Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
№1билет.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
227.99 Кб
Скачать

2. Негізгі құралдарды сатып алу есебі

Негізгі құралдар бұл-кәсіпорын дайын өнім өндіру үшін қолданатын материалды активтер. Яғни басқа ұйымдарға ұзақ мерзімді уақыт пайдаланады деген болжаммен жалға беру үшін жасайды.

Негізгі құралдың келіп түсуі негізгі құралдарды қабылдау жіберу актісімен рәсімделеді

Негізгі құралдардың қозғалысы бойынша операциясының синтетикалық есебі компьютерде шоттардың типтік жоспарында 2410 бөлімінде көрініс табады. Негізгі құралдар негізгі құралдар -6 нысан бойынша негізгі құралдардың инвентарлы карточкаларда саналады. Алғашқы құны бойынша келіп түскен сәттен бастап бағаланатын негізгі құралдар 2410 бөлім шоттарына дебеті бойынша сәйкес көрсетіледі. Корреспонденциялар:

Дт 3310

Кт 1010, 1030

Негізгі құралдардың обьектісі есебінен шығарылған шоттар бойынша төлем жүргізілді.

Дт 2410

Кт 3310

ҚҚС-сыз негізігі құралдар кірістелді.

Дт 1420

Кт 3310

ҚҚС сомасында проводка жасалуда.

Дт 3130

Кт 1420

ҚҚС бойынша сома.

Негізгі құралдарды шығару кезінде олардың баланстық құны жазылып, мынадай проводкалар жасалады.

  Дт 7410

    Кт 2410

негізгі құралдардың шығарылуы

Жиналған тозу сомасына проводка

  Дт 2420

   Кт 2410

Жиналған тозуға

Негізгі құралдар объектісін өтімділік нәтижесінде шығарылса келесі проводкалар жасалады:

  Дт 7410

   Кт 2410

Есептен шығарылған негізгі құралдар баланстық құны

  Дт 2420

   Кт 2410

Алдында есептелген тозу соммасы

  Дт 7410

Кт 3350, 3310, 8310

негізгі құралдар ликвидациялау мен байланысты шығындар

  Дт 1310

     Кт 6210

негізгі құралдар есептен шығару кезінде алған тауарлы материалдық құндылықтар құны

  Дт 5420

   Кт 5510

Ликвидацияланған негізгі құралдар бойынша бағалауға дейін есептеп шығарған сомма

3. Аудиторлық мамандық этикасының кодексі

Арнайы мамандар тілімен айтқаңда жалпы этика екі түрге бөлінеді. Ол - жалпы жан дүние этикасы және мамандық (жұмыс) этикасы. Қандай мамандық болса да олардың этикасы мамандық негізінде қалыптасқан қызмет саласының ерекшелігіне негізделген әдептілік, ізеттілік, философиялық тұргыдан анықталған.

Мамандар этикалық кодексінде аудитордың дербес, тәуелсіздік көрсету жолына көп көңіл бөлінген. Ондағы негізгі мәселе тәуелсіздікті қамтамасыз ету үшін, алдымен объективтілікті және күдіктілікті жібермей жұмыс істеу. Себебі, көптеген факторлар күдіктілік туғызады, содан кейін ол объективтілікке әсерін тигізеді. Сондықтан мамандар этикалық кодексінде күдіктіліктен алшақ болу жолын, оған жол бермеу үшін не істеу керек екенін қарастырған.

Аудит этикасының кодексінде тағы ерекше айтылған жағдай ол -соттасу немесе сот тергеуінен аулақ болуы керек. Ондай жағдайға душар болған кезде тапсырушының жұмысы туралы коммерциялық құпиялар жария болады да, тапсырушы кәсіпорынға үлкен моральдық және материалдық зиян келтіреді, ол жағдай аудит фирмасына да тиімді болмайды. Ондай жағдай" болса ол аудит фирмасының беделін түсіріп, тәуелсіздігіне күдік туғызады. Сонымен қатар ондай аудит фирмасы тапсырушылардың сенбеушілігіне, күдікті болуына, жүмыс беруден бас тартуына әкеліп соқтырады.

12 емтихан билеті