Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
сумен жабд.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
6.29 Mб
Скачать

11 Кесте

Суару алаңдарына тұндырылған тұрмыстық ағынды суларының жүктеме нормасы (орташа жылдық атмосфералық жауын-шашын биіктігі 300-500м аудандары үшін)

Ауаның орташа жылдық температурасы, 0С

Ауылшаруа-

шылық

өнімдері

Топыраққа байланысты суару алаңдарының жүктемесі, м3/га тәулігіне

Саз

Суглинка

Супесь

Құм

3,5-ке дейін

Бақшалық

Далалық

20

10

30

15

40

20

60

30

3,5-6

Бақшалық

Далалық

25

15

35

20

50

25

75

40

6,1-9,5

Бақшалық

Далалық

35

20

45

25

60

30

80

40

9,6-11

Бақшалық

Далалық

50

25

60

30

70

35

85

40

11,1-15

Бақшалық

Далалық

60

30

70

35

80

40

90

45

Ескерту: Орташа жылдық атмосфералық жауын-шашын мөлшері 500-700мм аудандар үшін суару алаңдарының жүктеме нормасын 10-15%-ға азайту керек. Орташа жылдық мөлшері 700мм-ден көп болатын аудандарда – 15-25%-ға. Үлкен пайызын саздақ топырақ үшін, ал кіші пайызын құмды топырақ үшін қолданады.

12 Кесте

Сүзгілеу алаңдарына ағынды сулардың жүктеме нормасы (орташа жылдық атмосфералық жауын-шашын биіктігі 300-500м аудандары үшін)

Топырақ

Ауаның орташа жылдық температурасы, 0С

Сүзгілеу алаңдарының жүктемесі м3/га тәулігіне, топырақ суларының тереңдігі келесідей болғанда, м

1,5

2

3

Жеңіл саздақ

3,5-ке дейін

50

55

60

3,5-6

60

70

75

6-11

70

75

85

11-15

80

85

100

Супесь

3,5-ке дейін

80

85

100

3,5-6

90

100

120

6-11

100

110

130

11-15

120

130

150

Құм

3,5-ке дейін

120

140

180

3,5-6

150

175

225

6-11

160

190

235

11-15

180

210

260

Ескерту: Орташа жылдық атмосфералық жауын-шашын мөлшері 500-700мм аудандар үшін суару алаңдарының жүктеме нормасын 10-15%-ға азайту керек. Орташа жылдық мөлшері 700мм-ден көп болатын аудандарда – 15-25%-ға. Үлкен пайызын саздақ топырақ үшін, ал кіші пайызын құмды топырақ үшін қолданады.

Биологиялық тоғандар. Биологиялық тоғандар биологиялық тазарту қондырмалары ретінде немесе жасанды биологиялық тазарту қондырмаларынан кейінгі ағынды суларды тазарту үшін қолданылады. Биологиялық тоғандар табиғи және жасанды аэрациялы, байланысқан, сериялы (тоғандардың каскадтарынан құралатын) болады.

Биологиялық тоғандар формасы тікбұрышты және судың қозғалысы бойынша созылған. Табиғи аэрациялы биологиялық тоғандарда ұзындықтың еніне қатынасы 1:1,5, ал жасанды аэрацияда 1:3 болуы керек. Судың тұрып қалмауы үшін биологиялық тоғандарда суды реттеп береді. Биологиялық тоғандарда ағынды сұйықтың қозғалыс бағыты жергілікті желдің бағытына перпендикуляр болуы керек.

Биологиялық тоғандарда өтетін процестер сипатына қарай үш негізгі түрге бөлінеді: аэробты, факультативті және анаэробты.

Аэробты биологиялық тоғандарда судың барлық тереңдігі бойынша оттегі болады, оның тереңдігі көбіне 0,3-0,45м тең, оған реаэрация және фотосинтез процестері арқасында жетеді.

Тереңдігі 1,2-2,5м дейінгі факультативті биологиялық тоғандар көбіне механикалық және толық емес биологиялық тазартудан кейінгі ағынды суларды тазарту үшін қолданылады. Сонымен қатар бұл тоғандарды аэробты-анаэробты деп те атайды. Мұндай тоғандардың жоғарғы қабаты ерітілген оттегімен қаныққан, ал төменгі қабатында тұнбалардың анаэробты ыдырауы жүреді.

Анаэробты биологиялық тоғандар органикалық ластану бойынша өте ауыр жүктемемен жұмыс істейді. Мұнда жүретін негізгі биохимиялық процесс – қышқылдар түзілу.

Биологиялық тоғандардың жасанды аэрациясы ағынды суларды биохимиялық тазарту процестерін интенсивтеуге, тереңдікті 3-4м үлкейтуге мүмкіндік береді, бұл процесті тұрақтандырады және биотоғандарды ықшамдауға мүмкіндік береді. Жасанды аэрация механикалық және пневматикалық әдіспен жүзеге асады. Жасанды аэрациялы биологиялық тоғандардың типтік жобалары жасалған және олардың өткізу қабілеті 12; 25 және 50м3/тәул. Соңғы кезде жоғары сулы өсімдіктері бар биологиялық тоғандар кең таралған. Мұндай тоғандарда анықталған схема бойынша келесі сулы өсімдіктер отырғызылады: қамыс, рогоз, сынап, сулы гиацинт және т.б. Өсімдіктер тазарту процесін интенсивтейді, биогенді элементтерді жояды, олармен өздері қоректенеді, судан ауыр металдарды, радиоактивті изотоптарды және басқа ластаушыларды бөліп алады. Жоғары сулы өсімдіктер бөлетін фитоцидтер суды залалсыздандырады. Жоғары сулы өсімдіктер біржасушалы және ұсақ балдырларға судан биогенді элементтерді бөліп алудан бәсеке болғандықтан, суда жоғары сулы өсімдіктердің болуы тиімді. Бұл жоғары сулы өсімдіктердің тез дамуымен, яғни қоректену заттарын көп қолданумен түсіндіріледі. Сонымен қатар жоғары сулы өсімдіктерді биотоғандардан ұсақ балдырлармен салыстырғанда алып тастау өте жеңіл.

БПКтол бойынша ластану концентрациясының жалпы төмендеуі 60-98% құрайды, ал аспалы заттар бойынша 90-98%.

Биологиялық тоғандар кең санитарлық қорғаушы аймақтарды құруды қажет етеді.