- •Сумен жабдықтау жүйелерінің жіктелуі
- •6 Кесте
- •7 Кесте
- •2. Сорғыштың арыны (h), 3. Қуаты (n), 4. Толық пайдалы жұмыс коэффициенті (пжк) 5. Айналым саны (n), 6. Сұйықты сорудың вакуумометрлік биіктігі.
- •Арынды мұнаралардың құрылымы мен жабдықталуы
- •8 Кесте
- •Арынды мұнаралар
- •Арматура.
- •1. Жинап әкететін жүйе. 2. Ағызып әкететін жүйе.
- •10 Кесте Ағынды лас су шығын мөлшері
- •Дәріс мазмұны:
- •Халқы аз елді мекендерде суды тазарту жүйелері.
- •11 Кесте
- •12 Кесте
- •Сүзгілеу алаңдарына ағынды сулардың жүктеме нормасы (орташа жылдық атмосфералық жауын-шашын биіктігі 300-500м аудандары үшін)
- •Қолданылған әдебиеттер:
- •Ағынды суларды жергілікті тазарту. Беттік ағынды суларды тазартуға арналған қондырғылар.
- •Жеке тазарту қондырғылары.
- •Бақылау сұрақтары:
Арматура.
Су құбырының арматурасын жезден, болаттан, қоладан, қақтауға төзімді шойыннан, пластмассадан жасайды.
Қызметіне байланысты арматураның түрлері былай бөлінеді:
су үлестіруші арматура;
жапқыш арматура;
реттеуші арматура;
сақтық арматура.
Су үлестіруші арматураға су үлестіруші, араластырушы, лабораториялық, моншалық, суарғыш, және өрттік шүмектер жатады. Оларды ысырмасының жылжу принципіне байланысты екі түрге бөлуге болады:
вентильдік түрі;
тығынды түрі.
Жапқыш арматураға тығынды, өтпелі шүмектер, жаппалар, жапқыш вентильдер жатады. Бұл арматураны су тарататын желінің төмен жағында, магистраль құбырдан тарайтын барлық тораптарда, айналма тораптарда, өрт өшіруге арналған желілердің төмен жағында, әр пәтерге енетін тораптарда, суды жылытатын аспаптарға баратын торапта, басқада тораптарда орнатады. Диаметрі 50мм-ден асқан құбырларды бекітетін арматура ретінде жаппалар қолданады, ал құбырдың диаметрі одан төмен болса вентильдер пайдаланады.
Реттеуші арматураға судың шығынын реттеуге, торапта немесе үлестіруші аспаптар алдында анықты арынды қолдауға арналған арматура кіреді. Оларға шығын реттеушілер, арын реттеушілер, реттеуші вентильдер пайдаланады. Бұл арматура үйге, пәтерге, көпқабатты үйлердің әр қабатына суды енгізетін құбырға орналасады.
Сақтық арматураға сақтық клапандар, қысымды төмендетуге арналған арматура және кері клапандар жатады. Кері клапан деген құбырда суды бір жаққа ғана ағызатын арматура. Олар көбінесе сорғыштардан кейін орнатылады.
Су құбырын енгізуді құру.
Су құбырын енгізу дегеніміз сыртқы су торабын үйдің ішіндегі су торабында орналасқан өлшеуіш құрылғыға қосатын құбыр учаске.
Сыртқы су құбырына бұл учаске ершік арқылы жалғанады. Мұндай, су ағызуын тоқтатпай қосу әдісі диаметрі 50мм-ден құбырларда қолданады.
Ершік деген шойыннан жасалған фасонды бөлшек оны құбырға болты бар болты бар қамытпен бекітеді. Сөйтіп ершікке өтпелі шүмекті жалғайды. Сыртқы су құбырын қалалық магистраль торабынан бөліп тастайтын мүмкіншілік болса енгізуді кейде сыртқы су құбырына дәнекерлеу арқылы қосуға болады. Сыртқы торапты жүргізу кезінде алдымен енгізуді қосатын орнын белгілеп сол жерде арнайы бөлшектерді орнатады да кейін солар арқылы енгізуді қосады. Су құбырын коррозияға берікті материалдан жасайды. Ол үшін көбінесе арынды шойын құбырларды пайдаланады. Енгізудің саны тұтынушыларға су жіберу тәртібіне байланысты. Кейде суды жеткізіп тұруына үзіліс болмайтын үйлерде екі енгізу жасайды. 12 шүмектен кем болмайтын тұрғын үйлер жатады.
