- •Сумен жабдықтау жүйелерінің жіктелуі
- •6 Кесте
- •7 Кесте
- •2. Сорғыштың арыны (h), 3. Қуаты (n), 4. Толық пайдалы жұмыс коэффициенті (пжк) 5. Айналым саны (n), 6. Сұйықты сорудың вакуумометрлік биіктігі.
- •Арынды мұнаралардың құрылымы мен жабдықталуы
- •8 Кесте
- •Арынды мұнаралар
- •Арматура.
- •1. Жинап әкететін жүйе. 2. Ағызып әкететін жүйе.
- •10 Кесте Ағынды лас су шығын мөлшері
- •Дәріс мазмұны:
- •Халқы аз елді мекендерде суды тазарту жүйелері.
- •11 Кесте
- •12 Кесте
- •Сүзгілеу алаңдарына ағынды сулардың жүктеме нормасы (орташа жылдық атмосфералық жауын-шашын биіктігі 300-500м аудандары үшін)
- •Қолданылған әдебиеттер:
- •Ағынды суларды жергілікті тазарту. Беттік ағынды суларды тазартуға арналған қондырғылар.
- •Жеке тазарту қондырғылары.
- •Бақылау сұрақтары:
2. Сорғыштың арыны (h), 3. Қуаты (n), 4. Толық пайдалы жұмыс коэффициенті (пжк) 5. Айналым саны (n), 6. Сұйықты сорудың вакуумометрлік биіктігі.
Динамикалық сорғыштардың ішінде кең тарағаны қалақшалы- оның түрлері ортадан тепкіш және діңгекті. Олардың жұмыс істеу жағдайы жұмыс доңғалағының қатты айналуы арқылы қалақшалар әсерімен сұйықтың арыны артады. Сонымен қатар динамикалық сорғыштарды кейде үйкеліс сорғыштары деп те атайды – олар айналмалы (вихревые), вибрациялық және шаптырмалы (струялық) түрлері практикада кездеседі. Бұл сорғыштардың жұмыс істеу жағдайы жұмыс доңғалағында, сұйық шаптырмасында және пластина қозғалысында үйкеліс күш әсерінен су араласады, осы құбылыс салдарынан арында пайда болады.
Көлемдік сорғыштарда сорғыштың кірер және шығар жерлеріндегі су көлемінің алмасуымен камерадағы су көлемінің өзгеруі арқылы су периодтты қозғалады. Көлемдік сорғыштардың су арынын көтеру үшін поршеньді, плунжерлі, диафрагмалы және бұрандалы түрлерін қолданады.
Көлемдік сорғыштар: Механизмдерінің жұмыс бөліктері қайталамалы, іргелмелі немесе айналмалы қозғалыс жасайтын сорғыштар классы.
Поршеньды сорғыштар ең алғашқы сорғыштардың бірі. Қазіргі кезде басқа конструкцияларға қарағанда сирек қолданылуда. Бөлшектеріне металлдың көп жұмсалатындығы, сыртқы мөлшерінің ірі болуы, су беруімен қысымының бір қалыпты еместігі, су беруді жүйелердің қиындығы сияқты бір қатар кемшіліктері бар.
Жұмыс істеу принципы. Қозғалтқышпен айналатын шатунды механизм қайталамалы-ілгерілмелі қозғалысты цилиндрдің ішіндеге поршеньге жеткізіледі поршень оң жаққа қозғалған кезде цилиндрде вакуум болып, цилиндр суға толады. Поршень кейін қарай қозғалған кезде, сорғыш клапан жабылады да, арындық клапан ашылып, су цилиндрден ығыстырылып шығарылады. Поршеньдік сорғыштарда сору және айдау фактілері алмасып тұрады, сондықтан су құбырларға бір қалыпты берілмейді.
Ортадан тепкіш сорғыштардың су беру жағдайы көптеген факторларға байланысты болады, оның ішінде жұмыс қалақшалары аралығындағы каналдың мөлшері, сору және арынды құбырлардың орналасу жағдайы, негізгі сорғыштың конструкциялық ерекшеліктері тағы басқада осындай себептер Осы байланыстарды сорғыш өндіретін завод өзі тағайындап, әрбір сорғыштың өзіндік су беру өнімділігін және су көтеру арынын белгілейді. Сорғыштың су беру өнімділігін м3/с; м3/сағ кейбір жағдайларда л/с өлшемімен белгілейді.
