- •С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медициналық Университеті Неонатология бойынша ақпараттық блок
- •Алматы - 2012 оқу жылы
- •Апгар шкаласы
- •Анамнез жинау
- •Жаңа туылған бала және оның физикалық дамуы.Жаңа туылған баланың ағзаларымен жүйелерінің анатома-физиологиялық ерекшеліктері.
- •Ддұ бойынша омыраумен емізудің негізгі принциптері.
- •Жаңа туылған балаларды ерте омырауға салу:
- •Жаңа туылған балаларды тамақтандыру.
- •Аралас тамақтандырудың ережесі:
- •Шала туылған балалар. Құрсақішілік дамудың кідіріуі.
- •Балалардың туғаннан бастап гестационды жасқа дейінгі физикалық даму көрсеткіштері
- •Жаңа туылған баланың іріңді – септикалық ауруы. Құрсақішілік инфекциялар.
- •Құрсақішілік цитомегаловирусты инфекция
- •Құрсақ ішішілік токсоплазмоз
- •Құрсақ ішілік микоплазмалық инфекция
- •Патогенезі
- •Диагностика
- •Алдын алу
Анамнез жинау
Ата-анадан сұралады:
1. Қай жүктіліктен, нешінші бала, егер жүктілік бірінші емес болса алдыңғы жүктілік қалай аяқталды?
2. Анада жүктілік қалай өтті (токсикоз болдыма, бірінші немесе екінші жартысында - жүрек айну, құсу, ісінулер, гипертония, нефропатия, эклампсия)
3. Режим және тамақтану ерекшеліктері
4. Босану қалай өтті (созылуы, жеңілдіктері, асқынуы)
5. Бала жедел айқайладыма, айқайы қандай болды (қатты, әлсіз)
6. Туылғандағы дене салмағы, бойы
7. Омырауға қашан салды, емуі қалай?
8. Кіндік қалдығы қашан түсті және кіндік жарасы қашан жазылды
9. Жаңа туылған сәбидің физиологиялық дене салмағын жоғалтуы болдыма және ол қашан қалпына келді?
10. Бала қай күні және қандай дене салмағымен перзентханадан шығарылды?
11. Баланың физикалық дамуы: өмірінің алғашқы жылында дене салмағы мен бойының өсуі (ай бойынша)
12. Статика және моториканың дамуы: басын алғаш көтеруі, жанына айналуы, арқасынан ішіне айналуы, қашан отыра бастады, қашан жүре бастады
13. Психикалық дамуы: қашан алғаш күлді, гуілдеді, анасын таныды, бөлек буындарды, фразаларды айта бастады, жылдық сөз жинағы
14. Баланың үйдегі және ұжымдағы тәртібі
15. Ұйқы, созылуы, ерекшеліктері
16. Бала қандай тамақтандыру түрінде: шынайы, жасанды, аралас
17. Ауырған аурулары, аурудың өту ерекшеліктері
18. Профилактикалық егулер (БЦЖ, полиомиелит, көкжөтел, сіреспе, күл, қызылша) егуге әсері, туберкулездік сынамалардың нәтижесі
19. Инфекциялық науқастармен қатынасы
Ауру анамнезі
Жас дәрігерге дағдысын қалыптастыру үшін міндетті түрде осы сұрастыру және қарау схемасын ұстану керек. Емшек жасындағы, кіші және мектепке дейінгі жастағы балаларды қарау барысында олардың анатомо-физиологиялық ерекшеліктері бар екенін ескеру керек. Бала үнемі өседі және оның негізгі параметрлері жастық нормаларға сәйкес болуы тиіс. Балалардың бүкіл мүшелері мен жүйелерін бағалау барысында денсаулықтың міндетті критериі физикалық, жүйкелік-психикалық дамуы мен тәртіптік статусының қалыпты болуы, онтогенез барысында ауытқулардың болмауы болып табылады.
Туылғанда физикалық даму көрсеткіштері бойынша балаларды келесі топтарға бөлуге болады:
1. Жаңа туылған бала ірі дене салмағымен (сәйкесінше бой ұзындығымен)
2. Жаңа туылған бала гестациялық жасына сәйкес қалыпты физикалық дамуымен
Жаңа туылған бала және оның физикалық дамуы.Жаңа туылған баланың ағзаларымен жүйелерінің анатома-физиологиялық ерекшеліктері.
