Қан құю
Қан құю, оның құрама бөліктері және хирургиядағы қан алмастырғыштар, қалыптасу ерекшеліктері. Изогемагглютинация, қан топтары, донорлық жүйенің маңызы. Қан құюға лайықты және кері көрсеткіштер. Резус – фактор. Құйылған қанның әсері, құюдан кейінгі өзгерістер мен асқынулар, емдеу және сақтандыру шаралары.
Қазіргі кездегі хирургия жетістіктері жалпыға белгілі. Кеңінен дамығандары құрсақ және кеуде қуысы хирургиялары мен урология. Әлемдегі елдердің көбінде ертеректе шын мәнінде таңданарлық операциялар орындалған. Айталық, жасанды қан айналыc аппараттарын пайдаланумен жүректі, бүйректі, бауырды, т.б. ауыстырып салу немесе емделуге жарамсыз, бірақ өмір сүруге қажетті мүшелер ауырған кезде оларды басқа ағзалармен немесе жүйелермен ауыстырып салу операциялары жүргізілген.
Хирургиялық бұл жетістіктердің барлығы тек техниканың жоғарғы дамуына, көп медицина аралық пәндердің жетістіктеріне байланысты, сонымен қатар қан құюдағы мәселелердің жақсы меңгеріліп және жақсы пайдалануының үлкен нәтижесі болып табылады.
Қан алмастыру мен қан құю және оның құрама бөліктерін қолдану қазіргі медицинада, әсіресе хирургияда тез дамитын ғылыми және тәжірибелік маңызды мәселе ретінде саналады.
Трансфузиология қан алмастыру мен қан құрама бөліктерін өңдеу тәсілінде көптеген жетістіктерге жетті.
Қан құю мәселесі диалектика тұрғысынан қарама – қарсылық заң ерекшеліктерін айқындады. Қан құю – бұл тірі тіннің ауыстырылып қондырылуы (трансплантация), сондықтан бұл операция кезінде үлкен жағымды істерімен қоса ауру қабілетінің өзгеруі (иммунизация) және басқа да жағымсыз сәттер орын алады. Бізде әзірге дененің сезімталдығы туралы және қан құюмен байланысқан иммундық үрдістер жайында білім жеткіліксіз.
Қан құю кезінде вирусты гепатит, жүре қалыптасқан иммунды тапшылық сырқаты (ЖҚИТС – СПИД), сифилис, туберкулез, т.б. с. сияқты өте ауыр ауруларға әкеп соқтыратын қоздырғыштардың тасымалдануы мүмкін. Міне, неліктен бүгінгі күнгі бағытта қан құю үшін қажетті лайықты көрсеткіштерді жоғарылату емес, керісінше төмендету тәжірибелік медицинада (хирургия, анестезиология, гинекология, урология, травматология), т.б. өзекті мәселе болып табылады.
Әр уақытта бұл операцияға дайындалғанда қан құюмен байланысқан барлық жағдайларды есте сақтау керек. Кейде қан орнына басқа да сұйықтарды құюмен шектелуі мүмкін.
Қан құю тарихы.
Басқа мәселелер сияқты қан құю мәселелерінің де өз тарихы бар.
Медицинаның қан құю мәселерін шешу жолы ұзақ, азапты болды және өте үлкен жетістіктермен жүргізілді. Тарих қан құю туралы оқытуды соншалықты ескі адамзат тарихына сәйкес, - деп сендіреді.
Біздің дәуірге дейін 2-3-нші мың жылдықта қан әртүрлі сырқаттарды емдеу үшін тағайындалды. Гиппократ қанды ақыл – ойы ауысқан (психоз) ауруларға беруді пайдалы, - деп санаған.
Жас адамдардан алынған және құйылған қанның емдік қасиетіне сенім жоғары болған. Бұрын болбыр және әлсіз Папа Иннокентий VІІІ жасаруды тілеп, қан құюға шешім қабылдады. Бұл шешім шіркеу мен оқымыстылар арасында қарама – қайшылық тудырды. 1492 жылы Иннокентийге жасы сегізге келген екі жас баланың қаны құйылған. Қан құю сәтсіз аяқталды. Қан құйылған ауру қорқыныштан қайтыс болды, ал балалар эмболиядан өліп кеткен.