Ортадан тепкіш сорғыштарды дәреже саны бойынша, жұмыс доңғалағына суды беру және әкету жағдайларына байланысты және валдың орналасу жағдайына байланысты бөледі. Салмақтық су беру мөлшерін кг/с немесе кг/сағ өлшем бірлігімен өлшейді арынды құбырдағы су қысымын кПа, ал сорғыш беретін арынды м өлшем бірлігі арқылы белгілейді. Дәреже санына байланысты бір дәрежелі (жұмыс доңғалағы біреу) және көп дәрежелі (бірнеші жұмыс доңғалағы бір валға орналасқан). Жалпы көп дәрежелі үлкен арын беру үшін қолданылады.
Сорғыш қондырғысына сорғышпен оған әсер ететін қозғалтқыш және басқа жабдықтар кіреді. Сорғыш қондырғыларын жыл бойы жұмыс істеуіне байланысты бір жағдайда орналастырады. Бұл жағдайда қондырғы мен бірге әртүрлі жабдықтармен аспаптар бар. Бұл жәйды сорғыш бекеті деп атайды.
Сорғыш бекетінде сорғыш және қозғалтқыш, бақылауға және өлшеуге арналған аппаратура, басқару электр аспаптары, сору және арынды құбырлар, бекіту және реттеу арматуралар және тағы басқа қосымша жабдықтар орналасады.
Айналма сорғыш бекттерін ауыл шаруашылығындағы өндірісті сумен жабдықтау жүйелерінде қолданады, олар өндірісте пайдаланған суды салқындатқыш қондырғыларға жеткізіп одан кейін қайтадан цехке апаруға арналады.
Жабдықтардың орналасу жайына байланысты сорғыш бекеттері жер бетіндегі, тереңдетілген және терең бекеттерге бөлінеді.
Сорғыш бекеттері басқару түріне байланысты олар қолмен басқару, автоматты басқару және қашықтықта басқару бекеттері болып бөлінеді.
Сорғыш бекетерінде сорғыштардың санымен түріне сорғыш қондырғыларын құрастыру және пайдалану жағдайларына қарай құбырлар әртүрлі орналасуы мүмкін. Бекеттерде сорғыштарды және құбырларды орналастырғанда, олардың сенімді қызмет атқаруы, қолайлығы, жұмыста қауіпсіздігі ойластырылған жөн.
Әрбір сорғыштың айналасынан жұмысшы еркін жүре алатындай болуы керек. Сорғыштарды жөндейтін алаңда қарастырылуы шарт.
Сорғыш құбырдың ұзындығы қысқа болса, сору қызметі жақсы жүреді. Мұндай құбырларда жасанды бөлшектер (бұрмалар тағы басқалар) аз болғаны жөн.
Сорғыш құбырдың саны, әдетте, сорғыштар санына тең болады. Ол тек болат құбырдан жасалынып, бір-бірімен дәнекерлеу жолымен қосылады. Құбырдың диаметрін жылдамдық бойынша (1-1,6 м/с) анықтауға болады.
Арынды құбырлар болаттан жасалып, жапсары фланецты болуы мүмкін. Арынды құбырлар әдетте екеу, ал үлкен сорғыш бекеттерінде оданда көп болуы мүмкін. Арынды құбырлар қарсы және қорғаушы клапандардан, су арын (қысым) өлшегіштермен жабдықталады.
Сорғыш бекеттерінде жүк көтеруші крандар (үш аяқты, «кошка», көпір крандар) болуы тиіс.
Қолданылған әдебиет:
НӘ 2 [5-20] НӘ 1 [118-137]
Бақылау сұрақтары:
Су құбыр жүйесінде қандай құрылыстар бір-бірімен байланысты?
Сорғыштардың қандай түрлерін білесіз?
Насос жұмысының негізгі сипаттамалары.
Насостың жұмыс принципі.
