Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Zert_khana_4_5_6_7.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.93 Mб
Скачать

Зертханалық жұмыс №4

Жоңқаның шөгуіне кесу жылдамдығымен берістің әсері

Жұмыстың мақсаты. Студенттерді жоңқаның шөгуін анықтау әдістерімен, жоңқаның шөгуіне кесу жылдамдығы мен берістің әсерлерімен, кесіп өңдеудегі пайда болатын жоңқалардың түрлерімен таныстыру.

Өзіндік бақылау сұрақтары:

  1. Кесу режимінің элементтері, олардың анықтамалары.

  2. Қиықтың көлденең қимасының ені мен қалыңдығы деген не?

  3. Еркін және еріксіз, тік бұрышты және қиғаш бұрышты кесулердің қандай айырмашылықтары бар?

  4. Жоңқаның типтері, олардың пайда болу шарттары.

  5. Жарықшақты, оралма, буынды, элементті жоңқалардың пайда болу процесі.

  6. Шөгу құбылысы дегеніміз не және оның себептері қандай?

  7. Шөгу коэффициенті деген не және ол нені сипаттайды?

  8. Шөгу коэффициентін анықтау әдісінің мәні.

  9. Шөгу коэффициентіне кесу жылдамдығының, қиық қалыңдығының, аспаптың алдыңғы бұрышының, майлай-тоңазыту сұйықтығын қолдануы-ның, өңделетін материалдың физика – механикалық қасиеттерінің әсер етуі?

  10. Кесу процесіне шордың әсер етуі

  11. Кесу шартының шор пайда болуына әсер етуі.

Қ ы с қ а ш а т е о р и я л ы қ м а ғ л ұ м а т т а р

Қандай да деформация түрі жүргізілмесе де, деформацияланатын дене күрделі кернеу қалыпты қабылдайды. Ол металды кесу кезінде де болады. Кесу процесінің сыртқы көрінісі келесіде: кескіш кесілетін қабатқа алдыңғы жазықтығымен әрекет ете отырып, оны деформациялайды, сонда серпінді, одан кейін – пластикалық деформация, одан кейін белгілі бір жағдайларда деформацияланған қабатының элементі қалған металл массасынан бөлінеді. Кескіштің одан арғы қозғалысында айтылған процесс кезегімен қайталанып отырады.

Өңделетін металдың қасиетіне, кесу параметрлеріне, аспаптың геометриясына және майлай – тоңазытқыш сұйықтықтардың қасиетіне байланысты алынатын жоңқалардың түрлері әр түрлі болады.

Кесу кезінде пайда болатын жоңқалардың классификациясын 1870 жылы И.А. Тиме берген.

Егер кесілетін қабаттың элементтері бір – бірімен байланыспай тұрса оны элементтік жоңқа дейміз. Егер кескіштің алдыңғы бетіне жабысатын сыртқы қабатты тегіс және ішкі қабаттында оның көрсетілген тістер немесе «буындар» бар біркелкі таспаны құраса, онда бұндай жоңқаны буынды жоңқа деп атайды.

Егер жоңқада көрінетін тістер («буынды») болмаса, онда оны оралмалы (иірмелі) жоңқа деп атайды.

Морт металдарды (шойын, қола) өңдеу кезінде алынатын жеке элементтері бір – бірімен байланыспайтын және жоғарыда айтылған жоңқа түрлеріне қарағанда кескіштің алдыңғы бетіне жабысатын кедір-бұдырлы беті болса, бұл жоңқа типін И.И. Тиме айтуымен жарықшақ жоңқа немесе үзілеу жоңқасы деп аталады (1 сурет).

Бір металды өңдеу кезінде айтылып кеткен жоңқалардың барлық түрін алуға болады, өйткені заттың пластикалығы мен морттылы оның касиетіне жатпайды, ол оның күйі болады. Бұл эксперементті зерттеулермен расталған, бұл зерттеулер жоңқа пайда болу процесі кезінде барлық металдар пластикалық деформациядан өтетінін, және де шойынды кесу кезінде элеметтері бөлінбейтін, кескішке жанасатын тегіс бетті жоңқаны алуға болады.

а – жарықшақты; б – элеметті; в – буынды; г – оралмалы;

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]