Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
№1билет.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
227.99 Кб
Скачать

3. Қр аудит стандарттары

Аудит стандарттары дегеніміз - аудитке қойылатын бірегей талаптарды және аудит өткізу тәртібін анықтаушы принциптерді белгілейтін нормативтік құжаттар.

Аудит стандарттары аудиторлар палатасының Республикалық конференциясында қабылданады және оларды мемлекеттік өкілетті органдар бекітеді 121. 2000 жылғы наурыз айында өткізілген аудиторлардың бесінші Республикалық конференциясында Казақстан аудитін халықаралық стандарттарға көшіру және оларды үлттық стандарттар ретінде кдбылдау туралы шешім қабылданды. Ол стандарттар аудит өткізудің жалпы тәсілдерін, аудиторлық тексеру жүргізудің ауқымен, аудиторлық қорытынды есептің түрлерін, аудит методологиясы мәселелерін, сондай-ақ аудиттің еткізілу шартына қарамастан, осы кәсіптің барлық өкілдері қолдануға тиісті базалық принциптерді анықтайды.

Аудит стаңдарттарының маңызын төмендегілер айқындайды:

• жоғарғы сапалы аудиторлық тексеруді қамтамасыз етеді;

• аудит өткізудің барлық кезеңдері (сатылары) бойынша регламентгі анықтайды;

• аудиторлық тексеру нәтижелері дұрыстығының құқықтық кепілдігін қамтамасыз етеді;

• Қазақстан аудитінің деңгейін көтереді және оны халықаралық экономикалық қатынастар саласында танымал етеді;

• аудит өткізу және оның нэтижелерін рәсімдеу мәселелеріне катысты тәсілдерді, терминдерді, анықтамаларды, мәліметтерді бір ізге салу міндеттерін шешеді;

• аудиторлық тексеру жүргізу іс-тэжірибесіне жаңа ғылыми жетістіктерді енгізуге ықпал етеді;

• ақпаратты пайдаланушыларға аудиторлық тексеру жүргізу процессін түсінуге көмектеседі;

• кәсіптің қоғамдық беделін күрайды;

• мемлекет тарапынан бақылауды жояды;

• аудиторға клиентгермен келіссөз жүргізуге көмектеседі; '

• аудит өткізу процессінің жекелеген элементтерінің байланысын қамтамасыз етеді.

Әдетте, ішкі стандарттарға оларды жасаушылар қол қояды және міндетті түрде аудиторлық фирманың жетекшісі бекітеді.

Фирмаішілік аудиторлық стандарттарды үш блокка біріктіруге болады:

• аудиторлық фирмалардың күрылымы және оның қызметін ұйымдастыру технологиясы;

• зандар мен стандарттардың талаптарын жүзеге асыру бойынша құжаттар;

• тексеру жүргізу әдістемесі.

11 емтихан билеті

1. Қаржылық есептің элементтерін бағалау

Қаржылық есептілік элементтері:

Актив бұл құндық бағасы бар субъектінің құқығы мен жеке мүліктік және мүліктік емес игілігі.

Міндеттемелер – бұл өткен мәміленің нәтижесі, ол жүзеге асқандықтан қарызданушының міндеттемесінің пайда болғандығы, белгілі бір қимылының кредитор пайдасына жасалатындығын көрсетеді: қарызды төлеу немесе одан бас тарту, ал кредитор қарызданушыдан өз міндеттемесінің орындалуын талап етуге құқығы бар.

Меншік капиталы бұл субъектінің міндеттемесі шегерілген активі. Бухгалтерлік есесте ол бірнеше классқа бөлінеді: жарғылық капиталы, қосымша төленген капиталы,резервтік капиталы және бөлінбеген пайда.

Қаржылық нәтижесі бұл есепті жылдағы кәсіпорынның қаржылық шаруашылық қызметінің нәтижесі (шығыс пен табыстың айырмасы). Қаржылық нәтижені өлщеу элементі табыс пен шығыс болып табылады.

Табыс бұл есепті кезеңдегі активтердің өсуі, не міндеттемелердің азаюы және субъектінің негізгі және негізгі емес қызметінің нәтижесі. Негізгі емес қызмететн алынған табыстардың қатарына: өнімді, жұмысты, қызметті сатқаннан алынған табысы, ТМҚ-дан, жалға беруден, инвестициялық қызметтен түсетін табыстары жатады.

Шығыстар бұл есептік кезеңде активтердің азаюы, не міндеттемелердің көбеюі және өнімді өндірумен, жұмысты атқарумен, қызметті көрсетумен байланысты шығындар, негізгі және негізгі емес қызметтен шеккен зияндар және төтенше жағдайдан туындаған шығындары.