5- дәріс. Жер беті және жер асты су көздерінен су алу қондырғылары.
Жер беті су алу құрылысы.
Жер асты су алу құрылғылары.
Дәріс мазмұны:
Елді мекенді және өнеркәсіп орындарын сумен қамтамасыз ету мәселесін шешуде табиғи су көздерін дұрыс таңдай білу өте жауапты және күрделі мәселе, өйткені ол тек сумен жабдықтау жүйесі жұмысының сипаты мен сапасына ғана емес, сонымен қатар жүйе құрамындағы ғимараттар санына да әсерін тигізіп, олардың құрылыс және пайдалану құнына себепкер болады. Сумен қамтамасыз етуде пайдалануға болатын табиғи су көздерін екі топқа жіктеуге болады: жер беті көздері- өзендер, көлдер, қоймалар, теңіздер; жер асты су көздері- артезианды сулар, бұлақтар. Су көздерін таңдаған кезде алдын ала су кімдердің қажетіне жұмсалатынын білген жөн. Тұрғындардың тұрмыстық шаруашылығына арналған жүйелерде жер асты су көздерін пайдаланған дұрыс. Олар сапасы жағынан көптеген артықшылықтарға ие болады. Егерде олар қандай да бір себептермен елді мекендерді қамтамасыз ете алмайтын болса, онда жер беті суларын қарастырған жөн. Сонымен қатар, су көздерін таңдағанда олардың қайсысы жайында көп мәлімет алынса, сол су көздерін алған жөн. Алынған су көзі мекенжайды қандай жағдайларда болмасын сумен қамтамасыз етуі тиіс. Әлбетте, жазда құрғап, ал қыста мұз қатып қалатын су көздері сумен жабдықтау жүйелерінде қабылдануы мүмкін емес. Қабылданған су көздері мынадай талаптарға сәйкес алынуы тиіс:
- мекенжайдың болашақта кеңейе түскен кезіне де жетерліктей мөлшерде су беру қабілетіне ие болуы тиіс,
- суды үзіліссіз, сенімді түрде бере алуы керек;
- суды тұтынушылар талабына сай немесе олардың талаптарын оңай және арзан әдістермен орындау арқылы қанағаттандыра алу мүмкіншілігіне ие болуы тиіс;
- мекенжайға суды арзан жолдармен жеткізе алу.
Жер асты су көздері , әсіресе бұлақ пен артезиан сулары мөлдір және таза келеді. Олардың температурасы өзгермейді және бактериясыз болады. Теңіз суларының құрамында тұздардың көп болатындығынан, оларды көбінесе емдеу жұмыстарына немесе өндіріс қондырғыларын салқындату және тұщыландыру станцияларында пайдаланылуы мүмкін. Жер беті суларының өздеріне тән ерекшеліктері бар. Олардың құрамында әртүрлі заттар көп болады. Олар лайлылығы, органикалық заттардың ,микроорганизмдердің молдылығымен және тұздың аз болатындығымен сипатталады. Жаңбыр сулары, қар еріген кездегі ағын сулар және өз бетімен ағып түсетін ластанған сулар жер беті су көздеріне келіп қосылатындықтан, олардың санитарлық сапасы төмен болады. Бұрынғы Кеңес Одағы су қоры жағынан әлемде бірінші орын алады. Табиғат жағдайлары әртүрлі болғандықтан жер беті суларының ТМД территорияларында таралуы әртүрлі. Орта Азия және Қазақстан республикаларында су тапшы. Сумен жабдықтау жүйелері кез келген мекенжайды сумен қамтамасыз ететін құрылыстардан тұрады және олардың мақсаты суды табиғи су көздерінен қабылдап, оны тазалап және тиісті жерлерге жеткізіп беру болып табылады.
Құдықтар мен сұңғымалар әртүрлі тереңдікте жатқан жер асты суларын бұрғылау арқылы алу үшін қолданылады. Бұрғылау процессінде жердің таулы құрамдары талқандалып, одан кейін олар жер бетіне шығарылып және бұрғыланған құдық құбырларымен бекітіледі.
Құдықтың құрамына жоғарғы бөлігі су көтергіш және су қабылдаушы бөлімдер, сонымен қатар тұндырғыштар жатады.
