдік• Бақылау тәуекелдігі• Айқындамау тәуекелдігі

Бөлінбейтін тәуекелдік — шоттар сальдосы немесе шаруашылық операциялардың қажетті ішкі бақылаудың болмауына жол берілген жағдайда, басқа шоттар сальдосы немесе шаруашылық операциялар-бұрмалауларынан бөлек, елеулі болуы мүмкін бұрмалауларға бейім болуы.

Бақылау тәуекелдігі. Клиент байқамаған қателердің бухгалтерлік есеп процесінде болуы ықтимал. Себебі бақылаудың ешбір құрылымы 100%-ға тиімді бола алмайды. Сондықтан, әдетте белгілі бір тәуекелді бақылаудың кез келген құрылымымен байланыстырады тиімді кұрылымдар' салыстырмалы түрде төмен тәуекелге, тиімділігі аздаулар салыстырмалы жоғары тәуекелге ие болады.

Айқындамау (қателерді) тәуекелдігі — бұл жиынтығында дәл емес немесе дұрыс емес мәліметтердің елеулі көлемде жиналуы және оларды аудитор тандамалық рәсімдер кезінде де, мән бойынша жан-жақты тексеру кезінде де байқамай қалуы мүмкін деген болжам.

16 емтихан билеті

1. Қысқа және ұзақ мерзімді міндеттемелердің құрамы және сипаттамасы

«БАЛАНС» сөзі француз тілінен алынған. Бұл сөз қазақ тіліне аударылғанда «таразы» немесе «тепе-тең» деген мағынаны білдіреді. Сырт көзбен қарағанда кәсіпорынның бухгалтерлік балансы актив және пассив деп аталатын екі бөлімді кестеге ұқсас болып табылады. Оның сол жағында, яғни активінде кәсіпорынның қаржылары, заттай және ақшалай түрдегі мүліктері мен шығындары көрсетілсе (орналастырылған болса), оңжағында, яғни пассив бөлімінде осы ұйымның қорлану көздері қарастырылады. Бухгалтерлік есеп стандартына сәйкес бухгалтерлік баланстың актив бөлімінде кәсіпорынның өзіне тиесілі, яғни қолда бар мүліктері қарастырылады. ұйым осыларды пайдалану арқылы ғана алдағы уақытта табыс таба алатындықтан бүл мүліктерді кәсіпорынның әлуетті табыстары ретінде таниды. Ал баланстың пассиві -деп аталатын бөлімінде кәсіпорынның қорлану көздері туралы ақпаратты мәліметтер жазылады. Ұйымның қорлану көздері меншікті капитал және тартылған (сырттан немесе басқа жақтан алынған, қарастырылған) капитал деп екіге бөлінеді.

Бухгалтерлік баланстың пассив бөлімі үш тараудан тұрады. Оның бірі меншікті капитал деп аталып, онда кәсіпорынның жарғылық қоры, резервтік қоры, бөлінбеген пайдасы немесе жабылмаған зияны көрсетіледі. Пассив бөлімінің екінші және үшінші тараулары тиісінше үзақмерзімді және қысқа мерзімді міндеттемелер деп аталады.¥зақ мерзімд іміндеттемелер қатарына кәсіпорынның үзақ уақытқа алған несиелері мен қарыздары жатқызылса, қысқа мерзімді міндеттемелер тарауында үйымның алдағы кезендерінің табыстары, бюджетке қарызы, бюджеттен тыс мекемелерге қарызы, жабдықтаушы-мердігерлерге қарызы, жүмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы бойынша қарызы, зейнетақы қорларына қарызы және басқа да кредиторлық борыштары көрсетіледі.