Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
сумен жабд.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
6.29 Mб
Скачать

1-дәріс. Кіріспе. Сумен жабдықтау және суды бұрудың негізгі мақсаттары.

1. Еліміздің су шаруашылық жағдайы.

2. Сумен жабдықтау және су бұру жүйесі туралы түсінік беру.

Дәріс мазмұны: Республика өнеркәсібі мен ауыл шаруашылығының дамуы калалар мен елді мекендердің көркейіп өсуі сумен жабдықтау жүйелерінің құрылуына және олардың дұрыс жұмыс істеуіне тығыз байланысты. Сондықтан келешек инженерлік мамандары шаруашылық-ауыз су жүйелерінің жеке элементтерінің жұмыс ерекшеліктерімен, оларды есептеу, жобалау және құру теорияларының негізін білу керек.

Халық шаруашылығының бірде-бір саласы сусыз жұмыс істей алмайды. Үй-жай тұрмыстық шаруашылығы күрделі қазіргі қалаларда су көп мөлшерде қала тұрғындарының мұқтаждары үшін, қала алаңдары, егіс алқаптарын суғарып, баптау үшін және басқа да мақсаттар үшін қолданылады. Осы тұтынушылардың барлығын сумен қамтамасыз ету үшін орталықтандырылған су жүйелері қолданылады.

Жылдан жылға су құбырлары санының қысқару бет алысы байқалып отыр. 1997 жылдан бастап осы уақытқа дейін олардың саны 433-ке қысқарған, әсіресе саны 407-ге қысқарған ауыл су құбырлары болып отыр. Республика халқын құбыр суымен қамтамасыздандыру төмендеуде. 2000 жылы бұл көрсеткіш – 77,6%; 2002 жылы – 73,7% құрады. 3 млн.-дай адам (20,6%) орталықтандырылмаған көздер суын, елдің жарты млн.-дай халқы (3,3%) сапасы кепілденбеген тасымалды суды және 350 мыңдай адам (2,4%) ашық қоймалар суын қолданады. Халқы құбыр суымен ең аз қамтамасыздандырылған – Солтүстік Қазақстан (52,3%), Батыс Қазақстан (61,2%), Жамбыл (61,4%), Оңтүстік Қазақстан (62,5%), Қостанай (62,9%), Атырау (63,8%) облыстарында. Пайдаланылушы судың ластануы аурулардың себебі болуы мүмкін. Химиялық қоспалармен, кейде тіпті аз мөлшерде, ластанған суды қолдану денсаулыққа қауіпті және ұзақ аурудың себебі де болады, ал олардың суда болатын канцероген деп аталатын кейбіреулері жаңатүзілулердің пайда болуына әкеледі.

Қазақстан Республикасының жарлығы бойынша 2003-2005 жылдар “Ауылды қолдау” жылы болып жарияланды. Бұл үшін іс-шаралар жоспары құрылды. Оның бір бөлімі халықтың санитарлы-эпидемиологиялық жағдайын және объектілерді сумен қамту күйін жақсартуға арналды. 2002 жылы Қазақстан Республикасының Үкіметімен “Ауыз су” салалық бағдарламасы бекітілді. Аталған бағдарламаның артықшылығы - сумен қамту және су тұтыну облыстарындағы нормативті-құқықты базаны жетілдіру, атап айтқанда “Ауыз су” туралы заңды дайындау, ауыз су сапасына, орталықтандырылмаған шаруашылық – ауыз суымен қамту көздеріне, халыққа берілетін ауыз су сапасы мен су қоймаларына түсірілетін өңделген судағы зиянды заттардың концентрацияларына шекті мүмкін болатын су көздеріне арналған кешенді мониторингке гигиеналық талаптарды орнықтыратын жаңа санитарлық нормалар мен құқықтарды (СанҚжН) енгізу;

