Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
есеп эпид 27 ответ.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
70.63 Кб
Скачать

3. Қандай инструктивті құжаттарды басшылыққа аламыз?

  1. Туберкулез вакцинасының құрамында микобактериялардың авирулентті тірі штамдары бар. Ондай штамды А. Кальмет және К.Герен ірі қара малдың микобактерияларынан алған. Вакцина натрий глютаминінің 1,5% ерітіндісінде құрғатылған. Бір ампулада препараттың 20 дозасы болады. Қолданар алдында вакцинаны натрий хлоридінің 0,9% ерітіндісімен сұйылтады. Нәрестелерге вакцинациялауды туғаннан кейінгі төртінші күнге дейін педиатрдың тексеруінен соң таңертең егу кабинетінде жүргізеді. БЦЖ мен қайталап егу (ревакцинация) 6-7 жаста жүргізіледі. Нәрестелерді вакцинациялауды - егуге рұқсаты бар, егу кабинетінің медбикесі жүргізеді. БЦЖ вакцинасын қолдану әдісі және мөлшері: вакцина бар ампуланы ашар алдында жақсылап, тексеру қажет. Қолдануға тиым салынады, егер: ампулада этикетканың болмауы н/е дұрыс толтырылмауы; жарамды мерзімнің өтіп кетуі; ампулада жарылу н/е сынық белгілері болса; препараттың физикалық қасиетінің өзгеруі (түсі, түрі ж/е т.б.); құрамында бөгде заттардың болуы. Вакцина қатаң түрде тері ішілік сол қолдың иығының жоғарғы және ортаңғы бөлігінің шекарасына салынады. БЦЖ вакцинасын салуға тиым салынады, егер: АИВ н/е СПИД, шала туылған балдар салмағы 2000 гр аз, ОЖЖ зақымдалуы – босанудағы жарақаттар, жатыр ішілік инфекция н/е сепсис, нәрестелердің гемолитикалық аурулары, субфебрильді н/е одан да жоғары температура. БЦЖ ревакцинациясы Манту сынамасы теріс, сау балаларға, күмәнді балаларға Манту сынамасын қайталап салып, теріс мәнді болғаннан кейін үш айдан соң жүргізіледі. Қолданылған БЦЖ вакцинасының қалдықтары облыстық, қалалық, аудандық денсаулық сақтау ұйымдарының қоймаларына тапсырылады. БЦЖ ны үнемі сақтау тек босанатын үйлердің аузы жабылатын, тоңазытқышта сақталатын биксте ғана рұқсат етіледі. Манту сынамасымен БЦЖ ревакцинациясының арасы 3 күннен кем, 2 аптадан артық болмауы к/к. БЦЖ ревакцинациясына қарсы көрсеткіштер: туберкулезбен ауыратын н/е бұрын ауырған; манту сынамасы оң н/е күмәнді; БЦЖ вакцинасының кері әсер етуі; АИВ инфекция; қатерлі ісіктер; жедел инфекциялық аурулар, олардың асқынуы, аллергиялар, сауыққаннан кейін екі айдан соң ревакцинация жүргізу. Бір баланы вакцинациялау үшін

  2. 222 балаға 222 доза к/к. 1 ампулада 20 доза. 222 доза 11,1 н/е 12 ампула. 1 балаға 0,1 мл вакцина енгізіледі. 222 балаға 22,2 мл енгізіледі.

7. Балабақшада бір мезгілде түнгі 20/XI –21/XI қараған күні 15 бала ауырды. Ауру жоғарғы температура, іш көріністері аймағының ауруы, нәжісте кілегей 3 балада құрыспа байқалған. 21/XI күні 3 бала ауырған. Диагноз дизентериямен қорытындыланған. Балалар ауруханаға жатқызылды.

  1. Балалардың көпшілік ауруының мәні неде?

  2. Ошақты жоюға жоспар құрыңыз.