Енгізу құбырларының жердің астында орналасатын тереңдігі сыртқы құбырлардың орналасу тереңдігіне байланысты, ал ол құбырлар болса жердің қату тереңдігінен 0.5м төмен түсуі керек.Енгізудің құбырын судан босату үшін сыртқы торапқа қарай 0.003.....0.005 еңістігімен салады. Су құбырын енгізудің орнын белгілеуде құбырдың ұзындығын азайту үшін құрылыс кострукцияларды тік кесіп өтуін ойластыру керек.
Жер төлемен техникалық еден астының қабырғаларын енгізумен кесіп өтуде құбырларды үйдің шөгуінен, жертөленің ішіне жауын шашын мен еспе суының кіруін сақтау керек. Ол үшін құрғақ топырақтарда қабырғадан құбырдың өтуінде 0.2 м қалдырылған саңылауды су өткізбейтін шайырланған бұрым және құнарлы саз балшықпен бітейді, сөйтіп цемент ертіндісімен сылап тастайды. Ылғалды топырақтарда жертөленің қабырғасын құбырмен кесіп өтуін сальник тығыздаумен жасайды.
Енгізумен канализацияның ағызғышы аралығы 1.5м-ден( енгізу құбырының диаметрі 200мм-ге дейін) және 3м-ден кем болмау керек (енгізу құбырының диаметрі 200мм-ден асса). Канализация құбырларын кесіп өтетін жағдайда су құбырын 0.4 м жоғары жүргізген жөн.
Су құбыры торабының сенімді қызметін қамтамасыз ету үшін су таратушы құбырлар ысырмалармен, гидранттармен, вантуздармен және әртүрлі клапандармен жабдықталады.
Ысырмалар.
Ысырмалар су таратушы құбырлардың жұмысын гидравликалық тұрғыдан реттеп тұру үшін пайдаланылады.
Олар МЕСТ 9698 бойынша қысымы 0.25-6.4 мПа, диаметрі 50-200мм аралығында шығарылады. Паралель ысырмалар корпусының ішіндегі өткел екі параллель орналасқан дискілер көмегімен ашылып-жабылып тұрады. Жабылар алдында шпиндель төменге түсіп, сыналар көмегімен корпус өткелін дискілермен бітейді. Ал ысырманы ашар алдында шпиндель көтеріліп арнаулы иықшалар көмегімен дискілерді жоғары ала шығады. Сыналы ысырмаларда екі дискі бір-біріне паралель болмай, олар корпус өткелін сынаның қысуымен бекітеді. Жоғарыда айтылған ысырмалардың екуінде де шпиндель не жылжитын не жылжымайтын болуы мүмкін. Санитарлық-гигиеналық жағынан жылжымайтын шпиндель қолайлырақ болады. Ысырмалар қол, механикалық немесе электр күшімен ашылып-жабылуы мүмкін. Диаметірлері үлкен ысырмаларды ашуды жеңілдету үшін олар айналма құбырлармен жабдықталады. Ысырмаларды құрастыруға және жөндеу жұмыстарын жүргізуге ыңғайлы бақылау құдықтарының ішінде орнатады.
Олар су құбыры торабында гидравликалық соққылардың болмауын қамтамасыз етуі қажет.
Гидранттар.
Гидранттар сыртқы су торабтарында бір-бірінен 150м ден аспайтын қашықтықта орнатылып, өртке қарсы су беру қызметін атқарады. Өрт гидранттарын, әдетте, құдық ішінде орналастырып, жұмысқа қосар алдында өрт сөндіру тобы гидранттың шарнирлі қақпағын ашып, оған тұтқалы стендерді жалғайды. Тұтқаның көмегімен гидранттың дөңгелек клапанын ашып-жабуға болады. Диаметрі 500мм-ден жоғары болатын су жүйелерінде гидранттарды қостаушы құбырларға орнатады.
Ауылдық жерлерде және оңаша мекемелерде өрт сөндіруге қажет суды жер бетіндегі гидранттар немесе өрт бағаналары арқылы қамтамасыз етуге болады.
Өрт гидранттары үшін құдық құру қажеттігі құдықтар су жүйесінің құнына себепкер болатындықтан гидранттың құдықсыз конструкциясын ұсынуға болады.
Су құбыры торабтарында гидравликалық соққыларға жол бермеу мақсатында әр түрлі қорғауыш клапандар орнатылады. Олар серіппелі, рычагті және диафрагмалы болып бөлінеді.
Ауалы вантуздар.
Ауалы вантуздар су құбыры торабтарының ең биік нүктелеріне қойылып, құбырлардан ауаны автоматты түрде шығарып тұру үшін қолданылады.