Жаңа туылған нәрестелік кезең туылғаннан бастап 28 күнге дейінгі уақыт. Бұл кезең адам онтогенезіндегі өте күрделі этаптардың бірі болып есептеледі. Себебі, бұл уақытта функционалды жүйенің күрделі түрде құрылуы және қоршаған ортаның құбылмалы өзгерістеріне бейімделу жүреді.
Мерізімі жетіп туылған бала деп - жүктіліктің 37-42 аптасында туылған баланы айтады.Бұл кезеңде ол жетіліп немесе жетілмей туылуы мүмкін. Мерзімі жетіп туылған баланың жетілуі оның гестациондық жасымен клиникалық және функционалдық көрсеткіштердің қатынасына байланысты анықталады. Терісі: мақпалдай жұмсақ, жылы және қызғылт , егер теріні қатпар етіп жинасақ, демде өз қалпына келеді. Баланың басы долихоцефалитикалық, брахиоцефалитикалық немесе дұрыс емес формада болады. Басының дөңгелектігінің өлшемі 34-37см, ол кеуде торының көлемінен 1-3см үлкен болуы керек. Қарама – қарсы сүйектердің шеттерінің арасындағы үлкен еңбек 1-3см болады, кіші еңбегі жабық. Сагитальды тігіс әдетте ашық ,ені 3ммден аспайды. Бастың қалған тігістері сүйектің бітіскен жерлерінен пальпацияланады.
Беті салыстырмалы түрде симметриялы. Еріндерінің және ауыз қуысының шырышты қабаты жұмсақ, тез жарақаттанатын және бай васкулиризацияланған болады. Түсі ашық-қызғылт. Кіндігі семсер тәрізді өсіндімен қасаға сүйегінің арасында орналасқан. Ұл балаларда аталық бездері ұмаға түседі, ал қыз балаларда үлкен жыныс ернеуі кіші жыныс ернеуін жабады.
Мерізімінен асып туылған бала деп – жүктіліктің 42 аптасынан асып туылған баланы айтады. Мұндай балаларда трофикалық бұзылыстар - теріасты клетчаткасының жұқаруы және былжырауы, терінің құрғауы және десквамациясы болады(әсіресе алақан мен табанда), біріншілік туыттың жағындысы болмайды сарғаю кейде жасыл түспен жүреді. Сүйектер тығыз, бас жіктері жабық, үлкен еңбектің өлшемі кішкентай болады.
Физикалық дамудың көрсеткіштеріне қарай жаңа туылған балаларды келесі топтарға бөліп көрсетуге болады:
1. Жаңа туылған бала үлкен дене салмағымен(сәйкесінше бойының ұзындығы).
2. Жаңа туылған бала физикалық дамудағы өзінің гестациондық жасындағы қалыпты дене салмағымен.
3. Жаңа туылған бала гестационды жасының қатысына қарай төмен дене салмағымен, сондай-ақ, бұл топқа құрсақ ішілік дамудағы кідіріс болған балаларды қосуға болады.
Ерте жастағы баланың физикалық дамуы.
Оны антропометриялық көрсеткішпен анықтайды: бойы, салмағы, басының, кеуде торының өлшемі. Алғашқы 3-4 күндері баланың салмағы 150-300г-ға төмендейді. Бұл салмақтың физиологиялық төмендеуі болып табылады. Бұл жетіспеушілік өмірінің 7-10 күндері тез қалпына келеді.
Мерізіміне жетіп туылған балалардың параметрі:
Бойы 50-53см
Салмағы 3,3-3,5кг
Басы 34-36см
Кеде торы 32-34см
Алдыңғы 3 айда-25-30г-ға салмағы төмендейді. 4-6 айда- 20-25грамм болады.