Дизентерия – антропонозды, қоздырғышы нәжіс-ауыз механизмімен берілетін, интоксикациямен, толғақ тәрізді іштің ауруымен, қан немесе кілегей аралас жиі сұйық нәжіспен, тенезмдермен көрінетін жедел ауру. Қоздырғышы - энтеробактер тұқымдастығына шигеллалар туыстығына жататын бактериялар. Инфекцияның берілу механизмі – нәжіс-ауыз, берілу жолдары – тұрмыстық, тағам және су арқылы. Григорьев-Шига тұрмыстық жолмен, Флекснер су арқылы, Зонне тағам арқылы, Боиде су және тұрмыстық жолмен беріледі. Ауру көзі – ауру адам, бактерия тасымалдаушы.

  1. Балалардың көпшілік ауруы бірнеше себептерге байланысты болуы мүмкін: жеке бас гигиенасының сақталмауы, шигеллалармен зақымданған тағам арқылы, шыбындар арқылы бактериялардың таралуы, балабақшада балалар санының артып кетуінен балалар тығыздығының көбеюінен жанасу арқылы.

  2. Ошақты жоюға жоспар құру:

Мақсаты – дизентерия жағдайының немен байланысты екенін анықтау. Инфекцияны қоздырушыды көзді, ауру этиологиясын, берілу факторлары мен жолдарын, жұқтыру жағдайын анықтау, ошақта эпидемияға қарсы шараларды ұйымдастыру.

Тексеру этаптары:

  • Ауру жөнінде жедел хабарлама ( ауру анықталғаннан соң 12 сағ ішінде) жіберу.

  • Ошақты эпид. тексеру –инфекцияның ары қарай дамуының алдын алу мақсатында жүргізіледі. Ол үшін келесі шаралар:

  • Ошақ шекарасын анықтау;

  • Инфекцияны қоздырғыш көзді табу, ол жедел түрімен ауыратын адам не созылмалы бактериятасымалдаушы болуы мүмкін;

  • Инфекцияның негізгі берілу жолы (су, тағам, тұрмыстық) және берілу фокторлары (шигеллалармен ластанған су, тағам, сүт өнімдері, тұрмыстық заттар) анықталады. Ауырған және бақылаудағы адамдарды сұрастырады;

  • Жұқтыру жағдайлары анықталады: тығыз, жақын контакт, әсіресе кішкентай балалар, бала-бақшада балалар санының нормадан көп болуы. Мекеменің және жанұясындағы санитарлық жағдайды анықтау.

  • Тағамнан, судан сынамалар алу, қоршаған орта обьектілерінен жұғынды алу.

Ауру көзіне бағытталған шаралар: оқшаулау, клиникалық және эпид көрсеткіштер бойынша балаларды госпитализациялау. Балаларға қызмет көрсетуші мамандарды бак. тасымалдаушылыққа тексеру. Берілу механизміне бағытталған шаралар: МДБМ-де ағымды және қорытынды дезинфекция жасау. Дезинфекциялық ерітінділердің жеткіліктілігін анықтау. Қызмет көрсетуші мамандарды сан.минимумнан өткізу. Жеке бас гигиенасын сақтау, қолды жуу, суды қайнатып ішу.

8

Балабақшада энтеробиоз жұқтырған балалар 50%, қызметкерлер 15%. Балалардың қолдарын, горшоктарын, төсеніштерді зерттегенде острица жұмыртқалары табылған. Персонал 150 баладан және 27 қызметкерден тұрады. Балабақша типтік ғимаратта орналасқан, онда су құбыры және канализация бар.

  1. Қызметкерлер мен балалар арасында дегельминтизация жүргізілген бе?

  2. Энтеробиозға қарсы жою жоспарын құрыңыз.

  3. Қандай инсруктивті құжаттарды басшылыққа аламыз?