Судағы ауа кішкентай тесік арқылы вантуз корпусының ішіне жиналады. Ауа қысымы белгілі мөлшерге жеткенде корпус ішіндегі қуыс шар төмен қарай ысырылады да, сол мезгілде оған қосылған штоктың көмегімен жоғары клапан ашылып, ауаның сыртқа шығуына мүмкіншілік жасалады. Содан кейін судың қысымының әсерінен шар жоғары көтеріледі де шығу клапанын жабады.
Үлкен диаметрлі құбырларда апат мезетінде құбыр ішіндегі қысым атмосфералық қысымнан аз болмауы үшін автоматты түрде ауа кіргізіп тұратын клапандар орнатылады.
15-сурет.Ысырмалар.
16-сурет. Гидранттар.
17-сурет. Ауалы вантуздар
Қалалық көше шаруашылық-ауыз су торабының құбырларының ең аз диаметрі 100 мм-ге, ал көп қабатты құрылыста 150-200 мм-ге тең болу керек.
Шойын қонышты арынды құбырларды мемлекеттік 21053-75 және 9583-75 стандарттарына сәйкес жасайды.
Біріншісін 2,0 МПа-қысымына дейін қолдануға шығарылады, олардың диаметрлері 65-тен 300 мм-ге дейін, ұзындығы 2-ден 7 м-ге дейін.
Екіншісін 1 ,0 МПа-қысымға арнап диаметрін 65-тен 1200 мм-ге дейін шығарады.
Бұл құбырлардың жақсы жағы: жоғары механикалық бекімділігі, тот баспауы, бір-біріне оңай қосылуы.
Кемшілігі: металдың үлкен шығыны, динамикалық күшке онша кедергі бола алмайтыны, салмағының көптігі.
а — негізгі көрінісі; б —жалғауды бекітуі; 1
— құбырдың тегіс соңы; 2 — қоныш; 3 —
қуыс; 4 — ерітінді май; 5 — әк ерітінді; 6 — асбестоцемент
Барлық құбырлардың ұзындығын 4 м-ден 12-м-ге тең шығарады, қабырғасының қалыңдығы 2,5-7,5 мм. Болат құбырлардың шеттерін тегіс етіп жасайды, бір-бірімен электрмен пісіру тәсілімен жалғастырады.
Жақсы жағы: жоғары динамикалық күшті көтере алатындығы, ішкі үлкен қысымға төзімділігі шойын құбырларына қарағанда салмағы аздығы.
Кемшілігі: тот басуға бейімділгі, қымбатшылығы.
Асбестцемент құбырларын мемлекеттік 539-80 стандартына сәйкес төрт жұмыстық қысымына есептеліп жасайды. Бұл қысымдар 0,6; 0,9; 1,2; 1,5 МПа, құбырлардың диаметрі 100-ден 500 мм-ге дейін, ұзындығы 3-4 м.
Құбырлардың жақсы жағы: тот басуға төзімділігі, электр тогын өткізбеушілігі, салмағының аздығы.
Кемшілігі: динамикалық күшке онша кедергі бола алмайтындығы.
Сыртқы су тораптары мынандай арматурамен жабдықталады: жапқыш пен реттеуші арматура (оған жаппа немесе ысырма кіреді);
үлестіруші арматура (оған су үлестіруші шүмектер, өрт гидранттар кіреді);
сақтық арматура (оған сақтық кері және редукция клапандары, ауа вантуздары кіреді).
Арматураларды құдықтың ішінде орналастырады. Ысырмаларды тарату тораптарын магистраль торабынан бөлуге, торапты әр жөндеу бөліктерге бөлуге қолданады. Өрт өшіруге арналған гидранттардың орналасуы бір-бірінен арақашықтығы 150 м аспау керек.
Сыртқы тораптың гидравликалық есебінің міндеті құбырлардың тиімді диаметрлері мен арынның жойылуын анықтау.
Тораптарды есептегенде судың үнемді қозғалыс жылдамдығы қабылданады. Бұл жылдамдықта тораптарды және сорғы станцияларды құру мен пайдалану құны аз болады. Орташа диаметрлі құбырларда үнемді жылдамдық 0,7-1,0 м/с аралығында болады.
Су жүйесi торабындағы құрылыстар.
-бақылау құдықтары. (сыртқы су тобындағы арматуралар бақылау құдықта орналасады). Ал бақылау құдықтарының диаметрi құбыр диаметрiне және арматуралар диаметрiне тағы арматуралар санына байланысты. Құдық биiктiгi құбыр жүргiзiлетiн биiктiкке байланысты. Кiрпiштен және темiр бетоннан жасайды.
