- •С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медициналық Университеті Неонатология бойынша ақпараттық блок
- •Алматы - 2012 оқу жылы
- •Апгар шкаласы
- •Анамнез жинау
- •Жаңа туылған бала және оның физикалық дамуы.Жаңа туылған баланың ағзаларымен жүйелерінің анатома-физиологиялық ерекшеліктері.
- •Ддұ бойынша омыраумен емізудің негізгі принциптері.
- •Жаңа туылған балаларды ерте омырауға салу:
- •Жаңа туылған балаларды тамақтандыру.
- •Аралас тамақтандырудың ережесі:
- •Шала туылған балалар. Құрсақішілік дамудың кідіріуі.
- •Балалардың туғаннан бастап гестационды жасқа дейінгі физикалық даму көрсеткіштері
- •Жаңа туылған баланың іріңді – септикалық ауруы. Құрсақішілік инфекциялар.
- •Құрсақішілік цитомегаловирусты инфекция
- •Құрсақ ішішілік токсоплазмоз
- •Құрсақ ішілік микоплазмалық инфекция
- •Патогенезі
- •Диагностика
- •Алдын алу
Құрсақ ішішілік токсоплазмоз
ТОКСОПЛАЗМОЗ - бұл Табиғи ошақ жағынан зооноздыға жататын паразитарлық ауру.Бұл ауру қарапайымдылармен шақырылады,спора түзуші классқа жатады.
Токсоплазмоздың
инфицирленуі барлық елдерде кең
таралған.АҚШ-та 5 жасқа дейінгілер 10-19
жас аралықта10% 50 жастан үлкендерді.
67% де токсоплазмозбен инфицирленеді.
ТМД елдерінде жалпы халықтың 30%
инфицирленген.Бүкіл елде токсоплазмозбен
инфицирленген адамдар саны шамамен
500млн жетеді.Инфицирленген әйелдерден
тума токсоплазмоз 1000-3500 туылған баланың
..1-де ғана кездесседі.Бұл паразиттердің
мекен етуші иесі мысық және мысықтар
тұқымдасына жататын жануарлар.Ал аралық
иесі болып адам,ит,шошқа,құста болуы
мүмкін.Олардың ағзасында жыныстық
жетілу кезінде токсоплазмоздың көбеюі
байқалады.Инфицирленген сау адам ешқашан
ауруға аллып келмейді,тек 30-60% симптомсыз
тасушы болып табылады.Ауру адам сыртқы
ортаға ешқандай қауіп қатер төндірмейді
өйткені одан сыртқы ортаға қоздырғыш
бөлінбейді.Жүкті әйел 1-ші триместрінде
инфицирленсе ұрықтың 15-20% зақымданады.Ауру
ауыр түрде өтіп кейде ұрықтың өлімімен
түсікке алып келуі мүмкін 2-ші триместр
кезінде инфицирленсе ұрықтың 30%
зақымданады.3-ші триместрде инфицирленсе
ұрықтың 65% зақымданады.Бұл ауруда
клиникалық көріністер айқын байқалмайды.Егер
әйел жүктілікке дейін инфицирленсе (6
айға дейін) онда ұрық зақымданбайды.Тумасынан
токсоплазмоз бұл жіті ауру және созылмалы
түрде өтуі мүмкін.
Токсоплазмоздың жедел түрі жиі генерализацияланған түрде өтеді.Ол айқын жалпы интоксикациямен,жоғары қызбамен,экзантемамен,2 аптаға сақталатын гепато спленомегалиямен ,сарғаю синдромымен,лимфоаденопатиямен,геморрагиялық синдромға алып келетін тромбоцитопениямен,менингоэнцефалитпен,басішілік қысымның гипертензиясымен,клоникотоникалық тырысумен,парезбен немесе салданумен көрініс береді.Мұндайда балалар гидроцефалияның бастапқы сатысымен,микроафтальмиямен,хореоритинотомен туылады.Бұл симптомдар 4-7 байқалады,оған қоса ақыл- естің артта қалуымен,кереңдік етек алады.Ошақты энцефалит тің нәрестелік кезеңде клиникалық белгілер байқалмауы дамүмкін.Алайда 1-3 жылдан соң панэнцефалит түрінде байқалуы мүмкін.Оша0ты токсоплазмозды энцефалит терең жетілмей туылған балаларда айқын перевентрикулярлы лейкомальяция,некроз аймақтарының болуымен байқалады.Токсоплазмозға Сейбина триадасы тән ( гидроцефалия,хореоритинит,обезвествлениясы) бұл менингоэнцефалитті анықтауға аз көмектеседі.
