Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Zert_khana_1_2_3.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.77 Mб
Скачать

5 Сурет - Фрезерлеудегі кесілетін қабаттың қимасы

Цилиндрлік фрезаның геометриялық параметрлері. Цилиндрлік фреза цилиндрлік дене, оның бетінде жоңқа орналастыру үшін бойлық бағытта бунақ жонылуы керек. Бунақ цилиндрлік бетпен қиысқанда кесуші жиектер пайда болады. Фрезаның бірқалыпты жұмыс істеуі үшін және бір уақытта жұмыс істейтін тістердің санын арттыру үшін жоңқалы бунақты бұрамалы жасайды.

Цилиндрлік фреза еркін кесу жағдайында жұмыс істейді, оның әр тісінде бірақ кесуші жиек болады.

Кесу жиегінің жақын жоңқалы бунақ бөлігі – алдығы бет, ал цилиндрлі бетте – артқы бет болады. Фрезаның тісі өткірұшты немесе желкеленген болуы мүмкін. Фрезаның өткір ұшты тістері артқы бетімен қайралынады. Тістің артқы беті түзу, сынық, немесе парабола ұқсас болып жасалуы мүмкін (6 сурет).

Әрбір кесуші тістің кескіш бұрыштары және басқа элементтері кескіштікі сияқты

а б в г

а, б, в – өткір ұшты; г – желкеленген

6 Сурет – Фреза тістерінің пішіндері

7 Сурет – Цилиндрлік фрезаның кесуші бөлігінің геометриялық параметрлері

Негізгі алдыңғы бұрыш γ – алдыңғы бетпен және кесу жиегінің қарастырылып отырған нүктесімен және фрезаның өсі арқылы өтетін негізгі жазықтықпен арадағы бұрыш. Бұл бұрыш жоңқаның алдыңғы бетке шығуын қамтамасыз етеді және кесу жиегіне тік жазықтықта өлшенеді (N – N). Осы жазықтықта артқы бұрыш α N өлшенеді (7 сурет).

Негізгі артқы бұрыш αфрезаның артқы бетінің жанамасы мен кесу жазықтық арасындағы бұрыш. Кесу жазықтың жағдайын анықтайтын, кесу қырының қаралған нүктесінің қозғалыс траекториясы, шеңбер доға деп алынады, сондықтан негізгі артқы бұрыш фрезаның өсіне тік жазықтықта (М–М) өлшенеді. γт алдыңғы бұрышта осы жазықтықта өлшенеді. Егер фреза бұрамалы тісті болса, онда кесу жиегі бұрамалы сызық болады. Оның фреза өсіне көлбеу бұрыштары бұрамалы бунақтық көлбеу бұрышы (ω) деп аталады.

Фрезада қарастырады: фрезаның түп бетті жазықтықтағы шеңберлік қадамы

tT =

мұндағы D – фреза диаметрі; z – фрезаның тістер саны. Нормалды қимадағы фрезаның тістерінің қадамы: t = t сos ω; фрезаның тістерінің өстік қадамы: t = t ctgω=(πD/z)ctgω; фрезаның тісінің бұрамалы бунағының қадамы:

H=πDctgω.

8 Сурет – Түпбетті фрезаның пландағы бұрыштары

9 Сурет – Түпбетті фрезаның кесуші бөлігінің геометриялық параметірлері

Түпбетті фрезаның геометриялық параметрлері. Түпбетті фрезаның тістері өтпелі кескішке ұқсас. Кесуде негізгі жиектен басқа көмекші кесу жиегі қатысады. Фрезаның тістері планда φ, φ1, ε бұрыштары бар (8 сурет).

Пландағы негізгі бұрышы φ – кесу жазықтығы мен жұмысшы жазықтық арасындағы бұрыш.

Пландағы көмекші бұрышы φ1 – негізгі жазықтықтағы көмекші кесу жиегінің проекциясы мен жұмысшы жазықтық арасындағы бұрыш.

