Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
есеп эпид 27 ответ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
70.63 Кб
Скачать

Есеп № 16.

19 қазанда перзентханада 8 сәби туылды.

1. Вирусты гепатит ВГ-ға қарсы иммунизацияның схемасы мен уақытын көрсетіңіз.

2. Вакцинаның қай түрі?

3. Вирусты гепатитке қарсы егулер қандай құжаттармен жүргізіледі?

  1. Вирусты гепатит В парентеральды берілетін вирусты гепатиттің түріне жатады. Парентералдық механизм – инфекцияның қан құю кезінде, тері жамылғылары мен шырышты қабықшалардың бүтіндігінің бұзылуымен қоса жүретін инъекциялар және басқа да манипуляциялар кезінде, сондай-ақ анадан балаға босану жолдары арқылы өту кезінде берілуі; В вирустық гепатиті (бұдан әрі - ВВГ) инкубациялық кезеңі орташа 60-90 күнді құрайды (диапазоны 45-тен 180 күнге дейін).

Алдын ала егу жүргізу мерзімдерін ҚР Үкіметінің 2008 ж. 22-қаңтардағы №40 қаулысына қосымша күнтізбеге сәйкес жүргізеді. Егу курсы бұлшық етке үш рет енгізілетін инъекциядан тұрады және арнайы схема бойынша атқарылады.

Жаңа туған нәрестелерге: 1-рет—туылғаннан кейін 12 сағат ішінде перзентханада; 2-рет—өмірінің екінші айлығында АКДС-пен бірге; 3-рет—өмірінің төртінші айлығында АКДС3-пен бірге егіледі.Есептің берілгеніне сай, 19-қазанда алғашқы 0-4 күн ішінде бірінші ВГВ вакцинасы; Өмірінің 2-ші айлығында 19-желтоқсанда 2-рет ВГВ-ті АКДС-пен бірге; Өмірінің 4-айлығында 19-ақпанда 3-рет ВГВ АКДС3-пен бірге алуы керек. Егер егілуге қарсы көрсеткіштер анықталса,яғни, шала туғандық, туған кездегі салмағы 2000 грамнан кем; 380С-тан жоғары температурамен немесе жалпы жай-күйдің айтарлықтай бұзылуларымен білінетін ауырлығы орташа және ауыр науқастар. Вакцинациялауға денсаулық қалыпқа келгеннен кейін 2-4 аптадан соң рұқсат етіледі,анықталғанда егу жүргізуге болмайды.

  1. Гепатиттің В түріне қарсы егу құрамында HBs антигені бар вакцина енгізу арқылы жүргізіледі. Ол алюминий гидрооксидіне адсорбцияланған және тимерасалмен консервацияланып, тазаланған антигенмен дайындалған рекомбинантты вакцина немесе адамдардың қан сары суынан алынған титрі өте жоғары плазмалық вакцина болуы мүмкін. ВВГ-ге қарсы моноваленттік вакцина құтыларда сұйық түрінде, тек ВВГ-нен ғана қорғайтын бір дозалы немесе бірнеше дозалы қаптамада шығарылады, ВВГ-ге қарсы поливаленттік вакцина бірнеше ауруларға қарсы қорғанышты дереу қамтамасыз ететін басқа да вакциналармен комбинацияда (АКДС-пен немесе гемофильдік инфекцияға қарсы вакцинамен бірге) шығарылады. Туылған кезде алғашқы доза ретінде ВВГ-ге қарсы моноваленттік вакцина қолданылады, себебі поливаленттік вакциналарды балаларға туылған кезде енгізуге болмайды.

Гепатиттің В түріне қарсы вакцианны БЦЖ, АКДС, тірі және инактивацияланған полиомелитке қарсы вакциналармен бір мезгілде енгізе беруге болады. Вакцинаны салқын жерде (тем.0-ден +8ºС-қа дейін) сақтау керек, оны мұздатуға болмайды.

  1. 661 23.08.2010ж. «Вирустық гепатиттермен ауыратын науқастарға қатысты санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық ережесі, 09.01.2012ж. 

«Халыққа профилактикалық егуді жүргізу бойынша санитариялық эпидемиологиялық талаптар»санитариялық қағидалары қолданылады.

Генноинженерия (инактивирленген рекомбинанты вакциналар) ВГВ вирусын тасымалдаушылардың плазмасынан алынған вакцина ұсынылған.Қоздырғышы-гепадновирус тұқымдастығына жатады. Ауру көзі- субклиникалық формасымен ауыратын, жедел және созылмалы ауыратындар.

есеп № 17.

Перзентханада жаңа туған сәбилерге туберкулезге қарсы вакцинация жоспарланады.

1. Вакцинацияны кім немесе қайда, қандай уақытта жүргізілетінін көрсетіңіз.

2. БЦЖ вакцинациясын еріту тәртібі, сақтау тәртібі мен мерзімі және ерітілген вакциналарды жою.

3.Қандай инстуктивті құжаттармен туберкулезге қарсы егілулер жүргізіледі.

