Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
есеп эпид 27 ответ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
70.63 Кб
Скачать

есеп № 1.

Науқас 30.VII. ауылдық ауруханаға дизентерия диагнозымен жатқызылды. Жанұясы бөлек үйде тұрады. Учаскеде дәретхана және қоқыс жәшігі бар. Санитарлық жағдайы нашар. Үйде және учаскеде шыбын көп.

1. Қандай объектілер дезинфекциялау мен дезинсекцияларға жатады?

2. Қолданылатын дезинфекциялық заттар қандай және олардың формалары?

3. Қандай инструктивті құжаттарды басшылыққа аламыз?

  1. Дизентерия шигелла туысының микробтарымен шақырылатын, тоқ ішектің кілегей қабатын зақымдап, интоксикациямен және колитикалық синдроммен көрінетін инфекц/қ ауру. Негізгі түрлері: Григорьев – Шига, Флекснер, Зонне және Шмитс – Штуцер. Инфекциялық аурулардың төмендеуіне және кейбір инфекциялардың тамырымен жойылуына бағытталған профилактикалық және эпидемияға қарсы шаралар жүйесінде дезинфекция маңызды орын алады. Дезинфекция – залалсыздандыру, яғни инфекция қоздырғышын жою немесе құрту деген мағына береді. Мемлекеттік эпидемиологиялық қадағалау орталығының арнайы дезинфекция бөлімдері мен жеке дезинфекциялық мекемелер дезинфекция ісін ұйымдастырушылар болып табылады. Жұмысты дәрігер – дезинфекционистер, дезнұсқаушылар, дезинфекторлар ұйымдастырып атқарады. Профилактикалық дезинфекция бөлімі дезинфекцияны, дезинсекцияны және дератизацияны кәсіпорындар мен мекемелермен жүргізілген келісім – шарт бойынша жасайды. Дезинфекцияның 2 түрі бар: ошақтық және алдын алу. Ошақты дезинфекция инфекция көзі табылғанда эпидемиялық ошақта жүргізіледі. Инфекцияның бар болуына немесе эпидемиялық ошақтан инфекция көзінің алшақтауына байланысты ошақты дезинфекция ағымды және қорытынды болып екіге бөлінеді. Ағымды дезинфекцияны ауруды анықтағаннан бастап оны стационарға жатқызғанға дейін үйде немесе жазылып шыққанға дейін ауруханада істейді. Оның мақсаты –инфекция көзі болатын организмнен шыққан бөлінділердегі қоздырғышты сол бойда жою (яғни ауру немесе тасымалдаушы адамның айналасындағы объектілерінде). Қорытынды дезинфекцияның мақсаты – ошақтан қоздырғыш көзі аластағаннан кейін, ошақтағы әртүрлі заттарда қалып қойған патогенді микробтарды жою. Әдетте, қорытынды дезинфекция «Ауру туралы жедел хабарлама» қағазы (№ 058/у формасы) түскесін, ауру ауруханаға орналасқаннан кейінгі 3 сағаттан 12 сағат уақыт аралығында санитарлық – эпидемиологиялық қадағалау мекемелерінің арнайы мамандарының күшімен бір рет жасалады. Дезинсекция – латынша – de, француз тілінде -de, des – жоқ, аластатылды дегенді, ал латынша insectum – жәндік дегенді білдіреді. Жәндіктердің көптеген түрлері ауылшаруашылық, орман және декоративтік өсімдіктерді, астықты және басқа да қоймалардағы тамақ азықтарын жарақаттайды, адам және жануарлар ауруларының қоздырғыштарын тасымалдайды. Осыған байланысты дезинсекция медициналық, ветеринарлық, ауылшаруашылық болып бөлінеді. Медициналық дезинсекция санитарлық –эпидемиологиялық қауіпті бүргелермен, биттермен, шыбындармен, масалармен, москиттермен, жабысқақтармен (слепни), кенелермен, төсек қандалаларымен, тарақандармен, қызғылт үй құмырсқаларымен және де буынаяқтылардың бөтен түрлерімен күресуге бағытталған. Дезинсекция дегеніміз – санитарлық – гигиеналық маңызы бар және адамдардың қалыпты ұйқы және демалысын бұзып, жұқпалы (паразитарлы) аурулардың қоздырғыштарының тасымалдаушылары болатын буынаяқтыларды жою. Дезинсекция, дезинфекция сияқты ошақтық және алдын алу болып бөлінеді. Алдын алу немесе ескерту шаралары деп буынаяқтылардың көбеюін, сондай –ақ тұрғын үйлерге және бөтен ғимараттарға кіруге кедергі жасауға бағытталған шаралардың барлығы деп түсіну керек: адам денесіне, оны қоршаған заттарға, киімдеріне, іш киімдеріне және тағы басқа заттарына, сондай – ақ азық – түлікке, оларды сақтайтын жерлерге және тағы басқаларына түсуіне, шабуылдауына, бұзуына кедергі жасау. Дезинсекциялық заттар физикалық қасиеттерінің тәуелділігімен, улылық дәрежесіне және қолдану мақсатына байланысты әртүрлі қалыпта қолданылады: ұнтақ, дуст, гранула, суспензия, ерітінді, эмульсия, паста, аэрозоль, газ, бу және басқа түрінде. шыбынның кездесуі тұрғын үйлерді және өндірістік ғимараттарды территорияның қанағаттанарлықсыз жағдайының көрсеткіші болып табылады. Қазіргі уақытта буынаяқтылармен күресу үшін негізінен әртүрлі химиялық қосындылар ұсынылады: жоятын (жәндіктер үшін улы) үркітетін (репелленттер), қызықтыратын немесе өзіне тартатын (аттрактанттар), жәндіктерді ұрықсыздандыратын (соңғылары көбею қасиетін жоғалтады) немесе өсу процесін бұзатын препараттар. Жәндіктерді жоюға қолданатын уларды, инсектицидтер деп атайды (латын сөзінен Insectum- жәндік, caedo- өлтіремін).Ұшып жүрген шыбындарға қарсы өңдеу, оларды еліктіретін жерлерді дезинескциялау арқылы өткізіледі. Бұл үшін аэрозолдік баллондар, хлорофостың 3% - тік ерітіндісі қолданылады, 1 м2 – ге 100 мл шығындалады. Асханаларда жабысқақ ленталар немесе парақтар ілінеді: 10м2 – ге бір лента есептеліп қолданылады. Шыбындардың балаңқұрттары табылған жағдайда сол жерді механикалық жолмен тазартады немесе 0,5% хлорофос ерітіндісімен өңдейді. Ауладағы қатты тастандылардағы шыбындардың ошағын жою үшін 1м2 беткейге 2-12 л есебінен 0,2% дихлофостың эмульсиясын қолданады, ал сұйық тастандылар осы инсектицид 1м2 0,5л есебімен қолданылады. Дезинфекциялауға және дезинсекциялауға жататын нысандар: қоқыс жәшігі,дәретхана, үй.