Шахталы құдықтар онша терең емес (20 м-ге дейін) жер асты суларын қабылдау үшін қолданылады. Олар диаметрі немесе ені 1 м-ден кем болмайтын тік құдықтан жасалынып, суды түбімен, қабырғасымен және әр жағымен қабылдаушы құдықтар болып бөлінеді.
Шахталы құдыққа су келуін молайту үшін оның оң және сол жағынан көлденең тесік құбырлар жүргізіледі, сонда көлденең су жинағыштар шығады. Сәулелі су жинағыштар деп шахтылы құдыққа радиусы бойлай қосылған көлденең құбырларды айтады. Олар жер бетінен 10-15 м тереңдіктегі жер асты суларын алу үшін қолданылады.
Бұлақ көздерінен су алу ғимараттары тиімді жұмыс істеу үшін мынадай талаптар орындалуы қажет: 1. Бұлақтың шығар жерін ені мен тереңдігін бойлай ашу керек; 2. Бұлақ көзін мұз қатып қалудан және ластанудан сақтау қажет; 3. Бұлақтың шығар жерін көшкіннен және опырылудан қорғау керек.
Жер асты суларын молайту деп су өткізгіш қабаттың жоғарғы қабатындағы суды жасанды жолмен жер бетіндегі сулармен толтыруды айтады.
Жер бетіндегі көздерден су қабылдайтын ғимараттарды былайша жіктеуге болады:
1) өзеннің жағасынан су қабылдайтын ғимараттар;
2) өзеннің арнасынан су қабылдайтын ғимараттар;
3) жылжымалы су қабылдағыштар;
4) ожаулы су қабылдағыштар;
5) инфильтрациялы су қабылдағыштар;
6) бөгеттің жанында орналасқан су қабылдағыштар. Көбінесе сумен жабдықтауға арналған жер бетіндегі көздер ішінен өзендерді пайдаланады.
Өзендерден су қабылдайтын ғимараттарды өзен ағыны бойынша тұрғын жерден жоғарырақ орналастыру керек, сонымен бірге өзеннің арнасы түрақты, тереңдігі жеткілікті болғаны жөн. Су қабылдағыштың орны жағаның ойыс жерінде жобаланғаны дұрыс.
Жағадан су қабылдайтын ғимараттар. Өзеннің жағасынан су қабылдайтын ғимараттарды тік жарларда орналастырады. Су қабылдайтын ғимараттың бұл түрінің схемасы 7 - суретте көрсетілген.
7 - сурет. Өзеннің жағасынан су қабылдайтын ғимараттың схемасы:
1 - су қабылдайтын терезе; 2 - жағадағы құдық; 3 - павильон; 4 - сорғыш қүбыр; 5 - галерея; 6 - сорғыш; 7 - сорғыш станция; 8 - бөлу қалқа; 9 –тор.
Су қабылдайтын қүдық маңдай бет жағынан бірнеше секцияға белінеді, секциялардың саны (көбінесе екі) сорғыш құбырлардың санына сәйкес болу керек. Әр секция қалқамен екі камераға бөлінеді:
А - қабылдау камера; Б - сорғыш камера. Су өзеннен су қабылдайтын терезе арқылы қабылдау камераға кіріп, тордан өтіп сорғыш камераға жетеді: Су қабылдайтын терезенің сырт жағын салмалы төмір керегемен, ал ішінен қақпақпен жабдықтайды. Өзендегі судың деңгейі көп өзгеруіне байланысты су қабылдайтын терезелерді екі, кейбірде үшқабат жасайды.
Аз шығынды су қабылдайтын қүдықтарда жалпақ тор, ал көп шығынды су қабылдайтын құдықтарда айналмалы тор орнатады. Темір керегемен торлар суды үлкен тастардан, өсімдіктерден алдын ала тазалауға арналады. Бүл сорғышты бұзылудан сақтап қалатын шара.
Су қабылдайтын құдықтың үсті судың жоғары деңгейінен 0,5 м-ден биік тұру керек.
