Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
сумен жабд.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
6.29 Mб
Скачать

1. Жинап әкететін жүйе. 2. Ағызып әкететін жүйе.

Жаңбыр каанализациясының негізгі атқаратын міндеттері елді мекендердегі, өнеркәсіп орындағы жаңбыр суын суаттарда алып кету. Үй ішіндегі жаңбыр жүйелері үйдің шатырларында пайда болған жаңбыр суын алып кетуге қолданылады. Сыртқы жаңбыр жүйелері жерасты құбырларынан және жаңбыр қабылдағыштардан тұрады. Сыртқы жаңбыр канализациясы үш түрлі болады: ашық, жабық және аралас.

Ашық түрінде жаңбыр суы жолдардың кюветтері, каналдар мен науалардың көмегімен алып кетіледі.

Алматы қаласында жаңбыр суымен еріген суды әкететін жабық жаңбыр жүйесі жоқ. Бұл су қазіргі кезде жүйесін бытырап әкетіледі. Су әкету бассейіндерінің жаңбыр суы жер бедерін пайдаланып арықтарымен, науалармен, жыралармен әкетіледі. Бірен-сарандап Үлкен және Кіші Алматы өзендеріне, Көктем, Қара-су т.б. өзендерге түседі. Үлкен нөсерлер кезінде жаңбыр суы арықтарға, науаларға және жол кюветтеріне симайды.Арықтар толып кетіп жолдың көлік жүретін бөліктерімен төмен жерлерде салынған үйлер, ғимараттар су астында қалуы мүмкін.

Сондықтан жоғарыда айтылған жағдайларды ескере отырып казіргі кездегі Алматы қаласының абаттандыру дәрежесіне сай жабық жаңбыр жүйесін салу қажеттігін ескеру керек. Келешекте Алматы қаласы толық бөлінген канализация жүйесімен жабдықталатын болады. Кварталдар ішіндегі жаңбырқабылдағыштардың санын азайту және жаңбыр жүйелерінің құбырларының диаметрін кішірейту үшін кварталаралық тораптарды ашық науа түрінде салған тиімді болып саналады.

Қала ішіндегі үлкен өндіріс орындарында пайда болған жаңбыр суын жергілікті қондырғыларында тазартып сол өндірісте техникалық су жүйесінде пайдалану көзделеді.

Жаңбыр суының көлемін өлшеу үшін жаңбыр өлшегіштер қолданылады. Олардың екі түрі болады:

а) жай жаңбырөлшегіштер;

ә) автоматты жаңбыр өлшегіштер.

Тәулік ішінде жауған жаңбырдың көлемін жай жаңбыр өлшегіштермен өлшейді. Егер тәулік ішінде жауған әр жаңбырдың ұзақтығын және көлемін өлшеу керек болса автоматты жаңбыр өлшегіштер қолданылады. Олар жаңбырдың қарқынын, ұзақтығын, көлемін өлшейді.

Жай жаңбыр өлшегіштер металдан жасалған ашық цилиндр пішінді ыдыс, ауданы 500 см2 (d =25,2 см). Бұл өлшегіш жер бетінен 2 м биіктікте бағанаға орналастырады. Ол жаңбыр суының тәуліктік шығынын өлшеу үшін қолданылады.

Жаңбыр суының тәулік ішіндегі орташа көлемі жаңбыр канализациясының есебі үшін жеткіліксіз. Сондықтан жаңбыр ұзақтығын, көлемін және әрбір жауған кезеңінің бөлінуін білу керек. Мұндай белгілерді автоматты өлшегіш құралдарымен білуге болады.

Жаңбырдың ұзақтығы, қарқыны және қайталануы. Жаңбыр суына құбырдың толып кету аралығы. Жаңбырды толық сипаттау үшін жаңбырдың ұзақтығын, қарқынын және қайталануын білу керек. Жаңбырдың қарқыны деп белгілі ауданға, белгілі уақытқа түсу қарқынын айтамыз.

Жаңбырдың қайталануы деп ұзақтығы мен қарқыны бірдей жаңбырдың қайта қайталануын айтады. Жаңбыр суына құбырдың толып кетуі аралығы деп канализация жүйелерін толтырып кететін өте үлкен қарқынды жаңбырдың қайталану аралығын айтамыз. Құбырдың толып кету аралығы (Р) жылмен белгіленеді. Оның мәнін СНиП 2.04.03-85-тең 5,6,7-кестелерден қабылдаймыз.