Жылу өткізу қасиетін жақсарту үшін әр тістің төбесінде өтпелі кесу жиегі бар. Оны φ0=φ/2 градусты бұрышпен қайрайды.

α негізгі артқы бұрышы – фреза өсіне перпендикуляр (А – А) және беріліс бағытына тура келетін жазықтықта, яғни кесу қиығы нүктесінің қозғалыс траекториясы жатқан жазықтықта өлшенеді.

Артқы бұрышы α – фрезаның тісінің артқы бетіне жанамамен кесу жазықтығы арасындағы бұрыш.

Негізгі N – N қима жазықтығында қалыпты артқы бұрыш өлшенеді. Түпбетті фрезаларда тағы да көлденең алдыңғы бұрыш γ1 А–А жазықтықта және фреза өсіне параллельді жазықтықта В–В бойлы алдыңғы және артқы бұрыштар (γ2, γ1) қаралады.

Әртүрлі жазықтықта өлшенетін бұрыштар арасында келесі байланыстар болады:

tgγ = tgγ1Sin φ+ tgγ2Cos φ

С–С қимасы арқылы α1 көмекші артқы бұрышы өлшенеді.

Ж ұ м ы с т ы о р ы н д а у ә д і с т е м е с і

Зертханалық құралдар: цилиндрлі фреза; түпбетті фреза; бұрыш өлшегіш–2 дана; фреза бұрышын координаттар әдісімен өлшейтін қондырғы; штангельциркуль.

Фрезаның керекті қимамен проекциялап нобайлау керек. Нобайлауда габаритті өлшемдерді көрсетіп және фрезаның бұрыштарын шартты әріптермен белгілеу керек. Бұрыштарды өлшеп оның сандық мөлшерін протокол кестесіне жазу керек.

Ф р е з а н ы ө л ш е у ә д і с т е р і

Фрезаның диаметрі мен ұзындығы штангенциркульмен, сирек жағдайда микрометрмен өлшейді.

Адыңғы және артқы бұрыштар Бабчиницер бұрыш өлшегішімен өлше-неді. (2УРИ)

10 сурет - Фрезаның бұрыштарын Бабчиницера бұрышөлшеуішімен өлшеу

1 Бұрышөлшегіштің доғасында 3 сызғыш бекітілген. Ол фрезаның біртісінің кесуші жиегіне сүйенеді (10 сурет).

Доғамен бойлы қозғалатын сызғышы бар бұрыштық 4 қондырғыда, сектор 2 сырғыйды. Сызғышқа өлшенетін тістен кейінгі (нүкте А), тіс сүйену керек. Бұрыштықтың О нүктесі, доғамен сырғыйтын, сектордың айналу центрі болады және сызғыштың А-А сызығында жатады. Өлшенетін тіс кесу қырымен О нүктесіне таяну керек. Сонымен ОА – хорда. Секторға градусты шкала түсірілген. Бұрыштық сызғышы фрезаның өлшенетін тісінің артқы бетімен бірлесуінде бұрыштық сектормен бірге ОА хорда фреза тісінің артқы бетінің арасындағы η бұрышқа бұрылады. Ол артқы бұрыштан бұрышқа кем, яғни α=ŋ+v Бұл бұрыштар бұрышөлшегіштің доғасына түсірілген. Сондықтан артқы бұрыш мәні үзікшеден саналады. Үзікше фрезаның тісінің санына сәйкес және бұрышқа түзетуді ескереді. Түпбеттік тістердің бұрыштарын өлшеуде есептеу ∞ таңбалы үзікшеден басталады, неге десең бұнда хорда жанамаға сәйкес келеді және бұрышқа түзету қажет емес. Фрезаның алдыңғы бұрышы бұрыштықтың вертикаль қыры фреза тісінің алдыңғы бетімен бірлесуінде, жоғарырақта айтылғанға ұқсас өлшенеді.

ω бұрышы әмбебап немесе маятникті бұрыш өлшегіштермен өлшенеді (11 сурет).

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]