- •3. Қандай инструктивті құжаттарды басшылыққа аламыз?
- •Вакцинациялауды арнайы құжатпен 09.01.2012ж. №8
- •3. Қандай инструктивті құжаттарды басшылыққа аламыз?
- •3. Қандай инструктивті құжаттарды басшылыққа аламыз?
- •Есеп № 14.
- •Ситуациялық есеп № 15.
- •Есеп № 16.
- •Есеп № 18.
- •Қандай инструктивті құжаттарды басшылыққа аламыз?
- •Есеп № 25.
- •Есеп № 27.
- •3.Қандай инструктивті құжаттарды басшылыққа аламыз?
Есеп № 25.
Іш сүзегі ошағындағы індетке қарсы шаралар жоспарын құр. Ошақты эпидемиялық тексеру картасын толтыру.
1.Ошақта жүргізілетін эпидемиялық шараның негізгі мақсаты- инфекция қоздырғышы козін, берілу жолдары мен берілу факторларын анықтау,науқастарды госпитализациялау жіне емдеу, ағымды жіне қорытынды дезинфекция жүргізу, ауыз су көздеріне бақылауды күшейту, күдік туған тағамды қолданыстан алу,контактідегілерді медициналық бақылау және жедел профилактикалық шара қолдану, ауырғандар мен созылмалы бактерия тасымалдаушыларды диспансерлік бақылау.
Іш сүзегі ошағында індетке қарсы бағытталған шаралар: (01.07.2011.№442 « Іш сүзегі мен паратиф аурушаңдығының алдын алуда санитарлық- эпидемияға қарсы шараларды ұйымдастыру мен жүргізу» туралы санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормалар)
1.Науқастарды сурастыру,қарау,термометрия,лабораториялық зерттеу арқылы анықтау;
2.Науқасты госпитализациялау;
3.Бұрын іш сүзегімен ауырғандарды, декреттелген контингентті,күмән туғызатын тағам мен суды пайдаланушыларды,науқаспен контактәде болғандарды анықтау жіне лабораториялық зерттеуге жіберу;
4.Жоғарыда аталғандарды бірреттік бактериологиялық зерттеу (нәжіс пен зәр,қан сарысуын тура геммаглютинация реакциясына);
5.Топтық ауру анықталса,инфекциякөзіболуымүмкінкүдіктілерге 3 реттікбактериологиялықзерттеужүргізу;
6.Науқаспен контактіде болған декреттелген контингентке қатарына жататын тұлғаларды уақытша жумыстан босату;
7.Жұқтыруға қаупі бар күдікті тұлғалар соңғы науқас изоляцияланғанған уақыттан бастап медициналық бақылауға алынып,21 күн бойы термометрия жүргізіледі;
8. Анықталған науқастар мен бактериотасымалдаушыларды изоляциялау,медициналық орталыққа тексерілуге,емделуге жіберу;
9.Ошақта шұғыл профилактика жүргізу эпид. көрсеткішке байланысты жүргізіледі.Науқаспен контактіде болғандар мен реконвалесценттерге ішсүзекті бактериофаг беріледі;
10.Ошақта дезинфекциялық шараларды жүргізу.
2.Ошақта ҚРДСМ 2005 жылғы 08 шілдедегі №332 бұйрығымен бекітілген Жұқпалы ауру ошағын эпидемиологиялық тексеру картасы , №328/е формасы толтырылады.
Бірінші паспорттық бөлім толтырылады :науқастың аты,тегі,жынысы,туған куні,мекен-жайы,жұмыс,оқу немесе мектепке дейінгі балалар ұйымы орны,кәсібі көрсетіледі.Әрі қарай жұмыс,оқу орнына соңғы барған күні;емдеу-алдын алу ұйымына,шұғыл хабарланың түскен күні,уақыты көрсетіледі;алғашқы диагноз;аурудың алғашқы клиникалық симптомдары; науқастың қандай жағдайда анықталғандығы:дәрігерге қаралуда,кәсіби тексерілуде,эпид. Көрсеткіш бойынша; ауырған,ауруханаға қаралған,ауруханаға жатқызылған күні;жатқызылған орны,жатқызылмаған себебі, жазылған күні,науқасқа зертханалық зерттеу жүргізілу күні мен уақыты;науқастың жұқпаға қарсы егілгендігі анықталады.Келесі бөлімде жұқпа көзі мен берілу факторларын іздестіру сұрақттары қойылады: болжаммен жұқпа жұқтырған мерзім, жұқтыу мүмкін болған орын мен оған ықпал еткен жағдайлар, жұқпаның көзі болуы мүмкін адамдар,жұқпаның ықтимал ды берілу факторлары,жұқпа ошағында тұрғылықты жері бойынша ,жұмыс, оқу орнындағы жұқпа ошағында жүргізілген шаралар;науқасқа байланысты ошақтардың санитарлық –эпидемиологиялық сипаттамасы:үй жайының жағдайы,сумен қамтылу сипаты,судың сапасы,жүйедегі апат,жұқпаның жұғуына ықпал еткен жағдайлар,ошақта ауырғандардың жалпы саны,ошақты бақылау аяқталған күн.