Қолданылған әдебиет

НӘ 2 [88-103], НӘ 3 [224-333]

Бақылау сұрақтар:

1. Су бұру жүйесінің негізгі элементтері және олардың жұмыс істеу шаралары

туралы айтыңыз.

2. Сарқынды суды қабылдағыштар не үшін қажет?

3. Аула аралық су әкету торабы дегеніміз не?

4. Ішкі су әкету жүйесінің жергілікті қондырғылары туралы не білесіз?

5. Ішкі су ағарлардың туралы не білесіз?

10-дәріс. Суды бұру жүйесінің схемасы мен жіктелуі.

1. Су бұру жүйесінің тораптары.

2. Су бұру жүйесіндегі тораптардың ерекшеліктері.

Дәріс мазмұны: Суды әкету жүйелері сарқынды судың үш категориясын бірге немесе бөлек ағызуына байланысты жіктеледі.

Суды бұру жүйелерінің жалпы ағызатын, бөлек ағызатын, жартылай бөлінген және қиыстырылған түрлері болады.

Жалпы ағызатын жүйеде ағынды судың барлық түрі (тұрмыстық өндірістік және жаңбыр суын бірге бір құбырмен әкетеді.

Бұл жүйенің ерешелігі ағынды су қоспасының бір бөлігін суатқа жіберетін нөсер өткізгіш болады. Суатқа суды ағызып жіберетін ағынды су шығыны өзен суының шығынына және оның өзін өзі тазалау қабілетіне байланысты. Жеке нөсер еткізгіштен ағынды судың ағызып жіберу көлемі оның орналасу орнына байланысты. Коллектор соңында немесе сорғы бекетінің алдында орналасқан нөсер өткізгіштер арқылы үлкен көлемде ағынды су ағызып жіберіледі, ал коллектор басында орналасқан нөсер өткізгіштен аз көлемде су тасталады.

Бөлек ағызатын жүйе екі түрге бөлінеді толық бөлінген және толық бөлінбеген жүйе.

Толық белінген жүйеде екі немесе бірнеше су әкету торабы болады. Олардың әр қайсысы ағынды судың жеке түріне арналады. Соңғы жылдары суаттарды ластанудан қорғау талаптары өсті. Бұл талаптарға сәйкес жаңбыр суларын, еріген қар суларын және жолдарды жуғанда пайда болған ағынды суларды тазаламай суаттарға тастауға болмайды.

Толық бөлінген жүйеде жаңбыр суын тазалау мәселесі екі жолмен шешілуі мүмкін.

1. Жаңбыр суын суатқа жіберу алдында жаңбыр тораптарында жергілікті тазарту ғимараттарын орналастыру.

2. Жаңбыр суын орталықтандырылған тазарту ғимараттарында тазалау.

Толық бөлінбеген жүйеде бір ғана (тұрмыстық және өндірістік сарқынды суды әкетуге арналған) су әкету торабы болады. Бұл торап тұрмыстық-өндірістік деп аталады. Жаңбыр суын суатқа әкету үшін ашық науалар, жолдардың кюветтері қолданылады.

Жартылай бөлінген жүйеде кем дегенде екі су бұру торабы болады: тұрмыстық-өндірістік және жаңбыр суын әкетуге арналған тораптар. Осы тораптардың қиылысқан жерлерінде бөлу камераларын орналастырады. Жаңбырдың бас кезінде жаңбыр суының шығыны аз мөлшерде болғанда камера бұл суды негізгі коллекторға, яғни тұрмыстық-өндірістік торапқа жібереді. Ал үлкен шығын кезінде тұрмыстық өндірістік торапқа аз шығын етеді.

Қаланың суды әкету тораптарының сұлбалары келесі түрлерге бөлінеді: тік бұрышты (перпендикулярлық), кесе көлденең, қиылыспайтын қатар, белдеулік (зоналық), радиалды, орталықтандырылған және т.б. сұлбалар.

Тік бұрышты сұлбада су әкету бассейндерінің коллекторлары суат суының ағынына тікбұрыш жасап бағытталады. Жердің бедері суатқа қарай бейімделген еңістікте қолданылады. Бұл сұлба шартты таза сулар мен жаңбыр суларын әкетуге арналады.