Энтеробиоз – нәжіс-ауыз механизмімен берілетін, созылмалы ағыммен перианальді қышумен және диспепсиялық көріністермен сипатталатын контагиозды антропонозды инвазивті ауру. Қоздырғышы – дөңгелек гельминт нематода Enterobius vermicularis (үшкір құрт не острица) аш ішектің төменгі бөлігін және тоқ ішекті зақымдайды. Ауру көзі мен резервуары – адам. Жұқтырған адам инвазиядан кейін 12-14 күннен өткен соң үшкір құртты бөліп бастайды. Бұл бірнеше айға созылуы мүмкін, ал егер өзін-өзі қайта залалдаса бірнеше жылдарға созылуы мүмкін. Берілу механизмі – нәжіс-ауыз. Инвазияланған құрттардың берілуі тікелей қол арқылы немесе контаминацияланған су және тағам арқылы жүреді. Сондай-ақ төсек жабдықтары және іш киімдері залалданады, әрі қарай қоршаған орта обьектілері: жиһаздар, ойыншықтар, ыдыстар, кілемдер залалданады. Жүзу бассейндерінде, әсіресе киініп-шешінетін жерінде (раздевалка), залалдану мүмкін.

  1. Қызметкерлер мен балалар арасында дегельминтизация жүргізілмеген, себебі ауруға шалдығу пайызы көп.

150 бала → 100% 27 қызметкер → 100%

Х бала → 50% Х қызметкер → 15%

Х ꞊ ꞊ 75 Х ꞊ ꞊ 4

75 бала және 4 қызметкер жұқтырған.

Егер балалар мекемелерінде бір реттік тексеру кезінде 15% жоғары инвазивті энтеробиоз анықталатын болса, онда барлық балалар мен қызметкерлер дегельмитизациядан өтуі керек. Ол үшін келесі препараттар қолданылады: пирвиний памоат (гельминтокс), пирантель (комбантрин) 1 рет, вермокс (мебендазол), пипиразин және оның туындылары.

  1. Эпидемияға қарсы шаралар жүргізілуі керек:

  • Ошақты санитарлы-эпид зерттеу. Мақсаты: қоздырғыш көзін анықтау, берілу жолдары мен факторларын анықтау, мекеменің санитарлық режимін және қызметкерлердің острицалармен зақымдалу жолдарын анықтау.

  • Барлық балаларды емдеуге жіберу, қызметкерлерді жұмыстан уақытша босату (емделу кезеңіне), жанұясының мүшелерінің барлығын бақылауға алу.

  • Балаларды және ересектерді гигиеналық оқыту.

  • Инвазия ошағында (квартира, МДБМ) балаларды жеке горшоктармен қамтамасыз ету, жүйелі өңдеу жұмыстарын жүргізу, балалардың дәретханаға бару кезіндегі жеке гигиенасын бақылау, жеке сүлгілермен қамту, жүйелі түрде тырнақтарын алу. Төсек жабдықтарын, инвентарь, ойыншықтарды залалсыздандыру керек. Ылғалды тазалық жүргізу (сабынды-содалы ерітіндімен).

Барлығына дегельминтизация үшін Вермокс беріледі, таблетка 8 рет, 2рет емдеуден өтеді 14-24 күн интервалмен. Дегельминтизация тек гигиеналық ережелерді сақтағанда ғана нәтижесі болады және жанұясының барлық мүшелерімен бірге жүргізу тиімді. Супер аутоинвазияны болдырмау керек. Балабақшаны толық жабу керек. Сабын-содалы ерітіндімен ылғалды жинастыру жүргізеді. Кілемдерді 30 мин бак.лампамен залалсыздандырады. Горшоктарды ыстық сумен қайнатады. Төсек бұйымдарын залалсыздандырады (10% лизол, 5% карбол қышқылдары қолд.). Жеке бас гигиенасын сақтау керек. Ойыншықтарды сабынды-содалы ерітіндімен жуады. Құмның беткі қабатын алмастырады. Песочницадағы құмды ыстық сумен өңдейміз. Төсек жабдықтарын ыстық үтікпен үтіктейміз. Ойнау алаңдарынан, қызметкерлер мен балалардың қолдарынан жұғынды аламыз. Зерттеу жұмыстарын жылына 2 реттен кем жүргізбеу керек. Санитарлық ағарту жұмыстарын жүргізу керек.