-өткелдер. Су құбыры табиғи немесе жасанды кедергiлердi (көше, канал, өзен, темiр жол, автомобиль жолы) қиып өтетiн болса, оларды арнайы құрылыстар көмегiмен құрастырады. Су құбыры өзеннен көпiр немесе су астыменен дюкер түрiнде өткiзiлуi мүмкiн.
Темiр жолды қиып өтсе, су құбырларын қаптамаларға салып жүргiзедi. Қаптама ауыр салмақтан құбырды қорғайды және коррозиядан қорғап, су құбыры тесiлген жағдайда жолға судың әсерiн тигiзбейдi.
19 -сурет. Дюкер
1— жоғарғы камера; 2 — авариялық шығару; 3 — төменгі камера; 4 — дюкер құбыры
Қолданылған әдебиеттер:
НӘ- 4 [126-133; 142- 145; 152-153];
ҚӘ-1 [273-280; 282-287; 305-312].
Бақылау сұрақтар:
Құбырларды төсеу ережелері.
Құбырлар және оларды жалғайтын бөлшектер.
Гидранттар, ауалы вантуз құрылғалырының қызметі.
Ысырмалардың түрлері және қандай жерлерде орналастырады.
9-дәріс. Суды бұру тораптары. Классификациясы. Елді мекеннен суды бұру жүйесінің негізгі элементтері.
Ағынды лас су. Су бұру жүйелері.
Су бұру жүйелерінің классификациясы, негізгі элементтері.
Дәріс мазмұны: Ағынды су деп – тұрмыстық, өнеркәсiп және т.б. қажеттерге пайдаланып (вагондарды, локомотивтердi жуған су) әртүрлi қоспалармен ластанып өзiнiң алғашқы химиялық құрамы мен физикалық қасиеттерiн өзгерткен суларды және елдi-мекендермен өнеркәсiп орындарының көлемiнде пайда болған жаңбыр суымен көшелердi жуған суды айтады. Пайда болуы, түрi және қоспалардың сапалық сипаттамасына байланысты сарқынды су тұрмыстық су, өнеркәсiп су және жаңбыр суы деп -үш категорияға бөлiнедi.
Суды бұру дегеніміз – адамдардың тіршілігі мен өнеркәсіптік мекемелер іс-әрекеті нәтижесінде түзілетін сарқынды суларды жинауға, әкетуге және тазартуға арналған инженерлік құрылымдар жүйесі.
Тұрмыстық сарқынды сулар қол жуғыштан, ванналар мен әжетханалардан, моншадан, кір жуу орындарынан, душтардан және т.б. орындардан жиналады. Тұрмыстық сарқынды сулар өте лас болып саналады. Олардың құрамында минералдық, органикалық ластанулар мен ауру туғызатын микроорганизмдер болады. Оларды табиғи су қоймаларына жіберу алдында тазарту керек.
Атмосфералық сарқынды сулар жауын жауып, қар ерігенде пайда болады және қала және өндірісітік мекеменің территориясындағы лас заттармен ластанады. Бұл сулар салыстырмалы түрде таза болып есептеледі және санитарлық бақылау орындары бұл суларды тазартусыз табиғи су қоймаларына жіберуге рұқсат етеді. Өнеркәсіптік сарқынды сулар құрамы бойынша алуан түрлі болып келеді. Бұл сулар өндіріс технологиясымен қалдықтарды әкетуге байланысты ластанады. Өндірістік сарқынды сулар арасында құрамы жағынан салыстырмалы түрде таза немесе адамдар, жануарлар және өсімдіктер әлеміне нұқсан келтіретіндей сарқынды сулар болады. Қажет болған жағдайда, өндірістік сарқынды сулар арнайы тазартудан өтуі керек.
Кейбір сарқынды сулар сипаты, концентрациясы және құрамы бойынша түрлі тазарту әдістерін қажет етеді, сондықтан оларды әкету үшін жеке суды әкету жүйелері тартылады. Тұрмыстық сарқынды су шаруашылық, тұрмыстық және фекалдық суға бөлiнедi, ол өнеркәсiп сарқынды суы өндiрiс орындарында пайда болады (вагондарды, локомотивтердi жуған су), жаңбыр жауғанда және қар ерiгенде пайда болады.
1— көшелік торап; 2 — жаңбырсуын қабылдағыш, 3-негізгі коллектор; 4 — нөсер өткізгіш; 5 — нөсер тастағыш; 6—тау үйіндісі; 7 —өнеркәсіп орнының торабы; 8 — суды ағызып жіберу; ОС —тазарту станциясы
Суды әкету жүйелерi.
