- •Сумен жабдықтау жүйелерінің жіктелуі
- •6 Кесте
- •7 Кесте
- •2. Сорғыштың арыны (h), 3. Қуаты (n), 4. Толық пайдалы жұмыс коэффициенті (пжк) 5. Айналым саны (n), 6. Сұйықты сорудың вакуумометрлік биіктігі.
- •Арынды мұнаралардың құрылымы мен жабдықталуы
- •8 Кесте
- •Арынды мұнаралар
- •Арматура.
- •1. Жинап әкететін жүйе. 2. Ағызып әкететін жүйе.
- •10 Кесте Ағынды лас су шығын мөлшері
- •Дәріс мазмұны:
- •Халқы аз елді мекендерде суды тазарту жүйелері.
- •11 Кесте
- •12 Кесте
- •Сүзгілеу алаңдарына ағынды сулардың жүктеме нормасы (орташа жылдық атмосфералық жауын-шашын биіктігі 300-500м аудандары үшін)
- •Қолданылған әдебиеттер:
- •Ағынды суларды жергілікті тазарту. Беттік ағынды суларды тазартуға арналған қондырғылар.
- •Жеке тазарту қондырғылары.
- •Бақылау сұрақтары:
Ағынды суларды жергілікті тазарту. Беттік ағынды суларды тазартуға арналған қондырғылар.
Кіші объектілерге ұсақ қайта өңдеуші кәсіпорындар, автокәсіпорындар, қоймалар, жанармай құю станциялары жатады, олар ірі елді мекендерден тыс орналасқан. Жаңбыр жауудан немесе қардың еруінен түзілген беттік ағынды судың құрамы объектінің профиліне тәуелді және оған шикізат пен дайын өнімнің компоненті кіреді. Бұл компоненттер объектінің беткі территориясына жүктеу- шығару жұмыстары кезінде шаң ретінде және технологиялық процесс кезінде түседі. Сонымен қатар объектінің беткі территориясына көліктерден майлағыш материалдар түрінде мұнай өнімдері және дөңгелектердің лас заттары да түсуі мүмкін.
Кіші объектілерден беттік ағынды суларды тазартуға арналған қондырмаларды жобалау кезінде олардың беріктігіне, ықшамдылығына, жұмыстың автоматтандырылуына және қызмет жасауының қарапайымдылығына үлкен назар аудару керек. Қондырманы есептеу және таңдау принципі ірі елді мекендердің беттік ағынды суларын тазартуға арналған қондырманың принципі сияқты, бірақ заводтың дайындаған тазартуға арналған қондырмаларын қолданған жөн.
Осындай шешімнің мысалы болып Росэкострой-мен ұсынылған беттік ағынды суларды тазартуға арналған кешені табылады (42 сурет), оған беттік ағынды сулардың есептік көлемін аккумуляциялау, алдын-ала қалқып жүрген қоспалардан, құмнан және ірі дисперсті мұнай өнімдерінен механикалық тазарту, содан соң көмірлі және көмірлі-талшықты жүктемесі бар сүзгіштерде сүзу жатады.
Сурет 42. Беттік ағынды суларды тазартуға арналған қондырма кешені:
1- көмірлі жүктемесі бар сүзгіштер; 2 - көмірлі-талшықты жүктемесі бар сүзгіштер; 3 – таза су багы; 4 – реагентті сүзгілеуге арналған сүзгіш; 5 - реагенттер; 6 – жауын тұрағы; 7 – сүзгіштерді шаю насосы; 8 - тұндырғыш; 9 – мұнай өнімдерін жинауға арналған ыдыс; 10 – тұрақтарды сору насосы; 11 - аккумуляциялаушы ыдыс.
Осы қондырмаларда құрамында көп мөлшерде ұсақ дисперсті аспалы заттары (аспалы заттың жалпы мөлшерінен 20% және одан да көп) бар беттік ағынды суларды тазарту кезінде қазіргі флокулянттар мен коагулянттарды пайдаланып реагентті сүзгілеу әдісін қолдануға болады, ол тазартудың тұрақты көрсеткіштерін қамтамасыздандырады. Ағынды сулардың 25 м/тәул. шығындалу кезінде тазартудың технологиялық схемасы механикалық тазарту түйінін – торлар, құмұстағыштар, біріншілікті тұндырғыштарды және биологиялық тазарту түйінін – ұзартылған аэрациялы аэротенктер, әртүрлі құрылымды биосүзгіштер, циркуляциялы тотықтырғыш каналдарды қосады. Тазартылған ағынды суларды су қоймаларына жіберу жағдайында оларды дезинфекциялау қажет.
Өткізу қабілеттігі 25 м3/тәул. болатын торлар тазарту станцияларында қондырылады, олар екіярусты тұндырғыштармен қамтамасыздындырылған. Кіші тазартқыш қондырмаларда тұнбаны қолмен алу жүргізілетін бір тор орналасады. Мұндай торлар тазарту қондырмаларында дайындалады және қызметінің қарапайымдылығымен ерекшеленеді. Қалдық мөлшері 0,1м3/тәул. аз болған кезде көлемі кейде 20-25л себет түріндегі қарапайым торлар қолданылады, ол насосты станцияның қабылдаушы резервуарында орналасады. Саңылау ұзындығы 16-20мм торларда қолмен тазарту кезінде жылына бір адаммен 4-5л қалдық ұсталынады, оның ылғалдылығы 80% және тығыздығы 0,75т/м3.