  2. Дезинфектанттарды құрамына байланысты төменгі негізгі топтарға бөледі: галогенқұрамдылар, оттек құрамдылар, беткей белсенді заттар, гуанидиндер, альдегид құрамдылар, фенол құрамдылар, спирттер. Галоген құрамды дезинфектанттар. Бұл топты құрушы заттар құрамында белсенді әсер ететін хлор, бром, йод, фтор бар. Хлор құрамды дезинфектанттар органикалық және органикалық емес хлор қосындылары болып 2 топқа бөлінеді. Бірінші топқа газ немесе құрамында 7% белсенді хлоры бар хлорлы су күйінде, ішетін және тұрып қалған суларды залалсыздандыруда қолданылатын хлор, сонымен қатар гипохлорид кальций, натрий и литий негізіндегі заттар жатады. Гипохлорид кальцийде: екі негізді гипохлорит кальций тұзы (ДСГК), екі үш негізді гипохлорит кальций тұзы (ДТСГК), техникалық гипохлорит кальций (ГКТ), бейтарапты гипохлорит кальций (НГК). Жоғарыда айтылған препараттардың түсі ақ ұнтақ, өткір иісті және олар суда толық ерімейді. Залалсыздандыратын объектінің түріне қарай 0,2%, 0,5%, 1%, 3% ерітінділер дайындалады. гипохлорит натрийдің 2 түрі бар: А және В. Олар сұйықтық түрінде болады, оларды тұрып қалған және шайынды суларды дезинфекциялау үшін А маркасын қолданады, ал бөлме ішін, жиһазды, науқас пайдаланған құралдарды, ыдыс – аяқты, ойыншықтарды залалсыздандыру үшін В маркасын қолданады. Құрамында хлоры бар органикалық препараттарға хлорамин, трихлоризоцианурлы және дихлоризоцианурлы қышқылының натрий тұзы, гидантоиндар жатады. «Хлорамин Б» препараты ақ және сарғыш кристалдардан тұрады, құрамында 26-28 % белсенді хлор болады және ол жарық пен ылғалдық болмаса тұрақты сақталады. Бактериалды, вирусты ішек және тыныс алу жолдарының инфекцияларында 0,3%- тік ерітінділер қолданылады. Гидантоиндтар (дихлордиметилгидантоиндар) – кең спектрлі әсері бар. «Дихлорантин» - ұнтақ, 65-71% белсенді хлордан тұрады, бактериоцидтік және вирулицидтік әсері бар. 0,01-0,1% концентрацияларда, оны тыныс жолдарының және ішек инфекцияларының ошақтарында дезинфекциялау үшін, сонымен қатар бассейіндегі суларды дезинфекциялауға қолданады. Дихлордиметилгидантоиндар негізінде құрылған композиционды препараттар «Сульфохлорантин» және «Сульфохлорантин М» 16% белсенді хлордан және жуу заттардан тұрады. Концентрациясы 0,1- ден 2,5 %- ке бұл препараттарды бөлмелерді, санитарлық – техникалық жабдықтарды, төсек орындарды, ыдыс – аяқтарды, ойыншықтарды дезинфекциялауға қолданады.