Салмақ қосу І-ші жарты жылда ай сайын 800,0, ІІ-ші жарты жылдықта-400,0 құрайды.Өзінің 1-лік салмағын бала 5-6 айда қосады.Өмірінің бірінші жарты жылдығында салмағын шамалау үшін мына формуланы қолдануға болады:
Туылғандағы дене салмағы + 800г * n. n ол – І-ші жарты жылдағы әр айдың алғашқы күні. Баланың дене салмағы 6 айда 8200граммға тең, Әрі қарай 4-5 жасында 20-22 кг-ға жетеді(ай сайын 2кг). Мерізімі жетіп туылған баланың бойының ұзындығы 46-56см арасында нәрестелерде бойының өсуі өте тез жүреді. Алғашқы 3 айда балалар ай сайын орташа есеппен 3 см-ден қосып отырады, 4-6 айда – 2,5см, І-ші жарты жылдықта 16,5 см-ге дейін өседі. 1 жылда 75см(1жылда 25см-ден).
Басының шеңбері орташа 34-36см-ге тең, кейіннен ол жеткілікті түрде тез өседі және баланың биологиялық дамуының жалпы заңдылығын көрсетеді. Бас шеңберін мына формуламен есептейді: 6 айлық баланың басының көлемі 43 см-ге сәйкес , 43см-ге әр жетпеген айға 1,5см қосып санау керек. 1 жылда 44-46см. Бас көлемінің өсуінің соңына дейін тағы 10-11 см-ге өседі.
Кеуде шеңберінің өлшемі кеуде торының өсу сатысын анықтайды. Сонымен қатар, тыныс алу жүйесінің функционалды көрсеткішімен кеуде торының бұлшық ет аппаратының дамуын және тері асты май қабатының дамуын көрсетеді. Туылған кездегі кеуде торының орташа көлемі 32-34см. Ол баланың басынан қарағанда біраз кіші болады. Баланың 4 айлығында басы мен кеудесінің мөлшері теңеледі, кейіннен кеудесі басынан үлкен болады. І-ші жарты жылдықтағы балалардың кеудесінің мөлшерін шамамен бағалау үшін мына формуланы қолдануға болады: 6 айлық баланың кеуде торының көлемі 45см, 45см-ге жетпейтін әр ай үшін 2см қосып есептейміз. Дұыс физикалық дамудың көрсеткішін эйтрофиямен бағалауға болады.
Жаңа туылған балалардың анатомо-физиологилық ерекшеліктері.
Патронаждың кезеңдері: антенатальды (туғанға дейін) ұрықты сақтау(антенатальды патронаж); жаңа туылған баланың өмірінің бірінші айындағы патронаж ;баланың бірінші жылындағы патронажы.
Жаңа туылған баланың патронажы перзентханадан шыққаннан кейін 3 күннен кешіктірмей жасалады. Оған мына көрсеткіштер кіреді. Паспорттық бөлім, анасынан жүктілікпен туу үрдісі туралы сұрау, жаңа туылған баланың паспорттық бөлімімен танысу және антропометрия жүргізу, шекаралық жағдайлардың динамикасын бағалау, кіндік қалдығының түсу уақыты, перзентханада баланың тамақтануы, туберкулезге, полиомиелитке және вирусты гепатит В-ға қарсы вакцинация жасау, бөлменің санитарлық жағдайы, жаңа туылған балаларды қарауды және ана мен балаға кеңес беру, баланың денсаулығының тобын анықтау.
Баланы 1жылға дейін 14 реттен кем қарайды, оның ішінде 12 рет емханада және айына 1 рет мейірбике баланың үйіне барып қадағалайды. Бірінші айда 2 рет, кейіннен қалған айда айына 1 реттен қарайды.
Балалар емханасында бірінші кезекте ұйымдастырылатын шаралардың бастысы құрамында профилактикалық жұмыс кабинеті бар дені сау баланың бөлімін құру болып табылады. Бұл бөлімнің ішіндегі кабинеттің мақсаты: салауатты өмір салтын насихаттау, ата-анаға баланы тәрбиелеуді үйрету(күн тәртібі, тамақтану, физикалық тәрбиелеу, бала күтімі), баланың гигиеналық тәрбиесі туралы сұрақтарды қарастыру,баланың дамуындағы өзгерістермен ауырып қалған жағдайдағы профилактикалық шаралардың сұрақтарын қарастыру. Медициналық қызметкерлер жас ата – аналарға арналған мектепте әр түрлі әдістемелік құралдарды және материалдар арқылы сабақтар жүргізеді. Ата-аналарды баланың тамағын және қосымша тамақтарын дұрыс дайындауды үйрету және әдебиеттермен қамтамасыз ету.