1628 ж. Гарвей қан айналысының анатомиялық – физиологиялық негізігі заңдылықтарын ашқан, қанның ағуы веналар арқылы өтетінін және үлкен қан айналыс шеңберінің маңызын алғаш түсіндірген болатын.
Осы уақыттан бастап Англияда емдік және қоректік ертінділерді пайдалануда алғаш көктамырдың ішіне қан құюдан басталады.
Бірінші қан құюды 1666 ж. Лондон анатомы Лауэр бір иттен екінші итке құйып, сәтті өткізеді. Сол сияқты эксперименттер басқа елдерде де өткізіле бастады. Бұл жұмыстар Францияда ерекше жемісті дами бастады және адамға жан – жануарлар қанын құюдың бірінші отаны Париж болып есептеледі. Осында 1667 ж. Людовик ХІV сарай дәрігері Дени мен хирург Эмерец ауру жас балаға қозының қанын құйды. Қан құю сәтті өтіп, ауыру жазылды. Бірақ, ешқандай асқынулар болмады. Қазіргі күн кµзқарасымен қарағанда бұл өте таңқаларлық жағдай. Ол уақыттағы дәрігерлер арасында әртектілі (гетерогенный) қан құюдың сәтсіз болуы таңқаларлықтай жағдай болмады. Бұған байланысты ірі сот үрдістері ұйымдастырылды. Жоғарғы сот оқымыстыларды болған асқынуларға байланысты ақтап, аяды, бірақ француз парламенті қалыптасқан жағдайда адамдарға сенімсіздікпен, қорқынышпен қан құюға тиым салды.
1819 ж. Англияда Бландэль алғаш рет қан құю тарихында адамнан адамға қан құюды өткізді. Асқазанның жаралы ісігімен ауыратын ауруға 420 мл қан құйылған және қан құю сәтті өткен. Осы қан құю әдістері үшін Бландэль өте көп жұмыс жасағанын ескергеніміз әділетті. Ол қан құю кезінде биологиялық сынақ өткізуді ұсынды және қан құю уақытында ауруды мұқият бақылау керектігін көрсетті. Бландэль кейбір жағдайларда, алғаш қан бөлігін құйғаннан кейін ауруда қорқыныш, қабақ және ерін тартуы басталатынын байқады. Бұл белгілердің пайда болуы кезінде қан құюды тоқтатуды немесе қажетті жағдайда басқа донордан қан құюды жалғастыру керектігін ұсынды. Мұның бәрі қан құюдан кейінгі асқынулардың азаюы мен қан құю әдістерінің жаңа белгісіз жақтарын игеруге табысты үлес қосты.
Россияда алғаш рет қан құю жұмысын С.Ф. Хотовицкий 1830 ж. ұсынды. Петербург акушері Вольф 1832 жылы бірінші рет Россияда босану кезінде қан жоғалтқан әйелге қан құю жүргізіп, босанған әйелді аман алып қалды.
Көрнекті хирург И.В. Буяльский 1846 жылы жарақат кезіндегі қан құюдың емдік мәнін алғаш көрсетті.
1848 ж. Москва университетінің физиология профессоры А.М. Филомафитский «Қан құю туралы толғау» – атты басылымын шығарды. Онда қан жоғалту кезіндегі қан құю эксперименттік зерттеулермен дәлелденді.
Қан құю әдісінің маңызды мәнін ұлы орыс хирургы Н.И. Пирогов түсіндіріп берді. Оның шәкірті С.П. Коломнин 1876 ж. соғыстағы жаралыларға бірнеше қолайлы қан құю жұмыстарын жасады.
Дүние жүзілік тәжірбиеде ХІХ ғасырда 600-ге жуық қан құю жұмыстары жүргізілген. Оның ішінде 137 –сі Россияда жасалынған. Бұдан 137 кісінің ішінде 59 ауру кісілерде жағымды нәтижелер көрсетілген.
ХХ – жүз жылдық басында трансфузиологиялық ғылым ерекше маңызды даму алды. Қан құю мәселелерінің бұл кезеңінде қан топтары ашылған.
Венгер бактериологы Карл Ландштейнер 1901 жылы зеріттеу барысында изосерологиялық қасиетіне байланысты адамдар қаны 3 топқа бөлінеді, - деп белгілеген (І, ІІ, ІІІ топ).
