Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
№1билет.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
227.99 Кб
Скачать

2. Материалдық емес активтерді тану (38қехс)

Материалдық емес активтер деп – белгілі бір нақтылы табиғи пішіні жоқ, бірақ қандай да бір бағаға, құнға бағаланатын болғандықтан субъектіге үнемі, яғни ұзақ уақыт бойы қосымша табыс әкеліп тұратын активтерді айтамыз.

Материалдық емес активтер шаруашылық субъектілерінің балансында бастапқы құны бойынша кіріске алынады.

Материалдық емес активтер мекемеге келесі жағдайларда түсуі мүмкін:

—         құрылтайшылардың өздерінің салымдары есебінен құрылған мекеменің жарғылық капиталына екі жақтың келісімдері бойынша енгізулер;

—         мемлекеттен, заңды және жеке тұлғалардан тегін немесе мемлекеттің  жәрдем ақшасы есебінен номиналдық құны немесе активтің жәрдем ақша берген күніндегі активті әділдік құны бойынша алу;

—         ұқсас  немесе материалдық емес активтерге айырбастау әділдік құны немесе теңгерімдік құны бойынша;

—         мекеменің өзі құрған материалдық емес активтер.

Материалдық емес активтер келіп түсу есебі үшін келесі бухгалтерлік проводкалар жасалады.

Дт 2730

Кт 3310, 1030, 5410, 6160, 5100

Төленген кірістелген материалдық емес активтер; ұйым жағынан қайтарымсыз берілген материалдық емес активтер кірістелуі, жарғылық капиталға салым ретінде материалдық емес активтер кірістелді.

Дт 7210, 7110, 8410

Кт 2740

Материалдық емес активтер үшін амортизация есептеу

Дт 2740

Кт 2730

Амортизациялық кезеңнің аяқталуы бойынша материалдық емес активтер жинағын тозуын есептен шығару

Дт 1210

Кт 6210, 3130

Материалдық емес активтерді сату кезінде мынадай бухгалтерлік проводкалар жасалынады

— келісілген соммаға ҚҚС есебімен есеп айырысу құжатын көрсету.

3. Қателіктер және заңсыз әрекеттер. Заңсыз бұрмалауларды кездестіргендегі аудитордың әрекеттері

Қателер бухгалтерия бөлімі жұмысшылырының ынтасыздығы, ұмытушылыгы мен жаңгалақтыгы нәтижесшде пайда болады. Қателер себебі - бухгалтердің бухгалтерлік есеп, салық салу, есептілікті құру ережелерін дұрыс түсінбеуі. ҚЕ-гі кейбір бұрмалануларга жете тоқталайық.

Аудитор бұрмаланулардың бар болуына сілтейтін факторларды іздестіруге әдейі іс-эрекет жасамауы керек жэне аудитор бұрмаланулардың әдейілігі жайында пікір айта алмайды. Қателерді анықтау барысанда аудитордың басты мақсаты - осы қателердің бүкіл елеулі (маңызды) жақтарынан ҚЕ-тің шынайылығына әсерін бағалау.

Қателердің бар болуын аудитор өз жұмыс құжаттарында, аудитті өткізу нәтижелері бойынша тексерілетін кэсіпорын басшылығына арналған жазбаша ақпаратта көрсетеді және басшыларды, бухгалтерия қызметкерлерін, лауазымды тұлғаларды хабарландыруға міндетті. Бұрмалануларды тапқанда аудитор оның түзетілуін талап етуге міндетті

Егер анықталған бұрмалаулардың саны, тексерісті бастау алдында алдын ала жоспарлау кезеңінде және аудиттің жалпы жоспарын жасаған кезде аудитор болжаған санынан асып кетсе, онда қолданылатын аудиторлық процедуралардың көлемі мен мінезін айқындау керек. Бүл аудиторлық тәуекелді төмендету үшін қажет.

Егер аудитормен анықталған бұрмалаулар түзетілсе бүл жұмыс құжаттарында көрініс табады, ал егер түзетілмесе түзетілмеу себебі мен бұның салдары көрсетіледі. Қателер мен алаяқтықтын анықталған фактілерін түзету үшін кәсіпорын басшылығы ешқандай шаралар қолданбаған жағдайда аудитор қызмет көрсетуден бас тартуы мүмкін.