Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
есеп эпид 27 ответ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
70.63 Кб
Скачать

Есеп № 27.

Инфекциялық ауруларды тіркеу журналы - №60у – СЭС формасын және №60у емдеу формасын толтыр.

Дизентерия диагнозымен науқасқа жедел хабарлама беріледі.

1.ҚРДСМ 2010ж «23» қарашадағы қарашадағы №907 бұйрығымен бекітілген №60/у нысанды медициналық құжаттама- инфекциялық ауруларды тіркеу журналы.

Инфекциялық ауруларды тіркейтін журнал екі түрде болады:№60/е-СЭС ,№60e-емдеу формасы.

Инфекциялық ауруларды тіркеу журналында мына мәлеметтер толтырылады:

1.Мәлімдеменің телефонмен хабарланған (қабылданған) күні мен сағаты,алғашқы шұғыл хабарламаның жіберілген (алынған) күні,кім .жіберді,кім қабылдады;2.Мәлімдеме жасаған емдеу ұйымының атауы;3.Науқастың тегі,аты,әкесінің аты ;4.Жасы(3 жасқа дейінгі балалардың туған жылы мен айы көрсетіледі);5.Үйінің мекен-жайы(қала,ауыл,көшесі,үй мен пәтер №);6.Жұмыс,оқу орнының ,мектепке дейінгі балалар ұйымының атауы,тобы,сыныбы,соңғы барған күні;7.Алғашқы қаралған күні(қай дәрігерге қаралды);8.Ауырған күні;9.Диагнозы мен оның қойылған күні;10.Жазылған күні,орны;11.Өзгертілген (нақтыланған ) диагнозы мен оның қойылатын күні;12.Эпид тексеру күні.Тексерген адамның тегі (тек сэс-те толтырылады);13.Ауру туралы хабарланды(тұрақты мекен-жайы бойынша СЭС,балалар ұйымына,оқу және жұмыс орнына)(тек СЭС-те толтырылады);14.Зертханалық зерттеу мен оның нәтижелері;15.Ескерпе;

2.Дизентерия анықталғаннан 12 сағат аралығында СЭН-ға жедел хабарлама жіберіледі.1)Жіберілген жедел хабарламадан кейін инфекцияның әрі қарай жайылуын болдырмау мақсатында ошақта эпидемиологиялық зерттеу жүргізіліп,эпид. Процестің келесі детерминанттары анықталады:ошақтың шегін анықтау;инфекция қоздырғышы көзін анықтау(жедел және созылмалы формалары,бактериотасымалдаушы );инфекцияның негізгі берілу жолдарын анықтау(су,тағам,контактілі-тұрмыстық ) және берілу факторларын анықтау(шигелламен ластанған су,тағам,сүт өнімдері,тұрмыстық заттар );жұқтырудың негізгі жағдайларын анықтау:тығыз байланыс,бұзылған тағамдарды(сүт,су,көкөніс,жеміс) қолдану,тұрғын үйдің сан-гиг жағдайының төмендігі;энтеропатогенді ішек таяқшасы мен санитарлық-көрсеткіш микрофлорасын анықтауда қоршаған орта объектілерінен жұғынды,өнімдерден сынама алады;2)Науқасты клиникалық,эпид. көрсеткіш бойынша бойынша госпитализациялау:1жасқа дейінгі ауырған балалар,дизентерияның ауыр,созылмалы формасында,тағам өнеркәсібінің жұмысшылары,3)Рұқсат етілген дезинфекциялық заттармен дезинфекция жүргізу;4)ошақта жұқтырғандар арсында инфекция көзі болуы мүмкін түлғаларға бағытталған шаралар жүргізу: 5)ауырғандарды диспансерлік бақылау.

есеп № 28.

Науқасқа жедел сылбыр салға күдік болғанда лабораториялық зерттеуге жолдаманы толтыр.

Жедел сылбыр салға диагнозымен науқасқа жедел хабарлама беріледі.

1.Науқасқа жедел сылбыр салға күдік болғанда лабораториялық зерттеуге жолдаманы толтырылу қажет.Бұл лабораторияға жолдамада науқас аты-жөні,туған күні,адресі,елді- мекен атауы,облыс атауы толтырылады. Одан әрі паралич басталу уақыты,нәжістің 1-ші,2-ші алынған үлгісі,үлгілерді жіберу уақыты,ОПВ-ға алған сонғы вакцина,болжамды диагнозы,зерттеу жүргізген маманның аты-жөні,лабораторияға кімге жолданғандығы және үлгілердің қандай жағдайда қабылданғандығы көрсетіледі.Алынған материалдарды лаб-ға жіберілгенше тоңазытқышта сақталады температурасы 0-8С. Биоматериал лабораторияға тасымалдауға арналған термооқшаулағыш контейнерлерге салынып тасымалданады.

2. Полиомиелит жағдайы тіркелгеннен кейін белгіленген тәртіп бойынша алғашқы 24 сағат ішінде «Эпидемиологиялық тексеру картасы» толтырылады, ошақты эпидемиологиялық тексеру жүргізіледі:онда ошақ шекарасы мен контактіде болғандар анықталып,эпидемияға қарсы шаралар комплексі жүргізіледі.-Жедел сылбыр салға күдікті науқас міндетті түрде инфекциялық стационарға госпитализацияланады.Балалар мекемелерінде жедел салдың қайта тіркелу жағдайы болғанда,балалар ұжымын тәулік бойы бақылауға алады.-Ошақта науқас госпитализацияланғаннан кейін мектепке дейінгі мекемеде мектеп персоналы науқас қолданған төсек,ойыншық,ыдысты 1-2% сода ерітіндісінде 15 минут қайнатады және бөлмеде дезинфекциялық заттармен ылғалды тазалау жұмыстарын жүргізеді.-Үй жағдайы ошағында дезинфекцияны отбасы мүшелерінің бірі емдік-профилактикалық мекеменің медициналық қызметкері бақылауымен жүргізеді. Полиомиелиттің ошағында науқас емге жатқызылғаннан кейін қорытынды дезинфекция жүргізіледі.-Өзге контактіде болған тұлғаларға қатысты шаралар:ұжымдастырылған ұйымдарда 15 жасқа дейінгі контактіде болған балаларды лабораториялық зерттеу,балалар мекемесі,тағам және су құбыры жұмысшылары науқас изоляцияланған уақыттан бастап 20 күнге жұмыстан босатылады. -Полиомиелитпен ауыратын науқаспен байланыста болғандарды бақылау(сұрастыру,бақылау,термометрия), аурудың соңғы жағдайы анықталған сәттен бастап 30 күн бойы жүргізіледі.

есеп № 29.

16 мамырды тексеру кезінде егу (прививочный) кабинетінде тоңазытқышта АКДС вакцинасының «ашылған флакондары» (АФ) табылды: «АФ» - да ашылған сағаты және күні көрсетілген (15 мамыр, 14 сағат).

1. Бұл вакцинаны неше күн бойы қолдануға болады?

2. Флакондарды қандай жағдайда сақтайды?

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]