- барлық министрліктер мен мекемелердің халықты, әсіресе таза суға тапшылық көріп отырған ауыл халқын ауыз суға мүмкіндігін және оның сапасын жоғарылату бойынша бірлесіп жұмыс істеуі; суқұбыр жүйелерінің барларын жаңалау және жаңаларының құрылысын қамтитын техникалық іс-шаралар өткізу; су көздерінің жағдайларын жақсарту; су көздерін және сумен қамту жүйелерін жақсартуға бағытталған аймақтық “Ауыз су” салалық бағдарламаларды тарату; ауыз су ретінде беттік көздердің суын пайдалануды жою, және сонымен қатар халықтың су факторларымен берілетін жіті ішек инфекциясы, вирусты гепатит ауруларымен ауыруын төмендету; халықты санитарлы-эпидемиологиялық саулықпен қамтамасыздандыру жоспарланып отыр.

Қоғам мен мемлекеттің тұрақты даму процестері адамзаттың негізгі ғаламдық мәселелерді - өмір сүру қауіпсіздігі, халықты экологиялық таза ауыз сумен және тамақ өнімдерімен қамтамасыздандыру, әлеуметтік-экологиялық шешімдердің арасындағы қажетті теңдігі және қоршаған ортаны сақтау, шешумен тікелей байланысты.

Бұдан ХХI ғасырда экологиялық қауіпсіздікке және де ең негізгісі материалдарды, қалдықтарды өңдеу және солардың негізінде қоғамға пайдалы және қажетті өнім алуға негізделген экономикалық және технологиялық азшығынды процестерді дайындауға көп мөлшерде назар аударылады деп қорытынды жасауға болады.

Мұндай технологиялардың біріне материалдар мен заттардың өңдеудің мембрандық және басқа дәстүрлі емес және құрамдас процестерді жатқызуға болады. Мембранды ғылым мен технологияның толық қалыптасуы ХХI ғасырда күтілгенімен, сұйық және газ тәрізді орталарды бөлудің мембранды әдістері, бүгінгі күнде, өндірістік технологиялық процестердің арсеналында нық орынды иеленіп отыр. Мембранды технологияның бәсекелесушілері болмайтын облыстар да бар (медицина – жасанды бүйрек, өте таза заттар; биотехнологияның пайда болуы).

Қайтымды осмос процесі еріген заттардан еріткіштің бөлінуі жартылай өткізгішті мембраналарды пайдалану көмегімен жүруіне негізделген. Осы әдіспен тұщыландыру кезінде жартылай өткізгішті мембрана тұзды ұстап қалады да суды өткізеді. Бұл әдістің қозғаушы күші болып тұзсыздандыру ерітіндісінің осмостық қысымының үстінде қолданылған гидравликалық қысымның артығы табылады. Қазақстан территориясында тұщы су қорлары біркелкі орналаспаған, соның салдарынан көптеген аймақтар тұщы суға тапшылық көріп отыр. Жер үсті суының барлық көлемінің жартысындайы республика шекарасынан тыс жерлерде қалыптасқан, үштен бір бөлігі Қазақстан арқылы көрші мемлекеттер территориясына өтіп жатыр. Қазақстанның жер үсті суының табиғи ресурстарының қысқару беталысы байқалуда.

Барлық ірі ағын сулар бойынша жер үсті суының сапасы ауыз су стандарттарына мүлдем сәйкес келмейді және алдын ала дайындықсыз шаруашылық суы үшін пайдаланыла алмайды.

Қазақстанда елді мекендерді сумен қамтуда жер асты тұщы және әлсіз минералданған су қорларын кеңінен пайдаланады.

Суды тұщыландыру мен тұзсыздандыру маңызды әлемдік техникалық мәселелердің бірі болып келеді.

Қазақстан Республикасының 84 қала мен 214 жұмысшы поселкілерінің ішінен 82 қала мен 186 поселкісі ғана сумен қамтудың орталықтандырылған жүйелерімен қамтылған. 7845 елді мекендерде тұратын ауыл халқын ауыз суымен қамтамасыздандыру маңызды мәселе болып отыр.

Халықты сумен қамтуды арттыруды шешуге негізгі бағыт, ол - сумен қамтуды жергілікті жүйелермен жабдықтау және минералдануы 1,0-1,5 г/дм3 болатын әлсіз минералданған жер асты суларын пайдалану.

