Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
№1билет.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
227.99 Кб
Скачать

3. Елеулілік түсінігі

Аудиттің Халықаралық Стандартына сәйкес алаяқтық - басқарушы тобының, қызметкерлердің, 3 жақтың ішінен бір немесе бірнеше адамдардың ҚЕ-тің дұрыс емес көрсетілуіне әкелетін әдейі жасалған қылығы. Ал қате - ҚЕ-гі әдейі емес жасалған бұрмаланулар. Қателер бухгалтерия бөлімі жұмысшылырының ынтасыздығы, ұмытушылыгы мен жаңгалақтыгы нәтижесшде пайда болады. Қателер себебі - бухгалтердің бухгалтерлік есеп, салық салу, есептілікті құру ережелерін дұрыс түсінбеуі. ҚЕ-гі кейбір бұрмалануларга жете тоқталайық.

Аудитор елеуліліктің екі жағын назарға алуға міндетті: сандық және сапалық. Елеуліліктің сапалық жағы - бұл кәсіпорын жасаған операциялардың тәртібі ҚР-да әрекет ететін нормативтік актілердің талаптарынан өзгешелігі тексеріс барысында анықталып, белгіленген' ауытқулар туралы аудитордың кәсіби пікірі. Елеуліліктің сандық жағы - бұл табылған ауытқулардың елеулілік деңгейінен жеке және жалпы сомадағы басымдылығын бағалау б.т.

Елеулілік деңгейі - бұл есептілікті пайдаланушы есептілік негізінде дұрыс шешімдер мен экономикалық тұжырымдарды жасай алмау мүмкіндігін көтеретін есептіліктің дұрыс көрсетілмеуінің сандық өлшемі және шекті мәні.

Елеулілік деңгейін анықтаудың әдістемесі әдетте екі кезеңнен тұрады:1) елеулілік деңгейі анықталатын ҚЕ-тің базалық көрсеткіштерді таңдау.2) таңдалған көрсеткіштердің әрқайсысына елеулілік деңгейін анықтау.

14 емтихан билеті

1. Бухгалтерлік баланстың құрамы мен құрылымы

«БАЛАНС» сөзі француз тілінен алынған. Бұл сөз қазақ тіліне аударылғанда «таразы» немесе «тепе-тең» деген мағынаны білдіреді. Сырт көзбен қарағанда кәсіпорынның бухгалтерлік балансы актив және пассив деп аталатын екі бөлімді кестеге ұқсас болып табылады. Оның сол жағында, яғни активінде кәсіпорынның қаржылары, заттай және ақшалай түрдегі мүліктері мен шығындары көрсетілсе (орналастырылған болса), оңжағында, яғни пассив бөлімінде осы ұйымның қорлану көздері қарастырылады. Бухгалтерлік есеп стандартына сәйкес бухгалтерлік баланстың актив бөлімінде кәсіпорынның өзіне тиесілі, яғни қолда бар мүліктері қарастырылады. ұйым осыларды пайдалану арқылы ғана алдағы уақытта табыс таба алатындықтан бүл мүліктерді кәсіпорынның әлуетті табыстары ретінде таниды. Ал баланстың пассиві -деп аталатын бөлімінде кәсіпорынның қорлану көздері туралы ақпаратты мәліметтер жазылады. Ұйымның қорлану көздері меншікті капитал және тартылған (сырттан немесе басқа жақтан алынған, қарастырылған) капитал деп екіге бөлінеді.

Баланстың актив бөлімі үзақ мерзімді активтер және агымдагы активтер деп аталатын екі тараудан түрады. Ұзақ мерзімді активтердің қатарына кәсіпорынның материалдық емес активтері, негізгі қүралдары, ұзақ мерзімді қаржы салымы (инвестициялары), ұзақ мерзімді дебиторлық борыштары жатқызылады. Ал ағымдағы активтер тарауында үйымның материалдық құндылықтары, тауарлары, дайын өнімдері, аяқталмаған өндірісі, қысқа мерзімді дебиторлық борыштары, қысқа мерзімді қаржы салымы, алдағы кезең шығындары, ақша қаражаттары және басқа да ағымдағы активтері қарастырылады. Бухгалтерлік баланстың пассив бөлімі үш тараудан тұрады. Оның бірі меншікті капитал деп аталып, онда кәсіпорынның жарғылық қоры, резервтік қоры, бөлінбеген пайдасы немесе жабылмаған зияны көрсетіледі. Пассив бөлімінің екінші және үшінші тараулары тиісінше үзақмерзімді және қысқа мерзімді міндеттемелер деп аталады.¥зақ мерзімд іміндеттемелер қатарына кәсіпорынның үзақ уақытқа алған несиелері мен қарыздары жатқызылса, қысқа мерзімді міндеттемелер тарауында үйымның алдағы кезендерінің табыстары, бюджетке қарызы, бюджеттен тыс мекемелерге қарызы, жабдықтаушы-мердігерлерге қарызы, жүмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы бойынша қарызы, зейнетақы қорларына қарызы және басқа да кредиторлық борыштары көрсетіледі.