  1. №700 20.09.04 ж. «ҚР парзиттік аурулар бойынша сан індетке қарсы іс-шараларды жүргізу жөніндегі нұсқаулық»

№419 28.05.03ж. «ҚР гельминтоздарының алдын алу жөніндегі шараларды күшейту туралы.»

№645 27.12.05 ж. «О мерах по контролю и профилактики контагиозных гельминтозов»

10.

Соматикалық ауруханада 3 күннен бері жатқан баланың ұртынан Филатов дақтары байқалған.

  1. Бұл инфекция аурухана ішілік пе, әлде тыс па?

  2. Ошақта індетке қарсы шаралар жүргізіңіз.

Қызылша – интоксикациямен, жоғарғы тыныс жолдарының зақымдалуымен, дақты-папулезді экзантемамен сипатталатын ауа-тамшылы механизммен берілетін антропонозды жедел респираторлы вирусты жұқпалы ауру. Қоздырғыштың маңызы аса жоғары контагиоздылығымен, эпид таралуына бейімділігімен, клиникалық ағымының ауырлығымен байланысты. Қоздырғышы: РНКлы парамиксовирус Polynosa morbillorum. Инфекция көзі – ауру адам, ауру бөртпе пайда болғанға дейін 4 күн бұрын және бөртпе пайда болғаннан кейін 4 күн бойына қауіпті. Қоздырғыштың берілу механизмі – аэрозольді, берілу жолы – ауа-тамшылы. Клиникалық көріністері: температура көтеріледі, катар пайда болады, 2-3 күнінде ауыз қуысында дақ тәрізді энантема пайда болады, бөртпе пайда болғаннан кейін 1-2 күн де ұртта Филатов-Коплик ақшыл дақтары көрінеді.Аурудың көзі, беті ісіп, жөтел, әлсіздік, жарықты жақтырмау байқалады. 3-4-ші күні интоксикация өршиді, бөртпе басталады құлақ артында, кеңсірікте, бет, мойын, кеуде, 2-3 күнде іш, қол, аяққа тарайды. Бөртпе алғашқында дақ немесе папула тәрізді болады, кейіннен ұлғайып бір-бірімен қосылып дақты папулездік бөртпеге айналады. 3-4 күннен кейін бөртпе бозарып, қоңыр-қошқыл пигмент пайда болып қабыршақталып түсе бастайды.

  1. Анықталған инфекция аурухана ішілікке жатпайды. Себебі қызылша ауруындағы инкубациялық кезең 7-14 күн. Жиі ауыратын ошақта иммуноглобулин алған балаларда 21-28 күнге созылуы мүмкін. Ал бала ауруханада тек 3 күн ғана болған.

  2. Қызылша қоздырғышы сыртқы ортаға төзімсіз болғандықтан қорытынды дезинфекция жүргізілмейді. Науқасты инфекциялық ауруханаға ауыстырамыз (4-10 күнге оқшаулау) ылғалды жинастыру жүргізу керек. Ауру көзін анықтаймыз, қарым-қатынаста болғандарды вакцинация алмағандарды 17 күн , ал ЖКВ алғандарды 21 күн бойы бақылайды. Қарым-қатынаста болғандарды егер егілмеген немесе бір реттік дозамен егілген болса ЖКВмен шұғыл вакцинопрофилактика жүргізу.Негізгі алдын алу шарасы қызылшаға қарсы вакцина (ЖКВ) жасау. Алғашқы вакцинация баланың 12 айлығында ККП (қызылша, қызамық, эпидпаротит) тривакцинасымен жүргізіледі. Ревакцинация 6-7 жаста ЖКВмен жүргізіледі.

11.