Бірінші кезекті өлшемдер ретінде, мысалы, халқының үштен бір бөлігі минералдануы жоғары ауыз суын пайдаланатын Павлодар аймағы үшін, “Ауыз су” салалық бағдарламасында 115 поселкіде сумен қамтудың жұмыс істеуші жүйелерінде тұщыландыру станцияларын орнату және тұщыландырғыш құрылғылары бар жаңа блок-схемаларының құрылысы қарастырылады. Әлсіз- және күштітұзды суларды тұзсыздандырып, ауыз суын алу үшін әртүрлі отандық және шетел өндірушілерінің жабдықтарын қолдану қарастырылады, олар темірді, марганецті жоюға, сондай-ақ судың қаттылығын төмендетуге мүмкіндік береді.

Мемлекеттік саясат осы аймақта республикада суды тұщыландыруға және тазартуға арналған заманға сай қуатты жабдықтарды шығаруға бағытталған.

Мәселенің басқа жағын да ұмытпау қажет: өндірістік өнеркәсіптердегі суайналым жүйелеріндегі суды тұщыландыру мен тұзсыздандыру қоршаған ортаны минералдық қоспалармен ластануынан қорғайды. Беттік көздердегі тұз мөлшерінің өсуі ластануға ғана емес, сонымен бірге ауыл шаруашылығы мен өндірістің жай дамуына әкелуі мүмкін. Бұл деген әлеуметтік-экономикалық жағдайға әсер етеді. Су қоймаларын ағын сумен тазарту арқылы тұзбен ластануын жою үшін сумен қамтудың жабық жүйелерін жасау қажет, олар суды тұзсыздандырусыз орындалмауы және жүйеден тұздың шықпауы мүмкін.

Қайтымды осмостың артықшылығы болып оның әмбебаптылығы саналады, яғни суды әртүрлі құрамды және әртүрлі концентрациялы қоспалардан тазарту мүмкіндігі.

Әртүрлі типтегі қондырғыларды пайдалану тәжірибесі құрылғының ұзақ және тұрақты жұмысы тұщыландырылатын суды сәйкесінше алдын ала дайындаумен қамтамасыздандырылатынын растайды. Суды алдын ала өңдеудің мақсаты – одан механикалық қоспаларды бөлу, сонымен қатар мембраналардың ластануын болдырмайтын жағдайды тудыру. Бұл мәселелердің барлығы тұщыландыру процесін толығымен қиындатады, тұщыландырылатын суды алдын ала дайындау схемаларын таңдауда қиындық туғызады.

Халықты ауыз сумен қамтамасыздандыру – бұл инвестициялық ғана мәселе емес, сонымен бірге ғылыми-техникалық та. “Ауыз су” бағдарламасын толығымен орындау суды дайындаудың тиімді схемаларын таңдауда ғылыми-техникалық негізімен байланысты. Тек қана тиімді схемалар сапалы суды қажетті мөлшерде және арзан бағада береді. Бұл Қазақстан халқы үшін өте маңызды.

Елді мекендер, әсіресе мыңдаған халқы және ондаған, кейде тіпті жүздеген өндірістік кәсіпорындары бар үлкен қалалар тәулік бойы канализациялық торларға, сосын су қоймаларына мың, миллион куб метр тұрмыстық-шаруашылық және түрлі органикалық, бейорганикалық, соның ішінде улағыш заттармен ластанған ағын суларды ағызады. Сәйкес тазартудан өтпеген ағын сулардың су қоймаларына құйылуы түбін ластайды және барлық тірі дүниені құртады.

Қала ағын суларынан басқа даладан келіп жатқан атмосфералық сулар өздерімен бірге арамшөптермен (гербецидтер), өсімдік ауруларымен (фунгицидтер), ауылшаруашылық зиянкестерімен (инсектицидтер) күресу үшін қолданылатын минералды тыңайтқыштар мен улы химикаттарды алып жүретіндіктен ластанудан шет қалмайды.