Кесе көлденең сұлбада су әкету бассейндерінің коллекторлары суының ағынына тікбұрыш жасап бағытталып, негізгі коллектормен жиналынады. Бұл сұлба жердің бедері суатқа айқын келген ылдилықта қолданылады және негізгі коллектор су ағынына параллель болып орналасады. Қиылыспайтын қатар сұлбада су әкету бассейндерінің коллекторлары су ағынына параллель, ал негізгі коллектор су ағынына бұрыш жасап орналасады. Бұл сұлба жер бедерінің суатқа қарай күрт азаю жағдайында қолданылады.

Белдеулік (зоналық) сұлбада қала бірнеше зонаға бөлінеді. Жоғары белдеудегі сарқынды су тазарту ғимаратына өздігінен ағып келеді, ал төменгі белдеудегі сарқынды су сорғы бекеті арқылы әкетіледі. Белдеулік сұлба жер бедері ойлы-қыратты болғанда қолданылады.

Радиалды сұлба қабылданса қалада кем дегенде екі немесе бірнеше тазарту станциясы болады. Бұл сұлбаны қолданғанда , қаланың әр-бір жеке аймағы (ауданы) өзінің су әкету жүйесінен, тазалау ғимараттарынан және суатқа суды ағызып жіберуден тұрады. Сұлба үлкен қалаларда жердің бедері әртүрлі болғанда қабылданылады.

Су әкету жүйесі келесі негізгі элементтерден тұрады:

-ғимараттар және квартал ішіндегі су әкету жүйелері;

-сыртқы су әкету жүйелері;

-сорғы бекеттері және арынды құбырлар;

-тазарту ғимараттары;

-тазарған суды және суды апат кезінде суды ағызып жіберу.

24- сурет.Қаланың суды әкету тораптарының сұлбалары

Суды әкету жүйелері ластанған судың үш категориясын бірге немесе бөлек ағызуына байланысты жіктеледі. Суды әкету жүйелерінің жалпы ағызатын, бөлек ағызатын, жартылай бөлінген және қиыстырылған түрлері болады.

Жалпы ағызатын жүйеде ластанған судың барлық түрін (тұрмыстық, өндірістік және жаңбыр суын) бірге-бір құбырмен әкетеді. Бұл жүйенің ерекшелігі лас су қоспасының бір бөлігін суатқа жіберетін нөсерөткізгіш болады. Суатқа тасталынатын лас су шығыны өзен суының шығынына және оның өзін-өзі тазалау қабілетіне байланысты. Жеке нөсерөткізгіштер лас судың көлеміне және оның орналасу орнына байланысты қабылданады немесе сорғыштар бекітетінің алдында орналасқан нөсерөткізгіштер арқылы үлкен көлемде лас су тасталынады, ал коллектор басында орналасқан нөсерөткізгіштен аз көлемде су тасталады.

Бөлек ағызатын жүйе екі түрге бөлінеді: толық бөлінген және толық бөлінбеген жүйе. Толық бөлінген жүйеде екі немесе бірнеше су әкету торабы болады. Олардың әр қайсысы лас судың жеке түріне арналады. Соңғы жылдары суаттарды ластанудан қорғау талаптары өсті. Бұл талаптарға сәйкес жаңбыр суларын, еріген қар суларын және жолдарды жуғанда пайда болған лас суларды тазаламай суаттарға тастауға болмайды.

Толық бөлінген жүйеде жаңбыр суын тазалау мәселесі екі жолмен шешілуі мүмкін. 1. Жаңбыр суын суатқа жіберу алдындағы жаңбыр тораптарында жергілікті тазарту ғимараттарын орналастыру. 2.Жаңбыр суын орталықтандырылған тазарту ғимараттарында тазалау.

Толық бөлінбеген жүйеде бір ғана (тұрмыстық және өндірістік лас суды әкетуге арналған) су әкету торабы болады. Бұл торап тұрмыстық-өндірістік деп аталады. Жаңбыр суын суатқа әкету үшін ашық науалар, жолдардың кюветтері қолданылады.