1987-1994 жж аралығындағы тұрғындардың қызылшаға шалдығуын 100.000 адамға шаға талдап шығыңыз. Кесте және график құр.

Жылдар

1987

1988

1989

1990

1991

1992

1993

1994

Ауырғандар саны

3384

12268

10713

8761

2281

6478

4611

10118

Тұрғындар саны

433000

447000

460000

430000

480000

489000

510000

512000

Бұл берілгендерді талдап, график тұрғызыңдар.

Қызылша – интоксикациямен, жоғарғы тыныс жолдарының зақымдалуымен, дақты-папулезді экзантемамен сипатталатын ауа-тамшылы механизммен берілетін антропонозды жедел респираторлы вирусты жұқпалы ауру. Инфекция көзі – ауру адам, тасымалдаушылық болмайды. Ауырғаннан кейін тұрақты иммунитет қалыптасады. Негізгі алдын алу шарасы қызылшаға қарсы вакцина (ЖКВ) жасау. Алғашқы вакцинация баланың 12 айлығында ККП (қызылша, қызамық, эпидпаротит) тривакцинасымен жүргізіледі. Ревакцинация 6-7 жаста ЖКВмен жүргізіледі.

1987ж - 3384→433000

Х → 100000

Х ꞊ ꞊ 781,5

1988ж – Х = ꞊ 2744,5

1989ж – Х ꞊ ꞊ 2328,9

1990ж – Х ꞊ ꞊ 2037,4

1991ж – Х ꞊ ꞊ 475,2

1992ж – Х ꞊ ꞊ 1324,7

1993ж – Х ꞊ ꞊ 904,1

1994ж – Х ꞊ ꞊ 1976,1

Қорытынды: Соңғы 3 жылды салыстырғанда қызылшаға шалдығу көрсеткіші жоғарылағаны байқалады. Осыған орай ревакцинацияны дұрыс жүргізу керек.

12.

29,30/V күні А қаласында тағам токсикоинфекциясы бұрқ етті. Автопарк асханасынан тамақтанған 8 адам ауырды. Сұрастыру барысында 29/V күні түскі асқа бірінші мәзірге ет қосқан бұршақ сорпасы, екіншіге асылған ет салынған картоп берілген.

  1. Бұрқ ету жағдайына себеп болған тағамды табыңыз?

  2. Бұрқ ету жағдайын жою барысында қолданылатын шаралардың жоспарын құрыңыз.

Тағамдық токсикоинфекциялар – кеңінен таралған жедел ішек аурулары, шартты патогенді микроорганизмдермен шақырылатын, нәжіс-ауыз механизмімен берілетін, кенет басталуымен және жалпы интоксикация синдромымен, жедел гастроэнтерит және гастроэнтероколит көріністерімен, су-электролитті алмасудыңбұзылуымен және ағзаның сусыздануының дамуымен сипатталады. Қоздырғыштары: Proteus, Klebsiella, Enterobacter, Citrobacter, Bacillus, Clostridium, Pseudomonias. Қоздырғыш көзі – ауру адам немесе бактерия тасымалдаушы және жануарлар. Берілу механизмі –алиментарлы, нәжіс-ауыз жолымен, сирек – тұрмыстық жолмен. Берілу факторлары: жиі ет және ет өнімдері, жұмыртқа, кулинарлық өнімдер және т.б. Қоздырғыш тағамда байқалатындай өзгерістерге ұшыратпайды, сондықтан тағам қалдықтарынан улануға ұшырайды. Маусымдылық жаз-күз мерзімдерінде. Аурудың эпид ерекшеліктері: кенеттен көп адамдардың ауруында және барлық ауырғандардың бір тағам жегендерінде немесе бір ошақпен байланысты болуы, клиникалық симптомдардың ұқсас болуы. Инкубациялық кезең 30 мин 5-6 сағ, кейде 1 тәулікке дейін. Клиникалық көріністері: құсу, лоқсу, іш өту, іштің бүріп ауруы, жалпы әлсіздік, бас ауруы, температура көтеріледі.