Ағын сулардың бөлшектілік дәрежесі бойынша ластануы келесілерге бөлінеді: ірі бөлшекті, олар суда жүзгіндер, суспензиялар, эмульсиялар және көбіктер түрінде болады; коллоидты-бөлшекті және молекулярлы-бөлшекті.

Ластану өзінің пайда болуы бойынша келесілерге бөлінеді: минералды (құм, балшық, тұз, қышқыл, сілті ерітінділері және т.б.), органикалық (адам мен жануарлардың физикалық бөлінуі, жануарлар мен өсімдік организмдерінің қалдықтары және т.б.), бактериялы (бактериялар мен вирустар) және биологиялық (зеңді және ашытқы саңырауқұлақтар, ұсақ балдырлар және т.б.).

Осы шарттарға тұспалдана отырып ағын суларының ластануы мен мөлшерін тазартудың қажетті дәрежелігін анықтайды.

Қолданылған әдебиеттер:

1 нег. [175-195, 237-243]

Бақылау сұрақтары:

1.Сумен жабдықтау жүйесінің мақсаты.

2.Суды бұру жүйесінің мақсаты.

3. «Ауыз су» мемлекеттік бағдарламасы.

4. Республика бойынша ауыз су жағдайы.

5. Халық шаруашылығындағы ауыз судың маңызы.

2-дәріс. Сумен жабдықтау жүйелері мен схемалары.

1. Сумен жабдықтау жүйесінің құрамы, схемасы.

2. Сумен жабдықтау жүйесіндегі ғимараттар.

Дәріс мазмұны: Сумен жабдықтау жүйелері кез келген мекен-жайды сумен қамтамасыз ететін құрылыстардан тұрады және олардың мақсаты суды табиғи су көздерінен қабылдап, оны тазалап және тиісті жерлерге жеткізіп беру болып табылады.

Жоғарыда айтылған талаптарды орындау үшін сумен жабдықтау жүйелерінің құрамына мынадай ғимараттар кіреді:

  1. табиғи су көздерінен суды қабылдау ғимараттары;

  2. суды белгілі қысыммен тиісті биіктікке немесе белгілі бір жерлерге жеткізіп беретін сорғыштар станциялары;

  3. судың сапасын жақсартатын, өзгертетін және тазартатын ғимараттар;

  4. су өткізгіш (водоводы) және суды таратып беретін құбырлар;

  5. суды сақтаушы және реттеуші сыйымдылықтар.

1-сурет. Сумен жабдықтау жүйесінің схемасы.

1-су қабылдағыш; 2-бірінші су көтеру станциясы; 3-су тазарту станциясы;

4-таза су резервуары; 5-екінші су көтеру станциясы; 6,7- су өткізгіш және таратып беруші құбырлар; 8-арынды мұнара.

Суреттегі ғимараттардың орналасу орнын өзгертуге де болады. Мәселен, бірінші мен екінші сорғыш станциялары біріктірілуі мүмкін. Кейбір жағдайда олар тіпті бір-бірінен өте алыс орналасуы да мүмкін.

Сумен жабдықтау схемасына табиғи су көздерінің сипаты, су сапасы және су көлемі әсер етеді. Егерде суды тұтынушыларға тазаламай беру мүмкін болған жағдайда, онда су тазалау ғимараттарын салып жатудың қажеті жоқ. Мұндай жағдай, әсіресе жер асты суларын пайдаланатын жүйелерде жиі кездеседі.

2-сурет. Жер асты су көздерін пайдалану схемасы.

1-артезианды құдық; 2-жұмыс павильоны немесе сорғыш станциясы; 3-жинаушы құбыр; 4-таза су резервуары; 5-екінші су көтеру станциясы; 6, 7 – су өткізгіш және таратып беруші құбырлар.

Қабылданған су көзі судың аздығынан мекен-жайды толығымен сумен қамтамасыз ете алмайтын болса, онда әртүрлі су көздерін пайдалана отырып елді мекендерге су жеткізіп беруі мүмкін.