Суды әкету жүйелерi сарқынды суды үш категориясын жалпы, бiрге және бөлек ағызуына байланысты жiктеледi:
А) жалпы ағызатын жүйе
Б) бөлек ағызатын жүйе
В) жартылай бөлiнген жүйе
Г) қиылыстырылған жүйе.
Жалпы ағызатын жүйеде сарқынды судың барлық түрiн бiр құбырмен бiрiктiрiп әкетедi.
тұрмыстық, өндiрiстiк және жаңбыр суы
бөлу камерасы
артық суды ағызып жіберу
негiзгi коллектор.
Б) бөлек ағызатын жүйе екi түрге бөлiнедi:
толық бөлiнген
толық бөлiнбеген.
а — жүйе сұлбасы: б — су бөлу камерасы:1 — тұрмыстық торап; 2 — өнеркәсіптің жаңбыр торабы; 3 — су жинау камерасы; 4 — арынды құбыр; 5 —тазарған суды тастау; 6 — нөсер өткізгіш; 7 — қала аумағы; ГНС —басты сорғы станциясы; ОС — тазарту станциясы; ПП —өндіріс орны
Iшкi суды бұру жүйесі – дегенiмiз сарқынды суды қабылдаудан, қажет болса алдын-ала тазартудан, сарқынды суды қала немесе өндiрiс орнының су әкету торабына тасымалдаудан тұратын инженерлiк құрылымдармен ғимараттарды атайды.
Iшкi су әкету жүйесiн төмендегiдей түрлерге бөледi.
1.Ласты жинау және әкету тәсiлiне байланысты екi түрге бөлуге болады, ол ағызып әкету және тиеп әкету.
Ағызып әкететiн жүйе бұл су құбыры бар, яғни ласты қабылдап, оны сумен араластырып су әкету торабына ағызады. Тиеп әкету жүйесi негiзiнен су құбыры жоқ елді мекендерде қолданылады, бұл жүйеде лас жиналып, транспорт арқылы тазарту ғимараттарына жөнетiледi.
2. Сарқынды судың сипаттамасы және қайдан пайда болып жатқанына байланысты төмендегiдей бөлiнедi: 1.Тұрмыстық. 2. Өндiрiстiк.3. Жаңбырлы.
Тұрмыстық – бұл адам өмiрiнде пайда болған шаруашылық –тұрмыстық лас суларды тасымалдауға арналған жүйе. Өндiрiстiк – орындарында пайда болған лас суларды қабылдап, қажет болса, алдын-ала тазартып, әкетуге арналған жүйе. Өндiрiс лас суларының құрамы әртүрлi болады, оған себеп сол өндiрiс орынның өнiм шығару түрiне, сумен жабдықтау жүйесiне тағы басқа жағдайларға байланысты болады. Жаңбырлы – жаңбыр және ерiген қар суларын әкетуге арналған жүйе.
3. Қамтамасыз ету аймағына байланысты бiрiктiрiлген және бөлiнген жүйелер болады.
Бiрiктiрiлген жүйе деп, шаруашылық –тұрмыстық ластанған суларды, өндiрiс орындарының лас суларын және жаңбыр суларын бiрге әкететiн жүйенi айтады. Бұл жүйенi пайдаланғанда ескеретiн жәй шаруашылық-тұрмыстық, өндiрiстiк және жаңбыр лас суларын бiрге тазартуға мүмкiндiк болуы қажет. Бөлiнген жүйелерде шаруашылық –тұрмыстық лас сулар, өндiрiстiк лас сулар және жаңбыр лас сулары өз бетiнше бөлек әкетiледi.
4. Ластарды тасымалдау тәсiлiне байланысты құбырлы және науалы жүйелер болып бөлiнедi. Құбырлы жүйелер бiр құбырлы және екi құбырлы тiк құбырлардан болады. Екi құбырлы жүйелер негiзiнен көп қабатты үйлерде немесе үйметтерде қолданылады.
5. Желдету құрылымдары бойынша iшкi канализация жүйелерi желдету тiк құбырлары бар және жоқ болып бөлiнедi. Желдету тiк құбырлары жоқ жүйелер негiзiнен бiр немесе екi қабатты шағын үйлер немесе үймереттер үшiн қолданылады. Бiрнеше желдету жүйесi жоқ тiк құбырларды бiр желдету шахтасына немесе бiр жалпы желдету құбырына бiрiктiредi.
6. Арнайы қондырғылардың бар және жоғына байланысты қарапайым, арнайы қондырғысы жоқ және арнайы қондырғысы бар болып iшкi канализация жүйелерi бөлiнедi. Арнайы қондырғысы бар жүйелерде лас суларды ағызу үшiн қондырғылар немесе сыртқы канализация торабына әкетудiң алдында алдын ала лас суларды тазарту ғимараттары болуы мүмкiн.