І топқа мынандай адамдар жатады: қан сарысуын желімдегіш, яғни басқа топтағы барлық адамдардың эритроциттерін жабыстырып, үсақ түйіршіктерге айналдырады. Бұл топтағы адамдардың эритроциттері басқа қан топтарының сарысуымен жабыспайды. Сонымен, бұл құбылыс яғни желімделіп, жабысу (агглютинация) адамның қанын араластырған кезде пайда болады, мұны изогемоагглютинация реакциясы деп атайды.
ІІ топқа жататын адамдардың қан сарысуы тек ІІІ- топ эритроциттерін агглютинациялайды, бірақ ІІ-ші қан топтарының эритроциттері І және ІІІ топ сарысуында агглютинацияланады.
ІІІ қан тобына жататындардың қан сарысуы ІІ қан топ эритроциттерін агглютинациялайды. Бұл топтың эритроциттерін І және ІІ қан топтарының сарысуы агглютинациялайды.
Қан топтарының ашылуымен асқынулардың алдын алу мүмкіндігі пайда болды. Кейінгі уақыттағы ғалымдардың зерттеу көрсеткіштерінен мынандай қан тобы ашылды яғни қан сарысуы жоғарыдағы қан топтарының эритроциттерін жабыстырмайды. Сонымен қатар, бұл қан тобының эритроциттері барлық қан топтарының сарысуында жабысады.
1907 ж. Ян Янский мұндай қан қасиеті бар адамдарды бір топқа қосып, оны төртінші топ деп атады (ІV).
1921 ж. халықаралық қан топтарының жіктелуі ұсынылды. Жоғарыда атап айтқандай бір жағдайларда адамдардың қандарын араластырғанда, эритроциттердің желімденуі болады, ал кейбір жағдайларда болмайды. Эритроциттердің желімделуі мен жабысуы адам қанының изосериологиялық қасиеттерінің әр түрлілігіне негізделген.
Изогемагглютинация 2 агглютиноген (антиген) «А» және «В» деп аталатын эритроцитте және 2 агглютинин (антидене) «» және «ß» сарысуда анықталған жағдайда болады. Желімдену (агглютинация) – аттас агглютиноген мен агглютинин кездескен кезде пайда болады. Мысалы: «А»+ «»- мен немесе «В» + «β»- мен. Эритроцитте агглютиногендер, ал сарысуда агглютинин бар болуынан қан топтарының келесі сипаттамасы берілген.
І қан тобының эритроцитінде агглютиногендер жоқ, ал сарысуында «» және «β» агглютинин бар – І О β.
ІІ қан тобында агглютиноген «А», ал сарысуында агглютинин «β» бар – ІІ Аβ.
Агглютиноген «А» - ның екі түрін ажыратуға болады. А1 және А2 агглютиногендер. А1 түрі ІІ қан тобының 95%- да, ал А2 түрі 5 %- да кездеседі. Эритроциттерінде А1 агглютиногені бар қан топтарында агглютининді жоғарғы деңгейдегі сіңіру (абсорбция) қалыптасады да, эритроциттердің желімделіп жабысуы қалыпты 5-10 минут ішінде дамиды. Ал, егерде, эритроциттерде А2 агглютиногенді қан топтары болса, онда агглютининдерді сіңіру өте баяу жүреді де, эритроциттердің желімделіп жабысуы ұзаққа созылып, 15-20 мин. аралығында қалыптаса бастайды. Қан топтарын анықтағанда бұл өзгерістердің ескерілуі өте қажет.
ІІІ қан тобының эритроциттерінде агглютиноген «В», ал сарысуында агглютинин «» бар – ІІІ В.
ІV топ эритроциттерінде агглютиноген «А» және «В» бар, ал қан сарысуында агглютининдер болмайды – ІV АВО.
Адамдардың қан топтары тұрақты және өмір ағымында өзгермейді. Ұрықтың даму кезеңінің 3-інші айында эритроцит агглютиногендері пайда болады, ал сарысуында аглютинин туғаннан кейін бірінші жылында пайда болады. Қан топтарын белгілеу үшін құрама жіктелу және рим санымен белгілеу қабылданған. Мысалы: О (І), А (ІІ), В (ІІІ), АВ (ІV).
Халықтар арасында І қан тобы жиі кездеседі – 41 %, ІІ топ – 38%, ІІІ топ – 18% және ІV топ – 3%.
