- •Кескіштің жұмыс бөлігінің геометриясы
- •1 Сурет - Кескіштердің білдектер түріне қарай бөлінуі
- •2 Сурет - Кескіштердің өңдеу түріне байланысты бөлінуі
- •3 Сурет – Кескіштердің жұмыс бөлігінің конструкцияларына байланысты бөлінуі
- •4 Сурет - Дайындама беттері және кесілетін қабат қимасының элементтері
- •5 Сурет – Жұмыс бөліктері және кескіштің кесу жиектері
- •6 Сурет – Бас және көмекші жиектердің жұмыстары
- •7 Сурет – Басты және көмекші жиектерінің түйісу түрлері
- •8 Сурет - Кескіштің координаттық кесу жазықтықтары
- •9 Сурет - Кескіштің геометриялық параметрлері
- •10 Сурет – Кескіштің пландағы бұрыштары
- •11 Сурет - Кескіштің негізгі кесу жиегінің көлбеулік бұрышы
- •12 Сурет - Жұмыс кезіндегі кескіш бұрыштарының өзгеруі
- •13 Сурет - кескіштің кесуші жиегінің траекториясының жайылуы
- •14 Сурет - Кескіштің төбесі центрлердің өсіне байланысты орналасатын кескіштің геометриялық параметрлеріне әсері
- •15 Сурет - α және γ бұрыштарын миз бұрышөлшеушінде өлшеу
- •16 Сурет - миз бұрышөлшеуішімен λ бұрышын өлшеу
- •17 Сурет - ун бұрышөлшеуішімен α бұрышын өлшеу
- •18 Сурет - Универсал бұрышөлшеуіш ун көмегімен γ бұрышын өлшеу
- •19 Сурет - ун-ның көмегімен пландағы бұрыштарды өлшеу
- •20 Сурет – Универсал бұрышөлшеуіш ум-ның көмегімен пландағы бұрыштарды өлшеу
- •1 Зертханалық жұмыстың хаттамасы
- •Бұрамалы бунақты бұрғының геометриясы
- •1 Сурет - а – бұрғылау; б – кеулей бұрғылау кезіндегі кесілетін қабат пен кесу режимінің элементтері
- •2 Сурет - Бұрғы бөлшектері мен элементтері
- •3 Сурет - Бұрғылау кезіндегі беттер.
- •4 Сурет - Бұрғының гоеметриалық параметрлері
- •5 Сурет - Кесу жиегінің әртүрлі нүктедегі бұрғының алдыңғы және артқы бұрыштары
- •6 Сурет - Цилиндрлік қималарда артқы бұрыштың цилиндрлік қималарда бұрғының жиегінде пайда болуы
- •7 Сурет - Кесу процесі кезіндегі бұрғының алдыңғы және артқы бұрыштары: 1 – жазылған бұралма сызық; 2- жазылған шеңбер
- •13 Сурет - Бұрғының артқы бұрышын координаттық әдіспен өлшеу сұлбасы
- •15 Сурет - кесу жиегінің түрлі нүктесіндегі бұрғының қайралған артқы беттерінің қисықтары
- •2 Зертханалық жұмыс хаттамасы Бұралмалы бунақтары бар бұрғы геометриясы
- •1 Кесте – Бұрғыны өлшеу нәтижелері
- •2 Кесте – Артқы бұрышты өлшеудің нәтижелері
- •Фрезалардың жұмыс бөлігінің геометриясы
- •1 Сурет – Фрезалардың түрлері
- •2 Сурет – Фрезерлеу түрлері
- •3 Сурет - Фрезерлеудегі түйіспе бұрыштар
- •4 Сурет – Кесілетін қабаттың қалыңдығы және қиықтың көлденең қимасының қосынды ауданын анықтау есептеу сұлбасы
- •5 Сурет - Фрезерлеудегі кесілетін қабаттың қимасы
- •6 Сурет – Фреза тістерінің пішіндері
- •7 Сурет – Цилиндрлік фрезаның кесуші бөлігінің геометриялық параметрлері
- •8 Сурет – Түпбетті фрезаның пландағы бұрыштары
- •9 Сурет – Түпбетті фрезаның кесуші бөлігінің геометриялық параметірлері
- •11 Сурет – Фрезаның бұрама бунағының көлбеу бұрышын әмбебап және маятникті бұрышөлшегіштермен өлшеу
- •1 Кесте – Фрезаның конструкторлық параметрлері
Зертханалық жұмыс №1
Кескіштің жұмыс бөлігінің геометриясы
Жұмыстың мақсаты. Әртүрлі типтік кескіштердің беттерімен, геометриялық параметрлері туралы мағлұматтарын бекіту; кескіштердің гоеметриялық параметрлерін өлшеу әдістерімен және сол мақсатта қолданылатын аспаптармен танысу; кескіштерді нобайлауды үйрену.
Өзіндік бақылау сұрақтары:
Кескіш түрлері.
Кескіштің құрам бөліктері.
Кескіштердің беріліс бағытына, пішініне және кесу бөлшегінің білдекке қатысты орналасуына қарай бөлінуі.