Жартылай бөлінген жүйеде кем дегенде екі су әкету торабы болады: тұрмыстық-өндірістік және жаңбыр суын әкетуге арналған тораптар. Осы тораптардың қиылысқан жерлерінде бөлу камераларын орналастырады. Жаңбырдың бас кезінде жаңбыр суының шығыны аз мөлшерде болғанда камера бұл суды негізгі коллекторға, яғни тұрмыстық-өндірістік торапқа жібереді. Ал үлкен шығын кезінде тұрмыстық-өндірістік торапқа аз шығын өтеді. Осыған байланысты жаңбырдың бас кезінде пайда болатын өте лас бөлігі түгелдей тазартуға әкетіледі. Жаңбыр торабында нөсер көзінде пайда болатын көп ластанбаған су тазартылмай-ақ суатқа жіберіле береді, ал тұрмыстық-өндірістік торапқа жаңбыр суының ең астыңғы ағыс қабаты (ең лас бөлігі) түседі.

Қиыстырылған жүйе деп қаланың канализация жүйесінің бір бөлігі жалпы ағызатын жүйемен жабдықталған, ал екінші бөлігі толық бөлінген жүйемен немесе т.б. жүйелермен жабдықталған жүйені айтады.

Қаланың канализация тораптарының схемалары келесі түрлерге бөлінеді: тікбұрышты (перпендикулярлық), кесе көлденең, қиылыспатын қатар, белдеулік (зоналық), радиалды, орталықтандырылған және т.б. схемалар болады. Тікбұрышты схемада су әкету бассейндерінің коллекторлары суат суының ағынына тікбұрыш жасап бағытталады. Жердің бедері суатқа қарай айқын бейімделген кеңістікте қолданылады. Бұл схема шартты таза сулар мен жаңбыр суларын әкетуге арналады. Аталған схема суаттарды ластауына байланысты қазіргі кезде өте сирек қолданылады.

Кесе көлденең схемада су әкету бассейндерінің коллекторлары суат суының ағынына тікбұрыш жасап бағытталып, негізгі коллектормен жиналады. Бұл схема жердің бедері суатқа айқын бейімделген ылдилықта қолданылады және негізгі коллектор су ағынына параллель болып орналасады.

Қиылыспайтын қатар схемада су әкету бассейндерінің коллекторлары су ағынына параллель, ал негізгі коллектор су ағынына бұрыш жасап орналасады. Бұл схема жер бедерінің суатқа қарай күрт азаю жағдайында қолданылады.

Белдеулік (зоналық) схемада қала бірнеше зонаға бөлінеді. Жоғарғы белдеудегі лас су тазарту ғимаратына өздігінен ағып келеді, ал төменгі белдеудегі лас су сорғыш бекеті арқылы әкетіледі. Белдеулік схема жер бедері ойлы-қыратты болғанда қолданылады.

Радиалды схема қабылданса қалада кем дегенде екі немесе бірнеше тазарту станциясы болады. Бұл схеманы қолдағанда қаланың әрбір жеке аймағы (ауданы) өзінің су әкету жүйесінен, тазалау ғимаратынан және суатқа тастаудан тұрады. Схема үлкен қалаларды, жердің бедері әртүрлі болғанда қолданылады.

Квартал ішіндегі су әкету торабы жер асты құбырларынан тұрады. Құбырлардың тартылуы ғимарат маңайындағы жер ылдилығына байланысты жүргізіледі. Сыртқы (көшелік) тораппен қосылуы қосылу бұтағы деп аталады.

Өздігінен ағатын құбырлар табиғи кедергілер (өзен, суаттар) және жер асты құрылымдарымен қиылысқан жерлерде дюкерлер мен эстакадалар салынады. Су әкету жүйесіне жаңбыр суын қабылдауға жаңбыр қабылдағыштар орнатады. Құрылым бақылау құдығының құрылымына ұқсас болады. Реттеуші резервуарлар судың максималдық шығынын шоғырландыруға және реттеп тазарту ғимаратына беруге арналған табиғи немесе жасанды сыйымдылық. Резервуардағы лас суды шығару құйылатын лас судың шығыны азайған кезде жүргізіледі. Су әкету жүйесіндегі реттеуші резервуарлар сорғыш бекетінің қабылдау резервуарларымен біріктіріледі. Лас судың тазарту ғимаратына өзіндігінен ағуы жер бедерінің ылдилығы айқын болған кезде ғана іске асырылады. Сорғыш бекеттері жергілікті, аудандық және бас сорғыш бекеттері болып бөлінеді. Жергілікті сорғыш бекеттері бір немесе бірнеше ғимараттардың лас суын көтеруге арналған. Аудандық сорғыш бекеті-су әкету бассейнінің бір бөлігінен немесе түгел шыққан лас суды көтеруге арналған.Бас (негізгі) сорғыш бекеті-объектінің жартысынан немесе түгел шыққан лас суды тазалау ғимаратына жеткізуге арналған. Сыртқы су әкету торабы дегеніміз су әкету бағытымен жер ылдилығына сәйкес орналасқан жер асты құбырлар жүйесі. Құбырлардың жатқызылуы жер бедерінің ылдилығына байланысты болады.Су әкету торабының схемасын құрастырғанда объект су әкету бассейндеріне бөлінеді.Су әкету бассейні дегеніміз объектінің су бөлу сырықтарымен және объект шекарасымен шектелген бөлігі. Сыртқы су әкету торабы: кеше торабына, су әкету бассейндерінің коллекторларына және негізгі коллекторға бөлінеді.