Қан топтарын анықтау
Қан топтарын анықтау кезінде негізгі міндет – бұл эритроциттердегі агглютиногендерді анықтау. Бұл үлгі ретіндегі (стандарт) сарысуды қолдану арқылы қан топтарын анықтауға мүмкіндік жасайды.
Қан топтарын үлгі ретіндегі (стандарт) эритроциттердің агглютиногендерін қолдана отырып зерттелген қан сарысуындағы агглютининдерді табуымен анықтайды.
Үлгі ретіндегі (стандарт) сарысумен қан топтарын анықтау.
Бұл ең көп таралған әдіс. Қан топтарын анықтау үшін қолданылатын үлгі ретіндегі сарысу келесі талаптарға жауап беруі керек: эритроцит агглютинині аттас агглютиногенмен қосылуы - өзіне тән қасиетке ие болуы керек және олардың аралық мөлшері 1:10 –нан аз болмауы керек.
Агглютинин өлшемі – бұл үлгі сарысудың желімдеу қабілетінің өлшемі (ТИТР) (132). Сарысу мөлдір, шіру белгілерінсіз болуы керек. Әрбір шыны құтыда қан топтары, сақталу мерзімі, біркелкі топталымы (серия), агглютининді сарысулар өлшемі мен уақыты көрсетілген арнаулы құжаты (паспорт) болу керек. Үлгі (стандарт) ретіндегі сарысудың өлшемі жоғарғы (110; 115) деңгейде болғанда эритроциттердің желімделіп жабысуы өте қысқа мерзімге созылады (2-3 мин.). Егер үлгі ретіндегі сарысудың өлшемі төменгі деңгейде (180; 1100; 1120) болса, эритроциттердің желімделіп жабысуы ұзаққа созылады (15-25-30 мин.). Бұл үлгі ретіндегі сарысулардың құрамындағы аглютининдердің өлшеміне, эритроциттерді жабыстыру – желімдеу қабылетіне байланысты қан топтарын анықтауда қателіктер болуына ықпалын тигізеді. Осы жағдайлар қан топтарын анықтауда қырағылық пен сақтықты қажет етеді.
Сарысу тарапынан қателіктерді азайту үшін, олар әр түрлі түске боялады: І топ сарысуы боялмайды, ІІ топ сарысуы – көк түске, ІІІ топ сарысуы – қызғылт және ІV топ – сары түске боялады.
Шұңғыл табақшаға (планшетке) екі - алты тамшы әр түрлі топталымда (серия) үлгі ретіндегі сарысуларды тамызады – О (І), А (ІІ), В (ІІІ) топтары.
Зеріттелетін қанды әрбір сарысу тамшысына қосады. Қан мен сарысу арақатынасы 1:5 – 1:10. Құрғақ шыны таяқшамен қанды сарысумен қоса араластырады. Егерде тамшыда қызыл түйіршіктер пайда болып, сарысуға физиологиялық ертінділер тамшысын қосқанда эритроциттердің желімденуі жойылмаса – агглютинация нәтижесі оң, - деп есептелінеді. Егер сынақтағы тамшы біркелкі түске боялып қалса және дәндер мен түйіршіктер болмаса нәтиже – теріс, - деп есептелінеді. Қан топтарын анықтау кезінде 3 пар үлгі ретіндегі сарысуда 4 түрлі нәтиже болады.
1. Желімделіп жабысу белгілері 3 пар үлгідегі сарысудың бірінде байқалмайды. Зеріттелген қан О (І) топқа жатады.
2. А (ІІ) топ сарысуында желімделіп жабысу жоқ. О (І) және В (ІІІ) топ сарысуында желімделіп жабысу табылады. Зеріттелген қан – А(ІІ) топқа жатқызылады.
3. В (ІІІ) топ сарысуында желімделіп жабысу жоқ. О (І) және А (ІІ) топ сарысуында желімделіп жабысу бар. Зеріттелген қан – В (ІІІ) тобына жатады.
4. Барлық топтағы сарысу эритроциттердің желімделіп жабысуын тудырады. ІV топтағы сарысумен қанды зеріттеу кезінде агглютинация жоқ болса, зеріттелген қан – АВ (ІV) тобына жатады.