Iшкi канализация жүйесi келесi элементтерден құралады.
Лас суды қабылдағыштар, яғни санитарлы –гигиеналық жағдайлар үшiн және шаруашылықты тұрмыстық қажеттiлiк үшiн санитарлы құралдар және өндiрiстiк лас суларды қабылдау үшiн құрылымдар.
Канализациялық торап. Канализациялық торап көлденең және тiк құбырлардан (әкететiн және жинайтын құбырлар, коллекторлар, шығару) және жалғастырғыш элементтерден (фасонды бөлшектер) тұрады.
Жергiлiктi қондырғылар және ғимараттар. Олар лас суды ағызуға, алдын-ала өңдеуге және тазартуға арналған. Кейбiр жағдайларда лас суды өз ағынымен үйдiң немесе үймереттiң сырғысы су әкету торабына жеткiзу мүмкiн болмайды, осы жағдайда сыртқы канализация торабына сорғыш немесе пневматикалық қондырғыны қолдану арқылы лас суды әкетедi.
Iшкi сарқынды суды әкету схемасы, оның негiзгi элементтерiмен бiрге сурет 23-де көрсетiлген.
Сурет 23. Iшкi сарқынды суды әкету схемасы.
1. Канализация тiк құбырының желдету бөлiгi. 2. Канализациялық тiк құбыр. 3.Ванна. 4.Көл жуғыш. 5. Жуғыш сыйымдылық. 6. Унитаз. 7. Айнымалы әкету құбыры. 8.Ревизия. 9.Жуғыш. 10.Гидравликалық жапқыш (сифон). 11. Ваннаның сифоны. 12.Шығару. 13.Аула торабындағы қадағалау құдығы. 14.Аула торабы. 15.Бақылау құдығы. 16.Байланыстыру құбыры. 17.Көше торабындағы қадағалау құдығы. 18. Көше торабы.
Iшкi канализация жүйесiнiң қондырғылары. Сарқынды суды қабылдағыштардың түрлерi және пiшiнi лас суды қабылдағыштар бiрнеше түрге бөлiнедi. Солардың түрге бөлуiн қарастырсақ. Қабылдағыштар пайдалану мақсатына байланысты мынадай түрге бөлiнедi: 1. Санитарлы құралдар. 2. Сантехникалық арнайы құралдар. 3.Өндiрiс лас суын жинауға және әкетуге арналған қабылдағыштар. 4.Үй, үймерет төбесiнен жаңбыр, ерiген қар суларын жинауға және әкетуге арналған құралдар.
Санитарлы құралдар тек қана ластарды қабылдау үшiн ғана емес, адам өмiрiне барысында қажеттi санитарлық және гигиеналық процедураларды орындау үшiн-де қажет. Санитарлы құралдарға мыналар кiредi: жуғыш, қолжуғыш, ванна, биде, унитаз, тағы басқалар. Сантехникалық арнайы құралдар арнайы бағытталған үймереттердегi және жәйлардағы (аурухана, санатория, тағы басқа медициналық мекемелер) лас суларды қабылдауға арналған. Оларға: емдеу ванналары, медициналық және хирургиялық жуғыштар, арнайы жуғыштар, тағы басқалар жатады. Өндiрiстегi қабылдағаштар өндiрiс орнындағы технологиялық процестерге байланысты пайда болған лас суларды қабылдауға арналған. Олардың конструкциялық шешiмдерi әртүрлi болады. Көп жағдайда, жинағыштар, ағызғыштар, түтiкшелер, траптар, қабылдау камералары және тағы басқалар қолданылады. Ерiген қар суын және жаңбыр суын қабылдау үшiн де қабылдағыштар қолданылады. Оған негiзiнен әр түрлi конструкциялы қабылдау түтiкшелерi жатады.
Жұмыс iстеу сипаттамалары бойынша қабылдағыштарды екi топқа бөлуге болады. 1.Мезгiлдi жұмыс iстейтiн қабылдағыштар, яғни алдыменен өзiнiң сыйымдылығын суға толтырады, содан соң канализациялық торабқа лас суды тастайды. Мұндай қабылдағыштарға ванналар, унитаздарды жатқызуға болады. 2.Үзiлiссiз жұмыс iстейтiн, яғни өз сыйымдылығын толтырмай-ақ лас суды тiк ағызып канализация торабына әкететiн қабылдағыштар.