Жер бедерінің де су жүйесінің схемасына әсері бар. Мәселен, табиғи су көздері су жүйесі құрылып жатқан мекен-жайдан жоғары жерде орналасқан болса (мысалы, таулы жерде), онда суды сорғыштарсыз да жөнелтуге болады.

Кейбір жағдайларда, табиғи су көздері су қолданылатын жерден едәуір алыста болады. Сол себептен су өткізгіштердің ұзындығы ондаған, кейде жүздеген шақырымға дейін созылуы мүмкін.

Су тазалағыштар қабылдағыштарға немесе қалаға жақын жерге орналасуы мүмкін. Жалпы айтқанда, сумен жабдықтау жүйелерін және олардың схемаларын жергілікті жағдайға сәйкестендіре отырып таңдаған жөн.

Арынды мұнаралар жер қыртысының ең биік жерлеріне орналасатындықтан, оның орны су құбыры торабының бас жағында, соңында немесе кез келген нүктесінде болуы мүмкін.

Жоғарыда айтылған сумен жабдықтау жүйелері үлкен немесе шағын қалаларда және өнеркәсіп орындарда кездесуі мүмкін. Дегенмен, өнеркәсіп мекемелерінде су жүйелерінің өзгеше және арнаулы түрлері де кездеседі.

Егер өндіріс мұқтажына жұмсалатын су онша ластанбаған немесе сәл ғана жылыған болса, ондай суды оңай тәсілдермен тазалап немесе салқындатып, қайтадан өнеркәсіпке жөнелтуге болады. Мұндай жүйені «айналмалы» деп атаймыз.

Бір өнеркәсіп орнынан немесе цехтан шыққан суды екінші бір өнеркәсіп орнында немесе цехта пайдаланған жағдайда «қайтадан беру» (тізбектелген) су жүйесін қолданған жөн. Осы аталған жүйелерді қолдану арқылы табиғи су көздерінен алынатын су шығынын азайтуға болады.

Егерде бір-бірінен әртүрлі қашықтықта орналасқан көптеген елді мекендер (аудандар) жер жағдайына байланысты бір табиғи су көзімен қамтамасыз етілетін болса, ал енді кейінгі кездерде жиірек қолданылып келе жатқан «топтастырылған» (ауданаралық) жүйелер құрылуы мүмкін. Топтасқан жүйенің құны әр мекен-жайда құрылған жеке су жүйелерінің жалпы бағасынан әлдеқайда төмен болады. Осындай жүйелер арқылы көптеген елді мекендер оңай және арзан жолмен сумен қамтамасыз етілуі мүмкін.

Сумен жабдықтау жүйелері мекен-жайды сумен үзіліссіз және сенімді түрде қамтамасыз етуі шарт. Бірақ жүйелердің жұмысы әртүрлі құбылыстарға тәуелді болатындықтан (су көздеріне, электрқуатына т.б.), олар мекен-жайға келетін су көлемін азайтып, сапасын және арынын төмендетулері де мүмкін. Сондықтан жүйелердің жұмыс қабілетін жақсарту мақсатында олардың басты элементтері қосарланған (резервтері) болып, ал кейбіреулері кідіріс кезінде өзінен су бере алатындай сыйымдылықтар орнатылуы тиіс.

3-сурет. Айналмалы су жүйесі.

1-қосымша су қабылдағыш; 2-салқындатқыш (тазалағыш);

3-айналмалы циклдің сорғыш станциясы; 4-өнеркәсіп орны; 5, 6 –құбырлар.

Сумен жабдықтау жүйелерінің жіктелуі

Жоғарыда айтылған сумен жабдықтау жүйелері оларға тек түсініктеме бергені болмаса, олардың түрлері мен ерекшеліктерін түгелдей қамти алмайды.