ІІ. Цоликлондармен қан топтарын анықтау
Цоликлон кері – А және – В тышқандардың қарсы дене түзуші В –лимфоциттері мен тышқанның миеломо торшасының қысылуы нәтижесінде алынған будандасқан дүбара (гибрид) торшалар өнімі болып табылмағандықтан олар вирус гепатитімен және жүре қалыптасқан иммунды тапшылық сырқаты (ЖҚИТС - СПИД) қоздырғыштарымен қоса ластанумен (контаминация) ерекшеленеді.
Цоликлон кері –А (қызғылт түсті) және кері – В (көк түсті) шыны құтыда 20, 50, 100 және 200 мөлшерге (доза) дейін шығарылады.
Әрбір қан тобын анықтау үшін цоликлон кері – А және кері – В-ны бір топталымнан (серия) қолданған жеткілікті. Планшетке немесе фарфор табақшаға цоликлон кері – А мен кері В-ны бір үлкен тамшыдан (0,1) құяды. Кері дене тамшыларының жанына тексерілетін қанды бір кішкене тамшыдан тамызады, яғни ол кері дене тамшысынан 10 есе кіші болуы керек (0,01 мл.) Қан топтарын анықтау кезінде қолдан алынған немесе сақтандырғыш қоспасыз (без консерванта) алынған қанның эритроциттер санының үлкен болуын қамтамасыз етеді. Қан топтарын анықтау кезінде планшеттегі кері денемен қанды жуылған құрғақ таяқша арқылы мұқият араластырады. Фарфор табақшада қан тобын анықтағанда қан мен кері денені шыны таяқшамен араластырады. Цоликлон реакциясының бағытын планшетті жеңіл шайқау кезінде немесе планшетте 5 минут аралығында өткізеді. Реакция нәтижесі әрбір тамшыда оң және теріс болуы мүмкін.
ІV топта агглютинация цоликлон кері А да да, кері– В да да байқалады. Сондықтан тексерілген эритроциттерде екі аглютиноген де (А және В) бар және бұл қан АВ (ІV) топқа жатады. Бұдан агглютинин «» мен «β» жоқтығы дәлелденеді.
Ауру қанының топтық тиістілігін анықтағаннан кейін, бірден ауру тарихының бірінші бетіне кісінің анықталған қан тобын және анықтаған дәрігердің аты – жөнін белгілейді.
Үлгі ретіндегі сарысумен қан топтарын анықтау кезінде болатын қателіктер екі түрлі себептердің салдарынан болуы мүмкін:
1. Жылылықтан және суықтан жалған желімделіп жабысу. Бұл - эритроциттердің желімделуі болмаған жерде болды, - деп нәтиже шығару керек.
2. Қалыптасқан желімделуді жоққа шығару, әсіресе желімделу азырақ білінетін немесе кешірек пайда болатын жағдайда кездеседі. Осындай қателіктер көбінесе үлгі ретіндегі сарысудың бойындағы агглютинин өлшемдерінің (титр) төменгі деңгейінде қалыптасады.
Қан топтарын анықтаудағы қателіктердің себептері
а) 10º С –тан төмен жылылықта қан тобын анықтауда эритроциттердің суықтан жаппай жалған желімденуі (панагглютинация) пайда болады.
б) Эритроциттердің желімденіп жалған жабысуы жоғарғы қызу кезінде де пайда болады (псевдоагглютинация немесе жалған).
в) Қоздырғыштармен ластанған таза емес эритроциттерді реакция үшін қолданғанда.
г) Үлгі ретіндегі сарысудың құрамында төменгі деңгейдегі агглютинин мөлшері (титр) болғанда.
д) Әлсіз эритроциттер желімденіп жабысуында.
е) Қан тобын анықтауда бақылау уақытының ұзақтығы жеткіліксіз болғанда - 3-5 мин. өте аз уақыт (қалыпты бақылау мерзімі – 10 мин.).
Жалған және жаппай желімденіп жабысудан сақтандырудың ерекшеліктері.
Анықтауды 15º - 25º жылылықта өткізу.
Желімденіп жабысу болған тамшыға физиологиялық ертінді тамшысын қосу.
3. Тек таза эритроциттерді ғана және титрі 1:32 –ден кем емес үлгі ретіндегі сапалы сарысу қолдану.
Қан мен сарысу ара қатынасы 1:10 болуы керек. Жоғарыда көрсетілген қағидаларды сақтау немесе қанды дәрігер өзі тексеруі немесе тек дәрігердің бақылауымен өткізілуі талап етіледі.
