
- •3. Қандай инструктивті құжаттарды басшылыққа аламыз?
- •Вакцинациялауды арнайы құжатпен 09.01.2012ж. №8
- •3. Қандай инструктивті құжаттарды басшылыққа аламыз?
- •3. Қандай инструктивті құжаттарды басшылыққа аламыз?
- •Есеп № 14.
- •Ситуациялық есеп № 15.
- •Есеп № 16.
- •Есеп № 18.
- •Қандай инструктивті құжаттарды басшылыққа аламыз?
- •Есеп № 25.
- •Есеп № 27.
- •3.Қандай инструктивті құжаттарды басшылыққа аламыз?
Есеп № 18.
Травмопунктқа үй итімен тістелінген 26 жастағы науқас түсті. 2-ші күні ит шешіліп, қашып кетті. Науқасқа қарсы өңдеу жүргізілді: жараны сабынды ерітіндімен жуу және оның жиегін 5% йодтың тұнбасымен өңдеу, сосын ауру үйіне жіберілді.
Травмопунктегі дәрігердің қызметінің дұрыстығын бағалаңыз?
Эпидемиолог дәрігердің ошақтағы әрекеті?
Қандай инструктивті құжаттарды басшылыққа аламыз?
Травмопунктегі дәрігердің қызметі толық емес. Медициналық көмекке жарақаттанған жерді 20% сулы-сабынды ерітіндімен обильді жуу,жараның айналасын 70% спиртпен немесе 5% йод ерітіндісімен өңдеп, стерильді байлам салынады. Жараның айналасын 3 күнге дейін тікпейді. Антирабиялық иммуноглобулин енгізуге көрсеткіш болса, оны тікпестен бұрын енгізеді. Бұл жерде науқасқа антирабиялық вакцина беруді шешу керек, аймақтық санитарлық-эпидемияға қарсы департаментке №058\у «Инфекциялық аурулар туралы, кәсіби және тағамдық улану жөнінде шұғыл хабарлама» жіберу керек. Әр қаралған науқасқа №045\у формасын «Антирабиялық көмекке жүгінгендер картасы» толтыру қажет. Науқастың жарақатын өңдегеннен кейін науқасты бақылауға алу керек. Құтыруға қарсы егулер мынадай жағдайда атқарылады: 1) Нағыз құтырған, құтыруға күдікті немесе белгісіз хайуанаттар тістегенде, тырнағанда, тері мен кілегей қабаттарға сілекейі жұққанда; 2)Тістеген, тырнаған немесе сілекей жұққан кезде хайуанаттар сау болғанмен, 10 күн ішінде олар ауырса, өліп немесе жоғалып кетсе;
Эпидемиолог дәрігердің ошақтағы әрекеті:
Жедел хабарлама бойынша жұмыс жасау;
Науқастан сұрастыру жүргізу. Эпид.карта толтыру;
Вакцина енгізілуі тәртібін қадағалау.
Құтыруға қарсы инактивацияланған дақылдық вакцина сириялық атжалманның(хомяк) бүйрегінен алынған клетка дақылдарында өсірілген құтыру вирусының вакциндық штамынан (Внуково-32) дайындалады. 1ампулада 3 мл вакцина бар, тоңазытқышта(4%) құрғақ жағдайда сақтайды, пайдалану мерзімі –1,5 жыл. Вакцинаны кіндік деңгейінде немесе шамалы төмендеу жердегі құрсақтың орталық сызығының екі жағынан 2-3 см қашықтықтағы тері астына енгізеді. Инъекциядан кейін 5 минут жатып демалу керек. Препаратты енгізу алдында жылқы сарысуына сезімталдығы тексеріледі. Шартсыз егу—егер қапқан жануар да белгілері болса және жануар белгісіз болса, егулер толық курсымен жасалынады 6 доза алады.
Шартты егу—қапқан жануарда құтыру белгісі болмаса, оны 10 күн бойына бақылауға алады. Егулер КоКАВ – 1 мл бұлшық етке жарақаттанған кейін 0,3,7,11,30,90-ші күндері жүргізіледі. Эпидемияға қарсы шараларды жүргізуде санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органдары қамтамасыз етеді: Тез арада әрбір ауру жағдайын эпидемиологиялық тексеру немесе адам және жануар құтыру ауруына үдіктену; Антирабиялық егуді қажет ететін тұлғаларға емдік-профилактикалық ұйымға келуге бағыттау; Ветеринарлық қызмет органдарымен бірге зақым әкелген жануарларды бақылауға және бақылау нәтижесі туралы ветеринарлық анықтама болуына бақылау жасау; Антирабиялық егулерді жүргізу және ұсынуды бақылау, тіркеу толықтығын және уақытылы зардап шеккендер туралы мәлімет алу, құтыруды алдын алу бойынша тіркеу-есеп беру құжатын енгізуге бақылау жүргізу; Емдік-профилактикалық ұйымдарға құтыруға күдіктенген, өлген жануарларды лабораториялық зерттеу және жануарларды ветеринарлық бақылау нәтижесі жөнінде мәлімет беру; Ветеринарлық қызмет органдарымен, коммуналдық шаруашылық, экологиялық полиция, аң аулау инспекциясы т.б бірге құтырудың алдын алудың кешенді жоспарын келісіп, аумақ әкімімен бекіту; Емдік-профилактикалық ұйымдармен және ветеринарлық қызмет органдарымен тұрғындар арасында құтырудың алдын алу бойынша санитарлық ағарту жұмыстарын жүргізу керек.
Басшылыққа №140 19-ақпан 2003 жыл «Адамның құтырумен ауруының алдын алуы жөнінде» инструкциясын аламыз.