Сумен жабдықтау жүйелерін мынадай белгілері бойынша жіктеуге болады:

  • тұтынушылардың түрлеріне қарай шаруашылық-ауыз су жүйелері, ауыл шаруашылық су жүйелері, ауыл шаруашылық, өндірістік, өрттік т.б. жүйелер;

  • мекен-жайлардың түрлеріне қарай қалаларды, елді мекендерді, өндірістерді сумен жабдықтау жүйелері;

  • мекен-жайлардың қамтылу санына байланысты топтасқан немесе ауданаралық ; жергілікті – бір мекенжай үшін құрылған жүйе;

  • суды пайдалану ретіне қарай тікелей ағатын, айналмалы, қайтармалы;

  • қабылданған табиғи су көздері бойынша жер бетіндегі су көздерін қолданатын жүйелер;

  • судың жіберілу тәсіліне қарай өзі ағатын (гравитациялық), арынды.

Қолданылған әдебиеттер:

1 нег. [180-192, 237-243]

Бақылау сұрақтары:

1. Сумен жабдықтау жүйелерінің схемалары.

2. Сумен жабдықтау жүйесіндегі ғимараттар

3. Жер асты су көзінен су қабылдайтын ғимараттар.

4. Өндіріс орнының сумен жабдықтау схемасы.

5. Сумен жабдықтау жүйелерінің жіктелуі

3-дәріс. Су тұтынушылардың негізгі түрлері.

  1. Су тұтынушылар. Су тұтыну нормасы.

  2. Сумен жабдықтау жүйесінің негізгі элементтері.

Дәріс мазмұны: Елді мекенді, өндіріс орнын және де басқада объектілерді өз қажеттіліктеріне байланысты сумен қамтамасыз ететін саланы сумен жабдықтау деп атайды. Суды алу, тұтынушыға дейін тасымалдау, қажетті су сапасына дейін тазарту ғимараттарының кешенін сумен жабдықтау жүйесі деп атайды. Суды беру және тарату құбыр арқылы болатын орталықтандырылған жүйелерді су құбыры деп айтуға болады.

Сумен жабдықтау жүйелерінің жіктелуі. Жоғарыда айтылған сумен жабдықтау жүйелері оларға тек түсініктеме бергені болмаса, олардың түрлері мен ерекшеліктерін түгелдей қамти алмайды.

Сумен жабдықтау жүйелерін мынадай белгілері бойынша жіктеуге болады; а)тұтынушылардың түрлеріне қарай шаруашылық-ауыз су жүйелері, ауыл шаруашылық, өндірістік, өрттік т.б. жүйелер; б) мекенжайлардың түрлеріне қарай қалаларды, елді мекендерді, өндірістерді сумен жабдықтау жүйелері; в) мекенжайлардың қамтылу санына байланысты топтасқан немесе ауданаралық; жергілікті-бір мекенжай үшін құрылған жүйе; г)суды пайдалану ретіне қарай тікелей ағатын, айналмалы, қайтармалы; д)қабылданған табиғи су көздері бойынша жер бетіндегі су көздерін (теңіздер, өзендер, көлдер, су қоймалар) қолданатын жүйелер; е)судың жіберілу тәсіліне қарай өзі ағатын (гравитациялық), арынды, араласқан.

Жалпы сумен жабдықтау жүйесінің мақсаты: табиғи су көзінен суды алу, тұтынушылардың су сапасына қойлатын талаптарына сәйкес тазарту, сумен қамтамасыз етілетін объекті аумағына жеткізу және тұтынушыға қажетті арынмен, жеткілікті мөлшерде су шығынымен тарату.

Жоғарғыда саналған тапсырмаларға сәйкес сумен жабдықтау жүйесінің құрамына мынадай су құбыры ғимараттары кіреді:

  1. Су алу ғимараты, яғни қабылданған табиғи су көзінен суды алу үшін қызмет жасайды

  2. Сорғыш бекеттер ( су көтеруші ғимараттар), бұл берілген шығында, берілген биіктікке суды қажетті арынмен беру үшін қолданылады.

  3. Суды өңдеу және тазарту ғимараттары ( тазарту ғимараттары бекеті), бұл су тұтынушының су сапасына қоятын талабына дейін табиғи суды тазарту үшін қолданылады

  4. Су өткізгіштер және су құбыры торабы, бұл суды су тұтынушы объектісіне жеткізу және суды үйлестіріп тарату үшін қолданылады.