Резус фактор және клиникалық маңызы
1940 ж. Карл Ландштейнер Макакус маймылы мен 85% адамдардың эритроциттерінен ерекше антигенді зат тапқан, ол резус фактор, - деп аталады. Бұл адамдар резус оң + (Д), ал қалған 15% адам резус теріс –(Д) деп есептеледі.
Резус фактордың ашылуының қан құю саласы үшін ғылыми және тәжірибелік маңызы бар. Осыған орай резус ерекшелігі мен түрлілігі ауруға шамадан тыс қан құюды қауіпті етті.
Резус факторы теріс адам денесінде – резусы оң донор қанын құйғанда кері дене, кері резус түзіліп шығуы мүмкін. Дененің резус факторға сезімталдығы (сенсибилизация) артады. Мұндай дене қанында резус қайшылық, егестік (конфликт) пайда болады да, қан құюдан кейінгі болатын асқынуға әкеп соғады. Әсіресе ана мен нәрестенің резус факторы сәйкес болмағанда асқыну пайда болуы мүмкін. Жүктілік кезінде резусы теріс ана мен резусы оң нәресте арасында қарама-қайшы егестік қалыптасып, әйел денесінің резус факторға сезімталдығының күшеюі пайда болады. Бірақ, бірінші жүктілік негізінен қалыпты мерзімде босанумен аяқталады. Ал, екінші жүктілікте оң резусты ұрық қан құрамындағы бірінші жүктілікте пайда болған резус кері денемен кездесіп резус қайшылық пайда болады.
Анасы мен ұрпақтың резус факторы сәйкес келмегенде өздігінен іш тастау және нәрестеде қан құрамының ыдырап, өзгеруінен (гемолиз) тұма сары аурудың даму себептері пайда болуы мүмкін. Бұл асқынулардың себептері жүкті әйелдің қанындағы резус кері дене мөлшерімен анықталады. Асқынудың алдын – алу үшін қан құю алдында әрбір аурудан - оған бұрын қан құйылды ма, егер құйылса – ол адам бұл операцияны қалай өткізді және бұл кезде денеде ауыр өзгерістер байқалды ма, осыларды анықтау керек. Бұл - қан құю тарихы (анамнез) болып табылады. Әрбір қан құю алдында міндетті түрде донор мен реципиенттің қан топтарын және резус факторын анықтау керек.
Резус жүйесі – күрделі, жүйелі құбылыс болып саналады. Оған жеті әртүрлі антигендер кіреді: Д, С, З, А, С, Е және Du – антиген.
Ең күшті антиген Du – антиген болып табылады және ол оң резус факторды анықтайды. Әрбір жұп антиген Д-д, Е-е, С-с өзін - өзі шығарады. Осы мүмкіндіктерге байланысты адам денесіндегі эритроцитте резус – антиген құрылымы: Д, С, Е; Д, С,е; д, с, Е; Д, с, е; д, С, е; д, с, е болып кездеседі.
Реципиент қанында осы көрсетілген резус жүйесіндегі антигендер жоқ болғанда және қанды екінші қайтара құйғанда, адам денесінде артық сезімталдық тууы мүмкін. Жеткілікті иммуногенділікке ие резус антиген (С мен резус Е) кейбір кезде денеде сезімталдықтың күшеюін тудырады. Міне, сондықтан қан құюды тек резус факторы бірдей болғанда ғана құяды. Резусы оң адамға резус оң қан, ал резусы теріс адамға - резус теріс қан құяды.
Резус қайшылықтың алдын алу үшін резус сәйкестілікке сынақ жүргізу қажет. Бұл сынақ резус фактор антигенімен байланысты барлық сәйкестілік түрін білдіреді.
Резус факторды жеделдетілген әдіспен үлгі ретіндегі реагент көмегімен анықтау.
Резус факторды анықтау ұшін таза ұйымаған қан қолданылуы мүмкін, әсіресе зеріттеу алдында тікелей қолдан немесе қоспа заттармен (консервант) немесе сақталған ешқандай алдын – ала өңдеусіз алынған қан пайдаланылады.
Анықтау жолы: түтік шыны түбіне 1 тамшы үлгі ретіндегі реагент антирезус және 1 тамшы зеріттелетін қан немесе эритроцит тұнбасын салады. Шыны түтік ішіндегісін сілкілеп араластырып, сонан соң ақырын айналдырады, түтікті көлденең бағытта еңкейтеді, түтік ішіндегісін қабырғамен ағатындай көлбете бақылайды.