есеп № 2.

50 керуеттік туберкулез ауруханасы қала сыртындағы жаңа, арнайы салынған ғимаратқа көшірілді. Босаған ғимаратты дизентерия бөліміне беруге шешім қабылданды. Бұл босаған ғимаратта ауданы 17м2 болатын 4 аурулар бөлмесі, 30м2 болатын 3 бөлме болды. Басқа бөлмелердің барлығының ауданы 140м2.

1. Дезинфекцияны кім жүргізеді?

2. Қандай дезинфекциялық зат қолданылады, жұмыс ерітіндісінің мөлшері және оның концентрациясы?

3. Қандай нұсқаулық (инструктивті) құжаттарды басшылыққа аламыз?

  1. Инфекциялық аурулардың төмендеуіне және кейбір инфекциялардың тамырымен жойылуына бағытталған профилактикалық және эпидемияға қарсы шаралар жүйесінде дезинфекция маңызды орын алады. Дезинфекция – залалсыздандыру, яғни инфекция қоздырғышын жою немесе құрту деген мағына береді. Мемлекеттік эпидемиологиялық қадағалау орталығының арнайы дезинфекция бөлімдері мен жеке дезинфекциялық мекемелер дезинфекция ісін ұйымдастырушылар болып табылады. Жұмысты дәрігер – дезинфекционистер, дезнұсқаушылар, дезинфекторлар ұйымдастырып атқарады. Профилактикалық дезинфекция бөлімі дезинфекцияны, дезинсекцияны және дератизацияны кәсіпорындар мен мекемелермен жүргізілген келісім – шарт бойынша жасайды.

  2. Дезинфектанттарды құрамына байланысты төменгі негізгі топтарға бөледі: галогенқұрамдылар, оттек құрамдылар, беткей белсенді заттар, гуанидиндер, альдегид құрамдылар, фенол құрамдылар, спирттер. Галоген құрамды дезинфектанттар. Бұл топты құрушы заттар құрамында белсенді әсер ететін хлор, бром, йод, фтор бар. Хлор құрамды препараттар профилактикалық және ошақты дезинфекция жасауда кеңінен қолданылады, себебі олар микробқа қарсы кең көлемді белсенді бактериоцидті, вирулицидті, спорацидті, фунгицидті әсер етеді, бағасы арзан. Құрамында хлоры бар органикалық препараттарға хлорамин, трихлоризоцианурлы және дихлоризоцианурлы қышқылының натрий тұзы, гидантоиндар жатады. «Хлорамин Б» препараты ақ және сарғыш кристалдардан тұрады, құрамында 26-28 % белсенді хлор болады және ол жарық пен ылғалдық болмаса тұрақты сақталады. Хлораминдердің бейорганикалық қосындылар тобынан бір ерекшелігі бөлмелік температурада, не болмаса жеңіл түрде қыздырғанда (50-600 С – ға дейін) жақсы ериді де, алдын ала тұндыруды қажет етпейді. Хлорамин ерітінділері бактериоцидтік, вирулицидтік және фунгицидтік, ал белсендірілген жағдайда – спорацидтік әсер етеді. Хлораминнің қанығу (концентрациялық) ерітінділерін сумен араластыра отырып жұмыс ерітінділерін дайындап, оларды ыдыс – аяқты, іш киім, науқас қолданған нәрселерді, қолдың терісін, медицинаға арналған бұйымдарды, бөлменің беткейлерін, санитарлық – техникалық құралдарды залалсыздандыруға қолданады. Бактериалды, вирусты ішек және тыныс алу жолдарының инфекцияларында 0,3%- тік ерітінділер, энтеровирустық инфекциялар мен вирусты гепатиттер ауруларында 3%, туберкулез, дерматомикоз кездерінде 5%- тік ерітінділер қолданылады. Ал ерітінділер белсендірілген жағдайда, мысалы туберкулез, сібір жарасында концентрациясы 0,5-4% - ке дейін төмендейді. Хлорамин матаның түсін өзгертпейді, металдарды тотықтандырмайды және адамға жағымсыз иісі жоқ. Хлораминнің белсенді ерітіндісін жасау үшін, жаңа дайындалған хлорамин ерітіндісіне, оны қолданудан бұрын оған белсендіргіштерді (аммиак немесе аммоний тұздары) 1:1 қатынаспен қосу керек. Хлорқосынды препараттармен өңдеудің қолайлы температурасы 18-250 С. 5% хлорамин. 17х4=68, 30х3=90, 68+90+140=300 м3, 1 м2 – 0,5 л к/к, 300 м2 х 0,5 л = 150 л еріт/і к/к.