  5. Сақтаушы және реттеуші сыйымдылықтар, бұл сумен жабдықтау жүйесінің жұмыс режиміне сәйкес суды реттеу үшін және қажетті мұқтаждарға суды сақтау үшін қолданылады.

Су алу ғимараты деп қолданылатын суды су көзінен алуға арналған инженерлік құрылымды атайды. Су алу ғимараты конструкциясы су көзіне байланысты болады. Жалпы су көздерінің негізгі екі түрі бар: жер беті және жер асты сулары. Жер беті суларының жиі қолданылатыны - өзен сулары. Өзен суларын алуға арналған құрылымдар өзен су алу ғимараты деп аталады, ал жер асты суларын алуға арналғандары каптаждық құрылымдар деп аталады.

Су өткізгіштер деп қажетті мөлшердегі сапалы суды су көзінен тұтынушыларға дейін жеткізуге арналған құрылымдар жиынтығын атайды.

Су құбырының өнімділігі жұмыс істеу мерзімінің соңына дейінгі қажетті судың мөлшерімен анықталады.

Елді мекенді коммуналдық – ауыз суымен қамтамасыз етуге арналған су құбырының өнімділігі, жергілікті жағдайларға байланысты, ең алдымен тұрғын үйлер мен қоғамдық ғимараттар орналасқан аудандардағы ауыз суды және үй шаруашылығына қажетті суларға деген мұқтаждықтарды, сондай-ақ елді мекенді көгалдандыруға және көшелерді жууға, кәсіпорындардағы шаруашылықтық және ауыз суына деген және т.б. мұқтаждарға қажетті сулармен қамтамасыз етуі қажет.

Су тұтынушылардың негізгі түрлері. Сумен жабдықтау жүйелерін жобалағанда су мекенжайдың қандай қажеттеріне және оны қандай көлемде және қандай сапада тұтынатынын анықтап алған жөн. Ол үшін суды тұтынушылардың түрлерін толық қамтып, олардың судың көлеміне және сапасына қоятын талаптарын анықтау керек.

Су, әрине , әртүрлі қажеттерге жұмсалады, бірақ соның бәрін қамти келе оны төрт топқа жіктеуге болады; 1. Тұрғындардың шаруашылық-ауыз су қажеттеріне жұмсалатын су шығыны. Бұл топқа жұмысшылардың жұмыс уақытында тұтынатын су шығындары да жатады. 2. Елді мекендер мен өнеркәсіп орындарын тазалықта сақтауға, газон, жасыл алқаптар мен көшелерді жуып - себуге кететін , яғни абаттандыруға жұмсалатын су шығыны. 3. Өнеркәсіп орындарында өндіріс мұқтаждарына қолданылатын су шығыны. 4. Өрт сөндіруге кететін су шығыны.

Су, бұлардан басқа сумен жабдықтау жүйелерінің өз мұқтажына да пайдаланылады.

Су тұтыну нормалары. Әдетте, тұрғындардың ауыз суға жұмсалатын су шығыны қаладағы тұрғындар санына байланысты болады. Сондықтан, тәуліктік су шығынын анықтау үшін бір адамға бір тәулікке кететін су мөлшерін білсек жеткілікті, яғни су тұтыну нормасы деп уақыт аралығында белгілі бір қажеттілікке жұмсалатын су шығынын айтады. Тәулік бойынша суды пайдалану басқаруға келмейтін, кездейсоқ процесс болғандықтан, тәуліктік су тұтыну нормасын сумен жабдықтау жүйелері бар басқа елді мекендердің су тұтыну тәжиербесінен алынған мәліметтер негізінде қабылдауға болады. Ондай мәліметтер құрлыстық нормалар және ережелерде (СНиП) жинақталып берілген. Су мөлшерінің ең көбі оңтүстік аймақтарда, ал ең азы солтүстік аймақтарда алынады.