Түтік қабырғасына қанның жұғып, жағылуы реакцияны айқын көрсетеді. Желімденіп жабысу алғашқы минутта пайда болады. Сонан соң эритроциттердің өзіне тән емес аггрегацияларын шығару үшін түтікке 2-3 мл физиологиялық хлорлы натрий ертіндісін қосады. Қадағалау түрінде бағалайды. Нәтижені бағалау: эритроциттерден ірі жалпақ түрдегі желімденіп жабысқан түйіндері бар мөлдір сұйық - зеріттелген қанның құрамында резус оң фактор бар екенін көрсетеді, ал егер бұл көрініс жоқ болғанда – түтікшеде біркелкі боялған сұйық болса – зеріттелген қанның резус теріс екенін көрсетеді.
Қанды сақтауға дайындау (консервирование)
Сақтауға дайындалған (консервирование) қан – ұзақ уақыт бойы асептикалық жағдайда арнаулы шыны құтыда сақтауға және үлкен аралықта тасуға болатын қан сұйығын айтады.
Қанды тұрақты сұйық қалпында сақтауға (стабилизатор) 1945 жылы 4% лимон қышқылды натрий ұсынылған болатын, ол қандағы кальций иондарын азайтады, сонымен қатар қанды ұюдан сақтандырады. Натрий цитраты қосылған (1:10 қатынасында) қан – құрамы бойынша таза тұрақтанған немесе таза цитратты қан деп аталады (10 мл сұйылтқыш цитрат:100 мл таза қан). Таза цитратты қанның сақталу мерзімі 1 күн. Клиникалық тәжірибеде сақтауға дайындалған қанды құю жиі қолданылады. Тұрақтылықты қалыптастыратын зат ретінде кең таралған глюкозоцитратты ертінділерді пайдаланады, олар - сұйылтқыш натрий цитраты, тұрақтандырғыш қоректік зат – глюкоза мен қабынуға қарсы антибиотиктерден тұрады.
Қанды сақтауға дайындау үшін Орталық Ленин орденді қан құю институтында дайындалған арнайы тұрақтылықты қалыптастыратын сақтандырғыш қоспа ертінді (ЦОЛИПК) – 7-б - түрі көп қолданылады. Оның құрамы: глюкоза –3,0; цитратты натрий –2,0; левомицетин – 0,015; буландыру арқылы (дистилляция) тазартылған су – 100,0 немесе 100 мл қанға бұл ертіндінің 10 мл қажет.
Мынаны есте сақтау қажет: әсіресе көлемді қан құйғанда цитратты натрийден денеде әртүрлі өзгерістер қалыптасады. Бұл кезде күрделі улану пайда болуы мүмкін, кейде көлемді цитрат ертіндісі естен тануға (шок) дейін әкеледі. Денедегі цитратты натрий әсерін қайтару (нейтрализация) мақсатында 10% хлорлы кальций ертіндісін еңгізеді, әрбір 500 мл құйылған қанға 10 мл хлорлы кальций ертіндісін қолданады.
Соңғы уақыттарда сақтауға дайындалған қанды тұрақты сұйылтқышсыз құю кеңінен қолданылады. Бұл үшін катионды – алмасу қарамайы (смола) қолданылады яғни қанды осы қарамай арқылы өткізеді.
Катионды алмасу қарамайы (смола) қандағы кальцийді ұстап қалады да, қанға натрий береді. Мұндай қанға глюкоза, электролиттер қосу арқылы 25 күн сақтауға болады және улы цитратты асқынулар пайда болуынан қорықпай құюға мүмкіндік туады. Осындай тәсілмен алынған қан - катионитты қан, - деп аталады. Химиялық тұрақты сұйылтқыштармен бірге биологиялық гепарин және гирудин сияқты заттарды да қолданады. Жасанды қан айналу аспабында гепаринді жүйелі түрде қолданады. Гепаринделінген қанды 1 күн бойында қолданады, бұл мерзімнен ұзақ уақыт сақтап, пайдалануға болмайды. Құрамында сақтауға лайықты қоспа заттар болмағандықтан мұндай қан тез арада ластанып, онда ыдырау мен қабыну қалыптасады.
