Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
23_top.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
8.07 Mб
Скачать

Ддұ бойынша омыраумен емізудің негізгі принциптері.

  • Омыраумен емізудің осы ережелерін қатаң сақтау

  • Медицина қызметкерлеріне омыраумен тамақтандырудың ережелерін және дағдыларын үйрету.

  • Жүкті әйелдерді омыраумен тамақтандырудың техникасы туралы ақпараттандыру.

  • Омыраумен тамақтандыруды туғаннан кейін жарты сағат ағымында бастау.Егер аналар балаларынан уақытша бөлек болсада, оларға лактацияны сақтауды үйрету.

  • Жаңа туылған балаға медициналық көрсеткіш болмаса омырау сүтінен басқа тағам немесе сұйықтық бермеу.

  • Баламен ананың үнемі бір палатада болуын қамтамасыз ету.

  • Ана сүтін белгілі тәртіппен емес , нәресте қалаған кезінде беру.

  • Ана сүтімен тамақтанатын балаларға ешқандай тыныштандыратын дәрілерді бермеу немесе емізік бермеу.

  • Омыраумен тамақтандыруды қолдайтын топты ұйымдастыруды кеңейту.

Жаңа туылған балаларды ерте омырауға салу:

    • ана лактациясын қою

    • жаңа туылған баланың құрсақтан тыс орта шарттарына дұрыс бейімделуі,

    • ішектік дисбактериоздың профилактикасы,

    • ана мен бала арасындағы психологиялық қарым-қатынасты орнату,

    • туғаннан кейінгі жатырдан қан ағудың алдын алу(окситоцин өндірілуінің есебінен).

Жаңа туылған баланың негізгі тағамы ана сүті болып есептеледі.

Жаңа туылған балаларды тамақтандыру.

Шынайы тамақтандыру – ең болмағанда 1 жыл ана сүтімен тамақтандыру. Сүт безінің дайындалу үрдісі гипофиздің алдыңғы бөлігінен және плацентарлы лактоген гормондарының әсерінен сүт безі алвеоласының өсуі мен дамуынан. жүктілік кезінен басталады. Туылғаннан кейін сүттің бөліну үрдісін сүт бөлінуін қамтамасыз ететін пролактин және миоэпителиальды жасушаларды жиырылтатын, сүттің сүт жолымен емізікке дейін келуін қамтамасыздандыратын окситоцин гормондары бақылап отырады. Бұдан басқа окситоцин жатыр миометриінің жиырылуы үрдісін және туғаннан кейінгі кезеңдегі инволюцияны қамтамасыз етеді. Ана сүтінің басқа сүттің түрлеріне қарағанда артықшылығы көп.Ана сүті баланың асқорыту жолдарында тағамның жақсы қорытылуына әсер ететін ақуыз, көмірсулар, тұздар және дәрумендердің ара қатынасы керекті мөлшерде дұрыс сақталған.Ана сүтіндегі белок сиыр сүтіндегі белоктан қарағанда аз болғанымен, барлық алмастырылмайтын аминқышқылдары толық және негізінен альбумин көп. Ол ақуыздар ұсақ дисперсті болғандықтан жеңіл қорытылады және көп асқорыту сөлдерін қажет етпейді. Сонымен бірге, сиыр сүтінің ақуызы - казеин ірі дисперсті болып табылады және асқазанда жалпақ қабыршақ түзіп асқазанның шырышты қабатын тітіркендіреді. Сондай-ақ, казеин жоғары антигенді болып табылады, ал ана сүтінің антигендік құрамы жоқ.

Майдың ана сүтімен сиыр сүтіндегі мөлшері бірдей, бірақ құрамдарымен ерекшеленеді. Ана сүтінде 9-12%(линольді, линоленді, арахидонды қышқылдар)алмастырылмайтын қанықтырылмаған қышқылдар көп , ал сиыр сүтінде ол 1-3%. Майдың сіңірілуін қамтамасыз ететін фосфолипидтің көп мөлшерде болуы ана сүтін бағаландыра түседі.

Айта кететін бір жайт, ана сүтіндегі майдың сіңірілуін қамтамасыз ететін липаза, сиыр сүтіндегі липазадан қарағанда активті.

Ана сүтіндегі көмірсу сиыр сүтіндегі көмірсудан қарағанда көп мөлшерде және оның негізгісі лактаза. Ол В тобының витаминінің синтезін стимуляциялайды және бифидобактерияның өсуін стимульдейтін олигоаминосахара ана сүтінің құрамына кіреді. Ана сүтінің бифидогенділігі сиыр сүтінен қарағанда 40 есе жоғары. Сиыр сүтінде қант β-лактоза түрінде сақталған.

Ана сүтінде минеральды заттар төмен, бірақ құрамы сапалы. Сиыр сүтінен қарағанда ана сүтінде Са 4 есе , ал Р 2 есе төмен(2:1 арақатынасында). Са-дің сіңірілу коэффициенті ана сүтінде 60% ал, сиыр сүтінде небәрі 20%-ды құрайды.

Емізуге дейінгі тамақтандыру ана сүтінің орынбасушы болып табылады. Ол бейімделген және бейімделмеген болады.

Бейімделген түрі көбінесе сиыр сүтінің негізінде жасалады.Оны фабрикалық жолмен өңдеп,құрамы жағынан ана сүтіне ұқсастырып шығарады.Мысалы:(Малютка, малыш, Семилак, Нутрилон, Виталон )

Бейімделмеген түрі бөлінеді: тәтті (сиыр сүті және қосындылары А,В,С) және қышқыл сүтті (айран және қосындылары А,В,С).

Сонымен қатар емдік сүтті емес қоспалар бар- соя сүті, миндальді сүт, ашытқы сүті.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]