есеп № 3.

37850 тұрғыны бар ауданда туберкулезге қарсы вакцинациялау мен ревакцинациялау жоспары құрылды. Өткен жылы 715 жаңа туған, 6 жастағы - 820, 11 жастағы - 625 бала болды.

1. Вакцинация мен ревакцинациялатын адамдарды көрсетіңіз.

2. 1 жылға қажет вакцинациялар санын есептеңіз.

3. Қандай инструктивті құжаттарды басшылыққа аламыз?

  1. Вакцинация 0-4 жаңа туған 715 бала. Ревакцинация 1) 6-7 ж. – 820 бала. 2) 11-12 ж. – 625 бала.

  2. Туберкулез вакцинасының құрамында микобактериялардың авирулентті тірі штамдары бар. Ондай штамды А. Кальмет және К.Герен ірі қара малдың микобактерияларынан алған. Вакцина натрий глютаминінің 1,5% ерітіндісінде құрғатылған. Бір ампулада препараттың 20 дозасы болады. Қолданар алдында вакцинаны натрий хлоридінің 0,9% ерітіндісімен сұйылтады. Нәрестелерге вакцинациялауды туғаннан кейінгі төртінші күнге дейін педиатрдың тексеруінен соң таңертең егу кабинетінде жүргізеді. БЦЖ мен қайталап егу (ревакцинация) 6-7 жаста жүргізіледі. Нәрестелерді вакцинациялауды - егуге рұқсаты бар, егу кабинетінің медбикесі жүргізеді. БЦЖ вакцинасын қолдану әдісі және мөлшері: вакцина бар ампуланы ашар алдында жақсылап, тексеру қажет. Қолдануға тиым салынады, егер: ампулада этикетканың болмауы н/е дұрыс толтырылмауы; жарамды мерзімнің өтіп кетуі; ампулада жарылу н/е сынық белгілері болса; препараттың физикалық қасиетінің өзгеруі (түсі, түрі ж/е т.б.); құрамында бөгде заттардың болуы. Вакцина қатаң түрде тері ішілік сол қолдың иығының жоғарғы және ортаңғы бөлігінің шекарасына салынады. БЦЖ вакцинасын салуға тиым салынады, егер: АИВ н/е СПИД, шала туылған балдар салмағы 2000 гр аз, ОЖЖ зақымдалуы – босанудағы жарақаттар, жатыр ішілік инфекция н/е сепсис, нәрестелердің гемолитикалық аурулары, субфебрильді н/е одан да жоғары температура. БЦЖ ревакцинациясы Манту сынамасы теріс, сау балаларға, күмәнді балаларға Манту сынамасын қайталап салып, теріс мәнді болғаннан кейін үш айдан соң жүргізіледі. Қолданылған БЦЖ вакцинасының қалдықтары облыстық, қалалық, аудандық денсаулық сақтау ұйымдарының қоймаларына тапсырылады. БЦЖ ны үнемі сақтау тек босанатын үйлердің аузы жабылатын, тоңазытқышта сақталатын биксте ғана рұқсат етіледі. Манту сынамасымен БЦЖ ревакцинациясының арасы 3 күннен кем, 2 аптадан артық болмауы к/к. БЦЖ ревакцинациясына қарсы көрсеткіштер: туберкулезбен ауыратын н/е бұрын ауырған; манту сынамасы оң н/е күмәнді; БЦЖ вакцинасының кері әсер етуі; АИВ инфекция; қатерлі ісіктер; жедел инфекциялық аурулар, олардың асқынуы, аллергиялар, сауыққаннан кейін екі айдан соң ревакцинация жүргізу. 1 ампула – 20 доза. 1 ампула 20 балаға жетеді. 1535 балаға 76,75 ампула н/е 77 ампула.