Дайындамадан жоңқа алу кезінде қандай беттерді ажыратамыз?
Кесу режимінің элементтеріне анықтама беріңдер.
Кесілетін қабаттың элементтеріне анықтама беріңдер.
Кескіштің бұрыштарын анықтауға қандай координаттық жазықтықтар тағайындалады. Осы жазықтықтарға анықтама беріңдер.
Кескіштің бұрыштары қандай жазықтарда өлшенеді? Бұл жазықтықтарға анықтама беріңдер.
Кескіштің бұрыштарын анықта: α, β, γ, δ, φ, ε, φ1, λ. α, β және γ, φ, φ1, және ε бұрыштар арасындағы қатынас?
Кескіштің тетіктің айналу осіне қатынасты орналасу жағдайы кескіштің бұрыштарының ауытқуына байланысы қандай?
Кесу кезіндегі дайындаманың диаметрі мен берілістің кескіштің бұрыштарының ауытқуына қандай қатысы бар?
Қ ы с қ а ш а т е о р и я л ы қ м а ғ л ұ м а т т а р
Кескіштердің негізгі түрлері. Машина жасау өндірісінде пайдаланылатын кескіштерді келесі белгілермен бірнеше жүйелерге бөлуге болады:
білдектердің түрлері бойынша (1 сурет): токарлық, жонушы, қашаушы, автоматты револьверлі, горизонтальды – кеулей жону білдектеріне арналған кеулей жону, арнайы кескіштер;
кесіп өңдеу түрлері бойынша (2 сурет): өтпелі, қысқарту, кесер-кесіп өтетін, кеулей жону, оймақ, бұрандалық, әсемді (фасонды) кескіштер;
кесіп өңдеу сипаттамасы бойынша олар: шала өңдеуші кескіш, таза өңдеуші, және өте жұқа өңдеуші кескіштерге бөлінеді;
бекітетін бөлігінің қимасы бойынша: тіктөрбұрышты, шаршы түрлі, шеңбер түрлі кескіштер;
кескіштердің жұмыс бөлігінің конструкциясы бойынша түзу, бүгілген, иілген кескіштер және кесу ұшы созылған кескіштер болып келеді (3 сурет).
беріс қозғалысының бағыты бойынша: оң және сол кескіштер; дайындау әдісі бойынша: жұмыс бөлігі денесімен тұтас жасалған, жұмыс бөлігі денесіне қыстыра жасалған, кесуші тілімшілер кескіш жұмыс бөлігінің бетіне пісіре, дәнекерлене, желімделі, механикалық бекітіледі немесе арнайы жасалған орынға тығыздап салынады.
а – токарлық
б – жонушы
в – қашаушы
1 Сурет - Кескіштердің білдектер түріне қарай бөлінуі
а – түзу; б – қысқартатын; в – кесер-кесіп өтетін; г – қашап кеңітетін; д – оймақ (галтельный); е – бұрандалы; ж – әсемді (фасонды) кескіштер.
2 Сурет - Кескіштердің өңдеу түріне байланысты бөлінуі
Аспаптың кесуші материалдар түрлері бойынша кескіштің жұмыс бөлігі өте қатты материалдан, қатты қорытпа тілімшелер мен тез кескіш, жоғарғы легірленген және көміртекті болаттардан жасалады.
а – түзу; б – бүгілген; в – иілген; г – кесу ұшы созылған кескіштер
3 Сурет – Кескіштердің жұмыс бөлігінің конструкцияларына байланысты бөлінуі
Кесу режимі мен кесілетін қабаттың элементтері. Кесіп өңдеу процесінде өңделетін дайындама және кесуші аспап белгілі қозғалыстарға ұшыратылады. Бұл қозғалыстар негізгі қозғалыстар (кесу процесіне керек) және қосымша қозғалыстар болып бөлінеді (кесу процесін дайындау және операцияны аяқтау үшін). Негізгі қозғалыстар кесу қозғалысы және беріс қозғалысы деп жіктеледі.
Токарлық білдектерде өңдеуде негізгі қозғалыс – дайындаманың айналуы; беріс қозғалысы – кескіштің үдемелі қозғалысы.
Негізгі қозғалыс – кесу процесін жүргізуге мүмкіншілік жасайды (алатын қабаты жоңқаға айналдырады), беріс қозғалысы барлық өңделетін беттің бойына кесіп өңдеуді жүргізуге мүмкіндік туғызады.
Жоңқаны кесіп алғанда өңделетін дайындамада келесі беттерді айыруға болады (4 сурет): өңделетін бет – 1, өңделгенде толық немесе жарым-жартылай алынады, өңделген бет–2 (дайындамада өңделгеннен пайда болады), кесу беті – 3 (кесу жүзімен дайындамада кесу кезінде пайда болатын бет). Кесу беті өңделетін және өңделген беттің арасындағы өтпелі бет.
Негізгі қозғалыстың жылдамдығы (кесу жылдамдығы) кесуші жүздің немесе дайындаманың белгілі нүктесінің негізгі қозғалыс бағытындағы жылдамдық – V, м/мин.