  1. Вакцина БЦЖ (Bacielle Calmette –Guerin) қалдық вируленттігі бар bovis микобактериясы өсімін құрайды, бірақ өзіндік иммунагендік қасиеті сақталған. Препарат туберкулездің арнайы алдын алу үшін дайындалған. Алғашқы вакцинацияны дені сау жетілген жаңа туылғандарға өмірінің алғашқы 1-4 күндері және жетілмегендерге дене салмағы 1,5 кг болғанда береді. Вакцинацияны педиатрдың қарауынан кейін, егу жүргізуге рұқсаты бар және егу техникасын білетін егу кабинетінің медбикесі жүргізеді. Егуді перзентханада жаңа туылғандарға егу кабинетінде бірреттік туберкулиндік шприцпен жүргізеді. БЦЖ вакцинациясы жалпы жағдайдың нашарлауы мен температураның көтерілуін болдыртпайды, бірақта бүкіл организмнің жауапты реакциясы дамуымен жүреді.

  1. Туберкулез вакцинасының (БЦЖ) құрамында микобактериялардың авирулентті тірі штамдары бар. Ондай штамды А.Кальмет және К.Герен ірі қара малдың микобактерияларынан алған. Вакцина натрий глютаминінің 1,5% ерітіндісінде құрғатылған. Біл ампулада БЦЖ-ң 1мг құрғақ заты бар, сәйкесінше препараттың 20 дозасы болады. Қолданар алдында вакцинаны натрий хлоридінің 0,9% ерітіндісімен сұйылтады. Вакцина еріткеннен кейін 4-6 сағат ішінде қолданылып болуы керек. Асептика ережесін сақтай отырып еріту керек. ИБП-ны республикалық және облыстық деңгейдегі қоймада сақтау мерзімі 6 айдан, қалалық және аудандық қоймаларда - 3 айдан, тікелей егу жүргізетін медициналық ұйымдарда – 1 айдан, егу пункттерінде (мектептер, балабақшалар және басқа да балаларға арналған мекемелерде) - 1 аптадан аспауы тиіс. ИБП-ны егу пункттерінде белгіленген сақтау мерзімдерінде қолданбаған кезде қалдықтары жоғары деңгейдегі денсаулық сақтау ұйымдарына өткізіледі.

Ерітілген вакцинаны күн көзі әсерінен қорғау қажет. БЦЖ вакцинасының күндізгі жарыққа жоғары сезімталдығына байланысты қараңғы жерде, тоңазытқышта, тоңазытқыш камереда 0ºС-тан +8ºС температурада сақтау керек. Тұрмыстық тоңазытқыштағы орналасу реті:

  • Мұздатқыш бөлімінде тоңазытқыш элементтер, мұз орналастырылады;

  • Тоңазытқыштың жоғары бөлімінде тірі вакциналар орналастырылады;

  • Орта бөлімінде: БЦЖ және сорбталмаған вакциналар, термометр;

  • Төменгі бөлімінде: АКДС және басқа сорбталған препараттар, ерітінділер, термостат;

  • Ең төменгі бөлімінде суы бар ыдыс орналасқан. ЕПМ деңгейінде вакцина 1 айдан артық сақталмайды. Барлық вакциналарды 0-+8ºС температурада сақтаңыз. ОПВ, қызылша, қызамық, паротит вакциналарын мұздатқыш бөліміне жақын сақтаңыз. АКДС,АДС,АДС-М, гепатит В-ге қарсы вакцинаны тоңазытқыштың төменгі жағында сақтау және вакциналарды есік сөрелеріне сақтамау керек. Ерітінділерді сәйкес келетін вакциналармен сақтау керек немесе белгілеу керек.

Пайдаланылмай қалған вакцина қалдықтары бар ампулалар мен флакондар егу жұмыстарын жүргізген медицина қызметкері арқылы әуелі зарасыздандырылып,одан соң төмендегі әдістердің біреуі арқылы жойылады: 30 минут қайнату арқылы; ҚР тіркеліп қолдануға рұқсат етілген зарасыздандырғыш дәрмектердің ерітіндісіне батыру арқылы. Егу жұмыстары жүргізілетін әрбір медициналық ұйымдарда, осы мекеменің басшысының бұйрығымен 1рет қолданылатын піскектер мен инелерді пайдаланғаннан кейін оларды жоятын адам тағайындалады. Қауіпсіз жинауға және жоюға арналған қораптар (контейнерлер) (бұдан әрі - ҚЖЖҚ) - қолданылған шприцтерді және инелерді оларды жойғанға дейінгі жинауға және қауіпсіз сақтауға арналған суға төзімді және тесілмейтін сыйымдылық; . Пайдаланылған шприцтері бар ҚЖЖҚ мынадай әдістермен жойылады:

1) қоқыс өртейтін пештерде (инсинераторларда) орташа (800-1000oC) және жоғары (1000oC-тан жоғары) температураларда өртеу;

2) пештерде, ашық шұқырларда немесе металл бөшкелерде салыстырмалы жоғары емес температураларда (400oC төмен) өртеу. Вакцинация жүргізу, препаратты тасымалдау, жою келесі құжатпен жүзеге асырылады: ҚР ДСМ бекітуімен 12.11.2009ж. № 702 «Профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалау, дезинфекциялаушы) препараттарды сақтау, тасымалдау және пайдалану ережелері».

3) 18.08.2010ж. №649 «Туберкулез ошағында алдын алуға, санитарлық-эпидемияға қарсы шараларды жүргізуге қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» сәйкес, ҚР ДСМ бекіткен № 218 бұйрығы « Туберкулез профилактикасы бойынша инструкцияға» сәйкес, 09.01.2012ж. №8 «Халыққа профилактикалық егуді жүргізу бойынша санитариялық эпидемиологиялық талаптар»санитариялық қағидалары қолданылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]