Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
№1билет.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
227.99 Кб
Скачать

15 Емтихан билеті

1. Қысқа және ұзақ мерзімді активтердің құрамы және сипаттамасы

«БАЛАНС» сөзі француз тілінен алынған. Бұл сөз қазақ тіліне аударылғанда «таразы» немесе «тепе-тең» деген мағынаны білдіреді. Сырт көзбен қарағанда кәсіпорынның бухгалтерлік балансы актив және пассив деп аталатын екі бөлімді кестеге ұқсас болып табылады. Оның сол жағында, яғни активінде кәсіпорынның қаржылары, заттай және ақшалай түрдегі мүліктері мен шығындары көрсетілсе (орналастырылған болса), оңжағында, яғни пассив бөлімінде осы ұйымның қорлану көздері қарастырылады. Бухгалтерлік есеп стандартына сәйкес бухгалтерлік баланстың актив бөлімінде кәсіпорынның өзіне тиесілі, яғни қолда бар мүліктері қарастырылады. ұйым осыларды пайдалану арқылы ғана алдағы уақытта табыс таба алатындықтан бүл мүліктерді кәсіпорынның әлуетті табыстары ретінде таниды. Ал баланстың пассиві -деп аталатын бөлімінде кәсіпорынның қорлану көздері туралы ақпаратты мәліметтер жазылады. Ұйымның қорлану көздері меншікті капитал және тартылған (сырттан немесе басқа жақтан алынған, қарастырылған) капитал деп екіге бөлінеді.

Баланстың актив бөлімі үзақ мерзімді активтер және агымдагы активтер деп аталатын екі тараудан түрады. Ұзақ мерзімді активтердің қатарына кәсіпорынның материалдық емес активтері, негізгі қүралдары, ұзақ мерзімді қаржы салымы (инвестициялары), ұзақ мерзімді дебиторлық борыштары жатқызылады. Ал ағымдағы активтер тарауында үйымның материалдық құндылықтары, тауарлары, дайын өнімдері, аяқталмаған өндірісі, қысқа мерзімді дебиторлық борыштары, қысқа мерзімді қаржы салымы, алдағы кезең шығындары, ақша қаражаттары және басқа да ағымдағы активтері қарастырылады.

2. Материалдық емес активтерді амортизациялау әдістері

Материалды емес активтердің амортизациясы (мүліктің ұсталу, тозу дәрежесіне қарай құнын бірте-бірте төмендету) субъектінің қызмет етуі мерзімінен артпайды. Материалды емес активтердің амортизацияланатын сомасы оның пайдалы қызмет ету мерзімінің бағасына неғұрлым жуық негізді жүйелі түрде бөлінеді. Материалды емес активтердің амортизациясын есептеу №6 «Негізгі құрал-жабдықтар есебі» БЕС-да белгіленген тәсілдер жолымен анықталады, бірақ қолданылатын тәсіл активті қолданудан түскен экономикалық пайданы тұтыну үлгісін көрсетеді. Егер экономикалық пайданы тұтыну үлгісін анықтау мүмкін болмаса, онда тік сызықты есептен шығару тәсілі қолданылады. Амортизацияланатын құн-«бастапқы құн алынған жойылу құны» бойынша анықталынады. Жойылу құны нөлге тең есептелінеді, егер:

    1. Пайдалы қызмет ету мерзімі соңында оны сатып алу туралы үшінші жақтың келісімі болмаса;

    2. Мыналарға байланысты материалды емес активтердің бұл түрі үшін белсенді нарық болмаса:а) активтердің пайдалы қызмет ету мерзімі соңында мұндай нарықтың болуына;ә) мүмкіндік, ықтималдық жоқ болса. Нарық белсенді деп саналады, егер:- нарықтағы тауарлар біртекті болса (компьютерлік бағдарламалар нарығы);- мәмілеге келуге ниетті-сатушылар мен сатып алушыларды қай уақытта да табуға болатын болса;- сатып алынатын және сатылатын тауарлар халыққа қолайлы, арзан бағаларда болса.

2741 «Материалды емес активтердің амортизациясы-лицензиялық келісімдер», 2741 «Материалды емес активтердің амортизациясы- бағдарламалық жабдықтау», 2741 «Материалды емес активтердің амортизациясы-патенттер», 2741 «Материалды емес активтердің амортизациясы-Гудвилл», 2741 «Материалды емес активтердің амортизациясы- тағы басқалары». Бұл шоттар пассивті, реттеуші, контрактивті болып келеді, олардың кредиті бойынша ай басындағы амортизацияның қалдығы, ағымдағы айда есептелінген амортизациясы және есеп берілген айдың соңындағы амортизацияның қалдығы көрсетіледі, ал дебеті бойынша-материалды емес активтердің амортизациясын есептен шығарылған сомасы (төмендетілген) көрсетіледі.