Көше торабы—квартал периметрінің бөліктері немесе оның барлық периметрі бойынша салынатын құбырлар жиынтығы. Су әкету бассейіндерінің коллекторлары—су әкету бассейнінің бір бөлігінен немесе су әкету бассейнінің суын түгелдей әкетуге арналған құбырлар. Негізгі коллекторлар—объектінің бір бөлігінен немесе барлығынан суды қабылдауға және әкетуге арналған құбырлар. Негізгі коллекторлармен ластанған су сорғыш бекетіне немесе тазарту ғимаратына әкетіледі.

Тазарту ғимараттары—бұл әртүрлі жағдайлардағы лас суды ретімен тазартып шығаратын қондырғылар кешені. Тұрмыстық және өндірістік лас суларды тазартқанда механикалық (керегелер, құм ұстағыштар, тұндырғыштар) және биохимиялық (аэротенк, биосүзгіш, екінші сатылы тұндырғыштар) әдістер қолданылады. Механикалық тазарту судағы ерімеген заттарды тазартуды, ал биохимиялық тазарту еріген заттарды тазартуды қамтамасыз етеді. Тазарту зарарсыздандырумен аяқталады. Суатқа тастау—арнаулы қондырғы. Бұл қондырғылар лас судың суат суымен тез және белсенді араласуын қамтамасыз етуі керек.

Қолданылған әдебиет

НӘ 2 [103-108], НӘ 4 [58-69]

Бақылау сұрақтар:

1.Қалалық су бұру жүйесінің тораптары туралы айтыңыз.

2.Су бұру бассендеріндегеніміз не?

3.Аула аралық су әкету торабы дегеніміз не?

4.Толық бөлінген схеманың ерекшеліктері.

11-дәріс. Суды бұру мөлшері. Есепті шығындар.

1. Су бұру жүйелерін есептеу.

2. Ластанған судың жіктелуі.

Дәріс мазмұны: Қалаларға, елді мекендерге болжау кезеңі жобалау планировкасының негізінде қабылданады. Халықтың есептік саны деп болжау кезеңінің аяғында қалада немесе елді мекендерде тұратын тұрғындар санын айтамыз.Жобалау кезеңі қалаларға алдын-ала беріледі. Оны 20-25 жылға тең қабылдайды.

Ал кәсіпорынның болжау кезеңі өндірістің толық өнімділігіне шыққан уақыт қабылданады. Халықтың болжау санын келесі формуламен анықтаймыз:

N = ΣP * F* β, адам; мұндағы ΣP – елді мекендегі халық тығыздығы, адам/га; F –кварталдар көлемі, га; β –канализацияның кызмет ету коэффициенті.

Есептік шығын деп канализациялық ғимараттардың болжау кезеңінің аяғына дейінгі өткізе алатын ең көп шығынды айтамыз. Су бұру құрылымдарын есептегенде орташа және максималды тәуліктік, сағаттық, секундтық шығындарды табу талап етіледі.

Ағынды лас су шығын мөлшері деп бір адамға келтірілген, ал өнеркәсіп орындары үшін әрбір шығарған өнімге келтірілген сарқынды су шығынын атаймыз.

Тұрмыстық ағынды лас су шығын мөлшері тұрғын үйлер салынған аудандарда олардың абаттандырылу дәрежесіне байланысты қабылданады және ол ауа райы, санитарлы гигиеналық және жергілікті жағдайларға байланысты әр түрлі болып қабылданады.