Конструкциялық шешiмдерi және техникалық сипаттамалары бойынша да қабылдағыштарды әр түрге бөлуге болады. Мысалға жасалынған материалы бойынша да бөлiнедi. Қабылдағыштарды әр түрлі материалдардан жасайды: шойынды –эмалданған, фаянстан, фарфордан, болатты-эмалданған, пластмассадан.
Санитарлы құраладардың негiзгi техникалық сипаттамалары: мөлшерi, көлемi (сыйымдылығы), акустикалық көрсеткiштерi, құрудағы (монтаж) жатқызады, тағы басқалар.
Санитарлы құралдар. Бiрнеше санитарлы құралдардың сипаттамасын, суретiн және конструкциялық ерекшелерiн қарастырайық.
1. Ванналар. Денеден кiр, лас заттарды жууға және денсаулық сақтау процедурасын қабылдауға арналады. Ванна тостанғаншасы планда тiкбұрышты, кейде бiр жағы дөңгелек, тағы басқалар пiшiндi болады. Ванналар тiрегiш аяқтарға қондырылады. Ванна көлемi 100-200 л. Өлшемдерi 1700х750 мм, тостағаша тереңдiгi 400-460 мм. Сонымен қатар iшкi өлшемдi ванналар (1500х700) мм, отырғышты ванналар және терең табандықты ванналар шығарылады. Ванналар эмальданған шойыннан немесе болаттан жасалады. Емдеу орындарында керамикалық ванналар қолданылады. Ванна арматураларын (толтыратын және ағызатын) жуынатын адамның аяқ жағына қондырылады. Ағызатын арматуралар тығынмен жабылған (40мм), құю құбырынан (25 мм) және құю қақпағынан тұрады. Шығару мен құю құбыры ванна астында үштiк айрықпен жалғанады, оған ваннаға арналған толтырылған сифон –гидрожапқыш жалғанады. Араластырғыш еденнен 1,0-1,1 биiктiкте орнатылады. Соңғы кезде шет елдердiң бiрнеше конструкциялық шешiмдердегi ванналары да практикада кең қолданылып жүр.
2. Қолжуғыштар керамикадан (фарфордан, фаянс) немесе пластмассадан мынадай мөлшерде: 400×500×135 (I мән), 500×420×150 (II мән), 600×450×150 (III мән), 650×600×150 (IV мән), 700×600×150 мм (V мән) жасалады. Қолжуғыштар тікбұрышты, жартылай дөңгелек, трапеция пішінді т.б. болады.
3.Жуғыштар (5-сурет) бір немесе екі бөлімді болады. Бір бөлімді жуғыштар мөлшері 500×600 және 600×600 мм, екі бөлімді жуғыштар мөлшері 1000×600 және 800×600 мм. Жуғыш тостағаншасының тереңдігі 170-200 мм. Жуғыштар шойыннан немесе болат жапырақшалардан дайындалады, және эмальмен қапталады.
4. Жуынғыш. Жуғыштарды тік бұрышты және жартылай дөңгелек, алдында қабырғасы бар және қабырғасы жоқ болынып шығарылады.
5. Унитаздар аса гигиеналы қыш материалдардан (фарфор, фаянс) жасалады. Унитаздар (7-сурет) тостағаншадан, гидрожапқыштан және негізден тұрады.
Сантехникалық арнайы құралдар. Жоғарыда айтылғандай емдеу орындарында арнайы санитарлы-техникалық құралдар орнатылады.
Аулааралық су әкету торабының мақсаты үйлерден немесе бірнеше үйлер мен үймереттерден шығатын сарқынды суларды жинау және қала су әкету торабына әкету. Канализация торабының құны және құрылыс мерзімі канализациялық құбырларды тарту тереңдігіне тікелей байланысты. Торапты жер астына төсегенде оның қыста қатып қалмауын, механикалық соққылардың болмауын және канализацияланатын объектілер мен басқа құбырлардың қосылу мүмкіндіктерін қамтамасыз ету керек. Канализация құбырларындағы судың қату қауіпі таза су құбырларына қарағанда аз болады. Себебі канализация құбырларында температурасы 10÷140С-тан кем емес лас су ағып өтеді. Үй стояктарының төменгі учаскелерінен жоғарыға қарай лас су температурасы сыртқы температураға қарағанда жоғары болғандықтан жылы ауа қозғалыс жасап құбырды желдетіп тұрады. Ал жер астында тартылған құбыр маңайында топырақта жылулық белдеуі пайда болады.