Қүдықтың үстіндегі павильон әртүрлі жабдықтарды жұмыс істету үшін пайдаланады. Су қабылдайтын құдықты кейбірде сорғыш қондырғысымен бірге жасайды.
Арнадан су қабылдайтын ғимараттар. Жағаның жері жайпақ және олқы болып, ал өзен саяз болғанда суды өзеннің арнасынан қабылдайтын ғимараттарды жасайды .
С
у
жағадағы құдыққа баулықтан кіріп
өздігінен ағатын құбырмен барады. Әрі
қарай судың жолы алдында көрсетілген
ғимараттағыдан. Баулықтар өздігінен
ағатын құбырлардың шеттерін бекітуге
және өзеннен суды қабылдауға арналады.
Оларды темірбетоннан, бетоннан және
ағаштан жасайды. Өздігінен ағатын
қүбырларды І болат, темірбетон және
асбестоцемент құбырларынан нөмесе
темірбетон галереясы тәрізді жасайды.
Бұл құбырлардың саны екеуден кем болмау
керек. Оларды жағадағы құдыққа қарай
су 0,7 м/с-тен артық жылдамдықпен өз
бетімен ағатындай еңістікпен жүргізеді.
Сонда бұл құбырлар бітелмейді. Ал бітеліп
қалатын жағдайда бұл құбырға құдықта
орналасқан арнайы сорғышпен суды айдап
тазалайды немесе арынды жуғыш құбырды
қолданады.
Суды алып беру сенімділігіне байланысты барлық су алу құрылғылары үш категорияға бөлінеді: а) суды үздіксіз алып беретін су қабылдағыштар; б) су алуда 5 сағаттық үзілістер жасау немесе бір ай бойына оның мөлшерін азайту мүмкіндігі бар қабылдағыштар; в) 3 тәулікке дейін су алуды тоқтата алатын қабылдағыштар.
Алынатын су мөлшеріне қарай су қабылдағыштар былай бөлінеді: а) өнімділігі аз қабылдағыштар (су алуы 1 м3/сағ кем); б) өнімділігі орташа (су алуы 1-ден 6 м3/сағ); в) өнімділігі жоғары қабылдағыштар (6 м3/сағ жоғары).
Орналасу орны бойынша су қабылдағыштар ағындық, жағалық, плотиналық және т.б. болып бөлінеді.
Жағалауларда су алу шартын қанағаттандыратын ойпатты жерлер бар болса, онда жағалық су алу құрылымдарын салады. Бірінші көтеру станцияларын су алу құрылымымен бір ғимарат ішіне орнатуға немесе жеке орнатуға болады. Оған байланысты жағадан су алу құрылымын екі түрге жіктейді: біріктірілген және жеке.
Жағалық су алу құрылымының жеке түрдегі схемасы 8-суретте көрсетілген. Су алу А және Б секцияларына бөлінген екі құдық түрінде орындалған.
8-сурет.
1-құдық; 2 – кіру терезелері; 3 – сору құбыры; 4 – тор; 5 – қабырға; 6 – қызметшілер бөлмесі; 7 – І-көтеру сорғысы; 8 – сорғы станциясы ғимараты; 9-галерея; 10-су құбырлары.
Тормен және жаппа тетігімен қамтылған 2-кіру терезесі арқылы енген су А секциясына түседі. А секциясынан шыққан су 5-қабырғада орнатылған 4 -тор арқылы өтіп, Б секциясына түседі де 3-сору құбырлары арқылы 7-сорғыға беріледі.Бақылауға ыңғайлы болу үшін 3-сору құбырлары 9-галереяда тартылған.
Пайдалану кезінде қиындықтар туғызбау үшін және торларды тазарту мүмкіндігі үшін қабылдағыш екі бөлікке бөлінген. Айта кететін мәселе - жоғарғы су алу терезесі-2 жоғарғы су деңгейінен, ал төменгі терезе – төменгі су деңгейінен төмен орналасуы керек.
Жайдақ жағалаулар мен таяз суларда ағындық типті су алу құрылғылары қолданылады (9-сурет). Бұл жағдайларда су жағадан алыс орнатылған 1- су алғыш арқылы алынады. Ірі қиыршықтар түсіп кетпеуі үшін оған тор орнатылады.
