Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
№1билет.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
227.99 Кб
Скачать

1 емтихан билеті

1. Бухгалтерлік есептің пайда болуының тарихи аспектілері

Экономикалық теорияда бухгалтерлік есептің алғашқы даму кезеңін төрт негізгі кезеңге бөліп қарастырады:

Тауарлы-ақшалай қатынастарының пайда болуынан бастап XVIII ғ аяғына дейін;

XVIII ғ. аяғынан XIX ғ. дейін;

XIX ғ. соңы – XX ғ. басы;

XX ғ. бастап бүгінгі күнге дейін.

Бухгалтерлік есептің алғашқы даму кезңіне екі жақты жазу әдісінің кеңінен таралуы тән болып табылады.

Екінші кезеңнің тарихи маңыздылығына келсек онда онда «есептеу» ғылымының басты бағыттары анықталған, ал бұдан кейін оның одан әрі дамуы сипат алды. Осы кезеңде есептеу нысандары бойынша жұмыстардың көптеген саласы шығады, есептеудің сан алуантеориялары туындайды: Францияда – заңдық, Италияда – материалистік, Германияда – камералдық .

Үшінші кезең, өз мәні бойынша, бухгалтерлік есептің ғылыми ілімдердің бір саласы ретінде қалыптасқан кезеңі болып саналады. Осы жылдары бухгалтерлік есептің бірқатар анықтамалары мен мақсаттары қалыптастырылды.

Бухгалтерлік есептің төрінші даму кезеңі сыртқы нарықтык орта жағдайында қазіргі бухгалтерлік есептің басты мақсаттарының айқындалуымен сипатталады.

Бухгалтерлік есеп – белгілі бір шаруашылық жүргізуші субъект туралы қажылық ақпараттарды өлшеуді, өңдеуді және тапсыруды жүзеге асырушы жүйе. Бұл ақпараттар оларды пайдаланушыларға (тұтынушыларға) субъектінің шаруашылық қызметіне басқару жүргізудің альтернативтік вариантарын таңдау кезінде негізді шешім қабылдауға мүмкіндік береді.

2. Активтердің жіктелуі: қысқа мерзімді активтер. Ақша қаражаттарын және олардын баламаларын тану

Қысқа мерзімді активтер - қолма-қол ақша түріндегі және қолма-қол ақшаға айналдырылмақшы, сондай-ақ сатуға болатын немесе бір жыл бойына немесе ұзақтығы бір жылдан асатын болса, оперативтік өндірістік өткізу циклі бойына пайдалануға болатын активтер

Ақша қаражаттар қозғалысы – шаруашылықтағы тауарларды өткізуге, сондай-ақ, тауарлы емес төлемдерді және есеп айырысуларды жүзеге асыруға қызмет ететін қолма-қол және қолма-қолсыз ақша формаларындағы ақшалардың қозғалысы. Ол капитал айналымына қызмет ете отырып, барлық жиынтық қоғамдық өнім айналысы мен айырбасына дәнекер болады. Ақшаның қолма-қол және қолма-қолсыз формаларының көмегімен тауарлар айналысы, сондай-ақ несиелік және жалған капиталдың қозғалысы жүзеге асырылад

Ақшалай қаржылармен есеп айырысу операцияларының бугалтерлік есебін жүргізу мен ұйымдастырудың мақсаттары мыналар болып табылады:

1. Ақшамен есеп айырысу операцияларын толық және уақытылы дер кезінде есептеу;

2. Субъектідегі ақшалай қаржылардың түгелдігін және оларды дұрыс, тиімді пайдалануды бақылау.

3. Есеп айырысу, төлеу тәртібін бақылау, кәсіпорынның, ұйымның немесе фирманың ақшалай кірістері мен шығындарын дұрыс есептеу.

1 Ағымдағы банктік шотқа тапсырыс-берушілерден ақша келіп түсті Дт1030 «Ағымдағы ақша қаражаттары» Кт1210 «Сатыпалушылар мен тапсырыы берушілердің дебиторлық берешегі»

2 Қызметкерлерге кассадан ақша берілді. Дт3350 «Қызметкерлермен есеп айырысу» Кт1010 «Кассадағы ақша қаражаттары»

3 Ағымдағы банктік шоттан Алматы ауданы бойынша салық комитетіне ақша аударылды. Дт3350 «Қызметкерлермен есеп айырысу»Кт1030 «Ағымдағы шоттағы теңгемен ақша қаражттары»

4 Ағымдағы банктік шоттан қызметкерлердің еңбекақысынан зейнетақы аударымдары жасалды. Дт3350 «Қызметкерлермен есеп айырысу» Кт1030 «Ағымдағы шоттағы теңгемен ақша қаражаттары»