43-сурет . Ағынды суларды механикалық тазартуға арналған контейнерлі қондырма:
А – торлы контейнер; В – қалдықтарға арналған ыдысы бар контейнер; 1- берілуші құбыр; 2- қабылдаушы камера; 3- механикалық тор; 4 – қалдық өткізгіші; 5 - әкетуші құбыр; б – қалдыққа арналған контейнер; 7 - арба; 8 - тартқыш вентиляция; 9 - гидра-вликалық пресс; 10 - электрошкаф және автоматика.
Құмұстағыш ірілігі 0,25мм және одан үлкен минералдық қоспаларды жоюға арналған және өнімділігі 100м3/тәул. жоғары тазарту қондырмаларында қолданылады. Кіші тазарту қондырмаларында құмды механикалық немесе қолмен жоятын көлденең құмұстағыштар (ұсталатын құмның мөлшері 0,5м3/тәул. аз болған кезде) қолданылады. Өнімділігі 400, 700, 1400, 2700м3/тәул. көлденең құмұстағыштардың типтік жобалары бар. Көлденең құмұстағыштардың бір түрі су айналмалы қозғалыста болатын құмұстағыш болып табылады, оның ерекшелігі: ондағы су конус формалы резервуарда шеткі науаға бойынша қозғалады (44 сурет). Сонымен қатар су тік қозғалыста болатын тангенциалды құмұстағыштар да бар, онда гидравликалық ірілігі 18-24 мм/с болатын минералдық қоспалар бөлінеді. Осындай құмұстағыштардың артықшылығы болып ықшамдылығы, жоғары өнімділігі және қызметінің қарапайымдылығы саналады.
44-сурет. Құмұстағыштар: а- суы тік қозғалыста болатын тангенциалды, б- суы айналмалы қозғалыста болатын көлденең; 1- ағынды сулардың берілуі; 2 – жұмысшы ыдыс; 3 – ағынды сулардың әкетілуі; 4 – бөлінген құмға арналған ыдыс; 5 – құмды жоюға арналған құбыр.
Құмұстағыштарды есептеуді гидравликалық жүк арқылы жүргізеді, оның максимал мәні 110м3/м2-ден аспайды. Құмұстағыштардың диаметрі 6м-ден жоғары болмайды. Судың қозғалыс жылдамдығы 0,6-0,8м/с болған кезде құмды жою тиімділігі 90% құрайды, оның ылғалдылығы 20% және күлділігі 94%.
Тангенциалды құмұстағыштарды есептеу кезінде құмұстағыш тереңдігі оның диаметрінің жартысына тең деп алынады. Ұсталған құм бөлшектерінің есептік диаметрлері 0,2-0,25мм, тәулігіне ұсталған құм мөлшері 0,2л/адам және құм тығыздығы 1,5т/м.
Ұсталған құм құмды алаңдарға немесе құмды бункерлерге жіберіледі. Құмды бункерлерді босату кезеңі бір тәулікте бір реттен аз болмауы керек. Қыс мезгілінде құмды бункерлерді босату қиынға соғады, ол ылғал массаның қатуымен байланысты, сондықтан құмды бункерлерді пайдалану өте мұқият қарастырылуы қажет.
Екіярусты тұндырғыштар түбі конусты немесе пирамидалы болатын цилиндрлі немесе тікбұрышты қондырма болып табылады. Екіярусты тұндырғыштардың алдына тор мен құмұстағышты орнату керек. Бір каналы бар бір тор мен бір құмұстағыш қарастырылады. Септикпен салыстырғанда екіярусты тұндырғыштарда тұндыру аймағы көлденең тұндырғыш болып келетін қондырманың жоғарғы бөлігіндегі науаларда орналасады.
Екіярусты тұндырғышты есептеу тұндырылған науа өлшемін және тұнбалы камераның өлшемін анықтауға негізделген. Аспалы заттарды ұстап қалу әсері олардың құлау жылдамдығына және бастапқы концентрациясына тәуелді. Науаларда судың қозғалыс жылдамдығы шамамен 2мм/с-қа тең, ал максимал жылдамдығы – 7мм/с. Сұйықтың науада болу уақыты максимал ағын бойынша 2 сағаттан аз болмауы керек. Диаметрі 5м-ге дейінгі тұндырғыштарда көбінде бір науа болады, ал 5м-ден көп болса – екі, бірақ науалардан босатылған тұндырғыш беттігінің ауданы тұндырғыш ауданының 20% құрайды. Науа ұзындығы 6м, ені 0,5м және тереңдігі 1,5м деп қабылданады. Септикалық камераның көлемі судың қысқы орташа температурасына тәуелді.
Егер септикалық камераға толық биологиялық тазартуға жұмыс істейтін аэротенктердің активті тұнбасы берілсе, онда оның көлемі 70%-ға артады немесе толық емес тазарту аэротенктерінің активті тұнбасы берілсе, онда 30%-ға артады. Екіярусты тұндырғышта тұндырылған ағынды суларды сүзу алаңына жіберсе, онда септикалық камераның көлемі 20%-ға кемуі мүмкін.
Екіярусты тұндырғыштан тұнба диаметрі 150мм-ден аз болмайтын тұнбалы құбыр арқылы гидростатикалық қысыммен шығарылады.
Өтімділік қабілеті 500м3/тәул. болатын, ауасының жылдық температурасы 3,50С температураға дейінгі тұндырғыштарды жылытылатын ғимараттарда, ал 3,5-60С болса, онда жылытылмайтын ғимараттарда орналастырады.
Екіярусты тұндырғыштардың жұмысы интенсивті болуы үшін пластиналары 30-400 бұрышта орналасатын жіңішке қабатты модульдерді пайдалану кеңінен қолданылады. Жіңішке қабатты модульдердің биіктігі 1-2м.
Екіярусты тұндырғыштарда БПКтолық бойынша тазарту әсері 25-60%, ал аспалы заттар бойынша 45-70%-ға жетеді.
