Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
№1билет.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
227.99 Кб
Скачать

3. Аудиттің халықаралық стандарттары және олардың сипаттамасы

Халықаралық  деңгейдегі кәсіби талаптарды әзірлеумен бірнеше ұйым айналысады, оның ішінде 115 елдің 158 ұйымының өкілдерін қамтитын Халықаралық бухгалтерлер федерециясы бар.

ХБФ аясында аудиорлық стандарттармен тұрақты дербес ұйымның құқығымен әрекет ететін Аудиторлық іс тәжірибе бойынша халықаралық  комитет тікелей айналысады. ХАС жалпы әлемдік деңгейден аудиттік деңгейі төмен елдердің бұл саладағы кәсібилігін дамытуға және халықаралық ауқымда аудиттің тәсілдерімен сәйкестендіруге ықпал етеді. ХБФ өткізілетін тәуелсіз аудиттің кез келген жағдайында қолдануға келседе, ол жергілікті жерде қолданылатын аудиттен асып кете алмайды, яғыни одан басым түспейді.

Кейбір мемлекеттерде ХАС ты өз стандарттарын әзірлеу үшін база ретінде пайдаланса, ал өз стандарттарын әзірлемейтін мемлекетер ХАС ты ұлттық ретінде қабылдайды.

2000 жылдың  16-шы наурызында, Алматы қаласында өткен  ҚР аудиторларының бесінші республикалық конференциясында  ҚХАС қарастырылып қабылданды.

Аудиторық іс — тәжірибе жөніндегі Халықаралық комитет аудитті өткізудің халықаралық стандарттары ілеспе қызметті көрету бойынша стандарттардан тұратын нормативтік құжаттарды шығарады. 1994 жылдың шілдесінен бастап ХАС аудит стандарттарының кодификациясында 29 ХАС пен 4  ІҚС болса, кодтарды қайта қарастырып өзгерткеннен кейін олардың жалпы саны 2005 жыл басында 50 — ге жетті, оның ішінде олардың 38 — і ХАС қа , ал 12 — сі халықаралық аудиторлық іс тәжірибе бойынша ережеге негізделді.

10 емтихан билеті

1. Актив, міндеттеме, капитал, ұйымның кірістері мен шығыстары туралы түсінік

Актив бұл құндық бағасы бар субъектінің құқығы мен жеке мүліктік және мүліктік емес игілігі.

Міндеттемелер – бұл өткен мәміленің нәтижесі, ол жүзеге асқандықтан қарызданушының міндеттемесінің пайда болғандығы, белгілі бір қимылының кредитор пайдасына жасалатындығын көрсетеді: қарызды төлеу немесе одан бас тарту, ал кредитор қарызданушыдан өз міндеттемесінің орындалуын талап етуге құқығы бар.

Меншік капиталы бұл субъектінің міндеттемесі шегерілген активі. Бухгалтерлік есесте ол бірнеше классқа бөлінеді: жарғылық капиталы, қосымша төленген капиталы,резервтік капиталы және бөлінбеген пайда.

Табыс бұл есепті кезеңдегі активтердің өсуі, не міндеттемелердің азаюы және субъектінің негізгі және негізгі емес қызметінің нәтижесі. Негізгі емес қызмететн алынған табыстардың қатарына: өнімді, жұмысты, қызметті сатқаннан алынған табысы, ТМҚ-дан, жалға беруден, инвестициялық қызметтен түсетін табыстары жатады.

Шығыстар бұл есептік кезеңде активтердің азаюы, не міндеттемелердің көбеюі және өнімді өндірумен, жұмысты атқарумен, қызметті көрсетумен байланысты шығындар, негізгі және негізгі емес қызметтен шеккен зияндар және төтенше жағдайдан туындаған шығындары.

2. Қорлардың қоймадағы және бухгалтериядағы есебі

Материалдар өздері сақталып тұрған жері бойынша, яғни кәсіпорын қоймасында және кәсіпорын бухгалтериясында есептелінеді. Материалдық қорлардың қоймадағы есебінің дұрысұйымдастырылуы олардың дұрыс сақталынуына, қоймадағы жұмыстың дұрыс жүргізілуіне және олардағы жұмыстың қалай қойылғандығына байланысты. Қоймада материалдық қорлардың әрбір түрлері, сорттары бойынша бөлек сақталуы тиіс. Материалдардың маркасы, сорты, көлемі, наменклатуралыцқ номері, өлшем бірлігі, сақталып тұрған материалдардың мөлшері, т.б. көрсеткіштері картон немесе фанерге жазылып, материалдарға байланып немесе жапсырылып қойылады. Қоймадағы және цехтегі материалдардың аналитикалық есебі белгілеген түрі бойынша олардың ішінде сорттары мен маркалары бойынша жүргізіледі. Қоймада материалдық қорлардың тек қана сандық есебі жүргізіледі. Материалдардың әрбір номенклатуралық номері бойынша бөлек үлгілі түрі М-17 карточкасы ашылады. Бұл карточкада материалдық қорлардың аты, мөлшері, көлемі, сорты, өлшем бірлігі, номенклатуралық номері және есетеу бағасы көрсетіледі.

Материалдар қозғалысын есепке алу жөніндегі шоттар корреспонденциясы төмендегінше:

1. Дт 1310- Кт 3310- өнім жеткізушілерден келіп түскен материалдық құндылықтардың құнына;

2. Дт 1420- Кт 3310- жабдықтаушылардың шот фактурада тұрған салық сомасына;

3. Дт 1310- Кт 6210- негізгі құралдарды жоюдан кіріске алынған материалдарға;

4. Дт 8010, 8030- Кт 1310- негізгі және көмекші өндіріске босатылған материалдар құнына;

5.Дт 7210- Кт 1310- үй жайларды, ғимараттарды жөндеуге, жалпы шаруашылықтың және басқару мақсатындағы жабдықтауға жұмсалған материал құнына.

Дайын өнімді сату бойынша төмендегідей шоттар корреспонденциясы жасалады:

  1. Дт 7010- Кт 1320- қоймадан нақты өзіндік құнымен дайын өнім босатылғанда;

  2. Дт 1210- Кт 6010- сатып алушыларға салықтық шот- фактуралар және төлемдік талап тапсырмалар келісім бағалар бойынша берілгенде;

  3. Дт 1040- Кт 1210- сатып алушылардан босатылған өнім үшін төлем төленгенде.