Құбырдың ең таяз тарту тереңдігін берілген ауданға канализацияның жұмыс істеу тәжірибесінен алады. Егер жұмыс істеу тәжірибесі болмаса, жергілікті жағдайларға сәйкес ең таяз тарту тереңдігін диаметрі 500 мм-ге дейін құбырлар үшін 0,3 м, ал диаметрі одан үлкен болса 0,5 м жердің қату тереңдігінен жоғары алады.
Әр түрлі диаметрлі құбырлар үшін тарту тереңдігін мына теңдеумен анықтауға болады:
мұндағы hқату – қату тереңдігі, м; (СНиП-те көрсетілген карта бойынша әр ауданға алынады).
Көше торабын ауыр автокөлік соққыларынан сақтау үшін оның тарту тереңдігін, құбыр үстіне дейін 1,5 м-ден кем алмау керек. Аула құбырларын минималдық тарту тереңдігін 0,7 м-ден кем болмау керек. Ашық әдіспен жұмыс істейтін өндірістегі өзі ағатын коллектордың тарту тереңдігі 6÷8 м-ден аспауы керек.
Канализация құбырларының (коллекторларының) максималды тарту тереңдігін қатты топырақты жерлерде, егер жер асты суының деңгейі төмен болса 7÷8 м-ге дейін қабылдауға болады. Ал топырақты жерлерде, жер асты суының деңгейі жоғары болғанда құбырлардың тарту тереңдіктері 5÷6 м-ден аспауы керек. Себебі жер асты суының деңгейі жоғары болса немесе осал топырақты жер болса, онда торап траншеяларын қазғанда, құбырларды тартып қарастырғанда арнайы құрылыс технологияларын қабылдау қажет. Бұл арнайы жұмыстар құбырлардың (коллекторлардың) тарту құнын жоғарылатады.
Ішкі су әкету жүйесінің жергілікті қондырғыларына мыналар кіреді: сарқынды суды әкетуде арын көтеру қондырғылары және жергілікті сарқынды суды алдын-ала тазарту қондырғылары. Сарқынды суды әкету жүйесінде арын көтеру қондырғылары ретінде сорғыштар немесе кейбір жағдайларда пневматикалық қондырғылар қолданылады. Ал жергілікті сарқынды суды тазарту ғимараттарына торлар, керегелер, құмұстағыштар, лас ұстағыштар, май ұстағыштар, бензомайұстағыштар және жылу ұстағыштар қолданылады.
Лас су құрамындағы ерімейтін ірі заттарды үстап қалу үшін керегелер қолданылады. Олар дөңгелек , төртбұрышты және басқа формалы металл стержіндерінен жасалады. Керегенің стержіндерінің арасынан өтетін лас судың жылдамдығы 1 м/с аспауы керек. Керегелер конструкциясына байланысты жылжымалы, жылжымайтын және ұнтақтағышпен біріккен болып бөлінеді. Тік РММВ типті және қиғаш МГ типті жылжымайтын керегелер кеңінен қолданылады. Негізінде керегелер екі түрлі болады:
а) автоматтандырылған керегелер – ұнтақтағыштар; ә) қалдықтарды ұстайтын қондырғылар мен ұнтақтағыштарға жеткізетін қондырғылар (бөлек ұнтақтағыштары бар керегелер). Саңылаулардың еніне байланысты керегелер екіге түрге бөлінеді: а) күрделі, ені 30-100 мм.ә) жай керегелер, ені 5-25 мм. Ұсталған қалдықтарды тазалауға байланысты керегелер қолмен тазалайтын және механикаландырылған болып бөлінеді. Пайдалануға ең қолайлысы су кіретін жағындағы екі қыры дөңгелектелген төртбұрышты стержінді керегелер.
Егер үйдің немесе үймереттің сарқынды судың жалпы шығыны 0,1 м3/тәу. аспаса керегелерді қолмен тазалайды. Жалпы қиғаш керегелер бөлмелердің ішінде орналасуы тиіс. Бөлменің ішінде желдеткіш болуы керек, бөлменің ауасы сағатына бес рет ауысуы тиіс. Ұсталынған қалдықтар ұнтақталуы қажет. Ұнтақталу үшін негізінен балғалы ұнтақтағыштар қолданылады. Ұнтақталған қалдықтардың диаметрі 0,1 мм, олар сумен араласып ұнтақталады. Лас су балғалы ұнтақтағышқа өздігімен немесе арынмен түседі. Ұнтақтағыш керегемен бірге немесе бөлек орналасуы мүмкін.
Адам өмір сүру кезеңінде әртүрлі қоқсықтар және қалдықтар пайда болады.Елді мекендерде қоқсықты және қалдықтарды әкету үшін екі түрлі жүйе қолданылады.