9-сурет.
1-су қабылдағыш;2 - өздігінен су ағу құбыры; 3-жағалау құдығы; 4-сорғының сору құбырлары; 5-сорғылар; 6-І-көтеру сорғы станциясы; 7-су құбырлары.
Жоғарыда қарастырылғаннан басқа жүзбелі су алу құрылғылары (су деңгейі ерәуір және су шығыны аздап өзгеріп тұратын) немесе су қабылдағыш ожау деп аталатын құрылғы түрлері бар.
Шаруашылық-ауыз су жүйелерінде жоғары сапалы су алу үшін жер асты су қабылдағыштары кеңінен қолданылады. Жер асты сулары әр түрлі тереңдіктерде орналасады. Осыған байланысты жер асты су алу құрылғыларын мынадай түрлерге бөледі: құбырлық құдықтар; шахталық құдықтар; көлденең су жинағыштар; инфильтрациялық су жинағыштар; бұлақ суларын жинағыштар.
Құбырлық құдықтар жер асты сулар өте терең (10м терең) орналасқанда қолданылады, жерге бұрғылау нәтжесінде еңгізіледі (9-сурет). Ішіне топырақтың құламауы үшін қабырғаларын болат құбырлармен бекітеді, ал су алынатын құбырлық құдықтың бас жағына сүзгі орнатылады.
10-сурет. 1-техникалық колонна; 2-пайдалану колоннасы; 3-жалғау муфтасы; 4-сальник; 5-сүзгі колоннасы; 6-судың статикалық деңгейі; 7-депрессиялық қисық.
Су қуаты аз, тереңдігі 10 м-ге дейінгі жер асты су көздеріне шахталық құдықтар орнатады (11-сурет). Олардың диаметрі 1-ден 1,5 м, қабырғалары кірпіштен, бетоннан және т.б. материалдардан орындалады.
Терең орналаспаған жер асты суларын көлденең су жинағыштар арқылы (12-сурет) алуға болады, олар дренаж каналдары немесе құбырларынан, су жинау құдығынан және сорғы станциясынан тұрады.
Егер
өзен аңғары су өткіш топырақтан құралса,
онда инфильтрациялық су жинағыш
ш
ахталық
құдықтар орнатуға болады.
11-сурет. 1-қақпақ; 2-желдету құбыры;
3 –отмостка; 4-саз құлып; 5-су деңгейі;
6-депрессиялық қисық; 7-сүзгі материалы
|
12-сурет. 1-құбырлық дренаж; 2- су жинау құдығы; 3-жер асты суының статикалық деңгейі; 4-су өтпейтін қабат. |
Бұлақ суларын жинау үшін каптаж камералары қолданылады, олар суды жинап, оған лас заттар түсуінен сақтайды.
Жылжымалы су қабылдағыштар. Мұндай су қабылдағыштарға жылжымалы және жүзбелі су қабылдағыштар жатады. Жылжымалы су қабылдағыш деген жағада орналасқан рельс жолымен жүретін жеңіл сорғыш қондырғысы. Өзенде су азайса бұл сорғыш рельспен төмен, ал судың деңгейі кетерілгенде жоғары жылжиды.
Жүзбелі су қабылдағыш деген жүк кемесінде, кейде қалқымалы көпірде орналасқан сорғыш. Жылжымалы мен жузбелі су қабылдағыштардың жақсы жағы өзендегі су деңгейінің өзгеруінен тәуелсіздігі және тез құру мүмкіншілігі. Бірақ олардың кемшілігіне жататын құбырлардың иілгіш қосу қажеттігі мен қыс мерзімінде пайдаланудың ауырлығы.