есеп № 26.
Паротит ошағын зерттеу картасын толтыр.
Індетке қарсы шаралар жоспарын құр.
1.Ошақта ҚРДСМ 2005 жылғы 08 шілдедегі №332 бұйрығымен бекітілген Жұқпалы ауру ошағын эпидемиологиялық зерттеу картасы , №328/е формасы толтырылады.
Бірінші паспорттық бөлім толтырылады :науқастың аты,тегі,жынысы,туған куні,мекен-жайы,жұмыс,оқу немесе мектепке дейінгі балалар ұйымы орны,кәсібі көрсетіледі.Әрі қарай жұмыс,оқу орнына соңғы барған күні;емдеу-алдын алу ұйымына,шұғыл хабарланың түскен күні,уақыты көрсетіледі;алғашқы диагноз;аурудың алғашқы клиникалық симптомдары; науқастың қандай жағдайда анықталғандығы:дәрігерге қаралуда,кәсіби тексерілуде,эпид. Көрсеткіш бойынша; ауырған,ауруханаға қаралған,ауруханаға жатқызылған күні;жатқызылған орны,жатқызылмаған себебі, жазылған күні,науқасқа зертханалық зерттеу жүргізілу күні мен уақыты;науқастың жұқпаға қарсы егілгендігі анықталады.Келесі бөлімде жұқпа көзі мен берілу факторларын іздестіру сұрақттары қойылады: болжаммен жұқпа жұқтырған мерзім, жұқтыу мүмкін болған орын мен оған ықпал еткен жағдайлар, жұқпаның көзі болуы мүмкін адамдар,жұқпаның ықтимал ды берілу факторлары,жұқпа ошағында тұрғылықты жері бойынша ,жұмыс, оқу орнындағы жұқпа ошағында жүргізілген шаралар;науқасқа байланысты ошақтардың санитарлық –эпидемиологиялық сипаттамасы:үй жайының жағдайы,сумен қамтылу сипаты,судың сапасы,жүйедегі апат,жұқпаның жұғуына ықпал еткен жағдайлар,ошақта ауырғандардың жалпы саны,ошақты бақылау аяқталған күн.
2.Науқасты ,айналасындағыларды және аурудың біріншілік симптомдарының пайда болған уақытын сұрастыру.
- гоcпитализациялау- клиникалық және эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша;
- науқасты изоляциялау аурудың клиникалық белгілері жойылғанша жүргізіледі ,бірақ ауру басталғаннан бастап 10 күннен кем емес;
-реконвалесценттерді ауру басталғаннан 11күннен кем емес уақыттан кейін ұжымға жіберуге рұқсат етіледі;
-Ұйымдастырылған коллективтерде:науқастарды активті анықтау кезінде 21 күнге карантин қойылады;топқа жаңадан бала қабылдауға,карантинді топтан келесі топқа бала қабылдауға рұқсат етілмейді;бұрын егілмеген немесе паротитпен бұрын науқастанбаған балалар ошақ жабылғанша МДҰ-ға жіберілмейді;ошақта контактіде болғандарды күнделікті клинакалық бақылау соңғы ауру жағдайы тіркелген уақыттан бастап 21 күнге бақылау қойылады;
-ошақтағы 25 жасқа дейінгі контактіде болғандар ға ,вакцинация алғанына 7 жылдан жоғары уақыт өткендерге ошақта бірінші науқас анықталғаннан бастап 72 сағаттан кем емес уақытта жедел профилактика жүргізіледі;
-бір рет егілген балалар мен жасөспірімдерді иммунизациялайды.Біріншілік вакцинациядан кейін егілмегендерге қайта иммунизация жүргізіледі;
-вирустың сыртқы ортаға тұрақсыздығына байланысты дезинфекция жүргізілмейді.