  1. Бұрқ етуге себепші болған ет, яғни тағамға қосылған ет. 8 адамнан анамнез жинау. Ауруларды госпитализациялайды. Тағам қалдықтарын тексереді.

  2. Эпид бұрқ етуге қарсы және жою шаралары:

  • Қоздырғыштардың берілу жолын үзуге бағытталады;

  • Тағам объектісінде жұмыс істейтін қызметкерлерді санитарлы-гигиеналық оқыту;

  • Санитарлы-гигиеналық режим ережелерін дұрыс сақтауға, яғни дайындау режимінің, сақтаудың, тасымалдау және азық-түлікті реализациялау ережелерін қатаң сақтау;

  • Қоғамдық тамақтану орындарында тамақ дайындауда, сақтауда, тасымалдауда режимді дұрыс сақтау;

  • Іріңді аурулары бар қызметкерлерді жұмысқа жібермеу;

  • Декреттелген топ үшін арнайы мед тексеруден өту.

Асхана қызметкерлерінің қолынан, асхананың барлық жерінен жұғынды алынады, желінген тағам қалдықтары алынады. Науқастан нәжіс, құсық, асқазан жуындысын аламыз. Жалпы асхана тазалығын тексереміз. Мед құжаттарында 3 ай сайын бак. тексеруден өткендігін тексеру. Бұрқ ете қалудың алдын алу үшін тұрғындар арасында санитарлық ағарту жұмыстарын жүргізу, тағамның жеткілікті термиялық өңдеуден өткендігін, сақтау жағдайы мен мерзімін қарау.

есеп № 13.

24 айлық сәбидің №63 формасы бойынша алдын-ала егу жұмысының сапасын бағалаңыз.

Алдын ала егу жұмыстары жұқпалы аурулардың алдын алу мақсатында белсенді иммундық процестер немесе халықтың иммундық жүйесін қалыптастыру мақсатында ҚР ДСМ-ң қаулысымен жүргізіліп отырады. Қалада балалар арасындағы алдын ала егу жұмыстары балалар емханасында жүргізіліп, №063 алдын ала егу картасына толтырылады. Картаға туберкулез, сал, күл, көкжқтел, сіреспе, қызылша, эпидемиялық паротитке қарсы егулер және аллергиялық сынамалар тіркеледі. Сонымен бірге, жоспарлы түрде және эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша жүргізілетін егулерге арналған артық баған және аллергиялық сынамалар, егуге реакциялар медициналық қарсылықтарға арналған бағандар бар. Карта сол мекемеде 5 жыл сақталады. «Профилактикалық егулер картасы» баланың негізгі егу құжаты болып табылады. ҚР Үкіметінің 2009жылғы 30-желтоқсандағы № 2295 қаулысына сәйкес ҚР Ұлттық егу күнтізбесі бойынша 24 айлық сәбидің алдын ала егу жұмысының сапасын бағаласақ: БЦЖ –өмірінің 1-4 күндері, ОПВ2;3;4;12-15-айлығында егу, АКДС2; 3; 4; 18-айлығында, ККП(қызылша)—12 айлығында, ККП(паротит) –12-айлығында, ВГВ—өмірінің 1-4 күні, 2; 4-айлығында егілгендігі жөнінде мәлімет болуы керек. Сонымен қатар, 5 жасқа дейінгі балалар арасындағы пневмония, менингит және отит ауруларын және өлімді төмендету үшін Ұлттық егу күнтізбесіне пневмококк инфекциясына қарсы егудің жаңа түрі енгізілді. Ол, пневмо2; 4; 12-15- айлықтарында енгізіледі. Осы аталған егулер тіркелуі керек. Вакцинациялауды арнайы құжатпен 09.01.2012ж. №8

«Халыққа профилактикалық егуді жүргізу бойынша санитариялық эпидемиологиялық талаптар»санитариялық қағидаларыменрегламенттейді.