Ожаулы су қабылдағыштар. Өзеннің су қабатаның тереңдігінде жүзіп жүретін мұз су қабылдайтын саңылауды бітеп тастауы мүмкін. Ондай жағдайға жеткізбеу үшін және өзен суының лайлылығы жоғары болғанда суды өзеннің жағасында немесе арнасында орналасқан жасанды шығанақтан қабылдаған жөн. Бұл жасанды шығанақты ожаулы су қабылдағыш деп атайды. Бұл су қабылдағыштардың көлемін мұздың қалқып бетке шығу және қалқыма заттардың өзеннің түбіне шөгу жағдайларына байланысты анықтайды. Бұл қабылдағыштарда судың қозғалыс жылдамдығы 0,05 - 0,2 м/с-ке тең қабылдайды. Ожаулы қабылдағыштар тәменгі жағында кіруі (мұнда ожаудың сағасы өзеннің ағысы ыңғайымен орналасады) және бас жағында кіруі (мұнда ожаудың сағасы өзеннің ағысына қарсы орналасады) бар қабылдағыштарға бөледі. Төменгі жағында кіруі бар ожауларды көбінесе түп жағында ағатын ағыстарды пайдаланады, сол үшін олардың қолдануы жүзіп жүретін мұздың барында қажетті, ал бас жағында кіруі бар ожаулар су бетіндегі ағысты пайдалануға, судың лайлылығы жоғарыда қолданған дұрыс. Ожауларды өзеннің жағасында қазып немесе өзеннің арнасын бөгет етіп жасайды. Қосарланған ожауларды түпкі мүзбен күресу жәнө суды мөлдіретуге жасайды.
Инфильтрациялы су қабылдағыштар. Бұл қабылдағыштың конструкциясы былай. Өзеннің жағасында бірнеше құбырлы құдықтар немесе шахтылы құдықтар қазылады. Сол құдықтар грунт қабатынан өтіп сүзілген өзен суын қабылдайды. Мұндай су қабылдағыштар сүзу қабілеті зор, құм, қүм - қиыршық тастан құрылған жағаларда орнатылады.
Қолданылған әдебиет
НӘ1 [137-157], НӘ 2 [20-27, 48-50]
Бақылау сұрақтар:
Сумен жабдықтаудың су көзіне қандай талаптар қояды?
Жер беті су көздерінен су алу ғимараттарының түрлерін атаңыз?
Жер асты су көздерінен су алу ғимараттарының түрлерін атаңыз?
Инфильтрациялы су қабылдағыштардың жұмыс принципі.
6-дәріс. Арынды мұнара және реттеуші сыйымдылықтар.
Арынды мұнараның конструкциясы, жұмыс істеу принципі.
Арынды мұнарасы мен насос арынының биіктігін анықтау
Дәріс мазмұны:
Реттеуші және сақтаушы сыйымдылықтардың сумен жабдықтау жүйесінің жұмысында үлкен рөл атқарады.Реттеуші сыйымдылықтардың көмегімен сорғыш станциялардың жұмыс кестесін шамалы реттеп отыруға болады,сонымен қатар олар магистралды құбырлардың диаметрін кемітуге мүмкіншілік жасап, жалпы су торабтарының құның азайтуга себепші болады.Сақтаушы сыйымдылықтар жалпы су жүйесінің үздіксіз және сенімді жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.
Сумен жабдықтау жүйесінде қолданылатын сыйымдылықтарды төмендегіше жіктеуге болады
1.Жұмыс атқарушы принципі бойынша:
а)реттеуші
б)сақтаушы
в)сақтаушы-реттеуші
2.Судың алынуы бойынша
а)арынды,су құбырларында қысымды тұрақты шамада ұстап тұра алатын сыйымдылықтар;
б)арынсыз, мұнда су сорғыштар арқылы алынады
3.Конструкциялық өзгешеліктері бойынша
а)арынды мұнаралар;
б)резервуарлар;
в)арынды бағаналар (колонкалар);
4.Ауалы арынды қондырғылар
Сыйымдылықтардың түрін, өлшемін және орналасу орнын дұрыс анықтау үшін жобалау жұмыстарында су орнын дұрыс анықтау үшін жобалау жұмыстарында су жүйелерін мұқият техникалық-экономикалық талдаудан өткізіп, олардың жұмыс режимін толық анықтап алу қажет. Олардың санын анықтау мәселесі де көптеген талдау жұмыстарын талап етеді. Өйткені, бактердің жалпы сыйымдылығын мұнаралар мен резервуарларға бөле отырып су жүйесінің құнын азайтуға болады.