  3. Вакцинациялауды арнайы құжатпен 09.01.2012ж. №8

«Халыққа профилактикалық егуді жүргізу бойынша санитариялық эпидемиологиялық талаптар»санитариялық қағидаларыменрегламенттейді

есеп № 4.

Мектептің 1 класс оқушыларына (127 оқушы) күлге қарсы ревакцинациялау жоспарланды. Балалар бұрын АКДС вакцинасымен егілген. (1,5 жаста).

1. Вакцинаның түрін көрсетіңіз?

2. Оқушыларды вакцинациялау үшін қажетті оның санын көрсетіңіз.

3. Қандай инструктивті құжаттарды басшылыққа аламыз?

  1. Құрамында бірнеше микробтардың антигендері болса, оны поливакцина н/е іліктестірілген вакциналар д.а. Бір мезгілде бірнеше жұқпалы ауруларға қарсы егуге мүмкіндік беретін іліктестірілген препараттар жасауға көбірек көңіл бөлінеді. Тәжірибеде қолданылатын іліктестірілген препараттарға жататындар: адсорбцияланған көкжөтел-күл-сіреспе вакцинасы (АКДС), адсорбцияланған күл-сіреспе анатоксині (АДС). АКДС вакцинасы құрамында көкжөтелдің (4ХБ), сіреспенің (40-60ХБ), күлдің (30ХБ) қоздырғыштарының өлі клеткалары бар.Бұл вакцинаның құрамында тазартылған сіреспе мен дифтериялық анатоксин (алюминий гидроксидіне адсорбцияланған) ж/е көкжөтелдің мұқият шайылған өлі микробтары бар. Вакцина сұйық ж/е құрғатылған түрде шығарылады. Сұйық вакцинаны мұздатылғаннан кейін қолдануға болмайды. Вакцинаны 0,5 мл мөлшерінде бұлшық етке енгізеді. АКДС вакцинаны дені сау 2 айлық балаларға егеді, ол 2, 3, 4 айлық жаста енгізетін 3 инъекциядан тұрады. Ревакцинация 18 айлық жаста АКДС, 6-7 жаста АДС, 12 жаста АДМ, 16-17 жаста АДСМ және ересек адамдарға әр 10 жыл сайын АДСМ вакцина енгізу арқылы жүргізіледі. Вакцина енгізгеннен кейін қалыпты реакция екі тәулік мерзімде дамиды, температурасы шамалы көтеріліп, енгізген жері қызарып ісіңкірейді. Егілгендердің 1% да температура 38,5° тан асып, күштілеу реакция беруі мүмкін. Жұмсақ тіндерінде диаметрі 5 см ісік, 2 см инфильтрат п.болатын жергілікті күшті реакция 4% аспауы к/к. АКДС вакцина, АДС препараттарды жамбастың сыртқы бөлігінің бұлшықетіне н/е бөксенің оң ж/е сол жақ бұлшықет жоғары сыртқы шаршысына енгізеді. Бөксе бұлшықетіне инъекция жасаған кезде егілуші бөксе бұлшықетін босаңсыту үшін қажетті аяқтың тізесін аздап бүгіп тұруы н/е ішпен жатуы к/к. Инъекция орны спирт н/е эфирмен өңделеді. Ине тері беткейіне перпендикулярлы, теріастылық жасұнықтың даму деңгейіне б/ты, 3-8 см тереңдікке енгізіледі.

  2. 1 ампулада – 2 доза. 1 амп. – 2 адам, х – 127 адам. 127 : 2 = 63,5-64 ампула.

есеп № 5.

БЦЖ вакцинасының (500доза) жұмсалуы туралы сұраққа ФАП меңгерушісі: 222 баланы егу үшін 450 мл вакцина жұмсалды деп жауап берді.

1. 1 баланы вакциналау үшін БЦЖ вакцинасының қанша дозасы қажет?

2. Вакцина шығынының дұрыстығын бағалаңыз.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]