Құрсақ ішілік хламидиялық инфекция
Хламидиоздар-зоонозды,антропонозды табиғаттың инфекциясына жатады.ДДҰ бағалауы бойынша бұл инфекция жыныстық жолменде беріледі.Кездесу жиілігі бойынша урогенитальды хламидиоз трихомонадалық инфекциядан кейінгі 2 орынды алады.Ол зәр шығару жолындарының көп ошақты зақымдануын туғызады .Урогенитальды хламидиоздың қоздырғышы-Chlamydia trachomatis-қозғалмайтын грам теріс облигатты жасуша ішілік бактериялар.
Хламидиялар-прокариоттар тобына жататын микроорганизм,ұсақ грамтеріс коккты,2 нуклейнді қышқылдан тұрады:ДНҚ мен РНҚ.Олар ерекше даму сатысына ие,элементарлы және ретикулярлы денешіктер болады.
Элементарлы денешік- жоғарғы инфекционды қоздырғыш түрі,жасушадан тыс өмірге бейімделген,өзіндік өсуіне АТФті пайдаланады.4-6 сағаттан соң ретикулярлы денешік пайда болады.Ол- жасуша ішінде өсуге бейімделген түзіліс,метаболикалық белсенді,әлсіз инфекционды.Организмге түскеннен соң көбейеді.Хламидия бір уақытта екі түрлі даму сатысында да дамуы мүмкін.
Жүкті әйелдердің хламидиозы кейбір авторлардың айтуы бойынша 10нан-30-40% аралығында ауытқып отырады.Нәрестеге берілуі 40-70% жағдайда беріледі.
Жүкті әйелдерде хламидия болса ол плацентаны зақымдайды,иммундық кешенді туғызады.Ол плацентарлық жеткіліксіздік шақырады.Негізгі қауіп факторы болып белсенді жұқтырылу табылады.Клиникалық белгілерінің пайда болуы жедел хламиоамиониттің дамуымен көрінеді.Жұқтырылған жүкті әйелдерде патологиялық бөлінділер бөлінеді.Көбінесе үшінші триместрде яғни жүктіліктің 32аптасы.Бұл жедел инфекция көбінесе жүктіліктің бірінші жартысында құрсақ ішілік ұрықтың дамуына кедергі келтіреді,түсік,уақытынан ерте туылу болады.
Клиникасында құрсақ ішілік хламидиоз инфекциясының локальды (конъюктивит,қыздарда вульвовагинит, визикулез, омфалит, гастроэнтероколит,атипті пневмония) және генерализацияланған түрлері қабылданған.Бұл түрінде нәресте туылған соң алғашқы сағатында немесе алғашқы күнінде қайтыс болады.
Генерализацияланған хламидиялардық инфекцияларда менингоэнцефалит,кардиомиопатия,пневмания,тыныс алудың бұзылысы,гастроэнтерит,гепатит,лимфоаденит,кейде ДВС синдромымен асқынады.Инфекция жұқтырған нәрестенің белгілі бір мөлшерінде клиникалық көріністер неонатальдыкезеңде көрінбеуі мүмкін,әрі қарай дамуы бір жасқа дейін немесе одан кейін пайда болуы мүмкін.Инфекцияға диагноз ылғи дәл уақытында қойыла бермейді,осының әсерінен нәтижесіз терапия болады,екіншілік иммунодефицит және аутоиммунды аурулар пайда болады.
