Абылай хан атындағы Халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті
СӨЖ
Тақырыбы: Сенімхат
Орындаған: 321-топ студенті,
Қабылқаев Асқарбек
Қабылдаған: Кульманова М.Н.
Алматы-2015
1-тапсырма
Тақырып бойынша алған білімін тексеру, бекітуге арналған сұрақтар.
Сенімхат - белгілі бір тұлғаның өз өкілеттілігі мен құқын екінші бір тұлғаға берілгенін жазбаша растайтын іс қағазының бір түрі. Сенімхат нақты бір мәселені (көбінесе мүліктік сипттағы) үшінші бір тұлғамен шешу мақсатында беріледі.
Ресми сенімхаттар мекеме өкіліне сол мекеме атынан мәміле жасауға, материалдық құндылықтар мен ақша алуға немесе басқа іс-әрекетті жүзеге асыруға беріледі.
Жеке сенімхаттар жеке тұлға атынан беріледі. Онда сенім білдіруші мен сенім білдірілген тұлға өзінің орнына құжаттарды рәсімдеуге құқық береді.
Орысша аудармасы
Доверенность на ведение наследственного дела и получения свидетельства о праве на наследство
Доверенность
Город Костанай, 18 июня 1999 года.
Я, Ускенбаев Жанибек, проживающая в гор. Костанай, ул.А.Байтурсынова, дом N 71, кв.5,удв. № 723997 ,доверяю Есенгелдину Жомарт, проживающему в гор.Костанае, ул. Ж.Аймауытов, дом N97, № 85960071, доверяю получить свидетельство о праве на наследство на имущество, оставшееся после смерти умершего брата Бакытов Оскенбая.
Для совершения указанных действий я уполномочиваю его
подавать от моего имени заявления
получать справки и необходимые документы
расписываться за меня
получать свидетельство о праве на наследство
Доверенность выдана до 18 октября 1999 года,сроком на шесть месяцев.
Подпись__________________
В) Мәтіннің лұғатын оқыңыз. Орыс тіліндегі баламасын табыңыз.
Азамат – гражданин
Тұратын – проживающий
Жеке басының куәлігі – свидетельство о личности
Қажетті құжаттар – необходимые документы
Менің орныма қол қою – расписываться за меня
Нотариалдық кеңсе – нотариальная кантора
Жеке басы – личность
Тіркелген – зарегестрировано
2-тапсырма
Сенімхатта жеке түлғаға қатысты мәлімет қандай тәртіпте берілген?
Хронологиялық тәртіпте берілген
3-тапсырма
Сенімхат
2006 жылғы 7 каңтар, Аякөз қаласы
Мен, азамат Қабылқаев Асқарбек, мекенжайым: Аякөз қаласы, Пушкин көшесі, 22-үй, 14-пәтер, Қазақстан Республикасының ІІМ 1993 жылғы 25 қазанда берген жеке куәлігімнің № 525821322, Аякөз қаласы, Абай көшесі, 31-үй, 54-пәтерде тұратын азамат Сапарбеков Нұржан Омарбекұлына, Қазақстан Республикасының ІІМ 1995 жылғы 21 ақпанда берген жеке куәлігінің № 16235489, Аякөз қаласы, Пушкин көшесі, 22 мекенжайындағы пәтерімді жекешелендіруге сенім білдіремін.Бұл үшін азамат Сапарбеков Нұржан Омарбекұлын менің атымнан өтініш жазуға; қажетті құжаттарды алуға; оларды мемлекеттік органдарға тіркеуге; мүлік иесі ретінде мені салық инспекциясына белгілеуге; аталған тапсырмаларды орындауға қатысты барлық құжаттарға менің орныма қол қоюға өкілетті етемін.
Сенімхат 2 айға дейін өз күшінде.
2006 жылғы 7 қаңтар қолы
4-тапсырма
Төмендегі жағдаяттар бойынша сенімхат түрлерін жазыңыз.
1) Келісімшарт бойынша үйдің иесі Р.Б.Ибраева. Ол 1 жылға шет елге іссапармен кететін болды. Үйді сатуды өзінің күйеуі Ж.Мырзабековке тапсырды. Осы бойынша ол қандай сенімхат жазады?
Ол үйді сату сенімхатын жазады
2) Б.Б.Көпеева өзінің нөмересін демалу үшін шет елге алып барғысы келеді. Бірақ ол үшін баланың ата-анасынан сенімхат керек болды. Сенімхатта баланы алып жүру, қыдыру құқығы Б.Б.Көпееваға берілетін айтылуы қажет. Сенімхат ата-ананың біреуінің атынан жазылады.
Баланың қыдыруға алып жүру құқығын Б.Б.Көпееваға беру туралы сенімхат
Д) Қазақ тіліне аударыңыз.
Паспорт-төлқұжат, удостоверение личности- жеке куәлік, водительские права-жүргізуші куәлігі, свидетельство о рождении-туу куәлігі,
Документ-құжат, личное письмо-жеке хат, копия документа-құжат көшірмесі, визитная карточка-визит карточкасы, удостоверяющий-куәландырушы
Личность- жеке тұлға
Е) мына тақырыпта сенімхат жазыңыз.
- стипендияны басқа адамның алуы туралы;
- машина жүргізу куәлігін іңізге беру туралы;
- кеден бөліміндегі заттарыңызды алу туралы;
